Читайте также:
|
|
Су арынды мұнаралар.
Су арынды мұнара есептік биіктікке сай ұстап тұратын конструкциясында орнатылған арынды бактан тұрады. Бактың айналасына оны жылыту үшін жиі, тіреулі конструкциядан шығатын консольді орнатылған шатыр қойылады. Шатыр мүмкіндігінше жеңіл болу керек, мысалы сыртынан сабан, қамыспен қапталған, өртке қарсы сырмен боялған, ағаш материалынан, шатырды ішкі қуыстастан, пенобетоннан және т.б. орнатуы мүмкін.
Шатыр мен бак арасындағы аралық оның айналасы мен жүруге жеткілікті болуы керек (0,6-0,7 м-ден кем емес). Климаты жылы аудандардан шатыр орнатпаса да болады, бірақ бұл жағдайда бактың жабыны болуы керек. Бактегі су-жиі алмасып тұратын болса, суық жерлерде шатырдың қажеті жоқ, себебі мұнадай жағдайда бакта су қатуы, қатты аяздада болмайды. Егер су бетінде жұқа мұз қабаты мен қабырғаларда қатқақ пайда болса күннің өзінде олардың қауіп-қатері жоқ, қауіп бакке кіретін құбырларда мұз қатқанда болуы мүмкін. Сондықтан құбырлар мен бак астындағы бөлмені жылытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бір су арынды мұнарада әртүрлі арынды (өнеркәсіп мекемелерінде) құбырлар жүйесін қамтамасыз ететін екі және кейде үш бак әртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін.
Су арынды мұнаралар - темірбетоннан, кірпіштен, металдан немесе ағаштан жасалынуы мүмкін. Тіреу конструкциясын әдетте тұтас темір бетон цилиндр стакан түрінде орындайды. Оны колонналардан тұратын темір бетон каракас түріндеде орнатуға болады, олар вертикальға шамала көлбеу және қаттылық үшін көлденең байланыспен жалғанған. Цилиндрлі тіреудің артылықшылығы - оларды темір бетон силостарды тұрғызғанға ұқсас, жылжымалы опалупкадағы ағаш пайдаланбай тұрғызуға болады.
Колонналы тіреулі мұнараларды колонналар арасындағы кеңістікті іші қуыс шлакаблоктан немесе басқа тастардан жиі қалап толтырады. Кейде тек бакке баратын құбырларды ғана жылытып колонналарды ашық қалдырады. Мұндай конструкция жел күшіне жақсы қарсы тұрады және шамалы үнемдірек. Жабық конструкцияға басымдылық беріледі, себебі мұнара ішіндегі бөлмені су шаруашылығы үшін пайдалануға болады.
Темір бетон мұнаралардағы су арынды бактерді, әдетте түбі доғалы сфералы етіп темір бетоннан жасайды. Формасы мұндай болғанда түбінде сығатын кернеу ғана туындайды. Сол себепте оның қалыңдығын өте жұқа етіп жасау керек.
Тұтас цилиндрлі тіреу кезінде бак қабырғасы тіреу қабырғасының жалғасы болып табылады. Бак түбінің қабырғалары мен жалғанған орында түбінен түсетін күшті қабылдайтын, мейлінше қуатты тіреу сақинасы орнатылады.
Тіреу сақинасының конструкциясын жеңілдету мақсатында кейде түбі конусты сфералы темірбетон бак орнатылады.
Тіреу сақинасының конструкциясы едауір жеңілдеуге себеп ететін, оған тек тігінен әсер ететін күштер ғана салмақ түсіретін, бактың салыстырмалы мөлшерлерін таңдап алуға болады.
Су арынды колонналар.
Арынды колонна су арындылығынан өзгеше болып табылады. Ол тікелей ірге таста орнатылған биік металл резервуардан тұрады.
Егер арынды колонналарды реттегіш ретінде есептейтін болсақ, онда оның пайдалы көлемі тек жоғарғы салыстырмалы шағын бөлік ғана болады. Колонна биіктігін ұлғайту есебінде реттеу көлемін көтеру тиімсіз, себебі су құбырында арынның ауытқуында өте үлкен амплитуда орын алады және колонна құны өседі. Диаметрді үлкейту есебінде реттеу көлемін ұлғайту да тиімсіз, себебі бұл кезде пайдасы жоқ төменгі көлем мен мұнара құны өседі. Сондықтан тек реттеу көлемін жасау мақсатында колонналарды орнату өзін ақтамайды.
Керісінше су арынды колонналарды орнату тиімді болады, егер ол негізінен аппатық су қорын сақтау үшін мақсатталатын болса және аппатық су қорын жұмсау кезінде арын күрт төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайлар өнеркәсіп мекемелерінде жиі кездеседі, мысалы металлургиялық зауыттарда. Аппатық су қорын сақтауға арналған арынды су колонналарын орнату- көп жағдайларда сорғы станцияларында қосымша энергетикалық резервті қолданбауға мүмкіндік береді.
Арынды су колоннасының ең маңызды артықшылығы - ол желіде болатын гидравликалық соққыларды жұмсартуға ықпал етеді, себебі ондағы ауқымды су мөлшері ауданы атмосферамен байланысты. Осыған байланысты колоннаны мүмкіндігінше гидравликалық соққы болатын негізгі жерде, яғни сорғы станциясын а жақын орналасқан тиімді. Диаметрі 3м3 және сиыймдылығы 30м арынды су колонналарын арынды су құрылымы жылдам соғылуы қажет болғанда (3-5 тәулік) темір жол транспортында да қолданылады.
Арынды су мұнараларының жабдықтары.
Су беріп тарататын құбыр желісі бойынша – су желіден бакке (сорғылар шығындалатын өтіммен көп беру кезінде), және бактен желіге (сорғылар мен берілетін өтімінен көп су жұмсалатын болса) түседі. Су беріп таратын желіні резервуарлардың түбіне жалғауға болады. Бірақ мұндай жалғану кезінде бакте су алмасу қамтамасыз етілмейді. Сондықтан ол бактегі су алмасу қажеттілігі жоқ жағдайда өндірістік сумен қамтуда ғана рұқсат етіледі. Тұрып қалудың алдын алу үшін бакте су алмау қажет болатын ауыз су шаруашылық құбырларына су беретін құбыр бактың жоғарғы жағына жалғанады. Бактен су бак түбінен жалғанған су беріп- тарататын құбыр желісіне жалғанған құбырмен беріледі. Құбыр арқылы су түсуіне кедергі жасайтын кері клапан орнатылады, оның соңғы жағында тор болады. Су беріп тарататын құбырдан төменде мұнараны сөндіру үшін ысырма орнатылады.
Су беретін желінің соңында кейде қалтқылы клапан орнатылады, ол бак толған кезде құбырдың тесігін автоматты түрде жабады.
Кейбір жағдайларда беретін және тартатын құбырды бөлек орнатады. Сорғымен берілетін бар су беретін құбырмен бакке түсіп, содан кейін тарататын құбыр мен жүйеге кетеді.
Ағызу құбыры бак күрт толып қалған кезде, суды қаланың ақаба су торабына немесе қолайлы жерге автоматты түрде ағызу үшін мақсатталған. Ағызу құбырына ысырмалы лай ағатын құбыр жалғанған, онымен бак түбіне жиналған тұнбаны кезеңмен ағызып отырады. Ағызу құбыры соңының жотасына варонка орнатылады. Ағызу құбырының диаметрі беру құбырының диаметрінен кіші болмауы қажет; воронка диаметрі ағызу құбыры диаметрімен 1,5-2 есе болу керек.
Мұнара биік болғанда беру-тарату және ағызу құбырларында температура ауытқуы және ғимарат шөгуі салдарынан құбырда болатын кернеуді болдырмау үшін компенсаторлар (сальниктер) орнатқан жөн. Бұл кернеу жалғанған жерлерде қатты қауіп төндіреді. Егер бак түбі арқылы өтетін орындарда сальниктер орнатылған болса, компенсаторды орнатудың қажеті жоқ.
Бакты жиі бақылауға мүмкіндік болуы үшін саты орнатылуы қажет. Тіреу конструкциясы цилиндрлі мұнараларды қабырға периметрі бойынша немесе құбыр айналасындағы шахтада орнатылады. Конструкциясы тұтас тіреулі мұнарада (темір бетон металл) айналмалы саты орнатылады. Барлық жағдайларда биіктігі мен 3-4 м сайын жеке алаңшалар қарастырылуы қажет. Саты, кері клапан, май құбырдағы ысырма, компенсаторлар және т.б. орналасатын, бак түбі астымен бөлмеге кіру мүмкіндігі болуы керек. Бұл бөлмеден шатырға жабық саты шығады. Бакке түсу үшін бак сыртында (шатырда) және ішінде металл саты қызмет атқарады. Арынды су колонналарында, колонна сыртында, қоршаған тік саты орнатылады. Бак ғимаратын желдету үшін тарату құбырын орнатады.
Климаты суық аудандарда, бакте ұзақ уақыт бойы тұру мүмкін болса, мұнараны жылыту жағын қарастырған жөн. Жылыту кезінде, шамалы жылы температурамен шектелуі мүмкін, құбырды жылытуға көп көңіл бөлудің қажеті жоқ. Жылыту үшін, көлемі жағынан су ысытатын немесе бу қазандығын пайдалануға болады.
Бактегі су деңгейін көрсету үшін, сигнализацияны орнату керек, мұнда көбіне сорғы станциясымен алыста борлатынын ескеріп, сорғы станциясына сигнал құрылғыларының әртүрлі конструкциялары бар.
Қосалқы арынды су резервуарлары
Қосалқы арынды су резервуарлары-темірбетон, кірпіш және тастан жасалуы мүмкін. Кейде, уақытша сыймдылығы шамалы ағаш резервуарлар орнатылады. Өртке қарсы ретінде, кейбір жағдайларда жерде қазылған резервуарлар қолданылуы мүмкін.
Резервуарларды әдетте жерге кіргізіп орнатады, онда қазылып алынған топырақ, резервуарларды жылыту үшін жоғарғы жағынан 0,50,7м және жанынан 1:1 еңістікте көмуге пайдалануы керек. Климаты жылы жерлерде де, судың күн сәулесімен жылып кету алдын-алу үшін, көму қажет. Ол кезде шым төселеді немесе шөп егіледі. Резервуарлар жер асты немесе тереңдетілген деп аталады. Кейбір жағдайларда, тегістеуге орай, резервуардың беті жер бетінен биік емес етіп жасайды. Басқа, он сирек жағдайларда, керісінше, резервуарларды – егер қажетті есептік орналасу биіктігі жергіліктің рельефімен қамтамасыз етілетін болса, толығымен жер бетінде орналасады.
Темірбетон резервуарлар.
Бұл резервуарлар кеңінен қолданылады. Көлемі 2000м3-дейін темірбетон резервуарларды дөңгелек, ал одан өссе тік бұрышты қималы етіп жасайды. Дөңгелек резервуарларды жазық балкасыз жабынмен орнатады. Тік бұрышты резервуарлар жазық балкасыз немесе балкалы жабынды болуы мүмкін. Соңғылардың жаман жағы балка алып жатқан биіктік пайдасыз болады; сонымен қатар балкалардың болуы су деңгейімен ауаның айеалуына кедергі жасайды және соған орай резервуар вентиляциясын қиындатады.
Құрама жабылғылар мен колонналарды тік бұрышты резервуарларда да қолданады. Резервуардың түбіндегі қабырғалар су өтпейтіндей болуы керек, ал ішкі қабырғаларды темірмен қаптайды. Жазық жабынның үстінен төселген заттың еңістігі су ағу үшін ыңғайлы болу керек. Мұндай резервуарларды цемент пен металл қатты үнемделеді.
Кірпіш және тас резервуарлары.
Кірпіш әсіресе тас резервуарларды қабырғасы қалың болғандықтан сирек қолданады. Және материал мен еңбек шығыны да көп. Сонымен бірге мұндай резервуарларда толық су өткізбеуге қамтамасыз етуі өте қиын. Осының салдарынан оларды сарышөккіш грунттарда орнатуға болмайды.
Жерден қағылған резервуарлар.
Мұнадай резервуарларда өте сирек жағдайда орнатады, негізінен өртке қарсы су қорын сақтау үшін. Су өткізбеу мүмкіндігін көтеру үшін жерден қазылған резервуарлардың тоқтау ылдилығын майлы сазбен құм қиыршық тас аралас, дөңбек таспен немесе асфальтпен жабады.
Елді мекендердің өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының сумен қамту көздері ретінде – жер асты сулары (артезиан, грунт, арна түбі, бұлақ) және беттік сулар (өзендер, каналдар, көлдер, су қоймалары және де теңіз бен мұхит сулары болу мүмкін) қызмет атқарады.
Сумен қамтуға жұмсалатын табиғи су көздерінің сулары минарелды және органикалық заттардың және микроорганизмдерден тұрады.
Табиғи сулардан минералдық құрамын негізінен осы сулар ағып өтетін биологиялық қабаттар сипатына байланысты. Табиғи сулардан органикалық құрамы негізінен топырақтың бетінен сумен шайылып кететін қоспалардың есебінен және су қоймасының өзінде биологиялық процесстер нәтижесінде және лас сулармен келетін заттар есебінен түзіледі. Компоненттердің концентрациясы мен қатынасы пайда болу көзімен судың одан былайғы ластануына байланысты.
Су сапасын бағалау төмендегі негізгі критерийлермен анықталады:
-физикалық;
-химиялық;
-бактерологиялық;
-биологиялық.
Физикалық көрсеткіштері: температура, иіс, дәм, мөлдірлік, лайлылық және түс.
Химиялық көрсеткіштері: судың қарқынды реакциясы, құрамында азоты бар заттардың болуы, қышқылдық, суда еритін газдар, тығыз қалдық, судың кермектілігі, хлоридтің темір сульфатының, марганецтің, улы заттардың болуы және радиоактивтігі.
Бактериологиялық көрсеткіштері: ішек палочкалары (кош бактериалар) және бактерияның жалпы мөлшері.
Биологиялық ластану: Су организмдері (су астындағы заттардың бетіндегі бентоз немесе су қабатындағы ілеспе жағдайда тұрған планктон).
Ауыз су мақсатында судың ең тиімді температурасы 7-110С. Бұл шартта ең жақын сулар – жер асты сулар.
Органолептикалық көрсеткіштер: (лайлылық, мөлдірлік, иіс және дәм) МЕМСТ стандарт 2874-54 сайкес болуы қажет.
Табиғи сулардың көпшілігінде РН белсенді реакциясы бейтарап немесе шамалы сілтіліге 6,8...8,0 жақын. Тығыз қалдық шамасы және қазу кезіндегі шығын тибиғи сулардың минералдық деңгейін сипаттайды.
Егер қазғаннан кейін қалған құрғақ қалдық 1000мл грамнан аспаса дұрыс болғаны. Судағы хлорид мөлшері 300мг литрден, сульфат-600мг литрден, натрий 200мл литрден, ал кальций мен магний 100-200мг литрден аспауы қажет.
Құрамында тұздың көбеюі әртүрлі функционалды сырқаттар туғызады.
Табиғи сулардың кермектілігі, онда кальций, магний иондардың болуы мен негізделеді. Кемектілік тұздары организмге зияны болмағанымен оның суда көп мөлшерде болуы жақсы емес, себебі суда шаруашылық тұрмыста қажеттілікте жарамсыз етеді. Карбонатта кермектік суда кальций мен магнийдің бикорбонаттардың болуы мен туындайды. Бұл кермектілік қайнатқан кезде толығымен жойылады. Карбонат емес кермектілік-тұзды, күкіртті, азот, фосфор және кремний қышқылдарының тұздары.
Су сапасының жақсарту әдістері және тазалау құрылмдарының тиісті кешендері - сумен қамту көздеріндегі судың физикалық-химиялық және бактериологиялық, кей жағдайда гидробиологиялық құрамына, тұтынушының талаптары мен, станцияның өнімділігіне, спецификалық жағдайына және техникалық экономикалық көрсеткіштеріне байланысты таңдалады.
Суда тазалау әдісін негіздеу үшін - сумен қамту көзінің суын толық анализден өткізу және су қасиеттерінің технологиялық зерттелу деректерін (коагулияциясы, түзсіздігі, тұнбалануы, сүзілуі және т.б.) білу қажет. Және де осындай жағдайларда жұмыс істейтін құрылымдарда пайдалану тәжиребісінде ескеріледі.
Ашық су қоймаларынан алынатын суды тазалау практикасында кеңінен таралған су құбырларының тазалау құрылымдарының негізгі кешеніне – ауқымды күрделі қаржылар мен пайдалану шығындарын қажет етілетін түссіздендіру және тазалау үшін қажет қондырғылар кіреді. Олар лайлылық пен түстің қалыптасуына негіз болатын ілеспе, колойдті және жоғарғы молекулярлы заттарды айыру жолымен су сапасының физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Ауру тудыратын бактерия, вирустар – залалсыздандыру кезінде жойылады. Патогендік микроорганизмдердің басым бөлігі тазарту және түссіздендіру кезінде кетеді. Залалсыздандыру кеңінен тараған кейде өңдеудің жалғыз жолы. Сумен қамтудың кәдімгі жүйелерінде суды өңдеудің арнайы әдістердің маңызы шамалы.
Ашық су қоймаларында суды тазалау кезінде су тазалау станциясында құрылымдар құрамы оны өңдеу әдісіне байланысты: Коагулянт немесе басқа заттар пайдаланылады, процесс реогентсіз жүргізіледі.
Суды коагулянтты қолданып өңдеу
1.Түзу ағатын сүзгілер (фильтр):
-торлар және арынды сүзгілер;
-торлар және ашық сүзгілер;
-торлар және түйірлі сүзгілер.
2.Торлар мен байланыс жарықтандырғыштар;
3.Торлар, тік тұндырғыштар, сүзгілер;
4.Торлар, жарық бергіш, ілеспе тұнбалы тұндырғыштар, сүзгілер;
5.Торлар, горизонталь сүзгілер.
6.Торлар, екі сатылы тұндырғыштар, сүзгілер.
Суды коагулянтсыз өңдеу:
1.Баяу сүзгілер:
-регенерация кезінде құмды айыратын;
-регенерация кезінде құмды айырмайтын.
2.Регенерация кезінде құмды бөлмейтін префильтрлер.
Сыртқы құбыр желісін салу үшін – шойын, болат, асбест цементі, темірбетон және сирек жағдайларда ағаш құбырлар қолданылады.
Шойын құбырлар. Қалыпты және көтеріңкі қысымға 2-ден 5мге дейінгі ұзындықтағы, диаметрі 50-ден 1000мм-ге дейін тек жалғанбалы етіп дайындайды. Герметикасын қамтамасыз ету үшін жалғанып қосылатын бөлікті смола немесе битум жағылған, тығыз айналдырып бір орамға жалғанған жіппен бітейді. Ондай жіп орнына резеңке сақиналар қолданылуы мүмкін. Басқа жалғану бөлігін толықтырғышпен (асбестцемент) бітейді.
Болат құбырлар – электрмен дәнекерленген, су-газ өткізеді. Жалғаусыз, жаңадан құйылған құбырлар 4-тен 12,5м-ге ұзындықта дайындалады. Сыртқы диаметрі 25-тен 800мм-ге дейін, қабырғасының қалыңдығы 2,5-75мм. Су-газ өткізу құбырларын сыртқы диаметрі 13,5-165мм етіп дайындайды. Болат құбырларды дәнекерлеу арқылы газды құбырларды резбалы муфталарда жалғайды.
Темірбетон құбырлар алдын-ала кернеуленген арматурамен қолданылуы мүмкін. Құбыр диаметрі 500-1500мм.
Жалғау құбырдың соңғы жағына болат жалғанба дәнекерленіп жасалады. Басқа (жылтыр) соңына цилиндрлі сақина кигізіледі. Су өтпеу үшін жалғанған жерді резеңке сақинамен бекітеді. Мұндай жалғана жеткілікті иілгіш – беріктілік пен герметика бұрылмай 30 бұрышқа құбыр бұрылуына рұқсат етіледі.
Жұмысшы қысым салыстырмалы кіші болғанда, тордан жасалған ағын құбыр қолданылуы мүмкін. Құбыр диаметрі 300мм-ге дейін, ұзындығы 3,6м.
Сумен қамту жүйесінде полимер материалдардан жасалған құбырлар кеңінен пайдаланылады. Қазіргі таңда қабылданған халықаралық классификацияда құбырларды маркировкалау «5» сериялы «SDR» стандартты қатынасы бойынша жүргізіледі. Сумен қамтудың сыртқы жүйелері үшін полимер материалдардан жасалған арынды құбырларды таңдау – құрылыс және пайдалану кезеңінде құбыр жұмысының жағдайы және де техника-экономикалық көрсеткіштері ескеріліп жүргізіледі. Көбіне ПЭ-80 және ПЭ-100 құбырлары қабылданады. Құбырларда жалғау реструбқа дәнекерленіп жасалады (полиэтилен, полипропилен, полибутен және т.б.), раструбқа желімденеді. Механикалық жолмен алынып-салынатын және алынбайтын жалғыз детальдарымен жалғанады. Шығарылатын құбырлардағы сыртқы диаметрі – 20,32,40,63, 90,110,125, 160,200, 250,280,315,355,400,450,500,560,630,710,800,900,1000,1200мм.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 144 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |