Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері

Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық ж/е мәдени-көңіл көтеруге арналған қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.

Рекреациялық мүмкіндік (потенциал) дегеніміз - белгілі бір территорияда рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға болатын табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т.б. алғы-шарттардың жиынтығы. Территорияның рекреациялық мүмкіншілік түсінігін "рекреациялық шаруашылықты жүзеге асыруға болатын қолайлы жағдайлар мен факторлар жиыны" деп қарастыруға болады.

Рекреациялық мүмкіндік негізін құраушы бөлік "туристік-рекреациялық ресурс" болып табылады, оның ішіне демалыс пен туризмді дамыту мен ұйымдастыруға негіз болып табылатын, өзіндік тартымдылығымен, тарихи және көркемдік құндылығымен ерекшеленетін, қоршаған орта компонентері мен антропагендік шаруашылық обьектілерін жатқызуға болады. Туристік-рекреациялық ресурс, территорияның туристер тарапынан қызығушылығына (аттрактивтілік) боялаған жағдайда ғана "туристік құндылыққа" ие болады. Туристік территорияның құндылығы (дамыту мүмкіндігінің алғы-шарты) - туристер тарапынан қызығушылық танытатын, жеке немесе қосалқы түрде ұйымдасқан, қоршаған орта мен адам қолымен жасалынған элеменнтердің бар болуы. Бірақ, табиғи және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, демалыс пен туризмге жарамды территориялардың бар болуы, әр уақытта туристік-рекреациялық ресурс ретінде қарастырыла берілмейді. Аталған элементтердің негізгі туристік ресурсқа бағытталуының көрінісі, технологиялық жағынан жетілген, қоғамдық еңбек бөлінісі тарапынан зерттеуге кеткен шығын мөлшерін, туристік қызмет көрсетуге лайық болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Туристердің қажеттіліктері мен талғамдарына байланысты, туристік құндылықтарды келесідей бөліп қарастыруға болады:

а) табиғи ортаның қалыптасқан жағдайына қарамастан демалысты ұйымдастыру;

б) арнайы, туризмнің кез-келген түрін қоршаған ортаға байланысты, табиғат ерекшеліктерін қолдану арқылы жүзеге асыру, минералды су көздері немесе қолайлы климат жағдайлары болған жағдайда - бальнотерапия және тағы басқа емдік сауықтыру түрлерін ұйымдастыру;

в) танымдық, табиғи ерекшеліктермен (қорықтар, саябақтар және т.б.) бірге, материалдық және рухани құндылықтарды: ескерткіштер, фольклор, қоғамның қазіргі заман жетістіктерін қоса қарастыратын демалысты ұйымдастыру.

Туризм географиясының мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан географиялық орта кеңістігінде шешу жолында таксономия үлкен рөл атқарады

"Туристік жергілікті орын (местность) - туристік құндылық, инфрақұрылым және көліктік қолайлығы жағынан туристік миграцияның кезеңін немесе пунктін құрайтын жайылым көрсеткіші (қала, аудан, ауыл).

Географиялық ландшафтық белдеу орнына байланысты: таулы, теңіз жағалауы, көлдің жағалауы және т.б. болып бөлінеді. Туристік құндылығы, атқаратын қызметіне және туристік шаруашылықты жүргізу түріне байланысты: а) демалыс орны; б) курорт; в) танымдық туризм орындары; г) транзиттік туризм орындары (мысалы, шегаралас аудандар) болып жіктеледі.

"Туристік орталық" - шоғырланған туристік-рекреациялық ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсету комплексі ұйымдастырылған тұрғылықты орын, жер учаскесі, табиғи обьект және т.б. болып табылады. Аталған комплекс құрамына туристерді орналастыру мекемелері (турбаза, қонақ үй, пансионаттар және т.б.), тамақтандыру, сауда-саттық орындары, спорттық ғимараттар, экскурсиялық және тағы басқа туристік қызмет көрсету орындары кіреді. Туристік орталықтар дәрежесіне қарай (халықаралық, мемлекеттік, аудандық, жергілікті), функционалдық бағытына қарай (емдік, сауықтыру, танымдық, комплексті) және басқа да көрсеткіштер бойынша бөлінеді.

"Туристік аудан" - туристік функциясы басым болып келетін немесе елеулі орын алатын, туризмді дамытуға қолайлы табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі бар, салалық экономикалық аудан. Аудандарды деңгейіне байланысты - жергілікті, облыстық, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық туризм деп бөлуге болады. "Рекреацияның шаруашылық потенциалы" немесе "демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы" анықтамалары, рекреациялық география және туризм географиясында да күрделі және ауқымды түсініктемелер мен талдауларға ие (кей ғалымдар оны "туризм инфрақұрылымы" деп те атайды). Бұл, ең бастысы, демалушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, сату және ұсыну арқылы жүзеге асырылатын негізгі фонд, қолайлы рекреациялық жағдай жасауға тікелей араласпайтын қосымша еңбек бөлінісі.

"Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.

Туристер мен демалушылардың тамақ пен сусындарға деген сұраныс- қанағаттарын өтеуге "тамақтандыру орындары" көмектеседі, оның ішіне мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.

"Коммуникациялық база" негізінен көліктік қызмет көрсетумен байланысты. Көліксіз туристік қызметті ұйымдастыру өте қиын, жаяу туризмді есепке алмағанда. Соңғы кездері, туризм саласында ақпаратық байланыс жүйесі ерекше рөл алуда, оның өсу қарқына жаһандық тұрғыда кеңею үстінде.

"Қосалқы қызмет базасына" туристерге келесі негізгі қызмет көрсету түрлері кіреді: табиғаттың қолайлы жақтары (пляждар ұйымдастыру, шомылу орындары, тамашалау алаңдары және т.б.); спорттпен шұғылдану; ойын-сауықтарды ұйымдастыру; туристік құрал-жабдықтар мен сувенирлерді өндіріп шығару; ақпараттық қызметтер және т.б.

"Туристік территория немесе объект сыйымдылығы" - түнеу орнының (түнеу орындарының саны), тамақтандыру мекемесінің (ас мәзірі берілетін орындар саны) және қосалқы қызмет базасының (орындар саны немесе аудан көлемі) жалпы сыйымдылығы негізінде анықталатын, туристік базаның жекелеген объектілерін бір мезетте қолдана алатын, туристік ағымға қатысушылардың жалпы саны.

Туризм географиясының негізгі түсініктерінің біріне, тұрғылықты жердің немесе объектінің "туристік аттрактивтілігі" (тартымдылығы) кіреді. Туризмнің көптеген түрлері мен формаларына байланысты бұл түсініктің құрылым өте күрделі болып келеді. Туристік аттрактивтілік "туристік ұсыныс" түсінігімен көп ұқсастықтары байқалады.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Белсенді саяхаттардың түрлер | Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадрлар түсінігі. | Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары. | Лттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм. | Азіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы. | Азіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы. | Йымдық-орталықтанған кезең (1930-1970жж). | Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары. | Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары. | Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав