|
Спорттық туризм түрлері.
Жаяу туризм, шаңғы туризм, тау туризм, тау шаңғы туризм, альпинизм су туризм, су асты туризм, спелеотуризм, желкенді ескекті туризм, салт атты туризм, вело туризм, агротуризм, дельтапланды туризм, мотоциклді туризм, жүгіру туризм. Спорттық туризм. Спорттық туризмге спорттық мақсаттары басым болатын туристік шаралар жатады. Спорттық туризмнің спорт түрлерінің барлық белгілері: жарыстар, ережелер, спорттық дәрежелер және оларға қойылатын талаптар бар. Тау шаңғы туризмі. Тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды. Қазақстанда Алматы маңында Шымбұлақ, Кімасар, Көкжайлау, Табаған, Ақбұлақ тау шаңғы орталықтары орналасқан, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды облыстарында да бірлі-жарым орындар бар. Дайв-туризм Ағылшын тілінен аударсақ, бұл судың астына сүңгу. Дайвинг Жак-Ив Кусто мен инженер Э.Ганьян ойлап жасаған автономдық акваланг (1945 ж.) арқасында пайда болды. Экстремалды туризм Бұл сегментке әлемнің туристік нарығының 10 % жатады. Экстремалды туризм дамуының себептері – мораль мен талғамдардың өзгерісі, қауіпті нәрсені есірткі сияқты аңсау, атаққұмарлық. Экстремалдық туризмге тәуекелді қажет ететін скайсерфинг, трекинг, хели-ски, фри-райд, рафтинг және басқа спорт түрлерін жатқызуға болады. Спелеотуризм ерекшеліктері: жер астындағы маршруттардың қиын, күрделі болуы, жоғары салыстырмалы ылғалдылық (100 % дейін), ауаның төменгі температурасы, қараңғылық.
Белсенді саяхаттардың түрлер
Белсенді туризм – маршрут бойынша белсенді түрде яғни өз күшін жұмсап қозғалып өтетін туристік саяхаттардың барлық түрлері. Белсенді туризмге өзіндік туристік саяхаттардың көптеген түрлері жатады.
Белсенді туризмнің мақсатыжорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Жорық мақсаттарын атап шықсақ, олар мынадай: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу (экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздестіру-құтқару мақсаттары.
Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.
Рекреациялық жорықтар (демалу) мақсаты – демалып, адамның қалпына келу. Рекреациялық жорықтар әдетте, көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып, өткізіледі.
Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.
Зерттеу жорықтары әралуан: геологиялық, геоморфологиялық, гидрологиялық, археологиялық, зоологиялық және т.б. мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес.
Жаяу туризм, шаңғы туризм, тау туризм, тау шаңғы туризм, альпинизм су туризм, су асты туризм, спелеотуризм, желкенді ескекті туризм, салт атты туризм, вело туризм, агротуризм, дельтапланды туризм, мотоциклді туризм, жүгіру туризм. Спорттық туризм. Спорттық туризмге спорттық мақсаттары басым болатын туристік шаралар жатады. Спорттық туризмнің спорт түрлерінің барлық белгілері: жарыстар, ережелер, спорттық дәрежелер және оларға қойылатын талаптар бар. Тау шаңғы туризмі. Тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды. Қазақстанда Алматы маңында Шымбұлақ, Кімасар, Көкжайлау, Табаған, Ақбұлақ тау шаңғы орталықтары орналасқан, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды облыстарында да бірлі-жарым орындар бар. Дайв-туризм Ағылшын тілінен аударсақ, бұл судың астына сүңгу. Дайвинг Жак-Ив Кусто мен инженер Э.Ганьян ойлап жасаған автономдық акваланг (1945 ж.) арқасында пайда болды. Экстремалды туризм Бұл сегментке әлемнің туристік нарығының 10 % жатады. Экстремалды туризм дамуының себептері – мораль мен талғамдардың өзгерісі, қауіпті нәрсені есірткі сияқты аңсау, атаққұмарлық. Экстремалдық туризмге тәуекелді қажет ететін скайсерфинг, трекинг, хели-ски, фри-райд, рафтинг және басқа спорт түрлерін жатқызуға болады. Спелеотуризм ерекшеліктері: жер астындағы маршруттардың қиын, күрделі болуы, жоғары салыстырмалы ылғалдылық (100 % дейін), ауаның төменгі температурасы, қараңғылық.
5 ) Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
«Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде XIX ғ ғана тұрақтала бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. Қазіргі туризмтануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды
«Туризм» сөзінің түбірі — француз тілінің «тур», яғни «серуен», «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.
«Туризм» сөзі қазіргі энциклопедиялық үғымда бос уақытта саяхат жасау және белсенді демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдық, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді. Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез келген мақсатта уақытша, ерікті тұрғын орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туриске санау әдеті қалыптасқан.
1974 ж. бастап БҰҰ елдің тұрғын орнын және жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлығын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады.
Туризм дегеніміз әзірше толығымен зерттелмеген және сандық көрсеткіштерімен бағалануы қиынға түсетін күрделі қоғамдық құбылыс. Сондықтан, көп ғасырлық тарихына ие болғандығына қарамастан, туризмнің біркелкі анықтамасы жоқ. Тар салалар ауқымымен шектелген анықтамалар бұл күрделі ұғымның барлық ішкі және сыртқы байланыстарын біріктіре алмайды. Қазіргі анықтамасы: Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ түнеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхат.
Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |