Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы

МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ. ЭЛЕКТРЭНЕРГИЯНЫ АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАРАТУ. 2 БӨЛІМ

Лекциялар конспектісі

5В071800 – Электр энергетикасы,

5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандықтарының студенттері үшін

Алматы 2014

 

Құрастырушылар: В.Н. Сажин, Н.А. Генбач, Ө.М. Матаев. Мамандыққа кіріспе. Электрэнергияны алу тәсілдері және оны тарату. 5В071800- Электр энергетикасы, 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандықтары үшін лекциялар конспектісі. - Алматы: АЭжБУ, 2014, - 39 б.

 

 

Электр жүйелері және электр тораптары туралы жалпы ұғымдар берілген. Электр тораптары және жүйелерінің энергетикалық шаруашылықтағы рөлі қарастырылған, электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері, электрэнергияның таралу жүйелерінің сипаттамасы берілген. Ауа және кабель желілері элементтерінің қиыстырмалық ерекшеліктері және электрэнергия тұтынушыларын электрмен жабдықтау жүйелері туралы жалпы мәліметтер берілген.

 

Көрнекі материалдар - 17, кесте - 1, библиогр. - 7 атау.

 

Сарапшы:техн. ғылым. канд., ЭАПУ кафедрасының проф. Ю.А. Цыба

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2014 ж. шығару жоспары бойынша басылады.

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.

Кіріспе

 

«Мамандыққа кіріспе. Электрэнергияны алу тәсілдері және оны тарату» пәні бірінші курстың студенттерін олардың болашақ мамандығы – электр энергетикасымен, оның осы кездегі қоғамдағы мәнімен, даму тарихымен және оның техникалық прогреске әсерімен таныстырады. Студенттің болашақ мамандыққа қаншалықты қызығуына байланысты оның кейінгі студенттік, тіпте инженерлік биографиясы едәуір соған тәуелді болады. Оқу процесінде студент болашақ мамандық туралы ғана емес, жоғары оқу орнындағы жұмыс туралы да белгілі ұғымдар алады. Бұл жалпыэнергетикалық пән энергетиканың барлық бөлімдері және олардың өзара байланыстары, энергетикалық жүйелер және оларда жүріп жатқан негізгі электрэнергияны түрлендіру, жеткізу және тұтыну процестері, энергетикалық қондырғылардың жұмыс қағидалары және қиыстырмалық жасалынуы, энергетиканың осы кездегі жағдайы және даму перспективалары туралы ұғым береді.

 

Лекциялар конспектісі көп көрнекі материалдармен, сұлбалармен жабдықталған сегіз лекциядан тұрады.

 

1...4 лекцияларда электр жүйелері және электр тораптары туралы жалпы ұғымдар, электр тораптары және электрэнергетикалық жүйелердің энергетикалық шаруашылықтағы рөлі, электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері қарастырылады, электрэнергияны тарату жүйелерінің сипаттамасы беріледі.

 

5, 6 лекцияларда ауа желілерінің негізгі элементтерінің қиыстырмалары, кабель желілерінің қиыстырмалық ерекшеліктері ұсынылған.

 

7 лекцияда электрэнергияны қашықтыққа жеткізудің мәселелері қарастырылған.

 

8 лекцияда электрмен жабдықтау жүйелері туралы негізгі мәліметтер, негізгі терминдер мен анықтамалар, тұтынушылардың негізгі топтары және электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын талаптар қарастырылған.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 34 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Электр тораптары және жүйелерінің арналымы және олардың дамуы | Лекция. Электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері | Лекция. Электр энергиясын тарату жүйелерінің сипаттамасы | ЛЕКЦИЯ 1. ОБЩАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА СИСТЕМ ПЕРЕДАЧИ И РАСПРЕДЕЛЕНИЯ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЭНЕРГИИ | Лекция. Электр тораптарын жіктеу. Электр тораптарына қойылатын талаптар | Электр тораптарына қойылатын талаптар | АЖ сымдары және найзағайдан қорғайтын тростар | Ауа желілерінің тіректері | Оқшаулағыштар және желілік арматура | Лекция. Кабель желілерінің қиыстырмасы туралы негізгі мәліметтер |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав