|
Абиотикалық факторлар – тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсерін тигізетін өлі табиғат факторлары (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістіктік және т.с.с.).
Абсорбция – бір затты екінші заттың бүкіл көлемінде жұтуы.
Автотрофтар – көмірқышқыл газ, су және минералды тұздардан органикалық заттар түзуге бейім ағзалар.
Агроэкожүйе, агробиоценоз – ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге арналған тұрақсыз, адам қолымен жасалған экожүйе (дала, жайылым, бақшалар, баулар және т.б.)
Адсорбция – бір затты екінші зат жанасқан бетінде жұтуы
Альбедо (лат. – ақ) – дене бетінің шағылу қабілеті; ол шағылған радиация мөлшерінің сол бетке түсіп тұрған жалпы радиация мөлшерінің ара қатынасымен өлшенеді.
Аменсализм – бір популяция екіншісіне қысым көрсете отырып, өзі теріс әсер алмайды. Мысалы жарық сүйгіш шөп өсімдіктерге шырша әсерін тигізеді, ал шыршаға ондай көршілестік ешбір зиян келтірмейді.
Анаэробтар – оттегісіз ортада тіршілік етіп және дами алатын ағзалар. Терминді 1861 ж. Л. Пастер енгізген.
Антропоген – төртіншілік кезең, плейстоцен – Жердің геологиялық тарихының ақырғы кезеңі.
Антропогенез – адамның пайда болуы, оның қоғам құралу үрдісінде – социогенез барысында түр ретінде қалыптасуы.
Антропогендік факторлар – адамдар әрекетінің нәтижесінде пайда болған факторлар. Ақырғы онжылдықта антропогендік факторлар әрекетінің ұлғаю нәтижесінде күрделі экологиялық мәселелер пайда болуына әкеліп соқты.
Апвеллинг – биогендік элементтерге бай мұхиттың тереңдегі суық суының көтерілуі. Апвеллинг аумағы мұхиттың балыққа бай ауданы болып келеді.
Ареал – тірі ағзаларнемесеқауымдастықтар топтарының жер бетінде жайылу аумағы. Өсімліктер мен жануарлардың ареалдар шектері биосфера эволюциясының барысында түзілген және қоршаған орта жағдайына тәуелді.
Аридтық аумақтар – өте ыстық және шөлейттік климаттық аумақтар.
Атмосфераның ластануы – адамға және жалпы қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құрамында әртүрі газтәріздес, сұйық және қатты қоспалары болу нәтижесінде оның сапасының өзгеруі
Аттрактор – жүйенің мүмкін күйлерінің бар жиынтығын өзіне тарта- тындай тұрақты күй.
Ауаның ластану индексі (АЛИ) – ластаушы заттардың жылдық орта концентрациясын ШРК-ға бөліп табатын мөлшер
Аутэкология – жеке түрдің қоршаған ортамен арақатынасын қарастыратын экологияның тарауы.
Аэрация – кейбір ортаға (суға, топыраққа, және басқаларына) атмосфералық ауаның табиғи немесе жасанды жолмен таралуы.
Аэробтар – ортадағы оттегін тотықтырғыш ретінде пайдалана отырып тіршілік ететін және дамитын ағзалар.
Аэрозольдер – дисперсиялық ортасы газ, ал дисперстік фазасы қатты немесе сұйық бөлшектер болып келетін дисперстік жүйелер (шаңдар, күйе, түтін, тұман, күл).
Бенз(а)пирен (С20Н12) – көпсақиналы ароматтық көмірсутегі тобындағы танымал зат, кең тараған канцероген. Өндірістік газдар, машиналардың қалдық газдары, шылым түтіні құрамында болады.
Бентос– су түбінде күнелтетін ағзалар жиынтығы.
Биогендік элементтер – тірі ағзаларды құрайтын химиялық элементтер–көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт, фосфор.
Биогендік заттар – тірі ағзалардыңөмір әрекеттерінің өнімдерінен немесе солардың ыдыраған қалдықтарынан тұратын органогендік шөккен жыныстары (әктас, жанғыш сланец, көмір, мұнай және т. б.).
Биогеоценоз – зат, энергия және ақпарат айналымы негізінде тірі ағзалардың (биоценоз) абиотикалық жағдайларының кеңістік жиынтығымен (биотоп) біріктірілген жерүстілік экожүйе.
Биом, биотикалық қауымдастық – өсімдіктердің кейбір негізгі түрлерімен немесе ландшафтың басқа ерекшелігімен сипатталатын ірі аймақтық субконтинентальдық биожүйе. Биом құрамына енетін биоценоздар энергия және заттар ағынымен тығыз байланысты.
Биомасса – ауданның немес көлемнің бірлігіне шаққандағы масса бірлігімен өрнектелетін тірі заттың мөлшері (г/м2, кг/га, г/м3 және т.с.с.). Биомассаны фитомасса, зоомасса және бактериомасса деп жіктейді.
Биотикалық факторлар – бір ағзалар өмір әрекетінің екіншісіне және тағы өлі ортаға әсерінің жиынтығы. Олар түрішіндік (демографиялық, этологиялық, топтық әсер және т.б.) және түраралық (симбиоз, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық және т.б.) болып бөлінеді.
Биотоп – бір биоценоз жайлаған абиотикалық факторлар бойынша біртекті болып келетін тіршілік кеңістігі.
Биосфера – ғаламшарлық экожүйе, құрамы, құрылымы және энергетикасы тірі ағзалардың әрекетімен анықталатын Жердің ерекше белсенді “қабығы”.
Биота – белгілі бір аумақты мекендейтін тарихи қалыптасқан тірі ағзалардың (өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың) жиынтығы. Терминді Э.Раковицэ 1907ж. ұсынған. Биоценозға қарағанда бұл ағзалар экологиялық байланыста болмауына да болады.
Биоценоз – белгілі бір биотопты мекендейтінәртүрлі өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың популяция жиынтығы. Биоценоздарда ерекше орын алатыны продуценттер, консументтер және редуценттер қатысатын биологиялық айналым.
Биоцидтер – ағзалардың өмір әрекетін және көбеюін басатын заттар және басқа агенттер.
Булыжайлық газдар – атмосфераға өтіп, парниктік әсер туғызатын газ тәрізді заттар: су буы, көмір қышқыл газы, метан, азот оксидтері, ұшқыш көмірсутегілер және т.б.
Галофиттер – аридтік аудандардың тұзды топырақтарында өсуге бейімделген өсімдіктер.
Гендік инженерия – тұқым қуалау үрдісін тікелей өзгертуге негізделген биологиялық әдістерді дамытып, жетілдіретін технология.
Генотип – ағзалардың гендерінің жиынтығы
Генофонд – барлық дарақтардың, популяциялардың, түрлердің генотиптерінің жиынтығы. Өсімдіктер мен жануарлардың генофондын қорғауда және қайта өндіруде елеулі орын алатындары ұлттық бақтар, биосферлық қорықтар, зообақтар, ботаникалық бақшалар, генетикалық банктер және т.б.
Гетеротрофтар – дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар
Гомеостаз –ағзалардың немесе ағзалар жүйелерінің функционалдық сипаттамалары тұрақтылығын ортаның құбылмалы жағдайында сақтап қалу қабілеті
Ғаламдық жылыну – табиғи және техногендік факторлардың әсерінен ғаламшар көлемінде атмосфера мен гидросфераның орташа температурасының жоғарылауы
Демографиялық дүмпу – Жершары халық санының өсу жылдамдығының күрт артуы.
Демэкология – сандар динамикасы мәселесін қарастыратын популяциялар экологиясы.
Деструкторлар – органикалық заттарды жай заттарға дейін ыдырататын гетеротрофты ағзалар (детритофагтар мен редуценттерді қосқанда)
Детриттер – суда қалқыған немесе су түбіне шөккен органикалық және минералдық бөлшектердің қалдық жиынтығы. Биогендік қалдықтар (органикалық детрит) қоректік заттардың сарқылмас қоры боып табылады.
Детритофагтар – органикалық детриттермен қоректенетін ағзалар.
Диоксиндер – уыттылығы аса жоғары және биологиялық белсенділігімен ерекшеленетін полихлорланған дибензодиоксиндерден (ПХДД), дибензофурандарден (ПХДФ) және бифенилдерден тұратын тұрақты органикалық ластауыштар тобына жататын экотоксиканттар
Дисперстілік – бөлшек мөлшерін кері шама
Жер асты сулары – әртүрлі физикалық күйде жер қыртысының сыртқы қабатында кездесетін сулар. Олар артезиандық және қабықтық болып бөлінеді.
Зооценоз – биоценоз жануарларының қауымдастығы.
Зоофагтар – өзінің немесе басқа түрлердің жануарларымен қоректенетін етқоректі ағзалар (каннибализм).
Инверсия – суық ауаның жылы ауа астына қарай ағуы.
Иммиссия – қоршаған ортаға өтіп кетіп, оған қосылатын кез келген заттардың ағыны.
Ионосфера – стратопаузадан жоғары 1300 км дейін орналасады. Бұл қабат барлық тіріні космостық радиациядан сақтап, радиотолқындардың шағылуы мен жұтылуына әсер етіп тұрады.
Канцерогендер – қатерлі ісік ауруына (рак) шалдыратын заттар.
Комменсализм – бір түрдің ағзалары басқа түрлердің арасындағы қолайлы жағдайларды пайдаланып, бір ортада бірігіп тіршілік ету қарым-қатынастары, қатар күнелту (симбиоз) типі.
Консументтер – басқа ағзалардың – өсімдіктердің және жануарлардың органикалық заттарымен қоректенетін гетеротрофты ағзалар.
Ксенобиотиктер – тірі ағзалардың табиғатына, құрамына және зат алмасуына қайшы әсерін тигізетін заттар.
Қышқылдық жауындар – құрамында техногендік қоспалары бар (көбіне күкірт және азот оксидтері) жауын-шашындар.
Ластаушы заттар – концентрациясы мөлшерден асып кетіп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін химиялық, радиоактивті заттар немесе соладың қоспасы және микроағзалар.
Метаболизм – биологиялық жүйеде, ағзада зат пен энергияның алмасуы.
Минимум заңы (Ю. Либих) – биотикалық потенциал (өмірге қабілеттілігі, түрдің, популяцияның, ағзаның өнімділігі) минимумда болатын орта факторымен шектеледі.
Мутагендер – мутация тудыратын заттар (рентген сәулелері, γ - сәулелер, нейтрондар, бензапирен, кейбір вирустер).
Мутуализм – қатар тіршілік ететін ағзалар бірігіп, тіршілікке қолайлы жағдай табатын түраралық қарым-қатынастар типі.
Ноогенез – ноосфераның қалыптасу үрдісі.
Ноосфера – биосфераның “ойлайтын қабығы”, сана сферасы, В.И.Вернадский бойынша – адамның саналы қызметі бақылап отыратын биосфера дамуының жаңа сападағы жоғарғы сатысы.
Озон қалқаны (қабаты) – тірі ағзаларғақауіпті қысқа толқынды Күн сәулелерін жұтып тұратын озон молекулаларының (O3) жоғарылау концентрациясымен ерекшеленетін атмосфера қабаты.
Онтогенез – ағзаның жеке-дара дамуы; көпжасушалар үшін қартайып, өлуге шейінгі жолы.
ӨК50 – тыныс алғанда 50% жануарлардың өліміне әкеліп соғатын зат концентрациясы, мг/л, немесе ммоль/л
Поллютанттар (ластаушы заттар) – биосферада және оның компонеттерінде мөлшері артып кеткендегі жағымсыз уытты-экологиялық жағдай туғызатын химиялық қосылыстар
Популяция – бір-бірімен өзара ара-қатынаста болып, үлкен территорияда (ареалда) ұзақ уақыт бірігіп тіршілік ете алатын бір түрге жататын дарақтар тобы
Продуценттер – бірінші өнім өндірушілер (жасыл өсімдіктер)
Редуценттер – органикалық қалдықтармен қоректеніп, минерал- дық заттарға дейін ыдырататын гетеротрофты ағзалар (бактериялар мен саңырауқұлақтар)
Рекреация – тұрғындардың экожүйеге әсер ете отырып, дема- луы
Сапрофагтар – өлі органикаменқоректенетін жануарлар (детритофагтар).
Синэкология – алуантүрлі қауымдастықтар экожүйелерінің экологиясы.
Су қоймаларының эвтрофикациясы – су ортасының биогенді заттармен артық мөлшерде баюы.
Судың ластану индексі (СЛИ) – судың ластану мөлшерін анықтайтын шама.
Стенобионттар – шамалы аралықта өзгерген экологиялық жағдайда тіршілік ете алатын ағзалар.
Стратосфера – тропосферадан жоғары 50-55 км дейін орналасқан қабат. Жоғарғы шекарасында озон қабатының болуына байланысты температурасы көтеріледі.
Табиғи нысан – өзінің табиғи қасиеттерін сақтаған табиғи экологиялық жүйе, табиғи ландшафт және олардың құрауыш элементтері.
Табиғи ластану – жанартаудың атқылуынан, тау жыныстарының ауа әсерінен ыдырауынан, желдік эрозияның, дала және орман өрттерінің әсерінен, космостық шаң және космостық сәулелену әсерінен болатын ластану
Тератогендер – ата-аналарының ағзасына әсер ету нәтижесінде ұрпақтың туа кемтарлығына әкеліп соғатын заттар (мутагендер, пестицидтер, тыңайтқыштар, ызың)
Техносфера – «техникалық қабық» – адамның өндірістік қызметінің әсері аясындағы ғаламшардың жасанды өзгертілген кеңістігі.
Толеранттылық заңы (В. Шелфорд) – экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да – шектеуші фактор, ал олардың арасындағы ауытқу ауқымы толеранттылық (төзімділік) шамасын анықтайды.
Топырақ эрозиясы – қар суының, жауын-шашынның және желдің әсерінен топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы.
Тропосфера – атмосфераның 80 % -дайы орналасқан оның төменгі қабаты. Оның биіктігі жер бетінде жылытылған ауа ағынының тік бағытты қозғалысының қарқынына байланысты.
Урбанизация (өркениеттену) – қалалардың өсуі мен дамуы, ауыл тұрғындарының қалаларға қоныс аударуы, қоғам өміріндегі қалалар орнының артуы.
Фенотип – ағза қасиеттерінің генетикалық жолмен анықталатын нысандарының жиынтығы.
Фитопланктон – терең суда тіршілік ететін микробалдырлардың, ұсақ өсімдіктік ағзалардың жиынтығы.
Фитофагтар – өсімдік қоректі жануарлар.
Фитоценоз – көптүрлі өсімдіктік қауымдастық.
Фотопериодизм – күн мен түннің өзгеруіне байланысты биологиялық жүйе күйінің өзгеруі.
Хемосинтез – кейбір анорганикалық заттардың тотығу энергиясын пайдаланып, хемоавтотрофты бактериялардың органикалық заттар түзуі.
Шекті рұқсат концентрация (ШРК) – адам денсаулығына және оның ұрпағына әсер етпейтін атмосфералық ауадағы зиянды заттар мөлшерін көрсететін санитарлық-гигиеналық мөлшерлеме (норматив), мг/м3
Шекті рұқсат тастаулар (ШРТ) – уақыт бірлігінде ауаға тасталу кезінде одан жоғарылауға рұқсат етілмейтін зиянды заттар концентрациясы, г/с, т/жыл
Эврибионттар – экологиялық жағдайлардың өзгеруінің кең аралығында тіршілік ете алатын ағзалар: температураның (эвритермдер), ылғалдылықтың (эвригидридтік ағзалар), қорек талдаудың (эврифагтар) және т.б.
Эдафон – топырақ жануарлар әлемінің жиынтығы.
Экзосфера – ионосферадан кейін 10 000 км-ге дейін жайылатын атмосфера қабаты
Экогендік аурулар – қолайсыз экологиялық жағдайларәсерінен пайда болған ауру түрлері.
Экологиялық валенттілік – түрдің, популяцияның ортаның әртүрлі жағдайларында күнелту қабілетінің сипаттамасы
Экологиялық даму – халықтың әл-ауқатының артуы тіршілік ортасының нашарлауына және табиғи жүйенің бұзылуына әкеліп соқтырмауға бағытталған экологиялық қоғамдық-экономикалық даму.
Экологиялық жүйе – бір-бірімензаңдылық байланыстабірігіп тіршілік ететін ағзалар мен олардың тіршілік жағдайларының жиынтығы.
Экологиялық қуыс – оның ішінде белгілі бір түр шексіз ұзақ күнелте алатын қоршаған орта факторларының аумағы.
Экологиялық қауіпсіздік – табиғи ортаның және тіршіліктің маңызды шаруашылық және басқа да әрекеттерінің табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан, олардың салдарынан сақтану жағдайы.
Экологиялық құқық – қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттесу саласында қоғамдық ара-қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Экологиялық сукцессия – табиғи немесе антропогендік факторлардың әсерінен белгілі бір аймақта биоценоздардың қалпына келмейтін ауысымы.
Экологиялық мониторинг – табиғи және антропогендік факторлар әсерін, қоршаған ортаның құрауыштарының сапасын және биологиялық нысандар күйін бақылау.
Экологиялық-экономикалық жүйе – қоғамдық өндірістің және табиғи жаратылыс үрдістерінің өзара байланысын және өзара келісімін көрсететін экономика мен табиғаттың бірігуі.
Экологиялық (трофтық) пирамида – әртүрлі трофтық деңгейлерді құрайтын биоценоз мүшелерінің арасындағы зат пен энергия тасымалдануы.
Экосфера – барлық заманауи экологиялық мәселелер шоғырланған биосфера мен техносфераның әрекеттесуінің бірыңғай ғаламдық жүйесі, адам мен табиғаттың әрекеттесу аренасы.
Экоцид – экологиялық жағдайдың күрт бұзылуы себебінен экожүйелердің, әртүрлі ағзалардың, соның ішінде адамдардың да қысылуы және құруы.
Эмердженттілік – екі немесе бірнеше жүйелер әсерлесу нәтижесінде мүлдем жаңа қасиеттердің пайда болуы.
Эмиссия – антропогендік көздерден ( өндірістік кәсіпорын, автокөлік, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық және т.б.) қоршаған ортаға шығарылатын газ, сұйық немесе қатты күйдегі ластауыш заттар.
Эмбриогендер – ұрықты зақымдаушы жат текті заттар ( тератогендер, мутагендер, алкоголь, есірткі )
Эстуариялар – жағалаулық су
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 168 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |