Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абиотикалык факторлардын тири организмге асери

Читайте также:
  1. Жай зат түрінде тірі организмге зиянды,ал қосылыс түрінде адам ж/е жануар тіршілігіне қажет екі хим-қ элемент*натрий ж/е хлор

Абиотикалық факторлар (гр. ‘a’ — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.

Ол физикалық абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.

Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.

Жарық. Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі. Жарыққа байланысты болатын экологиялық топтар: 1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) – гелиофиттер. 2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) – сциофиттер. 3.Көлдеңкеге төзімділер – факультативті гелиофиттер. Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға, көруге ғана қажет.

Температура. Тіршілік үшін қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С –қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың нормадағы құрылысы және қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден тыс температура мөлшерінде де тіршілік ете алады: 1.Криофилдер –суықты қажет ететін түрлер. 2.термофилдер – керісінше, жоғары температураны қажет етуші түрлер.

Ылғалдылық. Су- барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай. Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары. Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер.

Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.

9 Биотикалық факторлардыңсипаттамалары

Биотикалық фактор, биогендік фактор — ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағнаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады. Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады.Биотикалық қатынастар түрлерінің санын реттеудегі маңызы. Түраралық қарым-қатынастар ценоздардағы ағзалар санының динамикасында рөл атқарады. Жыртқыштар жемтіктерін жоя отырып, олардың санына әсер етеді. Паразиттердің де осындай, иесін әлсірете отырып, олардың көбеюін тежейді, тіпті өліміне де әкеліп соқтыруы мүмкін. Бәсекелестік қатынастарда, жыртқыштық пен паразитизм құбылыстарына ертеден экологтар назар аударып келген. Солардың ішінен А. Лотканың (1923, 1925 ж.ж.) жұмыстары ерекше орын алады. Ол алғаш рет жануарлардың паразит - иесі жүйесіндегі өзара қатынастардың математикалық үлгісін (модель) ұсынады. А. Лотканың жасаған тұжырымы: паразиттердің өздерінің иелерін жоюы тек паразиттердің санына емес, иесінің санына да тәуелді болады. Иесінің белгілі бір санына сәйкес келеді және иесінің популяциясының тығыздығының артуына байланысты паразит популяциясының тығыздығы артады. Паразит санының артуы иесінің санының кемуіне әкеледі де, соңғысы қайтадан паразиттер санының кемуіне әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады. Мұнда динамикалық өзін - өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит - иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді. Өзінің зерттеулері негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды: 1) периодтық цикл заңы. Екі түрдің санының ауытқулары периодты болады. Жыртқыш пен жемтігінің популяцияларының өсу коэффициенті мен бастапқы салыстырмалы санына байланысты болады; 2) орташа шамалардың сақталу заңы.

10 Толеранттылық диапозоны Эврибионтты Стенобионтты организмдер

Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. жатады. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Стенобионттық тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т.б Эврибионттар (грек. eurys – кең, ауқымды және bіontos – тіршілік ететіндер)– сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күнрадиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларыныңгомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер..Либихтің минимум және Шельфордтың максимум заңдары.1913 жылы В. Немiс ғалымы Юстус Либих 1840 жылы «Минимум заңын» ашты. Ол өсiмдiктерге тәжiрибе жасап, өсiмдiктiң өсуi топырақтағы жетiспейтiн ең аз микроэлементтiң мөлшерiне байланысты болатынын дәлелдеген.Нәтижесiнде өсiмдiктiң өсiп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететiн микроэлементтер анықтайтыны белгiлi болған. Бұл Либихтың «минимум заңы» деп аталады.Максимум заңы. 1913 жылы В. Шельфорд лимиттiк әсерлердiң минимум заңына сай «максимум»заңын, яғни төзiмдiлiк шек заңын ашты. Оны Шельфордтың толеранттылық заңы деп атайды (латын тілінен аударғанда tolerantia – шыдау, төзу). Кез келген жағдайдың толеранттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттiк жағдай немесе лимиттiк (шектеуші) факторлар деп аталады. Төзiмдiлiк шегiнен шығып кетсе, организм тiршiлiгiн жояды.Оптимум және пессимум аймақтары мөлшерінің диапазоны организмнің сол экологиялық фактор әсеріне деген төзімділігін (толеранттылығын) анықтаушы критерий болып саналады да, экологиялық валенттілік не толеранттылық деп аталады.

 

11 Тіршілік орталарының сипаттамалары

Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке ағза тіршілік ортасына айналган. Бір ағнаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тәнпаразиті болады.Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын — эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөТіршілік ортасы (Биотическая среда)— қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығынэкологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторларжиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз(грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.

12 Су тіршілік ортасының ерекшеліктері

Су — тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тәнфизикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы,тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптегенминералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір азғалар тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы —гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды.Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі ағзаларды (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.)нектондар (грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ азғалар пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады

13 Организмдердің қарым-қатынасы (бәсекелестік жыртқыштық-жемтік паратизм)

Бәсекелестік Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы, түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсекелестік даралардың бір-бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасы тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено түрлі жануарлардын, бір ресурспен қоректенуі, ал ресурс шектеуіні фактор болуы арқылы жүзеге асады.Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Белгілі бір биологиялық белсенділігі бар бұл заттар басқа ағзаларға әсер етеді. 1937 жылы неміс ботанигі X. Молиш оған аллелопатия деген атау берді (грек тілінен аударғанда allelon — өзара, pathos — әсер ету). Аллелопатия дегеніміз — зат алмасудың арнаулы химиялық өнімдері арқылы ағзалардың өзара әсері.Көбінесе аллелопатия бір түрдің екіншісін басуы арқылы көрінеді. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді. Жыртқыштық Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқьш өлтірп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, әдетте жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады. Мысалы, қасқырлар орманды тундра мен тундрада солтүстік бұғыларының интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады. Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus – арамтамақ). Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштарымен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.

 

 

14 Биотикалық қарым-қатынас (симбиоз, комменсализм, аменсализм)

Симбиоз дегеніміз -әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды. Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді. Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal — бірге тамақтану). Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді. Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т.б.) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады. Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa тамақ, азық). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығарған антибиотиктер бактерияларды жояды. Комменсализм С имбиоздың бір формасы, бір түр бірлесіп тіршілік етуден пайда көреді. Ашық мұхиттарда ірі жануарларда (акула, дельфиндер, тасбақалар) тіршілік ететін лоцман деген балық болады., олар қалдықтармен қоректенеді. Аменсализм (гр. mensa — стол, тамақ)—популяциялар арасындағы өзара қатынас түрі. Бұл кезде популяцияның біреуі екіншісінен өзіне пайда (теріс әсерде) алмайды. Мұндай өзара қатынас түрі өсімдіктерде жиі кездеседі. Мысалы, шыршаның астында өсетін жарық сүйгіш шөптекті өсімдіктер көлеңкеде қалып қояды да, зиян шегеді. Бұл шыршаға ешқандай әсер етпейді. Бұған ұқсас өзара қатынас зең саңырауқұлағы мен бактерия арасында да болады

15 Әуе құрлық ортасының ерекшеліктері

Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада ағзалардың тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарыныңалмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

 

 

16 Топырақ тіршілк ортасыныңерекшеліктері

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен жәнеатмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатынпедосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ азғалар (бактериялар,саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген ағзалардың тіршілігі үшінөте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін азғалар — педобионттар деп аталады

17. Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.

Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады. Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады. Әр-бір популяцияға биотикалық потенциял тән-ұрпақты көп қалдыру. Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады. Мысалы, ашытқы саңырау құлақ. Популяция динамикасының екі түрі бар: Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі түрі J-түрі тәрізді қисықпен жүреді: Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады. Бұл адамдар популяциясына тән. Ол ең біріншіден, балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты. Популяциядағы особьтардың өсу санын биотикалық факторлар реттеп отарады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп аталады. Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі-особьтар саны жоғарғы өлім-жітіммен сипатталады.Бұл жағдайда особьтар санының өсуі S-тәрізді қисықпен сипатталады: мұндай қисықты логистикалық деп аталады. Логистикалық өсу қисығына обиотикалық факторлар әсер етеді(ауа-райы құбылыстары, тамақтың бар-жоқтығы әр-түрлі катастрофалар т. б.). Осындай фактор популяцияның уақытша шексіз өсуіне, сондай-ақ 0-ге дейін төмендеуіне қамтамасыз етіп отырады. Осындай факторларды модификалық фактор деп атайды.

18 Вернадскиийдің биосфера туралы түсінік

Биосфера түсінігінің екі негізгі түсініктемелері бар, біріншісі ғылымда сол терминнің пайда болу кезінен белгілі. Ол биосфера түсінігін жердегі барлық тірі және жансыз ағзалар бірлестігі. Докучаев түлегі, топырақ ілімнің қалыптасушысы, тірі және жансыз жүйелер байланысын зерттейтін В.И.Вернадский, биосфера түсінігін қарастырып, тірі және жансыз айырылмас байланыс принципін енгізген. Ол биосфераны тірі және өлі бірлестік орта ретінде түсінген. Осындай түсінік Вернадскийдің жер бетіндегі өмірдің пайда болу мәселелеріне көзқарасын анықтаған. Келесі түрлер қарастырылған:
1) өмір жердің пайда болуына дейін жаралған және оған ол енгізілген;
2) өмір жердің пайда болған соң жаралған;
3) өмір жердің пайда болуымен қатар жаралған. Вернадский соңғы ойды
қалаған және оның ойы бойынша, біздің планетамызда тіршілік болмағаны туралы ғылыми деректер жоқ деп ойлаған. Басқаша айтқанда, биосфера жерде әрқашан болған. Сонымен, биосфера ретінде Вернадский жерді, барлық процестердің тірі ағзалардың тікелей әсерінен өтетін жіңішке қабаты ретінде түсінген. Соңғысында Вернадский биосфераның сол түсінігін дамытып оның құрылысын анықтаған. Нақты аударғанда «биосфера» термині өмір отрасын белгілейді және сол мағынада бірінші рет ғылымға 1875 жылы австриялық геолог пен палентологы Эдуард Зюсспен енгізілген (1837-19141). Бірақ соған дейін басқа атымен, негізінде «Өмір кеңістігі», «жердің тірі қабаты» т.б оның құрлысы көптеген басқа жаратылыстану сынаушылармен қарастырылған. Бастапқысында осы түсініктемелер бойынша тек планетада мекендейтін тірі ағзалар бірлестігі қарастырылған, кей кезде оны географиялық геологиялық және космостық процестермен бірлестіктері көрсетілген, және көңіл тірі табиғаттың бейорганикалық табиғаттағы күштермен заттардың байланысына аударылған. «Биосфера» терминнің авторы Э.Зюсс өзінің кітабында «Жердің жүзі», терминнің енгізгеннен кейін 30 жылдан соң (1909 ж) биосфераның кері әсерін байқамаған және оны «жер бетінде мекендейтін және кеңістікпен уақытта шектелген бірлестік ағзалар ретінде» анықтаған. Тірі ағзалардың жер қабатының пайда болуның үлкен рөліне көңіл аударған алғашқы биологтарының бірі Ж.Б.Ламарк (1744-1829) оның көрсетуі бойынша, жер шарының бетіндегі бар және оның қабығын құрайтын барлық заттар тірі ағзалар қызметінен қалыптасқан.
Биосфера туралы фактілер және ережелер ботаника, топырақтану, өсімдіктердің географиясы және басқа да, ерекше биологиялық ғылымдар және геологиялық пәндердің дамуымен байланысты келе-келе жинақталған. Биосфера түсінігіне қажетті білім элементтері, жалпы экологияның пайда болуымен байланысты болды, ол ағзалар және қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Биосфера ол белгілі табиғи жүйе, ал оның тіршілігі біріншіден тірі ағзалардың қатысуымен энергия мен заттардың айналамында көрінеді. Биосфераны түсіну үшін неміс физиологы Пфефермен (1845-1920) тірі ағзалардың тамақтану үш түрін белгілеуі өте маңызды болған:
● автотрофты – ағзаның табиғаттағы бейорганикалық заттарды
пайдалану арқылы құрылуы;
● гетеротрофты – төменгі молекулаларды органикалық қосылыстар-
ды пайдалану арқылы ағзаның құрылысы;
● миксотрофты – ағза құрылысының аралас типі (автотрофты-
гетеротрофты).

көрінеді. Биосфераны түсіну үшін неміс физиологы Пфефермен (1845-1920) тірі ағзалардың тамақтану үш түрін белгілеуі өте маңызды болған:
● автотрофты – ағзаның табиғаттағы бейорганикалық заттарды
пайдалану арқылы құрылуы;
● гетеротрофты – төменгі молекулаларды органикалық қосылыстар-
ды пайдалану арқылы ағзаның құрылысы;
● миксотрофты – ағза құрылысының аралас типі (автотрофты-
гетеротрофты).
Биосфера (қазіргі түсінік бойынша) – ол тірі ағзалардың барлық қауымдастығын және сол ағзалармен тікелей байланыста болатын планета заттарын кірістіретін жердің өзіндік қабаты. Биосфера – бұл жер планетасында тіршілік тараған орта.
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфераны және литосфераның жоғарғы бөлігін қамтиды.
● Атмосфера – ауа қабаты, жердің ең жеңіл қабаты, космос кеңістікпен шекараласқан; атмосфера арқылы зат және энергияның космоспен байланысы жүргізіледі. Атмосферада бірнеше қабаттар бар:
● тропосфера – төменгі қабат, жер бетіне жалғасқан (биіктігі 9-17 км) б.а. биосфераны қалыптастыратын атмосфера қабаты. Тропосфера – жер климатын құрастыратын атмосфера қабаты. Онда атмосфераның 80% газды құрамы және су буы жинақталған;
● стратосфера – тропосфераның жоғарғы шетінен жоғары қарай 50 км дейінгі орналасқан атмосфера аймағы. Стратосферада озонды қабаты бар;
● ионосфера – онда «тірі зат» болмайды.
● Атмосфераның химиялық құрамының басымды элементтері: азот – N2 (78%) оттек – О2 (20,95%), көмірқышқыл газы – СО2 (0,03%).
Термосфера қабатында 500-600 км биіктікте температура 1500°С астам.
Гидросфера – жердің су қабаты. Гидросфера – планетамыздың су ресурстары. Жоғары қозғалғыштықтан сулар барлық әртүрлі табиғи құбылстарға өтеді, тіпті таза атмосфералық суларда 10-наан 50 мгр/л ерітінді заттар болады. Ғидросферада өмірдің өту шекарасы 11 км құрастырады.
Гидросфера химиялық құрамының басымды элементтері: Na+, Mg2+, Ca 2+Cl‾, S, С.
Судағы әртүрлі элементтердің мөлшері, оның ондағы мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар үшін маңыздылығы туралы толық ештеңе айтпайды. Осы қатынаста, тірі жануарлармен игерілетін алғашқы ролі -ға тәуелді. Мұхитты сулардың алғашқы ерекшеліктері, оның негізі иондары барлық әлемдік мұхит көлемінде тұрақты байланыспен сипатталады.
Литосфера – жердің сыртқы қатты қабаты, шөгінді және магматикалық жыныстардан құрылған.қазіргі мезгілде жердің қабығы ретінде Мохорович сейсмикалық шекарадан жоғары орналасқан планетаның жоғарғы қатты қабатын қабылдауға болады. Тірі материяның минералдымен (бейорганикалық) байланыс болатын литосфераның жоғарғы беті топырақты көрсетеді. Ағзалардың қалдықтары шіріген соң гумусқа айналады (топырақтың құнарлы бөлігі). Топырақтың құрамды бөлік ретінде минералдар, органикалық заттар, тірі ағзалар, су, газдар қызмет етеді.
Литосфера химиялық құрамынының басымды элементтері: О,Si, Al, Fe, Ca, Mg, Na, K.
Алғашқы ролін оттек орындайды, оның үлесі жер қабығының массасында жартысы келсе, оның көлемінде 92% құрайды, бірақ оттек басты жыныс құрастырушы минералдарда басқа элементтермен тығыз байланысты. Сонымен сандық байланыста жер қабығы – ол жер қабығының геологиялық даму жолдарында химиялық байланысты оттектің «дүниесі».
Основные положения о биосфере, её структуре и развитии были разработаны Владимиром Ивановичем Вернадским (1863 – 1945). Биосфера ілімінің негізін қалаған ғалым Владимир Иванович Вернадский.

Биосфера туралы негізгі ережелері, оның құрылысы және дамуы Владимир Иванович Вернадскиймен құрастырған (1863 – 1945).

Негізгі ережелері:
1. Биосфераның эволюция нәтижесінде ол ноосфераға (ақыл – ой сферасы) өзгеріледі. Ол материяның өз ұйымдастыруының барлық процестерін бірлік ретінде қарастырған.
2. Эволюциялық процестер адамның табиғатқа әсерінің өсуінен көп жылдамдайды. Оның дамуының анықтаушы факторы адам.
3. Ұжымды ақыл – ой эволюциялық даму жолдарын анықтауға қабілетті.
В.И.Вернадский концепцияның негізгісі ол тірі ағзалар туралы түсінік, оны ол тірі ағзалар бірлетігі ретінде анықтайды. Өсімдіктер мен жануарлардан басқа В.И. Вернадский оған адамзатты да кірістіреді, себебі оның геохимиялық процестерге әсері басқа тірі тіршіліктердің әсеріне қарағанда өзгеше, біріншіден, өзінің қарқындылығымен, геологиялық мезгілмен көбейетін, екіншіден, адам қызыметінің басқа тірі заттарға тигізетін әсерімен.
В.И.Вернадскийдің ойы бойынша, тірі ағзалардың өзінің эволюциялық процесі бар, ол ортаның өзгерісіне байланысты емес, геологиялық мезгілдің жүру өзгерісінде көрінеді.
Өз ойын дәлелдеу үшін ол жануарлардың орталық нерв жүйесінің үздіксіз өсуіне және оның биосферадағы маңызы және биосфераның ерекше ұйымдастырылуына сілтейді. Оның ойы бойынша, жеңіл модельде осы ұйымдастыруды келесі түрімен көрсетуге болады, биосферадағы бірде бір нүкте «бұрыңғы орынға, биосферадағы сол нүктеге түспейді». Қазіргі терминдер бойынша ол көріністі эволюция мен дамудың әрбір процесіне тәуелді қайтарымсыз өзгерістер ретінде көретуге болады.
Жаңа ағзалар түрлерінің пайда болуымен шағылысатын эвоюцияның үздіксіз процесі жалпы биосферадағы, соның ішінде табиғи биокосты денелерге, мысалы, топыраққа, жер бетті мен жер асты суларға және т.б. әсер тигізеді. Ол келесімен дәлелденеді, девонның топырақ пен өзендері, третичті, және қазіргі мезгілде ерекше. Сонымен, түрлердің эволюциясы таралып жалпы биосераға өтеді.
Кейбір қарамағарсылыққа қарамастьан Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, тек қана тірі табиғатың емес, оның тарихи адамзат қызметімен тығыз байланысты түсінуіндегі жаңа үлкен қадамды көрсетеді.
В.И.Вернадский биосфера деп өмірдің тіршілік ететін немесе бұрын тіршілік еткен және тұрақты тірі ағзлар әсеріне тартылатын немесе тартылған біздің планетамыздың облысын атаған.
3,5-4,0 млрд. жыл бұрын пайда болған, қазіргі биосфера тірі ағзаларды (3 млн.түрге дейін), олардың қалдықтары, мекендейтін және сол ағзалармен өзгертілген атмосфера, гидросфера және литосфера аймақтарын кірістіреді.
Планетамыздағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атаған, оның негізгі қасиеттері ретінде қосынды массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырған. Сонымен, В.И.Вернадский бойынша бос энергияның ұстаушы ретінде тірі органикалық заттар болып есептеледі.
Биосфера құрылысына, тірі заттан басқа (өсімдік, жануар, микроағзалар) биогенді заттар (тірі ағза өмір қызметінің өнімдері – тасты көмір, битум, мұнай), биокосты заттар – тірі ағзалар мен геологиялық процестердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған денелер (таулы және шөгінді жыныстардың тірі ағзалармен өндірілуі және таралу өнімдері – топырақ, барлық табиғи сулар, олардың қасиеттері жер бетіндегі тірі заттардың қызметімен байланысты) және қосты заттар – биосферадағы, тірі ағзалардың қатысуынан пайда болған заттардың жиынтығы (магматикалық, бейорганикалық түпті тау жыныстары, су, космосты шаң, метеориттер) кіреді.
Сонымен, биосфера – тірі заттар әсерімен қамтылған жердің бөлігі.
1940 ж. В.И.Вернадский тірі ағзалардың биосферадағы геохимиялық процеспен басқаратын (биогеохимиялық принциптері) ашқан:
1. Биосферада химиялық элементтер атомның биогенді көшуі өзінің максимальды көрінісіне ұмытылады.

Осы принциптің маңызы өмірдің максимальды көлемінде өзіне жарамды кеңістіктерді толтыруға ұмтылуында негізделеді. Биосфера эволюцияның процесінде тірі зат, өмір-дің жаңа мекендеу аймақтарының тартуында, қоршаған жансыз табиғатқа және өзіне өзінің өзгертуші қысымын күшейтеді (мысалы, абиогенді химиялық элементтерге).
2. Биосерадағы тұрақты өмір түрлерінің қалыптасуына әкелетін, геологиялық мезгіл жүрісінде түрлер эволюциясы, биосфера атомның биогенді көшуін көбейтетін бағытта жүреді.
Көрсетілген принцип тек өмір тарихын түсіну үшін маңызды емес, ол табиғи өсімдіктердің шығаруына және атомның биогенді көшуін көбейтуге, басқаша айтқанда өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігін көбейтуінде қазіргі мақсаттардың шешілуіне маңызды.
3. Планета тарихының барлық мезгілінде оның орналасуы тек сол кезде тіршілік ет-кен тірі заттар үшін максимальды маңызы болған.

 

 

19 Биосфераның құрылымының ерекшеліктері

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфераның негізгі үш қабаты. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар. Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын аықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.

Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.

Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.

Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.

Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.

Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.

Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.

Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды. Ф. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады.

Биосфера және адамзат

Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.

Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.

Литосфера, гидросфера, атмосфераны көрсететін Жердегі белгілі сурет.

Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді. Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мысалы, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді.

Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны «бағындыру» ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен «достасу», оның заңдарымен келісу, санасы керек болады. Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың бәрі де биосферадан алынады деген сөз.
Биосфера Жердің тірішлік қабығы деп аталатыны сендерге мәлім. Биосфера терминін ғылымға 1875 жылы австрвялық ғалым Э. Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский бойынша биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүнниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды.

Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жаие литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан тіршіліктің таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен берлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.

Биосфераның жоғарғы және төменгі шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі де нақты мәліметтер жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе 100 м биіктікке дейін өте тығыз орналасады. Бірақ жыртқыш құстар биікке еркін көтеріледі, мәселен, кондор 7 км биіктікке көтеріле алады. Ал жоғары көтерілген ауа толқыны микроорганизмдерді, бактериялар мен әртүрлі спораларды 10 км биіктікке дейін көтереді. Тірі органикалық таралу мүмкіндігін ескере отырып, биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25—30 км), төменгі шекарасын Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.

Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамында мынадай химиялық элементтер кездеседі: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Бұл элементтердің атомдары тірі организмдерді құрайтын күрделі молекулаларды түзеді, оларға көмірсутектер, майлар, нәруыздар (белок) мен нуклейн қышқылдары жатады. Аталған заттар тірі организмдердің құрамында бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Тірі организмдер мен олардын тіршілік ортасы өзара тығыз байланысып, ұдайы өзгеру мен даму жағдайында болатын жүйелер жиынтығын құрайды. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа біріктіріледі: флора және фауна.

Жер шары биомассасының жалпы салмағы Жердің жалпы массасымен салыстырғанда (6-1027т) әлдеқайда аз. Биомасса материктер мен мұхиттарда да біркелкі таралмаған. Материктердегі биомасса мөлшері Дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседей көп. Материктерде жасыл өсімліктердің, ал мұхиттарда жануарлардың үлес салмағы басым болалы (6-кестені қараңдар).

Материктердегі тіршілік дүниесінің, басым көпшілігі (биомассаның 90%-ынан астамы) тропиктік ормандарда (500 т/га-дан астам) шоғырланған, ал ең төменгі көрсеткіш биік тау бастары, шөлдер мен полярлық аймақтарға тән. Яғни, құрлықтағы тіршілік дүниесінің таралуы күн жылуы мен ылғалдың түсу мөлшеріне тәуелді.

Дүниежүзілік мұхиттағы тірі организмдер тіршілік ету ерекшелігіне қарай планктон.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 233 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.02 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав