Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадрлар түсінігі.

Демалыс күнгі жорықтар мен көпкүнді саяхаттардың өткізілуін бақылауды денешынықтыру ұжымдарының кеңесі, спорттық клубтары, туристік клубтары мен секциялары, туризм бойынша жергілікті кеңестері іске асырады.

Туристік топ күрделі жорыққа шығар алдында маршрутқа шығарға екі апта қалған кезде кешіктірмей туризм эәне экскурсия бойынша облыстық кеңестің ұйымына хабарлайды, бақылау-іздестіру қызмет бөліміне топтың қайту уақытын және жеке бөліктерді жүріп өтуге кететін уақытын көрсетілген нақты маршрутты айтып кетеді.

Топтың күрделі маршрутты жүріп өтуін тікелей бақылауды смаяхатқа рұқсат берген ұйым іске асырады.

Барлық дәрежедегі күрделілікті саяхаттарды өткізу кезінде топ жергілікті билік орындарында маршрутты жүріпөту туралы белгілер жасауға міндетті. Күрделі саяхаттарда топ өзінің ұйымына маршруттың бақылау пунктерін өтуі туралы хабарлауы тиіс.

Клубтардың мақсаты мен міндеттері:шығармашылық бос уақытты ұйымдастыру, салауатты өмір үлгісін насихаттау, спорттың әртүрлі түрлерін көпшілікке тарату, жастарды алдын ала әскерге дайындау, халықтық-қолданбалы кәсіпшілікке оқыту, халықтық шағармашылыққа қатыстыру. Біздер үйірмелердің және секциялардың зор таңдауын ұсындық: дойбы, шахматтар, стол үсті теннисі, бокс, күрес, гимнастика, домбырада ойнауды үйрету, пантомималар, би, футбол, және тағы да көп басқалар. Клубтар жалпы білімдік мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Аула клубтарының сындарлы жұмысы жастардың салауатты үлгідегі өмірдің және жасөспірімдер ортасында нашақорлық және қылмыстықтың профилактика кепілі болады, бұл мемлекет билігі жергілікті органдарының мүддесі саласында болмауы мүмкін емес.

Туристiк кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшiн мыналарды орындау қажет:

Халықаралық тәжiрибеге сәйкес Дүниежүзiлiк туристiк ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды "Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктегiшi" ҚРМЖ08-2004 Мемлекеттiк жiктегiшке енгiзу;

туристiк сала үшiн кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристiк бiлiм беру сапасының "WTO - Теd Qual" сертификатын енгiзу;

республикада ғылыми-практикалық конференциялар өткiзудi және кадр дайындау мен туристiк индустрияны дамытудың негiзгi мәселелерi жөнiндегi халықаралық туристiк iс-шараларға Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру;
туристiк кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшiн оқу бағдарламаларын, оқу-әдiстемелiк құралдарды, оқулықтар мен көрнекi материалдарды әзiрлеуге қатысу;

гидтар, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристiк индустрия мамандарын, оның iшiнде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттiк ұлттық парктер үшiн, оқытып-үйрету семинарлары мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын тұрақты негiзде жүргiзу;

Еуропа бiлiм беру қорымен халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде дайындалған "Туризм саласындағы ұлттық бiлiктiлiк құрылымы" (ҰБҚ) пилоттық жобасын iске асыруды және Алматы қаласында ҰБҚ әзiрлеу жөнiндегi Үйлестiру орталығын және орталықазиялық өңiр елдерi үшiн басқа да бiрлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру.
Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристiк саланы дамыту жөнiндегi маңызды шаралардың бiрi оның ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдiстемелiк базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секiлдi әлемнiң дамыған елдерiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнiң даму болашағын зерттеу және болжамдау жөнiндегi орталықтар бар.

Туристік әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.

Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру

Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі.

Ресей империясындағы туризмнің ұзақ тарихы бар. Егер «ел туризмі» деген үғымның қазіргі түсінігін басшылыққа алатын болсак, орыс дворяндарының шет елге шығуы XVIII ғасырдың басынан басталады. Олардың сапарларын «туристік» деп атауға әбден болады, себебі дворян шет елге барғанда ақша табу үшін емес, білім және әсер алу үшін жолға шықты.

Ресей ішінде немесе шет елге арнайы ұйымдастырылған ұжымдық сапарлардың алғашқысы деп зерттеушілер 1777 ж Москвада В. Генш ұйымдастырған «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттардың жоспарын» санайды. Бұдан ерте мұндай саяхат болды деген құжат табылған емес. Сондықтан да В.Генштің «Жоспарын» Ресей туризмінің тарихының басталуы, кездейсоқ жеке адамдардың уақыт өткізуі емес, алғашқы ұйымдасқан кимыл-қозғалыстың бастамасы болып есептеледі.

1777 ж желтоқсанда «Московские ведомостидің» оқырмандары түрлі хабарлардың қатарында газет беттерінен «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттарды ерекше адамдардың талап етуі бойынша В. Генш мазмұнды да игілікті істі бастап отыр» деген айдармен мақала шықты. ұйымдастыру ісінің барлығьш өз мойнына алған «Жоспар» авторының ресейліктерді Батыс Европа елдеріне топ құрып сапар шегуге алғашқы шақыруы осылай деп аталды.

В. Генштің Москвада пансионы болды, 20 жылдан астам уақыт бойы жасөспірім ұлдардың тәрбиесімен шұғылданды. өте білімдар адам болған, шет елдің бірнеше академиясында жұмыс істеп, саяхаттың жастар тәрбиесіндегі маңызын саналы түрде біліп, Европаны бірнеше мәрте аралаған.

Саяхаттарға ерекше маңыз беру оның «Жоспарынан» бастау алады, онда «Сәби санасын тек қана ғылыммен толтыруға риза емеспін, олардың жүрегін мейірбанды іске дағдыландырып, оған әлемге пайдалы саяхатгар жасау арқылы жетуге болады. Олар жат жерлерден көрген есте қаларлық керекті білімдерді өз Отанында пайдаға асыруы керек» деді. Генш «Жоспарында» немістің не итальянның немесе француздың бір-бір университетіне қысқа оқу курсымен шегуді жобалады. Университеттерді көріп болғаннан соң Швейцария, Италия және Франция елдерін аралап, ол елдердің көркемөнерімен танысып, фабрика ісін жолға қоюды мақсат етіп еді. В. Генштің «Жоспары» XVIII ғасырдың соңғы ширеі шет елге туристік саяхат ұйымдастырудың алғашқы ұсынысы болумен қатар онда топ-топ адамдар тәжірибелі жеті бастауымен Батыс Европа елдеріне ұжымдық сапар керек болатын.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 82 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Лттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм. | Азіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы. | Азіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы. | Йымдық-орталықтанған кезең (1930-1970жж). | Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары. | Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны. | Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері | Азақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері. | Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары. | Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав