Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар

Туристік қор – туристердің рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін, физикалық күшін қалпына келтіріп және дамытатын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, туристік көрсетуге арналған басқа да объектілер.

Әлеуметттік экономикалық туристтік қорларға тарихи мәдени объектілер (ескерткіштер, атақты жерлер,мұражайлар және т.б) және құбылыстар (этногафиялық,саяси,өндірістік және т.б) жатады.Бұл ресурстар бір жағынан материалдық және рухани болып жіктелсе,екінші жағынан жылжымайтын және қозғалатын ресурстар болып топтастырылады.

Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілері бойынша бес түрге жіктеледі:тарихи,археологиялық,сәулет өнері және қала құрылыстық,өнер ескерткіштеріне,дерекнама ескерткіштерңгн бөлінеді.Қозғалмайтын қорларға тарихи ескерткіштер,сәулет өнерінің объектілері,археологиялық және монументтік құрылыстар құрайды.

Әлеуметттік экономикалық туристтік қорларға тарихпен,мәдениетпен және қазіргі адамдардың іс зрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады.Мысалы,тамаша салынған спорт кещені,зайуанат паркі,ботаникалық бақтар,ғылыми мекемелер,жоғарғы оқу орындары,өндірістік мекемелер,театрлар,этнографиялық және фольклорлық көз тартарлық көрнекті оындар,халы дәстүрлері.

Табиғи туристік қорлар деп адамның ешқандай қатыспай қалыптасқан қорларын айтамыз.Оларға: флора мен фауна,жер бедері,сулар,климат

55. Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау. Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күш Туристік қызметтер бағасы

Бағалардың өзгеруі туралы ақпараттарды жинау республика астанасында, Алматы қаласында, барлық облыс орталықтарында және қалалар мен аудан орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау сол орында жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету түрлерінің барлық объектілері іріктеледі, яғни ол зерттеуге ұсынылатын әртүрлі деңгейдегі сауда орындары мен көпшіліктің сұранысындағы тауарларды (қызметтерді) тұрақты өткізетін сауда кәсіпорындары үшін қажет. Бағалар туралы ақпарат жинау тікелей тауарларды (қызметтерді) өткізу орындарында баға тіркеушілермен жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні қолма-қол төленген бағалар, салықтарды қоса, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша алымдарды қоспай тіркеледі. Республика бойынша орташа бағаның деңгейі жекелеген өңірлердегі баға деңгейінің орташа арифметикалық салмақтағы шамасымен анықталады. Лицензия заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органдармен оның әділет органдарындағы тіркеу орндарына байланысты, ал жеке тұлғаларға – салық органдарына тіркелген орны бойынша беріледі. Лицензияны алғаннан кейін 7 ай ішінде ҚР Үкіметінің бекіткен туристік қызмет көрсетуге сәйкес сертификат алуы тиіс, оның көшірмесін лицензиарға береді.

Лицензиялауға жататын қызмет түрлері туроператорлық;

турагенттік;

туризм инструкторының қызметі

Лицензия алуға қажетті құжаттар

Туроператорлық қызметке лицензия алу үшін:

бекітілген формасындағы өтініш;

лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;

заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігінің, жарғының және статистикалық картаның нотариуспен бекітілген көшірмелері;

офиске қажетті жеке иелігіндегі немесе жалға алынған кеңістікті анықтайтын құжат;

туристердің, туристік жабдық-тұрмандар мен көлікті орналастыратын материалды-техникалық базасы бар жалға алынға материалды-техникалық база немесе өз иелігіндегі материалды-техникалық базасын анықтайтын құжат;

жұмысшылардың білімі туралы және еңбек өтілі туралы құжат көшірмесінің қосымшасы бар жұмысшылар тізімі;

туристік қызмет келісім-шарты бойынша азаматты-құқтық жауапкершілікті сақтандыратын келісім-шарт көшірмесі;

тасымалдаушымен келісім-шарт көшірмесі;

туристік жолдама мен туриске арналған жадуал көшірмелері;

психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтамасы, жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаты бар экскурсоводтар мен гидтер тізімі бар туристік ұйымдармен келісім-шарт көшірмесі;

жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

туристік маршруттер реестрі;

туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;

туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.

Турагенттік қызметке лицензия алу үшін:

бекітілген үлгідегі өтініш;

лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;

жеке кәсіпкердік немесе патенттің жарғысының, мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің, жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);

офиске қажетті жалға алынған немесе өз иелігіндегі кеңістікты анықтайтын құжат;

өз иелігіндегі немесе жалға алынған материалды-техникалық базаны анықтайтын, немесе туристерді, көліктерді орналастыруға қажетті материалдық-техникалық база қызметі бар ұйыммен жасалған келісім-шарт құжаты;

білімі туралы және еңбек өтілі туралы қосымшамен жазылған жұмысшылар тізімі;

туристік қызмет көрсету келісім-шарты бойынша азаматтық-құқықтық жэауапкершілікты сақтандырудағы келісім-шарт көшірмесі;

тасымалдаушымен келісім-шарт;

туристік жолдама және туриске берілетін жадуал көшірмелері;

жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

Туризм инструкторы қызметіне лицензия алу:

бекітілген үлгідегі өтініш;

лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;

туристік маршруттарда тәжірибеден өту мен біліктілік, кәсіби дайындыққа сәйкестігін анықтайтын құжаттар;

жасалған туристік маршруттардың сипаты және карта-сызбасы;

психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтама.

Лицензия беру мерзімдері Өтінішті барлық қажетті құжаттармен алғаннан бастап:

1 ай

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 күн

Лицензиялық жинақ туроператорлық, турагенттік – 10 АЕК

туризм инструкторы қызметі – 1 АЕК

Лицензияны қайта жасау Заңды тұлғаның атауы, орналақан жері өзгеретін болса, қажетті мәліметтер көрсетілген құжаттармен бірге бір ай ішінде лицензияны қайта жасау туралы өтініш беруі тиіс. Лицензиар 10 күн ішінде өтініштегі мәліметтерге сәйкес лицензияны қайта толтырады.

Лицензия бір данамен беріледі, егер лицензиат оны жоғалтып алса, көшірмесін алу туралы өтініш беруі тиіс. Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтатуЛицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:

туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым салынса;

лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;

лицензиялық жинақ төленбесе;

өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен тыйым салынса.

Лицензия мына жағдайларда қызметін тоқтатады:

лицензия қайтарылса;

азаматтың жеке кәіспкерлігін тоқтатқанда, қайта құрғанда немесе заңды тұлғаның таралуында.

57. Туристік кәсіпорнының құрылымы Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.

Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады. жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.

60. Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар Қазіргі мағынадағы туризмXIX соңында пайда болпы қалыптасса, оның нағыз қарқынды дамуына техниканың,технологияның,қоғамдық қатынастардың өркендеген кезеңі он тоғызыншы екініші жартысында ғана кең жол ашылып,туризм «XX ғасыр феномені» деген мәртебелі атаққа ие болды. Қазіргі таңда біз туризмді адам өміріндегі маңызды құбылыс ретінде қарастырумен қатар XX ғасырдың феномені деп те есептейміз. Сонымен қатар туризм жай ғана саяхат немесе демалыс ғана емес, экономиканың динамикаклы түрде дамитын ең негізгі салаларының бірі болып саналады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімінің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-ын және әлемдегі өндірістің әрбір жетінші жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі туризм индустриясы ірі, жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр.[1] Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризмнің арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді. Турист – ең болмағанда бір рет түнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақытпен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарға жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын және мақсаты барған жерінде ақылы жүмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады.

Экскурсант –жеке тұлға, басқа елді мекенге, аймаққа немесе мемлекетке 24 сағаттан аспайтын туризм мақсатымен уақытша келуші.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 33 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары. | Лттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм. | Азіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы. | Азіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы. | Йымдық-орталықтанған кезең (1930-1970жж). | Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары. | Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны. | Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері | Азақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері. | Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав