Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар

ЭҚЕ (ПУЭ) талаптарына сәйкес электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша электрқабылдағыштар үш категорияға бөлінеді.

I категорияға жұмыстағы үзіліс адамдардың өміріне қауіп төндіретін, халық шаруашылығына едәуір ысырап жасайтын, қымбат тұратын негізгі жабдыққа зақым келтіретін, өнімнің жаппай бұзылуына алып келетін, күрделі технологиялық процестің, коммуналды шаруашылықтың ерекше маңызды элементтерінің жұмыс атқаруын бұзатын электрқабылдағыштар жатады.

I категория электртұтынушыларының мысалдары: қазан - утилизаторлар, сумен жабдықтау, канализация және газден тазалау сораптары, айналатын пештердің жетектері, қайнайтын қабаты бар пештер, газды тарататын пункттер, үзіліссіз прокаттың стандары, суды ағызу (водоотлив), көтеретін машиналар, басты желдетудің желдеткіштері, жоғары қысымның желдеткіштері, апатты жарықтандыру.

I категорияның құрамынан адамдардың өміріне қауіп төндіруді, жарылыстарды, өрттерді және қымбат негізгі жабдықтың зақымдалуын болдырмау мақсатымен өндірісті апатсыз тоқтатуға үзіліссіз жұмысы қажет электрқабылдағыштардың ерекше тобын бөледі. Қара металлургия үшін ерекше топтың электрқабылдағыштары ретінде домна пештерін сумен салқындататын сораптарының электрқозғалтқыштарын, ауа қыздырғыштарының газ араластыратын станцияларын, негізгі технологиялық қондырғылардың буландыру салқындауының сораптарын айтуға болады.

II категорияға электрмен жабдықтаудағы үзіліс өнімнің жаппай толық шықпауына, жұмысшылардың, механизмдер мен өндірістік көліктің жаппай тұрып қалуына, қала және ауыл тұрғындарының едәуір санының қалыпты тіршілігін бұзуына алып келетін электрқабылдағыштар кіреді.

III категорияға І және ІІ категориялардың анықтамаларына келмейтін барлық қалған электрқабылдағыштар жатады. Бұл негізгі цехтардағы әртүрлі көмекші механизмдер, өндірісі сериялы емес цехтар.

I категориялы электрқабылдағыштар екі тәуелсіз өзара резервтейтін қорек көздерінен электрэнергиямен қамтамасыз етілу керек. Бір қорек көзінен электрмен жабдықтау бұзылғандағы үзіліс басқасынан қорек автоматты қалпына келу уақытына ғана рұқсат етіледі (РАҚ әсер уақытына).

Тәуелсіз қорек көзі деп басқа қорек көздерінде кернеу жойылғанда регламенттелген кернеу сақталатын көзді айтады. Тәуелсіз қорек көздеріне екі шарт бірдей сақталғанда бір немесе екі электрстанциялар және қосалқы станциялар шиналарының екі секциясы немесе жүйелері жатады:

1) шиналар секцияларының немесе жүйелерінің әр қайсысының тәуелсіз көзден қорегі бар;

2) шиналардың секциялары (жүйелері) өзара байланыспаған немесе шиналардың бір секциясының (жүйесінің) қалыпты жұмысы бұзылғанда автоматты ағытылатын байланысы бар.

II категориялы электрқабылдағыштарды екі тәуелсіз өзара резервтелетін қорек көздерінен электрэнергиямен қамтамасыз ету ұсынылады.

Бір қорек көзінен электрмен жабдықтау бұзылғанда кезекші немесе оперативтік бригаданың көмегімен резервтік қоректі қосуға қажет уақытқа электрмен жабдықтаудың үзілістері рұқсат етіледі.

III категориялы электрқабылдағыштар үшін электрмен жабдықтау электрмен жабдықтау жүйесінің зақымдалған элементін жөндеу немесе ауыстыруға кететін үзілістер бір тәуліктен артық емес шартында бір қорек көзінен болуы мүмкін.

Басты төмендеткіш қосалқы станция бір көз деп есептеледі, егер бір екітізбекті желімен қоректенсе, екі көз деп есептеледі, егер екі біртізбекті желілермен (бөлек тіректерде) немесе әртүрлі трассалармен төселген екі кабель желілерімен қоректенсе. ЖЭО – ны бірнеше қорек көзіне қабылдауға болады, егер генератор істен шыққанда немесе секциядағы апатта басқа секциялар (генераторлар) жұмысын жалғастырса.

Кабель желісі үшін бөлек трасса – бұл бөлек (меншікті) траншея, блок, туннель (соңғы жағдай үшін бөлек трасса деп үшқабырғалы туннельде төсеуді айтады). I категориялы тұтынушыларды электрмен жабдықтау екі тәуелсіз қорек көзінен бөлек трассалармен жасалыну керек.

Категориялар – электрмен жабдықтау сұлбасын анықтайтын маңызды шарттардың бірі.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 82 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

ЛЕКЦИЯ 1. ОБЩАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА СИСТЕМ ПЕРЕДАЧИ И РАСПРЕДЕЛЕНИЯ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЭНЕРГИИ | Лекция. Электр тораптарын жіктеу. Электр тораптарына қойылатын талаптар | Электр тораптарына қойылатын талаптар | АЖ сымдары және найзағайдан қорғайтын тростар | Ауа желілерінің тіректері | Оқшаулағыштар және желілік арматура | Лекция. Кабель желілерінің қиыстырмасы туралы негізгі мәліметтер | Тұрақты токпен энергияны жеткізу | Лекция. Электрэнергетикалық жүйелерді басқару | Лекция. Электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав