Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Педогогикалық үдерістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы.

Жалпы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қамтиды. Біріншіден мектеп мұғалілімінің шеберлігі өз қызметіндегі педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі арқылы іске асырылатыны белгілі. Демек мектеп өмірімен тығыз байланысты.

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын озық ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша екенін педагогика ғылымында тереңінен зерттелген дүние екені белгілі деп өз еңбегінде атап көрсетеді.

Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Жалпы баланың алғашқы күннен қолына қалам ұстатып әліппені жаттатқызатын мектеп мұғалімі. Сандықтан да алғашқы білім алу кезеңі-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Демек, баланың қандай білім беру мекемесінен және қандай мұғалімнен білім алғанына байланысты. Ол алған білімдерінің сапалық құндылығы келешекте баланың сабақ үлгеріміне және жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатты ықпалын тигізеді.

Ал тәлім-тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін еңбек дағдылары арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш мектеп екендігі даусыз. Мектептің бастауыш сыныптарында қалана бастайтын еңбек дағдысы мен іскерлік қабілеттері мектептің жоғары сыныптарында өз жалғасын табып, тереңдетіліп отырады.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Дегенмен, баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен мінез құлқы мектепке дейінгі тәрбие негізінде қалыптасса, одан ары қарай бастауыш сынып, жоғары сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі де мектеп қабырғасы екені даусыз.

Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп, қастерлеп, бағалап отырған. "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменский: "Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақьлдың дәнін сеуіп, нұр құятьн тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді.

Ал бүгінгі қоғам қажеттілігінен туындап отырған негізгі талаптардың бірі мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектерді парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Сондықтан бүгінгі жаңашыл талапты мектеп мұғалімі мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату арқылы әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге ұмтылыс жасай білген де ғана мектеп оқушыларының ұлттық рухын оята білеміз.

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады деп түсіндіреді.

Жалпы мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасы аумағындағы орналасқан жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі принциптері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жай ғана түсіндіріп қана қоймай әрбір түсіндірген сөздерінің мән-мағынасын тереңінен түсіндіруге бүгінгі күні оқытудың ақпараттық жүйесі интрекактивті тақтаны тиімді пайдалану арқылы түсіндірудің мүмкіншіліктері көп. Бүндай жағдайда көзбен көрген нәрсені сезіну арқылы баланың ой жүйелері толастай түсуге мүмкіндік туады. Демек, мұғалімнің техникалық құралдары арқылы өткен әрбір сабағының сапасы артып, мұғалім жұмысын жеңілдете түседі. Осы факторлардың барлығы мектеп мұғалімінің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.

Қорыта келгенде оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 37 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

ХХІ ғ мұғалімі қандай болуы керек? | Білім беру және тәрбеелеу жұмысындағы педогогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасау. | Мұғалім тұлғасының кәсібі сапаларына сипаттама. | Педогогикалық іс-әрекеттің құрылымына сипаттама беріңіз. | Бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі | бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав