Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

марксизм философиясы.

Читайте также:
  1. XX век: Н.А.Бердяев, марксизм в России, русский космизм.
  2. Аналитический марксизм и проблемы концептуализации эксплуатации.
  3. Аналитический марксизм сегодня
  4. Билет 16. ФИЛОСОФИЯ МАРКСИЗМА
  5. Билет 24.Рабочее движение в России в 60-90-е годы XIX в. Распространение марксизма. Первые социал-демократические кружки и организации.
  6. Билет 6. Марксизм.
  7. Возникновение марксизма как экономического учения
  8. Вопрос 10. Возникновение, развитие и основные проблемы философии марксизма.
  9. Вопрос 14. Единство материализма и диалектики в философии марксизма. Марксистская философия в России. Развитие философии марксизма в ХХ веке.
  10. Вопрос 17. Народничество и марксизм в России в 60-90-е гг. XIX в. Образование РСДРП.

Негізгі өкілдері: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, В.И.Ленин. негізгі шығармалары: «капатал», «1844 жылғы экономикалық философиялық қолжазбалар»(К.Маркс), «табиғат диалектикасы», «анти дюринг» (Ф.Энгельс), «Неміс идеологиясы», «Қасиетті отбасы» т.б (К.Маркс,Ф.Энгельс) және «Философиялық дәптерлер», «Материализм және эмпериокретизм», «Мемлекет және революция» т.б. (В.И.Ленин).марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, бейнесі түсетін объективтік нақтылық деп тұжырымдады.(Ф.Энгельс, В.И.Ленин).шын болмыс материя ғана. Оның өмір сүру түрлері-кеңістік пен уақыт. Кеңістік ұғымы заттардың бірбірімен қатар және бөлек өмір сүруі,олардың бірбіріне қатысты орналасу тәртібі болса, уақыт-материалдық процестер өрістеуінің жүйелілігін,бірбірінен бөлек екенін, олардың ұзақтығын және дамуын сипаттайтын ұғым. Материяның өмір сүру тәсілі-қозғалыс. Дүниеде қозғалыссыз маерияның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыс болмайды. Марксизм қозғалыстың бес түрін атайды:механикалық,физикалық,химиялық,биологиялық және әлеуметтік. Қозғалыстың бұл түрлері бірбірімен тығыз байланысты. Егер маркске дейінгі ойшылдар адамды табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырса, ол адамды қоғамдық қатынастардығ жиынтығы деп қарайды. Адам жай ғана табиғатта тұрмайды, оны қайта жасап өзгертеді. Осыған байланысты, Гегель, Фейербах т.б. еңбек, практикалық іс әрекет аластатушылықтың қайнар көзі деп есептеп, адамның мәні ретінде-оның мәдениет, рухани саласындағы шығармашылық еңбектерін дәріптесе, марксизм бұл проблеманы басқаша қалыптастырады. Табиғат, адамдардың тек еңбекке байланысты. Еңбек,практика ретінде адам табиғатының ең терең негізі және сипаттамасы. Демек, практика барлық рихани құбылыстарға қарағанда алғашқы бастама.Маркстік философия тек теория жүзінде ғана қалған жоқ,ол 1917жылғы Қазан революциясынан кейін Россияда және басқа көптеген елдерде практикалық көрініс тапты. Егер маркстің өзі айтқан «практика ақиқаттың өлшемі» деген қағидасын ескерсек,марксизмнің қоғам дамуы туралы тұжырымдамаарының практика жүзінде дәлелденбегендігі белгілі болып отыр. Соған қарамастан бұл ілімнің көптеген елдерде әлі күнге дейін өміршендік көрсетуі, марксизмге тек бір жақты қарауға болмайтынын, оған объективтік тұрғыдан баға беру қажеттігін талап етеді.

 

 

37. Пармениттің болмыс бейболмыс теориясы.

Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады.

Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды.

Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, ойшыл Ксенофан.

Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты.Осы пікірін парменид дәлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гөрі метафорамен немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы негіздеуге тырысады., ал парменид 1ші болып өз тезисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді. Оның пікірінше болмыс пен ойлау процесс ретінде де, олардың жемісі ретінде де тепе тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін мойындай отырып, ой затталынған кезде ғана зат ой болады деп түсінуге, ал зат тек ойланылған кезде ғана зат болады деп түсінуге болатын сияқты. Осыдан келіп, Парменидше: егер бейболмыс нақты бар деген ой болатын болса, онда осы ойда ойланылатын бейболмыстың бар болғандығы, бірақ ол бейболмыс күйінде емес, болмыс күйінде өмір сүргендіктенб осыған дейін бейболмыс туралы ойлаған ойымыздың бәрі болмыс туралы ой болып шығады.

Бейболмыс болғандықтан, болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды. Болмыстың өткен кезеңі де, болашағы да жоқ, ол өзгермейді. Сөйтіп, Парменид болмысты қалыптасудан, жалқыны көптүрліліктен бөліп алып, нағыз ақиқат дегеніміз осы дейді. Әлемнің физикалық қасиеттеріне тоқтала келіп, ол От (жарық) пен жердің (тұңғиық, қараңғы) арақатынасын қарастырады. Афродита космостың орталығында тұрады да, әлемді сол жерден басқарады. Мыс, ол жандардаң қозғалысын реттеп, бірде оларды көрінетін әлемнен көрінбейтін әлемге жіберсе, енді керісінше жібереді. Бұл жерде көрінетін және көрінбейтін әлемді болмыс және бейболмыспен салыстыруға болмайды, себебі бұл екеуі де әлемнің бөлшектері ғана. Эросты алсақ, ол қарама-қарсылықтарды біріктіріп, бір бірімен байланыстырады.

 

38. Гуссерльдің феноменологиясы.

Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны «таза ғылым» есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды «өмір әлеміне» көшіріп, оларды теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады.

ГУССЕРЛЬ Эдмунд (1859-1938)-нем. философы, феноменологиялық мектеп дейтіннің негізін қалаушы. Оның философиясының түп төркіні-Платонның, Лейбництің, Канттың Брентанонның ілімі. Г-дің алғашқы жұмыстарының теориялық программасы- философияны «қатаң ғылымға» айналдыру. Осы мақсатпен ғыл. ойлаудың категориялық негіздерін таза түрде бөліп шығаруға тырысу қажет. «Фнеоменологиялық редукцияны», мәдениет, тарих, жеке факторлар әкелетін қыртыс-қатпарлардан «деректі» тазартуға мүмкін болатын әдісі Г. олады табу құралы деп есептеді. «Феноменологиялық редукцияның» нәтижелеріне, қандай да блсын өз бетінше түсіндіруден ада феномендер дүниесіне жасалған талдау Г-ды феномендер деңгейлерінің және Платон идеализмі рухындағы мәндердің ерекше аясы бар екені туралы қорытындыға келтірді. Рас, соңғылары ерекше «патшалық» түрінде өмір сүрмейді, тек «мәнге» ие болады. Алайда Г. көзқарасы субъективті-идеалистік көзқарас, таным заты субъект «итенционалдық актілерді» жүзеге асырғанша, сананы белгілі бір затқа бағыттағанша өмір сүреді, оның үстіне зат тек осындай әдіспен табылып ғана қоймайды, сонымен бірге жасалады да. «Кейінгі» Г. философияны «қатаң ғылым» ретінде жасау әрекетінен бас тартып, жекелеген субъектілердің ойлау және сезімдік қызметінің нәтижесі болып табылатын «тіршілік дүниесін» зерттеуге назар аударды. Бұл жерде ол осы пәнді бейне бір зерттеуге қабілетсіз ғылым ретінде сынады. Г. идеялары бурж. философиясының кейінгі өркендеуіне зор ықпал етті. Г-дің обьективтік идеализімінің элементтері Н. Гартманның «сыншыл онтологиясында» және АҚШ пен Англияның жаңа реалистік мектептерінде дамытылды, ал Г-дің субъективтік идеализімі нем. экзистенциализіміне көп дәрежеде негіз болды.

 

 

39. Сана және бейсанасыздық: З.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы. Дүниедегі ең ғажап,керемет құбылыс-адамның рухани дүниесі,сана,ой.Сана адам миына байланысты пайда болады,ал ми оның мекені.Сана адам миы қызметінің жемісі.Бірақ ми түрлі жануарларда да бар.Ал сана тек адам миының ғана жемісі.Бұл өте күрделі процесс,материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі.Әрбір адам психикасында санасыздық(иррационалдық)әрекеттер бар.Оның ауқымы кең.Адам әр ісін,әр қадамын ойлап,сана елегінен өткізіп жатпайды.Бұл-өмір диалектикасы.Философияда саналылық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық күрес объектісі болып келген.Кьеркегор,Ницше,Бергсон иррационализмді адам өмірінде басыңқы етіп көрсеткен болатын.Австриялық психолог З.Фрейд санасыз,ойсыз инстинкт,айталық,аналық,жыныстық инстинкт адамда басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды.Оның ойынша,түрлі ұяттылық,әдептілік дегендер жасанды,тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп қана,ал адам өзімен өзі оңаша қалғанда,оның бәрін жиып қойып,нағыз ұятсыздық,хайуандық халге түседі,дейді.Бұл,әрине,адамгершілікке ешбір сыймайтын,адамдық қасиеттерді аяққа басып,адамды хайуан етіп көрсететін әрекет.Сондықтан З.Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан,оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды.Әрине,адамды тәрбиелеуге қоғамның тигізер әсері мол.Дегенмен,саналы адам қандай жағдайда болса да,өзінің адамдық қасиеттерін ұмытпайды,хайуан бола алмайды.Оны тарих та дәлелдеген.Сонымен,сана дегеніміз-объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі,сәулесі.Бірақ ол жай бейне емес,шығармашылық бейне.Инстинктілі санасыздық дегеніміз-дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын,бірақ түптеп келгенде адам миынан онша алыс кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті мен қасиетімен бақыланатын психикалық процесс.Адам санасыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендемейді.Өйткені,адам психикасы санамен басқарылып,бағытталып отырады.Міне, бұл адам психикасы жануарлар психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Адамның жан-дүниесінің, яғни ғылымда қабылданған термин

бойынша психикасының (грекше PSYche-жан), соншалықты күрделі

екендігі шын мәнінде соңгы екі ғасырда гана айқындала бастады.

Оған дейін ғылымның, әсіресе философияның тарихында ойшыл-

дардың көпшілігіне жан әлемі тек санадан түратындай көрінетін. Өткен

гасырларда ойлаудың барлық жақтары тек саналы процестер ретінде

талданып келді. Эрине саналы түрде өтпейтін психикалык кызмет-

тер, процестер барын сезген, біршама андаған ойшылдар да болды.

Солардың ішінде мысалы Г.Лейбниц. Шексіз коп монадалардьщ бар-

лығы тұйык субстанциялар. Олардың әрқайсысында белгілі дәрежеде

психика бар. Бірак олардағы психика, жан көбіне бейсаналық түрде.

Адамға жақындаған сайын олардың психикасының саналылық деңгейі

де арта береді. Қүдіреттің жаратқан жандарының ішінде ең саналы-

сы, әрине, адам. Бірақ адам жанында да көптеген оқиғалар саналы

дәрежеде өтпейді. Тек күдай ғана бүкіл өзі жаратқан әлемді жарқыраған

күндей айқын санамен қабылдайды. Бүл Лейбниц қағидасының

қысқаша ғана түжырымы.

Лейбництен кейін де философияда, психологияда бейсаналық

психикалық процестер барлығын айтқандар болды (Вунд т.б.). Бірақ

бейсаналық психикалық қызметтің адам жанында айрықша зор орын

алатынын толық дәлелдеген австрия психологы 3.Фрейд (1856-1939)

Фрейдтің адам психикасы жайлы теориясын бүл жерде толық баян-

дай алмаймыз. Оның кейбір негізгі идеяларын әр мәселеге байланы­

сты айтып отырамыз.

Сананы бейсаналықтан ажырататын негізгі белгі - саналы про-

цестерді адам оз ойларында барлық уақытта біледі, ал бейсаналықты,

яғни саналы түрде іске аспаған психикалық қызметті өз ойлауында

байкдмайды, тіпті білмейді, олардың не жөнінде, қалай және қашан

болғаны жөнінде өзіне ешбір есеп бере алмайды. Бірақ бүл білу, не

білмеу назарға бірден ілігетін сыртқы белгі. Оны біз күнделікті тәжіри-

бемізден жақсы білеміз. Ойлауымыздағы саналы түрде болатын нәр-

селерді біз одан тыс түрған адамдай бақылап, тіпті тәптіштеп талдай

аламыз.

40. Экзистенциализм: пайда болу себептері, көрнекті өкілдері, негізгі категориялары. Экзистенциалистік философияның негізгі мәселелері. ХХ ғасырдағы беймаркстік философияның ішінде адам туралы мәселелермен ең көп шұғылданған ағым- экзистенциализм. Оны өмір сүру философиясы д.а. Бұл философиялық бағыт Ресейде І дүниежүзілік соғысқа дейін пайда болды. ІІ дүние жүзілік соғысқа дейін Германияда, Францияда дамыған. 1940- 50 жылдары Еуропаның басқа елдеріне, 1960 ж АҚШ қа тараған. Экзистанциализм бүкіл дүниені, тіпті адамның өзін тек зерттеу объектісі түрінде ғана қарайды. Болмыс субъекті мен объектінің тура бөлінбейтін, тұтас түрінде қабылданады. Сондықтан, болмыс адамның тікелей өмір сүруін (экзистенция) ретінде түсініліп, оны не ғылыми, не рационалдық философиялық құраллдармен тануға болмайтынын айтады. Экзистенциализм уақыттың тарихпен және адаммен байланысын, оның өмір сүруін, ізденушілігімен, харекетімен, үмітімен астастыра қарайды. Өмір сүру барысында кісі өзін өзі іздену жолымен табады, ол үшін «шекаралық жағдайға түсіп, өзінің жоспары мен үмітін айқындап, қиналыс кешеді.» Экзистенцияның бір маңызды белгісі трансценділік, яғни әрекеті өзінің сыртына шығып кету қасиеті. Осыған орай, эк -зм діни және атеистік болып екіге бөлінеді. Діни экзистенциализмде бұл жол Құдайға апарады, ал атеистік бағытта транстенденция дегеніміз тіршіліктің ақыры. Осы жерде эк- зм рационализм мен гуманизмге қарсы шығады, себебі бостандық бір жағынан қажеттілікті тану емес, екінші жағынан, адамның табиғи талаптарын ашу емес. Бостандық - өмір сүрудің өзі, экзистенция дегеніміз бостандық. Бостандық, жеке адамның еркі туралы мәселе тек этикалық тұрғыда түсіндіріліп, оның әлеуметтік жағы есепке алынбайды. Экзистенциализм ұғымы ғылыми техникада дамуға қарсы, олар өмірлік пен әсемдік жағдайына жақын. Сондықтан бұл бағыт қазіргі кезде өнер мен әдебиет арқылы батыстағы буржуазия интелегенциясының санасына, көңіл күйіне үлкен ықпал етуде. Экзистенцияны, өмір сүруді түсіндіру үшін Хайдеггер, Сартр, Мерло – Понти сана сезімнің құрылымында интенциялдық (басқа затқа бағыттылық) болатынын ашп, неміс философы Гуссельдің феноменология әдісін пайдаланған. Сонда тіршіліктің өзі ашық деп оның басқаға бағыттылағын көрсеткен. Ал басқаға бағытталғандық «ешбір» дегенге келіп саяды. Сол «ешбірге» бара жатқан интенция адам тіршілігінің модустарынан өтеді. Бұл модустар ешбірмен жақындасу не одан қашу жолындағы белгілер, сонымен адам өзінің экзистенциясын негізі ретінде түсінеді.

 

41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.

Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі.
Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.
Антик. философтар М-ны жеке заттарға: Фалес — суға, Анаксимен — ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалект. натурфилософияның негізін қалады.
М. мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді.
Аристотель М-ны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің М-ны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды.
Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында М-ны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және М. ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, М. дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. М. анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. М-дан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады.
Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым — М. мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. М. ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады.
Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша М-ның маңызды қасиеттері:

§ сақталу мен өзгеру (қозғалыс),

§ үздіктілік пен үздіксіздік,

§ кеңістік пен уақыт.

Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. М-ның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: М-ның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақытөлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі.

ü Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген. Уақыт - оқиғаның ұзақтығы және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсініктерінің бірі. Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі кеңістік деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады. Философтар арасында екі түрлі уақытқа деген көзқарас бар. Біріншісіне сәйкес уақыт — ғалам құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл сэр Исаак Ньютон жататын реалистік көзқарас, сондықтан бұны Ньютондық уақыт деп те атайды. Бұған қарсы көзқарасқа сәйкес уақыт — адамзат соның көмегімен оқиғаларды реттеп, салыстыратын, интеллектуалды құрылымның (кеңістіктік пен сандарменқатар) іргелі мүшесі. Готфрид Лейбниц пен Иммануел Кант дәстүрі болатын осы екінші көзқарасқа сәйкес уақыт «арқылы өтетін» «ағатын» затқа жатпайды, немесе оқиғаларға ыдыс бола алмайды, және өзі өлшене алмайды.Технологтар мен ғалымдар мезгілдік уақыт өлшеумен айналысқан, және астрономияның негізгі зерттеу нысаны болған. Периодты оқиғалар мен периодты қозғалыстар уақыт өлшем бірлік стандарты ретінде ұзақ уақыт пайдалылып келеді. Мысалы, күннің аспанбойымен қозғалысы, маятник тербелісі, айдың фазалары және жүрек дүрсілі. Уақыттың әлеуметік маңызы да зор (“уақыт – ақша”), ол адамның күнделікті уақыттың шектеулілігін сезінуі мен адам өмірінің шектеулілілігі.

42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.

Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды акторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және онын өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы. Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады. Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.

43) Таным және оның түрлері.

Таным дегеніміз, адам іс әрекетіндегі қоғамдық тарихи процесс, ол адам санасында объективті шындықты бейнелеуге бағытталған «ойдың объектіге мәңгі шексіз жақындауы» (В.И.ленин). Ленин «философиялық дәптерлерінде» айтқанындай, «философия тарихы, жеке ғылымдар тарихы, бала мен жануардың ақыл ойының жетілу тарихы, тіл тарихы,психология, сезім органдарының физиологиясы «таным теориясы мен диалектика қалыптасуға тиіс, білім салалары міне осылай». Ерте заманнан ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесі болу мүмкін емес.Ендеше, дамзат дамуында адам танымынң қоғамдық тарихи сипаты болады. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным - гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін көресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным - жеке тіла мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі. Соңғы таным қатал философиялық ойдың тұрғысынан аса қарапайым деп есептелмейді, бірақ күнделікті өмірде біз танымды біліммен теңестіреміз. Гносеологияда танымның өзі де, білім де жетілген шешім ретінде қарастырылады. Және таным теориясында білімнің барлық түрі: философиялық, ғылыми, күнделікті, әдеби тағы басқа түрлері қарастырыла береді. Гносеология білімнің барлық түрін негіздеуге, оның мүмкіндік деңгейін, оның мазмұны мен мәнін анықтауға бағытталған. Таным-бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс.

Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табуляты. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз-қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.

Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды. Екіншіден, практика өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты болып табылады. Адамдар алатын білім оларға өмірде пайдалану үшін қажет. Олар заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын өндіретін өндіріс үшін бірден-бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке айналып отырған радио, теледидар, физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері нәтижесінде пайда болған.

Үшіншіден, практика адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ, бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген болжамдар мен идеаларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды. Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу.

Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сезімдік таным: 1.Тікелей бейнелеу; 2.Сыртқыны бейнелеу; 3.Жекені бейнелеу.

Рационалдық таным: 1. Жанама бейнелеу; 2. Ішкіні бейнелеу; 3.Жалпыны бейнелеу.

Бұл жерде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.

 

 

44) Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

Танымның (ойлаудың) екі формасы:- сезімдік, түйсіктік таным, немссе эмпирикалық деңгей;- рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей. а) Танымның сезімдік формасы.Эмпиризм (гр.т. тәжірибе) - сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.Идеалистік сенсуализм - түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах). қарапайым реализм - адамнан тыс заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Сезімдік таным формалары:Түйсік - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі; Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту. ә) Танымның рационалистік формасы.Рационализм (лат.т. ақыл, парасат) - логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель). Рационалистік таным формалары:Ұғым - заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.Пікір - дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.Таным методтары:Метод (гр.т.зерттеу жолы, теория, ілім) - білімдер жүйесін кұру мен негіздеу әдісі, тәсілі. Эмпирикалық зерттеулер методтары.Бақылау - сыртқы дүниені алдын ала, мақсатты түрде қабылдау, яғни құбылыстарды табиғи шындықта, оларға араласпай, тікелей қабылдау, зерттеу Эксперимент - шындықты, құбылыстарды бақылауға, басқаруға болатын жағдайларда, шарттарда зерттеу. Зерттеуші объект жасанды, тәжірибелік, жан-жақты ескерілетін жағдайда қарастырылады. Салыстыру - объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын аңғару, салыстыру әдісі.Өлшеу - бір шаманың басқа бір шамаға қатынасын анықтау.Аналогия - бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша «заттардың ұқсастығын анықтау.Индукция (лат.т. нысанаға алу) - ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі.Теориялық зерттеулер методтарыДедукция (лат.т. шығару) - ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі.Моделдеу (лат.т.өлшем, норма, үлгі) - оригиналдың аналогын жасау. Оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі.Идеализация (гр.т.түр, көлеңке) - шындығында бейнесі бар, бірақ күнделікті тіршілікте кездеспейтін объекттерді ойда құрастыру, конструкциялау.Абстракциялау (лат.т. дерексіз, тиянақсыз) – заттардың бірқатар қасиеттерінің ойда дерексізденуі немесе кейбір қасиеттерінің жіктеленуі, бөлініп шығуы.Анализ - бүтіннің құрамдас бөліктерге ойша немесе іс жүзінде ыдырауы, жіктелінуі, бөлінуі. Синтез - әртүрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процесі.

45. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу).

Таным проблемасы – философия мазмұнында түбегейлі орын алатын, үлкен мәнді иеленетін, материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған проблема. Таным – қайшылыққа толы күрделі процесс болып табылады. Ерте заманнан ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесі болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамға сәйкес жүріп жатады. Таным – адам санасын дамытудың негізі. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады.

Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы. Адамның миы биохимиялық, физиологиялық және жүйкелік үдерістер жүріп жататын күрделі материалдық құрылым. Біз "сана" ұғымын қарастырған кезде оның сипаттамасында білімнің үлкен рөл атқаратындығын көреміз. Осыған байланысты сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе — білім. Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады. адамның организміндегі сезім органдары дүниені тану үшін жеткілікті деп айту керек. Түйсік, әдетте, одан да күрделі бейне қабылдаудың бір құрауышы ретінде көрініс береді. Қабылдау дегеніміз — зерттелінетін объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. Қабылдаудың негізінде түрлі түйсік түрлері қабысады.

Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. Түйсік және қабылдаудың жиынтығынан түсінік туады. Түсінік дегеніміз — өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, казіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі. Егер түйсік пен қабылдау адамның затты керген кезінде жүзеге асырылатын болса, түсінік затпен тура қатынас жасау арқылы пайда болмайды.

Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады. Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психол. ахуалы деп талқылайды. Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.

46.Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.

Ақиқат—танымның негізгі мақсаты, субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік тарихи процесс.Ақиқат біреу,ол объективті.Абсолютті және салыстырмалы ақиқат — танымның даму процесін бейнелейтін категория. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат объективті шындықты адам танымы біртұтас қалпында айқын аңғарта ала ма, әлде тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіре ме деген сұраққа жауап береді. Біздің таным-түсініктеріміз адамзат ойының (философияның, ғылымның, техниканың, өндірістің) қол жеткізген деңгейлерімен тікелей сабақтас. Соған қарай адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. Демек, аиқаттың өзі де дамуға байланысты өзгеріп, түрленетін салыстырмалы категория болып табылады. Сонымен қатар салыстырмалы ақиқат абсолютті ақиқатты танудың құрамдас бөлігі де. Егер салыстырмалы ақиқат ғылыми сипатта болса, оның құрамында ақиқаттың белгілері де болмақ. Яғни, абсолют ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтық көрінісі де. Салыстырмалы ақиқат болмыстың шартты, өзгермелі, уақытша, қайсыбір жағдайда тәуелді кезеңдік қырларын бейнелейтін болса да, ол әрбір құбылыстың мазмұн-мағынасын, құндылық қасиетін, сипаты мен қолданылу аясын ой елегінен өткізу, зерделеу, саралау барысында қалыптасып, қабылданады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Ол өзгермелі дүниенің егжей-тегжейін саралай, іріктей, өмірге бейімдей отырып, абсолют мәннің құрамдас бөліктерін жасақтайды. Тіршілік құбылыстарының сәйкестігі де, қарама-қайшылығы да Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арқылы түсіндіріледі. Ертедегі грек философиясы абсолют ақиқатты “табиғи”, “таза күйінде”, “өздігінен” қалыптасқан ұғымдарға балап, оны мүлтіксіз нәрсе ретінде түсіндірді. Ал ғұлама діндарлар пікірі бойынша абсолют ақиқат табиғаттан тыс абсолют күш, абсолют рух. Жаңа дәуір философиясы абсолюттілік пен салыстырмалылықты бір-біріне қарсы қоймай, бір-бірінен бөле-жара қарамай, олардың ара-қатынасын ғылыми ұғымдармен айқындады: Абсолютті және салыстырмалы ақиқат тіршілік көріністерінің қарама-қарсы жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды бейнелейді, нақты білімді толықтырады. Салыстырмалы ақиқат объектіні біртұтас толық күйінде емес, белгілі бір жағдай, қатынас шеңберінде бейнелейді де, осы салыстырмалы кезеңдерден абсолют ақиқат құралады және көрініс табады. Абсолют ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат ғылыми таным-түсініктерді бұлжымайтын қағидаға айналдырудан сақтандырады, білімнің даму сабақтастығына жол ашады, зерде-зейінді әлемдік өзара байланыстарды тануға шоғырландырады.Аксиологиялық ақиқат-ақиқаттың құндылығын философиялық тұрғыдан зерттейтін аспектісі.Экзистенциалды ақиқат-философиядағы тіршілік,адам болмысының ақиқатын қарастыратын аспект.

47.Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.

Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім.Диалектиканың негізгі идеясы,түпкі принціпі-даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі,жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде-ақ пайда болды. Диалектиканың тарихи типтері:

1. Ертедегі грек философиясы-Гераклит,Аристотель;

2. Жаңа өрлеу заманының философиясы-Н.Кузанский;

3. Гегель диалектикасы (диалектиканың 3 заңы);

4. Орыс ревоолюцияшыл демократтары,қазақ ағартушылары;

5. Марксистік диалектика – К.Маркс,Ф.Энгельс;

6. ХХ ғ. Диалектикасы.

Ертедегі диалектика стихиялы, тұрпайы еді. Жалпы түрде болмыстың дұрыс бейнесін көрсеткенімен,нақты мәселелерді шешуге келгенде ол қабілетсіз болды. Сондықтан ол ғылым дамып,іс жүзіндегі нақты материалдарды жинақтай бастаған кезде, метафизикаға орын берді. Гегель диалектиканың негізгі заңдарын тұжырымдады,оның категорияларының жүйесін жасады,бірақ мұнын барлығы идеалистік негізде жасады.Диалектиканың төртінші формасы ХІХ ғасырдағы Орыс ревоолюцияшыл демократтары А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің, Н.А.Добролюбовтың, Н.Г.Чернышевскийдің ж/е олардың ізбасарларының философиясымен байланысты.қазақ халқының ойшылдары-Ш.Уәлихановтың ж/е Абай Құнанбаевтың философиялық көзқарастары орыс ревоолюцияшыл демократтары философиясының жалғасы,дамуын екендігін біздер,қазақстандықтар мақтаныш етеміз.Марксизм-ленинизм материалистік диалектиканы тағы бір шыңға көтерді.Ол өзіне өткен заманның нақты ғылымдары мен жетістіктерін сынап саралай білді,керегін сіңірді.

 

 

48.Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.

Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы.Ал осыдан біз байқаймыз, адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – оның бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылыды. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух маетриядан тыс өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп есептейді. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалдығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы материяға балаған. К.Маркс пен Ф.Энгельс мұндай пікірді тұрпайы материализм деп атап, орынды сынға алды. Диалектикалық материализм бұл пікірлердің бәрін теріске шығарды. Сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдейді. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екендігігн мойындағысы келмейді. Олардың ойынша адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар. Сана мен объективті ақиқат ешқашанда дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс. Сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан – таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Сана тек негізгі принцип жағынан, шығу көзі жағынан, бейнелену тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Сөйтіп, сана дегеніміз объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығармашылық бейне. Дін иелері сананы материадан тысм,дербес және мәңгі өмір сүретін,ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады.Ертеде сананы жанға,ал жанды ұшып жүретін шыбынға балаған.Ал адамның рухани дүниесі туралы діни түсініктерге келетін болсақ, Адам табиғатының рухани және нәпсілік қырлары бар екені белгілі. Бұлар бейне бір топыраққа тасталған дән секілді адамның рухани дүниесінің қай бағытта дамитынына қарай бүршік жарып өз жемісін береді. Рухани дүниесі мен жүрегіне дақ түсірмей, ар-ұжданын асқақ ұстап ғұмыр кешетін жандар әлсін-әлсін о бастан бойына біткен мінез-құлқы сыр беріп, босаңдық танытқанымен әрдайым «альайы-иллийнге» (жоғарылардың ең жоғарысына) қарай ұмтылумен болады. Ал енді құйынның ішінде шыр айналған қаңбақтай тәннің тойымсыз тоғышарлығы төңірегінде ғұмыр кешкендер сәт сайын тозақтың тұңғиық тереңіне бойлап, «әсфәлә-сәфилинге» қарай құлдырай түседі. Сондықтан да, адамды тек ақылы, санасы, физиологиясы және қоғамдық-әлеуметтік ерекшелігі тұрғысынан қарастыру жеткіліксіз. Адам баласының шынайы табиғаты өзінің жаратылудағы мәніне қауышса, рухани дүниесі ең заңғар асулардың өзін бағындыра алатын қарым-қабілетке ие болмақ.

49) Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.

Адам белгілі бір нәрсені санамен ойлай отырып, не ойлап отырғанын білмеуі мүмкін бе? Мүмкін. Ол — ол ма, санада қорытылып, екшелмеген, басқаша сөзбен айтқанда, мидың аңдаусыз, пайымсыз қызметі біздің өмірімізде кейде аса елеулі роль атқарады. Оның үстіне, мидың аңдаусыз жұмысы деген сөздерді айқындап алу қажет.Біздің басымыздағы ой процестері екі дәрежеде болуы мүмкін және сол дәрежелерде болып та жатады. Бірінші дәреже — пайымды ой. Мұның сипаты мынада екені белгілі: белгілі бір жайды ойластыра отырып, біз ойымыздың күллі барысын, оның дәйектілігі мен ақылға қонымдылығын, логикасын байқай аламыз. Мидың аңдаусыз қимылы жайындағы істің мәнісі басқаша. Бұл — ой процесінің екінші дәрежесі. Мұнда біз ақылға салу, ойлану процесінің қалай болғанын көзімізге елестете алмаймыз. Ми ойланудың түпкілікті нәтижесін ғана ақылға ұсынады. Бұл нәтиже ешбір дәлелсіз дайын тұрған пайымдау ретінде ақылға енеді.Міне, мұның өзі кейде кенеттен «сарт» етіп ой түсу, «еске түсу» құбылысы ретінде қимылдайды. Алайда одан бұрын мидың қажымай-талмай (кейде тіпті ұзақ уақыт) жұмыс істегені белгілі.Сынаушы ұшқыш машинаны аман алып қалу үшін санаулы секундтардың ішінде дұрыс шешімге келеді. Мұнда оған жәрдемдескен не? Сын кезеңінде оған өзінің өткен күндердегі күллі тәжірибесі жәрдем етеді. Оның миы заматта жұмыс істеп, нендей шара қолдану керек екенін дереу таңдайды, дұрыс шешім қабылдайды. Бірақ кейіннен сол ұшқыштың өзінен: «басқаша істемей, сен неғып бүйттің?» деп сұрасаң, ол бұған жауап бере алмауы да мүмкін. Өйткені ол «ойланбастан-ақ», дереу, көзді) ашып-жұмғанша шешім қабылдады ғой, айта берсеңіз, ол мұны ақылмен емес, интуициямен істеді.

Интуицияға баға бере келіп, белгілі бір адамның дүние танымы қандай екенін аң ғаруға болады. Егер ол түйсікті «аспаннан келген аян» деп бағалайтын болса, мұны «шындықты білудің» табиғат заңдарымен түсіндіруге болмайтын қабілеті десе, онда бұл арқылы мистикаға жол салынатыныиа күмәнданбауға болады. Бұл арада мынаны айтқан жөн: психиканың нақ осы саласында, күтпеген жерден ашылған жаңалықтар да, кенеттен еске түскен өнертабыс та, ойламаған жерден келген творчестволық шабыт та бейне бір тұрлаусыз күшті жақтаушыларға қажетті факті бола кетеді. Көптеген ғасырлар бойы түсінігі табылмай келе жатқан құбылыстардың сыры аспанда деліне салады, Қазіргі күннің өзінде де біздің ақыл-ойымыздың бұл проблемасы, оның көптеген жақтары әлі түгел анықталмаған, былайша айтқанда, жеті қабат жердің астында жатыр. Интуициямен қабылданатын шешімдер механизмі бізге түгелдей дерлік түсініксіз, беймәлім. Алайда интуицияға байланысты нәрселердің бәрі ешбір зерттелместен-ақ жоққа шығарыла салатын, сөйтіп неге болса соған сенудің «үлесіне» тиетін заман да өтті. Қазіргі күнде жұрт ненің болса да сырын бағдарлайтын дәрежеге жетті.

Ойдың мұндай «табыстары» ойлану процесінің, көп реттерде аңдаусыз ойдың бізд




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 97 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Принудительные меры медицинского характера (8.2)| ТРАНСПОРТНОЕ ПРАВО (ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫЙ ТРАНСПОРТ)

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.023 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав