Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.

Маркетинг тұжырымдамасы нарықтың толуына және клиент үшін бәсекелестікке байланысты нарық қатынастар кезеңінде пайда болған. Маркетинг – ұйым мақсаттары мен ресурстарының сыртқы ортаның мүмкіншіліктері мен

қажеттіліктеріне шоғырлану процесі. Маркетингтің стратегиялық тұжырымдамасы дегеніміз көзқарасты тауардан немесе тұтынушыдан сыртқы ортаға аудару, яғни жетістікке жету үшін тұтынушыны белгілі бір ортада зерттеу, оған әсер ететін макроортаның факторларына (экономикалық, экологиялық, саяси, әлеуметтік және т. б.) талдау жасау.

Маркетинг технологиясын, қағидаларын, концепцияларын туризмде 1971 жалғашқы қолданған танымал швейцар зерттеушісі Х. Криппендорф болды. Бұл ғалымның туристік маркетингке берген түсінігі мынадай: «Туристік маркетинг дегеніміз туризм аясындағы жеке меншік және мемлекеттік саясат, туристік мекеме қызметінің жүйелі өзгерістері мен

координациясы. Бұндай өзгерістердің мақсаты – табыс түсіру мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір топ тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру». Сонымен, маркетинг – бұл кәсіпорынның нарықтағы әрекеттерінің

тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Маркетингтің мақсаты – нарықтың қажеттіліктері мен талаптарын зерттеп, қоғамның және қоршаған ортаның талаптарына сай нарықта өз әрекеттерінің стратегиясын орнату. Туристік маркетингтің ерекшелігі туристік өнімнің, туристік қызметтердің өндірушілері мен тұтынушыларының ерекшеліктерімен анықталады. Туристік өнім сапасын бағалау өте субъективті болады: бағалауға сыртқы факторлар немесе сатып алынған қызметтеріне қатынасы жоқ тұлғалар (мысалы, туристік топ мүшелері, басқа демалушылар, жергілікті тұрғындар, келген мемлекеттегі жағдай және т. б.) әсер етеді.

Маркетингтің сәтті болу алғышарты – шаруашылық ұйымын нарықтағы жағдайға орай басқару, маркетинг-функцияларын іске асыру құрылымының бар болуы және сату саясатына сәйкес әдістерді қолдану.

Туристік маркетинг-бағдарламасында келесі кезеңдер қарастырылады:

– бірінші кезең: нарыққа талдау жасау жұмыстарының негізінде туристік өнімнің өзіндік және бәсекелестік ұсыныстардың қысқа және ұзақ мерзімді аспектілері белгіленеді;

– екінші кезең: өзінің жеке жағдайына сәйкес және туристік нарыққа шығу мүмкіндігіне қарай кешенді сауда саясатының мақсаты белгіленеді;

– үшінші кезең: алға қойылған мақсатқа жету әрекеттері белгіленеді. Ол үшін:

а) ұсынылып отырған туристік өнімге бейнесі жасалынады, оның басқаларға қарағанда артықшылықтары дәлелденеді;

ә) нарықты сегменттерге бөлу жүргізіледі, яғни рекреациялық қажетін өтей алатын тұтынушы топтары (балалы жанұялар, спорттық туризммен айналысатындар, белгілі бір аурулармен ауыратындар және т. б.) жинақталады;

б) туристік ұсыныстар топтастырылады, яғни туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік тауарлар мен қызметтер кешені ұсынылады;

в) туристік өнімді таратудың оңтайлы түрлері таңдалады, яғни туристерге тікелей сату немесе турагенттер арқылы сату жолдарын іздестіреді;

– төртінші кезең: туристік өнімді өткізу құралдарын пайдалану – өнімді безендіру, оған баға құрастыру, өнімді сату жолдарын іздестіру, жарнама жасау, экскурсиялық қызмет көрсету және т. б.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 43 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Белсенді саяхаттардың түрлер | Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадрлар түсінігі. | Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары. | Лттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм. | Азіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы. | Азіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы. | Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері | Азақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері. | Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары. | Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав