Читайте также:
|
|
1. БДҰ қабылдаған қоғамдық денсаулық анықтамасына не кіреді:
1. +Толық рухани және әлеуметтік қолайлы жағдай
2. +Аурудың және физикалық кемістіктердің болмауы
3. Мүгедектіктің болмауы
4. Қоршаған ортамен оптимальды тепе-теңдік
5. Медицинаның даму деңгейі
2. Қоғамдық денсаулықты қайсылары сипаттайды
1. + Аурушылдық көрсеткіштері
2. + Демографиялық көрсеткіштер
3. Халықтың еңбекке белсенділігінің көрсеткіштері
4. + Физикалық денсаулық көрсеткіштері
5. + Мүгедектік көрсеткіштері
3. Халық денсаулығы жөніндегі ақпараттың негізгі көздеріне жататындар:
1.+Өлім мен туылу жөніндегі ресми мәліметтер
2 Сақтандыру компанияларының мәліметтері
3.+ Медициналық мекемелердің статистикалық мәліметтері
4. Фармацевтикалық компаниялар мәліметтері
5.+ Аурулардың, қайғылы оқиғалардың және жарақаттанулардың регистрі
4. Статистика деген не
1.+ Қоғамдық құбылыстардың сандық мәні мен сапалық ерекшеліктерін байланыстыра отырып зерттейтін қоғамдық ғылым.
2. Қоғамдық құбылыстардың сандық заңдылықтарын сипаттайтын мәліметтерді сақтау, өңдеу және жинау бойынша ғылыми пән
3. Мәліметтерді жинауда, өңдеуде және талдауда қолданылатын математикалық әдістерді біріктіретін ғылыми пән
4. Белгілі бір сандық сипаттағы мәліметтер туралы ғылыми пән
5. Мәліметтерді ғылыми пәнге сәйкес оның материалдық мазмұнын ашу үшін қолданатын ғылыми пән.
5. Медициналық статистиканың зерттеу пәні:
1.+ Халық денсаулығы туралы мәліметтер
2.+ Адам денсаулығына қоршаған орта факторларының әсер етуі туралы мәліметтер
3.+ Денсаулық сақтау қызметі және жұмысы мен тораптары, мамандары туралы мәліметтер
4. Жаңа медициналық технология мен дәрі – дәрмектер туралы мәліметтер
5+. Медициналық мекеме жұмысының тиімділігі туралы мәліметтер
6. Қоғамдық денсаулық сақтауда статистикалық әдіс қолданылады:
1.+ Қоғамдық денсаулықты және оны анықтайтын факторларды зерттеу
2.+ Денсаулық сақтау мекемелері мен органдарының жұмыс жағдайын зерттеу
3.+ Ғылыми зерттеулерді жоспарлау
4. Туушылдықты жоспарлау
5. Өлімнің алдын алу
7. Статистикалық зерттеу жоспарына кіреді:
1.+ Зерттеу жүргізу орнын анықтау
2.+ Бақылау бірлігін таңдау
3.+ Зерттеу жүргізу мерзімін бекіту
4. Көрсеткіштерді графикалық бейнелеу
5. Зерттеу мәліметтерін талдау
8. Статистикалық зерттеудің қай кезеңінде статистикалық кестелер макеті құрастырады:
1.+ Зерттеу жоспары мен бағдарламасын құру кезеңінде
2.+ Мәліметтерді жинау кезеңінде
3. Мәліметтерді статистикалық өңдеу кезеңінде
4. Нәтижелерге талдау жүргізу кезеңінде
5. Мәліметтерді шифрлау кезеңінде
9. Іріктелген жиынтықты құрастырудың негізгі әдістері:
1.+ Типологиялық
2.+ Механикалық
3. Мақсаттық
4.+ Жағдайлық
5. Функциональдық
10. Студенттердің денсаулық жағдайын зерттеу мақсатында 3 – курс студенттерінің аурушылдығына зерттеу жүргізілді. зерттеудің статистикалық жиынтығы қандай:
1.+ Іріктелген
2. Жалпы
3. Жағдайлық
4. Типтік
5. Мақсаттық
11. Іріктелген зерттеудің сандық репрезентативтілігі қамтамасыз етеді:
1. 5%- дық іріктеумен
2. Жалпы жиынтықтан 10%-дық іріктеумен
3. 15%- дық іріктеумен
4. 50%- дық іріктеумен
5.+ Арнайы формула бойынша есептелінетін және жеткілікті бақылау бірлігі бар іріктеумен
12. Статистикалық бақылау және статистикалық зерттеу жүргізудің қай түрі аурушылдық пен туушылдықты тіркеуге қатысты:
1. Бір уақыттық
2.+ Жалпылама
3.+ Ағымдық (күнделікті)
4. Іріктелген
5. Мақсаттық
13. Халық санағы сатистикалық зерттеу әдістерінің және статистикалық бақылаудың қандай түріне жатады:
1.+Біруақыттық
2.+ Жалпылама
3 Ағымдық (күнделікті)
4. Іріктелген
5. Мақсаттық
14. Жатыр мойны ісігіне скринингтік зерттеу жүргізу статистикалық зерттеу әдістерінің және статистикалық бақылаудың қандай түріне жатады:
1. Біруақыттық
2.+ Жалпылама
3 +Ағымдық (күнделікті)
4. Іріктелген
5. Мақсаттық
15. Қандай бақылау тәсілі мәліметтерді жинауға қолайлы:
1. Сұрау
2. Сауалнама жүргізу
3.+ Медициналық құжаттардан мәліметтерді көшірме жасау
4. Сұхбат алу
5. Бақылау
16. Бір уақыттық бақылауға кіреді:
1. Туушылдықты тіркеу
2. Аурушылдықты зерттеу
3. Өлімшілдікті зерттеу
4. Мүгедектікті зерттеу
5.+ Халық санағы
17. Бір уақыттық бақылауға қатысты:
1. Жыл бойғы медициналық мекемелердегі аурушылдықты тіркеу
2+ Жыл соңында медициналық мекемелердегі аурушылдықты тіркеу
3. Бірнеше жыл бойындағы медициналық мекемелердегі аурушылдықты тіркеу
4.+ Жыл соңында стационардағы ауру құрамын және санын тіркеу
5. Бірнеше жыл бойындағы стационардағы ауру құрамын және санын тіркеу
18. Ағымды (күндеікті) бақылау:
1.+ Өлім жағдайын тіркеу
2.+ Туылғандарды тіркеу
3. Халық санағы
4. Халық құрамы мен санын тіркеу
5.+Жылына бір рет емханаға келген жағдайларды тіркеу
19. Әйелдерге кеңес беруге үшін «жүкті әйелдер мен босанғандардың жеке картасы» құжатының әрбір оныншысы сараптама жүргізуге алынды. Қандай іріктеуге жатады:
1.+ Механикалық
2. Жағдайлық
3. Когорттық
4. Мақсаттық
5. Күнделікті
20. Статистикалық зерттеу бағдарламасына кіреді:
1.+ Мәліметтерді жинау бағдарламасы
2.+ Талдау бағдарламасы
3. Зерттеу объектісін анықтау
4. Зерттеу жұмысын жүргізушілерді анықтау
5. Зерттеу мәліметтерін талдау
21. Бақылау бірлігін таңдау неге байланысты:
1. Зерттеу бағдарламасына
2. Зерттеу жоспарына
3.+ Зерттеу мақсаты мен міндетіне
4. Статистикалық талдауға
5. Статистикалық жиынтыққа
22. Зерттелуші жиынтық туралы мәліметті толығымен алуға болады:
1. Қарапайым кесте
2. Топтастырылған кесте
3.+ Қисындастырылған кесте
4. Күрделі кесте
5. Электрондық кесте
23. Статистикалық зерттеу нәтижесі ненің негізінде талданады:
1. Амбулаторлық карта, ауру тарихы
2. Тізімдер, журналдар
3. Статистикалық (регистрациялық) бланк
4.+ Статистикалық кесте
5. Статистикалық талон
24. Бақылау бірлігі - бұл:
1.+Тіркеуге алынатын белгілер тасымалдаушысы болатын статистикалық жиынтықтың
алғашқы элементі
2. Тіркеуге алынатын құбылыстың әрбір белгісі
3. Статисткалық жиынтықтың әрбір элементі
4. Есепке алу белгісі
5. Статистикалық шама
25. Екі учаскелік дәрігер халыққа қызмет ететін контингенттен екі жас топтарын құрады. Қайсы дәрігер дұрыс жасады:
1.+ 20 жасқа дейін, 20-39 жас, 40-59 жас, 60 жас және одан жоғары
2. 20 жасқа дейін, 20-40 жас, 40-60 жас, 60 жастан жоғары
3. 20 жасқа дейін, 20-45 жас, 45 жас және одан жоғары
4. 45 жасқа дейін, 45 жастан жоғары
5. 20 жасқа дейін, 20-40 жас, 40-60 жас, 60 жас және одан жоғары
26. Типтік топтастыруға келесі белгілер кіреді:
1.+ Жынысы
2. Бойы
3. Дене салмағы
4.+ Диагнозы
5.+ Кәсібі
27. Ауданда вирусты гепатитпен аурушылдық 1000 халыққа 6,0 құрайды. Берілген көрсеткіш қандай:
1. Экстенсивті
2.+ Қарқынды
3. Қатыстық көрсеткіш
4. Көрнекті көрсеткіш
5. Динамикалық қатарлар көрсеткіші
28. Экстенсивті көрсеткіштер нені анықтау үшін қолданылады:
1. Жиынтықтағы (ортада) құбылыс жиілігін
2.+ Бүтіндегі бөлшектің үлес салмағы (бір жиынтық ішінде)
3. Екі құбылыс арасындағы қатынас
4. Құбылыс динамикасы
5. Құбылыс өсімі
29. Қандай көрсеткіштер осы құбылысты уақыт немесе территориясы бойынша шынайы көлемін анықтамай ақ өзгерістерін демонстрациялауға мүмкіндік береді:
1. Экстенсивті
2. Қарқынды
3. Қатыстық көрсеткіш
4. + Көрнекті көрсеткіш
5. Динамикалық қатарлар көрсеткіші
30. Қала халықының дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 10000 халыққа шаққанда 36,0 құрады. Бұл көрсеткіш қандай:
1. Экстенсивті
2. Қарқынды
3. + Қатыстық көрсеткіш
4. Көрнекті көрсеткіш
5. Динамикалық қатарлар көрсеткіші
31. Үлестік көрсеткіштер келесі диаграммалар түрінде беріледі
1. Сызықтық
2.+ Секторлық
3. Бағаналық
4.+ Бағана ішілік
5. Картограмма
32. Қарқынды көрсеткіштер келесі диаграммалар түрінде беріледі
1. + Сызықтық
2. Секторлық
3. + Бағаналық
4. Бағана ішілік
5. +Картограмма
33. Үлестік көрсеткіштерге жатады:
1. Туу көрсеткіші
2.+ Мамандығы бойынша дәрігерлер санының таралуы
3. Сәбилер өлім көрсеткіші
4.+ Өлім себебі бойынша қайтыс болғандардың таралуы
5. Халықтың табиғи өсуі
34. Қарқынды көрсеткіштерге жатады:
1.+ Өлім көрсеткіші
2.+ Аурушылдық көрсеткіші
3. Назологиялық формалары бойынша құрылымы
4. Халықтың дәрігермен қамтамасыз етілуі
5. Халықтың төсекпен қамтамасыз етілуі
35. Вариациялық қатар – бұл:
1. Зерттелетін белгінің сандық мәніне әсер ететін сандар қатары
2. Динамикадағы құбылысты көрсететін сандар қатары
3. Әртүрлі белгілердің сандық мәндерінің қатары
4.+ Белгілі бір жиілікті сипаттайтын және рангілік ретпен орналасқан, белгілердің сандық мәнінің қатары
5. Жоғарлаушы және төмендеуші ретпен өзгеретін шамалардың екі қатары
36. Орта арифметикалық - бұл:
1. Үлкен жиіліктегі варианта
2. Жоғарлаушы және төмендеуші шамалар арасындағы айырмашылық
3.+ Жиынтықтың түрленуші белгісінің көлемін сипаттайтын жалпы шама
4. Қатардың ортасында орналасқан варианта
5. Белгінің орта сипатын беретін шама
37. Орта квадраттық ауытқуды не көрсетеді:
1. Варианталар қатарының жоғарлау және төмендеу айырмашылығы
2.+ Вариациялық қатар көрсеткішінің өзгерушілік деңгейі
3. Зерттелуші белгі көлемінің жалпы сипаттамасы
4. Зерттелуші құбылыстың жиілігі туралы мәліметтер береді
5.+ Зерттелуші белгінің әртүрлілігі туралы түсінік береді
38. Вариация коеффициенті не үшін қолданылады:
1. Орта нәтижесінен варианталар ауытқуын анықтау үшін
2.+ Әртүрлі белгілері бар вариациялық қатар өзгерушілігінің деңгейін салыстыру
3. Тұлғалық қатесін анықтау үшін
4. Зерттелуші белгінің сипатын жалпылау үшін
5. зерттелуші белгінің әртүрлілігі туралы түсінік беру үшін
39. Орта арифметикалық шаманың типі сипаттайды:
1. Мода
2. Медиана
3.+ Орта квадраттық ауытқу
4.+ Вариация коффициенті
5. Орта арифметикалық орта қате
40. Белгінің қалыпты таралуында м=2 сигма болады:
1. 35% вариациямен
2. 55% вариациямен
3. 75% вариациямен
4.+ 95% вариациямен
5. 99% вариациямен
41. Орта арифметикалық орта қате (тұлғалық қате) - бұл:
1. Варианта қатары мен орта арифметикалық арасындағы орта айырмашылық
2. Көрсеткіштер айырмашылығының орта қатесі
3.+ Алынған орта іріктелген шаманың жалпы жиынтықтың орта нәтижесінен ерекшеленеді
4. Әрбір вариантаның орта арифметикалықтан орта шамамен орташа ауытқу шамасы
5. Белгінің орташа сипатын беретін шама
42. Орта арифметикалық шаманың орта қатесі тікелей прапорционалды:
1. Бақылау санына
2. Вариациялық қатарға зерттелетін белгінің жиілігіне
3.+ Зерттелетін белгінің әртүрлілігінің көрсеткішіне (сигма)
4. Дұрыстық критериіне (Стьюдента)
5. Көрсеткіштер айырмашылығының орта қатесіне
43. Орта арифметикалық шаманың орта қатесі кері прапорционалды:
1. + Бақылау санына
2. Вариациялық қатарға зерттелетін белгінің жиілігіне
3. Зерттелетін белгінің әртүрлілігінің көрсеткішіне (сигма)
4. Дұрыстық критериіне (Стьюдента)
5. Көрсеткіштер айырмашылығының орта қатесіне
44. Орта арифметикалық қатенің шамасы байланысты:
1. Вариациялық қатар типіне
2.+ Бақылау санына
3. Ортаны есептеу тәсіліне
4.+ Зерттелуші белгінің әртүрлілігіне
5. Статистикалық жиынтық түрлеріне
45. Егер бақылау саны (n>30) салыстырмалы шамалар арасындағы айырмашылық сенімді деп есептелінеді:
1. t кіші 1 ден
2. t тең 1, 0 ге
3. t үлкен 1,0 және кіші 2,0 ден
4.+ t үлкен және тең 2, 0
5.+ t үлкен және тең 3,0
46. Шағын топтарға алынған Стьюдент критериінің дұрыстығын бағалау жүргізіледі:
1. Константа бойынша
2. Арнайы формула бойынша
3. Арнайы коеффициент бойынша
4.+ Арнайы кесте бойынша
5. Егер t 2 тең немесе үлкен болса, онда Р 0,95% ға тең немесе үлкен принцип бойынша
47. Қарқынды көрсеткіштің сенім шекарасын анықтау үшін білу қажет:
1. Жалпы жиынтық көрсеткішін
2.+ Іріктелген жиынтық көрсеткішін
3.+ Тұлғалық қатесін
4.+ Бақылау санын
5. Сенім критериін (Стьюдента)
48. Корреляциялық талдау жүргізу кезінде келесі параметрлерді ескеру қажет:
1. Белгілер арасындағы байланысу бағытын, оның күші мен тұлғалылығын
2 Белгілер арасындағы байланысу бағытын, оның күші мен тұлғалылық қатесі және вариация коеффициентінің шамасын
3.+ Белгілер арасындағы байланысу бағытын, оның күші мен тұлғалылық қатесі және сенім критериінің шамасын
4. Белгілер арасындағы байланысу бағытын, оның күші мен тұлғалылық қатесі және орта шамасын
5. Белгілер арасындағы байланысу бағытын, оның күші мен тұлғалылық қатесі және бақылау санын
49. Белгілер арасындағы корреляциялық байланыс қандай жағдайда байқалады:
1.+ Баланың дене салмағы мен бойына
2.+ Осмостық қысым деңгейі және қандағы жасушаның оттегі мазмұнына
3. Диастолалық және систолалық қысым деңгейіне
4.+ Жасы мен созылмалы аурулар жағдайының жиілігіне
5. Атмосфералық қысым мен систолалық қысым деңгейіне
50. Шу деңгейі және есту табалдырығы арасындағы корреляция коеффициенті механикалық – жинақтаушы цехта 0, 91 ге тең. Қандай байланыс түрі:
1. Кері және әлсіз
2. Кері және күшті
3. Тік және әлсіз
4+. Тік және күшті
5. Болмайды
51. Зерттелуші белгі арасындағы байланыс күші болуы мүмкін:
1.+ 0,0-1,0
2. 0,0-2,0
3. 0,0-10
4. 0,0–100
5. 0,0-ден шексіздікке дейін
52. Стандарттау әдісі не үшін қолданылады:
1. Екі белгі арасындағы байланыс күші мен сипатын анықтау үшін
2. Екі салыстырмалы белгі көрсеткіш айырмашылығының сенімділігін анықтау үшін
3.+ Жиынтықтың біртекті емес құрылымын салыстыру үшін
4. Зерттелетін белгінің сипатын жалпылау үшін
5. Зерттелуші белгінің әртүрлілігі туралы түсінік беру үшін
53. Стандарттау әдісінің маңызы:
1. Эталон (стандарт) және салыстырмалы екі топтар арасындағы сәйкестікті анықтайды
2.+ Салыстырмалы топтар құрамы айырмашылығының әсерін жалпы көрсеткіштер шамасына әсерін болдырмау
3. Салыстырмалы топтарды зерттеу нәтижесінің айырмашылық дұрыстығын анықтау
4. Уақыт және кеңістік бойынша шамаларды салыстыру
5. Екі бір бірімен байланысы жоқ сандық қатынастар сипатын зерттеу
54. Қандай статистикалық әдіс іріктелген зерттеу жүргізуден алынған нәтижелердің сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді:
1. Корреляция әдісі
2.+ Сенім шекарасын анықтау
3. Стандарттау
4. Нәтижелер айырмашылығының сенімділігін бағалау
5. Регрессия әдісі
55. Белгілер арасындағы байланыс сипаты мен күшін бекіту үшін нені анықтау керек:
1. Орта квадраттық ауытқу
2. Сенім критериі
3. Стандартталған көрсеткіштер
4.+ Корреляция коэффициенті
5. Вариация коэффициенті
56. Құрамы бойынша біртекті емес жиынтықтардан алынған қарқынды көрсеткіштерді салыстыру үшін қолдану керек:
1.+ Алынған көрсеткіштер сенімділігін анықтау
2. Корреляцияны
3. Стандарттауды
4. Регрессияны
5. Вариация коэффициентін
57. Зерттеу нәтижесінің айырмашылық сенімділігін бағалау ненің көмегімен жүргізіледі:
1. Орта шамалардың
2. Салыстырмалы шамалардың
3.+ Стьюдент критериімен
4. Корреляция коэффициентімен
5. Вариация коэффициентімен
58. Динамикалық қатарлар дегеніміз:
1. Рангілік ретпен орналасқан шамасы бойынша бір бірінен ерекшеленетін белгілі бір белгінің сандық мәнінің қатары
2. Әртүрлі белгілердің сандық мәнінің қатары
3.+ Уақыт бойынша қандай да бір құбылыстың өзгерісін сипаттайтын біртекті салыстырмалы шамалар қатары
4. Әртүрлі аймақтардағы зерттеу нәтижелерін сипаттайтын шамалар қатары
5. Жоғарлаушы немесе төмендеуші ретпен өзгеретін шамалардың екі қатары
59. Динамикалық қатарлар деңгейі болуы мүмкін:
1.+ Абсолюттік шамалар
2.+ Орта шамалар
3.+ Салыстырмалы шамалар
4.+ Стандартталған көрсеткіштер
5. Корреляция коэффициенті
60. Динамикалық қатарлардың негізгі көрсеткіштері:
1.+ Динамика
2.+ Абсолюттік өсу
3.+ Өсу темпі
4. Сигмалық ауытқу
5.+ Көрнекті
61. Халықтың жастық құрылымының типін анықтау үшін халық санының келесі жастық топтарын білу қажет:
1. 10 жасқа дейін, 10-29 жас, 30 жас және жоғары
2. 20 жасқа дейін, 20-39 жас, 40 жас және одан жоғары
3.+ 0-14 жас, 15-49 жас, 50 жас және одан жоғары
4. 0-20 жас, 20-60 жас, 60 жас және одан жоғары
5. 0-10 жас, 10-20 жас, 20-30 жас, 30-40 жас, 40-50 жас, 50-60 жас, 60 жас және одан жоғары
62. Өлі туу көрсеткіші қандай шамалар түрлеріне жатады:
1. Қарқынды
2.+ Қатыстық
3. Үлестік
4. Көрнекті
5. Динамика
63. Медициналық статистикада орта шамалардың қандай түрлері қолданылады?
1.+ Мода
2.+ Медиана
3.+ Орта арифметикалық
4. Орта арифметикалық орта қате
5. Орта квадраттық ауытқу
64. Мода қандай варианта болып табылады:
1. Вариациялық қатардың ортасынан орын алады
2.+ Вариациялық қатарда бәрінен жиі кездеседі
3. Вариациялық қатар үшін жалпы шама болып табылады
4. Белгінің әртүрлілігі деңгейін бағалауға мүмкіндік береді
5. Белгінің тұлғалылығын бағалауға мүмкіндік береді
65. медиана қандай варинта түрі:
1.+Вариациялық қатардың ортасында орналасып, оны екі бөлікке бөледі
2. Вариациялық қатарда жиі кездеседі
3. Вариациялық қатар үшін жалпы шама болады
4. Белгінің әртүрлілік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді
5. Белгінің тұлғалылығын бағалауға мүмкіндік береді
66. Қандай көрсеткішті есептеу үшін халықтың орта жылдық санын және тірі туылғандар саны қолданылады:
1. Қарқынды
2.+ Қатыстық
3. Үлестік
4. Көрнекті
5. Динамика
67. 10000 халыққа шаққанда қала халқының ауруханалық көмекпен қамтамасыз етілуі 93,0 құрайды. Бұл қандай көрсеткіш:
1. Үлестік
2. Қарқынды
3.+ Қатыстық көрсеткіш
4. Көрнекті көрсеткіш
5. Динамикалық қатар
68. Динамикалық қатар түрлері:
1.+ Қарапайым және күрделі
2. Вариациялық
3.+ Бір кездік және аралық
4. Біртекті
5. Біртекті емес
69. Қозғалмалы қатардың көрнекті көрсеткіші бұл:
1. Қозғалмалы қатарлар көрсеткіші арасындағы қатынас
2. Құбылыстың абсолюттік өсу шамасы
3.+ Бір 100% негізінде алынған қозғалмалы қатарлар көрсеткішінің қатынасы
4. Әрбір бұрынғы динамикалық қатар көрсеткішінің алдыңғыға пайыздық қатынасы
5. Құбылыстың абсолюттік өсу қатысының алдыңғы құбылыс деңгейіне пайыздық қатынасы
70. Қозғалыс көрсеткіші - бұл:
1. Қозғалмалы қатар көрсеткіштері арасындағы қатынас
2. Құбылыстың абсолюттік өсу шамасы
3. Бір 100% негізінде алынған қозғалмалы қатарлар көрсеткішінің қатынасы
4. + Әрбір бұрынғы динамикалық қатар көрсеткішінің алдыңғыға пайыздық қатынасы
5. Құбылыстың абсолюттік өсу қатысының алдыңғы құбылыс деңгейіне пайыздық қатынасы
71. Құбылыстың табиғи өсу көрсеткіші бұл:
1. Қозғалмалы қатар көрсеткіштері арасындағы қатынас
2. Құбылыстың абсолюттік өсу шамасы
3. Бір 100% негізінде алынған қозғалмалы қатарлар көрсеткішінің қатынасы
4. Әрбір бұрынғы динамикалық қатар көрсеткішінің алдыңғыға пайыздық қатынасы
5. + Құбылыстың абсолюттік өсу қатысының алдыңғы құбылыс деңгейіне пайыздық қатынасы
72. Абсолюттік өсу нені есептеу үшін қажет:
1.+ Көрнекті көрсеткіш
2. Қозғалыс көрсеткіш
3. Құбылыстың өсу темпі көрсеткіші
4. Салыстырмалы шамалар
5. Орта шама
73. Қарапайым динмаикалық қатарда қандай шамалар қолданылады:
1. Салыстырмалы
2. Орта
3.+ Абсолюттік
4. Стандартталған
5. Альтернативті
74. Күрделі динамикалық қатарда қандай шамалар қолданылады:
1. +Салыстырмалы
2. + Орта
3. Абсолюттік
4. Стандартталған
5. Альтернативті
75. Статистикалық жиынтық бұл:
1. Белгілер тобы
2. Құбылыс көрсеткішінің тобы
3. Бақылау бірлігінің тобы
4. +Белгілі бір кеңістікте және уақытта алынған біртекті элементтер тобы
5. Біртекті емес бақылау бірлігінің тобы
76. Медициналық статистиканың негізгі бөлімдері:
1.+ Аурушылдық статистикасы, демографиялық статистика
2. Халық денсаулығы статистикасы, денсаулық сақтау статистикасы
3. Медициналық мекемелер жұмысы статистикасы, демографиялық статистика
4. Аурушылдық статистикасы, халықтың мамандармен қамтамасыз етілу статистикасы
5. Денсаулық сақтау статистикасы, демографиялық статистика
77. Медициналық статистика саласына не қатысты...
А. + Халық денсаулығын түгелдей және оның жекелеген топтарының жағдайын зерттеу.
Б. + Сыртқы ортаның түрлі жағдайларымен халықтың аурулығын және өлімнің байланыстарын анықтау және енгізу.
В. Аурулардың алдын алу және емдеу.
Г. + Жаңа медициналық препараттардың биологиялық организмдерге және әлеуметтік ұжымдарға әсерінің тиімділігін бағалау.
Д. + Емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және бағалауға атсалысу.
78. Статистикалық зерттеудің объектісі деген...
А. Бақылау саны.
Б. Атрибутивтік белгілер.
В. Сандық белгілер
Г. + Статистикалық жиынтық.
Д. Факторлық және нәтижелік белгілер.
79. Жалпы статистикалық жиынтық деген не?
1. Көп санды бақылау бірлігінен тұратын жиынтық.
2. Негізгі және ең маңызды белгі бойынша алынған жиынтық, бақылау бірлігінен тұратын жиынтық.
3. + Зерттеу мақсатына қатысы бар деуге болатын барлық бақылау бірлігінен тұратын жиынтық.
4. Зерттелетін құбылыстың жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіншілік беретін мөлшердегі жиынтық.
5. Статистикалық шама.
80. Статистикалық жиынтықты бақылау бірлігін талдау пәні:
1. Факторлық белгілер
2.+ Тіркеу белгілері
3. Атрибутивтік белгілер
4. Нәтижелік белгілер
5. Абсолюттік шамалар
81. Іріктелген жиынтық – бұл:
1.+ Іріктеу әдісін қолдану арқылы қалыптасқан жиынтық
2. Зерттелетін белгінің көлемін ескеру арқылы қалыптасқан жалпы жиынтықтың әртүрлілігі
3. Бірнеше жиынтықтың қандай да бір белгісі бойынша іріктелген жиынтық
4.+ Жалпы жиынтықты сипаттау үшін қызмет ететін және арнайы әдіспен іріктелген жалпы жиынтықтың бөлігі
5. Барлық жиынтықты құрайтын біріншілік элементтер
82. Статистикалық жиынтықта бақылау бірліктері қандай белгілер бойынша біріктіледі?
1. Факторлық белгілер.
2. Сандық белгілер
3. Атрибутивті белгілер
4. Нәтижелік белгілер
5.+ Ұқсастық белгілер
83. Статистикалық жиынтықтың біріншілік элементі - бұл:
1. Абсолюттік шама
2. Салыстырмалы шама
3. Атрибутивті белгілер
4.+ Бақылау бірлігі
5. Статистикалық шама
84. Сипаты бойынша тіркеу белгілері қалай жіктеледі?
1. Атрибутивті және факторлық.
2. Факторлық және сандық.
3. + Атрибутивтік және сандық.
4. Нәтижелік және факторлық.
5. Маңызды және маңыссыз
85. Өзара байланысы бойынша тіркеу белгілері қалай жіктеледі?
1. Атрибутивті және факторлық
2. Факторлық және сандық.
3. Атрибутивті және сандық.
4. + Факторлық және нәтижелік.
5. Маңызды және маңыссыз.
86. Тұлғалық маңыз (репрезентативтік) деген?
1. Зерттеу объектісін сипаттау үшін алынған белгілердің зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сай болуы.
2. Іріктелген жиынтықтың жеткілікті көлемі.
3. Статистикалық жиынтық элементтерінің жалпы қасиеттерін көрсететін белгілердің жеткілікті саны.
4. + Объектіні тұтас сипаттау үшін арнайы әдіспен іріктелініп алынған статистикалық зерттеу объектісі бөлігінің сапалық және сандық жағынан өкілеттілігі.
5. Жалпы жиынтықтың сапалық біркелкілігі.
87. Статистикалық жиынтық қалай қалыптастырылады?
1. Толық қамтылуы бойынша.
2. Бақылау мерзімі бойынша.
3. + Қамтылу, бақылау мерзімі, бақылау әдісі бойынша.
4. Топтастыру түрлері және әдістері бойынша.
5. Таңдау әдістері, бақылау мерзімі және қамту бойынша.
88. Статистикалық зерттеу неден басталады?
1. Зерттеу бағдарламасын құрастырудан,
2. Зерттеу жоспарын құрастырудан.
3. + Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан.
4. Бақылау белгілерін белгілеуден.
5. Бақылау объектісін белгілеуден.
89. Жеткілікті бақылау санын жинау мүмкіндік береді
1. Кездейсоқ ауытқуды жою.
2. Негізгі заңдылықтарды анықтау.
3. Статистикалық жиынтықтың сапалық сипаттамасын беру мүмкіншілігі.
4. Статистикалық жиынтықтың сапалық сипаттамасын дұрыс беру мүмкіншілігі.
5. + Зерттеу нәтижелерінің нақтылығын жоғарлату.
90. Бақылау бірлігін таңдау немен анықталады?
1. Талдау бағдарламасымен
2. + Зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен.
3. Өңдеу бағдарламасымен.
4. Жиынтықтың көлемімен.
5. Статистикалық зерттеудің түрімен
91. Мәліметтерді жинау бағдарламасы деген...
1. Тіркеу белгілерінің топтасуы.
2. Мәліметті жинау әдісінің нұсқауы.
3. Жекелеген сатылар мен операциялар бойынша жұмыс мерзімдері. Статистикалық құжат.
4. + Тіркеуге алынатын белгілердің тізбесі бар біріншілік статистикалық құжат.
5. Бақылау бірлігінің атауы және орындалатын жұмыстың көлемі.
92. Мәліметтерді өңдеу бағдарламасы деген...
1. Бақылау объектісін анықтау.
2. Бақылау бірлігін анықтау.
3. + Статистикалық кестелердің нұсқасын жасау.
4. Жекелеген сатылар мен операциялар бойынша жұмыс мерзімдері.
5. Статистикалық кестелерді толтыру ретін белгілеу.
93. Белгілерді бойынша топтастыру қандай мақсатты көздейді...
1. Зерттелетін құбылыстың заңдылықтарын анықтау, сапа жағынан біркелкі топтарды бөлу.
2. + Зерттелетін құбылыста кездесетін заңдылықтарды анықтау үшін сапа жағынан біркелкі топтарды бөлу.
3. Мәліметтерді жинауды және өңдеуді жеңілдету.
4. Статистикалық кестелердің нұсқасын құрастыруды жеңілдету.
5. Әртүрлі белгілерді біріктіру мақсатымен.
94. Тіркелетін белгілердің сипатына байланысты топтастырудың қандай түрлерін ажыратады...
1. Атрибутивтік және сандық.
2. Сандық және сапалық.
3. Типтік және факторлық.
4. + Типтік және вариациялық (өзгерушілік).
5. Вариациялық және атрибутивтік.
95. Статистикалық зерттеу жоспары нені қарастырады?
1. Зерттеу объектісін белгілеу.
2. Зерттеу объектісін қалыптастыру тәсілдері.
3. Статистикалық мәліметтерді талдау әдістері. Жиынтықты қалыптастыру әдістері мен түрлерін белгілеу.
4. + Зерттеу объектісін, зерттеу мерзімін және статистикалық жиынтықты қалыптастыру әдістері мен түрлерін белгілеу.
5. Орындалатын жұмыстың көлемін және жүргізілетін орнын белгілеу.
96. Типтік топтастыру деген?
1. + Сипаттау арқылы, сөзбен айтылатын белгілер бойынша топтастыру
2. Санмен жазылатын белгілер бойынша топтастыр
3. Факторлық және нәтижелік белгілер бойынша топтастыр
4. Бақылау бірлігінің белгілері бойынша топтастыру
5. Маңызды және маңыссыз белгілер бойынша топтастыру
97. Вариациялық топтастыру деген...
1. Сөзбен сипатталатын белгілер бойынша топтастыру.
2.+ Сандық сипаты бар, белгілер бойынша топтастыру
3. Факторлық және нәтижелік белгілер бойынша топтастыру.
4. Бақылау бірлігінің белгілері бойынша топтастыру,
5. Маңызды және маңыссыз белгілер бойынша топтастыру.
98. Статистикалық зерттеулерде кестелердің мынадай түрлері пайдаланылады?
1. Жай, күрделі, топтық.
2. Топтық қисындастырылған.
3. Сандық, қисындастырылған.
4. + Жай, топтастық, қисындастырылған.
5. Бір, екі, үш, бөлшектік.
99. Жай кесте деген не?
1. + Бір белгі бойынша мәліметтерді санау нәтижесі
2. Түрлі топтастырулардың белгілер бойынша біріктіру
3. Зерттелінген белгілер туралы жалпы міліметтер
4. Факторлық белгі бойынша жинақтау
5. Нәтижелік белгі бойынша жинақтау
100. Топтастық кесте нені сипаттайды?
1. + Екі және одан жоғары өзара байланыспаған белгілер бойынша топтасқан мәліметтер жинағы
2. Екі сандық белгі бойынша таралу
3. Екі және одан көп факторлық белгілер бойынша жинақтау
4. Екі және одан көп сапалық белгілер бойынша жинақтау
5. Үш және одан көп өзара байланысқан белгілердің таралуы
101. Қисындастырылған кесте нені көрсетеді?
1. Екі және одан да көп белгілер бойынша таралу
2. Үш және одан да көп бір-бірімен байланысы жоқ белгілер туралы мәліметтер
3. + Үш және одан жоғары өзара байланысқан белгілер туралы мәліметтер жинағы
4. Сапалық және сандық белгілер бойынша таралу
5. Факторлық және нәтижелік белгілері бойынша таралу
102. Статистикалық зерттеудің бірініші кезеңіне кіреді:
1.+ Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін белгілеу.
2.+ Бақылау бірлігін анықтау.
3.+ Зерттеу объектісін белгілеу.
4. Құжаттарды тексеру.
5.+ Зерттеу жоспарын жасау.
103. Статистикалық зерттеудің екінші кезеңіне мынау кіреді
1.+ Тікелей тіркеу
2. +Мәліметтерді көшіріп алу
3. +Анкета арқылы немесе ауызша сұрау жүргізу
4. +Тіркеу құжаттарын толтыру
5. Мәліметтерді статистикалық талдау
104. Статистикалық зерттеудің үшінші кезеңіне мынау кіреді
1. +Жиналған мәліметтерді тексеру.
2. +Құжаттарды белгілеу және топтар бойынша бөлу.
3. +Құжаттарды санау және топтар бойынша толтыру.
4. +Көрсеткіштерді есептеу және графикалық бейнелеу.
5. Мәліметтерді жинау бағдарламасын жасау.
105. Статистикалық зерттеудің төртінші кезеңіне кіреді
1+ Нәтижелерді біріктіру
2. +Мәліметтерді әдеби түрде үйлестіру
3. Статистикалық кестелер нұсқасын жасау
4. +Анықталған заңдылықтарды сапалық тұрғыдан бағалау
5. +Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу туралы ұсыныстар жасау
106. Статистикалық зерттеудің мақсаты мен міндеттерінің анықтағаннан кейінгі әрекет түрі:
1. Мәліметтерді жинау
2. Кестелер нұсқасын жасау
3. + Зерттеу жоспарын және бағдарламасын жасау
4. Мәліметтерді өңдеу және жинақтау
5. Нәтижелерді талдау
107. Статистикада шамалардың мынадай түрлері қолданылады:
1. Нақты, нақты емес, қатыстық.
2. + Абсалюттік, қатыстық, орта.
3. Жалпы, іріктелген, орта.
4. Абсалюттік, салыстырмалы, кіші.
5. Орта, абсалюттік, орта.
108. Құбылыстың жиілігін сипаттайтын көрсеткіш
1. Арақатынас.
2. Үлестік.
3. + Қарқынды.
4. Көрнекілік.
5. Динамикалық қатардың көрсеткіштері.
109. Үлестік көрсеткіштерді не үшін пайдаланады?
1. Салыстырмалы топтардың айырмашылығын көрнекті түрде көрсету
2. Біркелкі салыстырмалы шамалардан тұратын қатарға сипаттама беру
3. + Бүтіндегі бөлшектің үлесін көрсету
4. Құбылыстың жиілігі туралы талдау
5. Құбылыстың өзгеруін көрсету
110. Көрнекілік көрсеткішті есептеу үшін мынадай мәліметтер қолданады
1. Абсолюттік шамалар арқылы.
2. Қатыстық шамалар арқылы.
3. Орта шамалар арқылы.
4. Динамикалық қатардың көрсеткіштері арқылы (көрсеткіштерден басқа)
5. + Кез-келген шамаларды пайдалану арқылы (үлестік көрсеткіштерден басқа)
111. Төменде қандай көрсеткіштің есептелінуі берілген: 15400 тіркелген сырқаттану жағдайы х 1000/27300 тұрғындар саны = 700 0/00
1. Үлестік
2. + Қарқынды
3. Арақатынас
4. Көрнекілік
5. Динамикалық қатардың көрсеткіштері
112. Келесі мәліметтерді пайдаланып қандай көрсеткіштерді есептеуге болады: бір жыл ішінде 11055 ауруға шалдығу тіркелген оның ішінде 4466 жағдай ер адамдар арасында, ал әйелдер арасында – 6589.
1.+ Үлестік
2. Қарқынды
3. Қатыстық
4. Көрнекті
5. Динамикалық қатарлар көрсеткіші
113. Келесі мәліметтерді пайдаланып қандай көрсеткішті есептеуге болады: қала тұрғындарының саны 887000, стомотолог дәрігерлер саны – 278, тіс дәрігерлерінің саны – 520.
1. Қарқынды
2. Үлестік
3. + Арақатынас
4. Көрнекілік
5. Динамикалық қатардың көрсеткіштері
114. Келесі мәліметтерді пайдаланып қандай көрсеткішті есептеуге болады: профилактикалық тексеруден өткендер саны – 4200 адам, оның ішінде тіс желінуі – 1570-інде
1. Үлестік
2.+ Қарқынды
3. Қатыстық
4. Көрнекті
5. Динамикалық қатардың көрсеткіштері
115. 1000/31550=384,79 * тіркелген ауру жағдайы 12240. Қандай көрсеткішті есептеуге болады:
1. Үлестік
2. +Қарқынды
3. Қатыстық
4. Көрнекті
5. Динамикалық қатардың көрсеткіштері
116. Зерттелетін құбылыстың құрамын сипаттайты:
1.+ Үлестік
2. Қарқынды
3. Қатыстық
4. Көрнекті
5. Динамикалық қатардың көрсеткіштері
117. Үлестік көрсеткіш қалай есептеледі?
1. Белгілі құбылыстың мөлшерін беретін санның барлық жиынтықтың мөлшеріне қатынасы.
2. + Құбылыс бөлшегінің бүтін құбылысқа пайызды қатынасы.
3. Сандар қатарының 100%-ке тең деп алғандағы біреуіне қатынасы
4. Әрбір келесі санның абсалюттік деңгейінің алдыңғысына пайызбен алғандағы қатысы
5. Әрбір келесі қатыстық шаманың келесі шамаға пайыздық қатынасы.
118. Көрнекілік көрсеткіш есептелінеді
1. Берілген құбылыстың мөлшерін көрсететін санның барлық жиынтық мөлшеріне қатынасы.
2. Құбылыс бөлшегінің бүтін құбылысқа қатынасы тең деп ішіндегі біреуіне қатынасы.
3. + Салыстырмалы біркелкі шамалар қатарының біреуін 100%-ға тең деп ішіндегі біреуіне қатынасы.
4. Әрбір келесі санның абсалюттік деңгейінің алдыңғысында процентпен алғандағы қатысы.
5. Әрбір келесі қатыстық шаманың алдыңғысында проценттік қатынасы.
119. Ара қатыстық көрсеткіш деген:
1. Құбылыстың уақыт аралығындағы өзгеруі
2. Бүтіннің бөлшектерге таралу жиілігі
3.+ Берілген ортамен тікелей байланысты құбылыстың сол ортадағы таралу жиілігі
4. Берліген ортамен байланысы жоқ құбылыстың сол ортадағы сипаты
5. Көлемі жағынан әртүрлі, бірақ сапасы біркелкі шамалар қатарын салыстыру
120. Қарқынды көрсеткіш деген:
1. Құбылыстың уақыт аралығындағы өзгеруі
2. Бүтіннің бөлшектерге таралу жиілігі
3. Берілген ортамен тікелей байланысты құбылыстың сол ортадағы таралу жиілігі
4. Берліген ортамен байланысы жоқ құбылыстың сол ортадағы сипаты
5. +Көлемі жағынан әртүрлі, бірақ сапасы біркелкі шамалар қатарын салыстыру
121. Үлестік көрсеткіш деген:
1. Құбылыстың уақыт арасындағы өзгеруі
2.+ Бүтіннің бөлшектерге таралуы
3. Берілген ортамен тікелей байланысты құбылыстың сол ортадағы жиілігі
4. Берілген ортамен тікелей байланысы жоқ құбылыстың сол ортадағы сипаты
5. Біркелкі шамаларды ішіндегі біреумен салыстыру
122. Үлестік көрсеткіштер мынадай диаграммалар түрлерімен бейнеленеді:
1. Сызықтық
2. Радиалды
3. Бағаналық
4. + Секторлық
5. Қандай да болсын
123. Диаграмманың қандай түрімен тұйық уақыт цикліндегі құбылыстың өзгеруін бейнелеуге болады?
1. Сызықтық
2.+ Радиалды
3. Бағаналық
4. Секторлық
5. Қандай да болсын
124. Шамалардың қандай түрлері графикамен бейнеленеді?
1. Қарқынды және үлестік көрсеткіштер
2. Абсолюттік және көрнекілік көрсеткіштер
3. Үлестік және арақатынас көрсеткіштері
4. Абсолюттік және қарқынды көрсеткіштер
5.+ Кез келген шамалар
125. Варианта (v) деген?
1. Вариациялық қатарды құратын сан
2. Жай вариациялық қатардың саны
3. Топтастырылғын вариациялық қатардың саны
4. + Зерттелетін белгінің сандық мәні
5. Вариациялық қатардың сандық мәні
126. Жиіліктің анықтамасын беріңіз:
1.+ Әрбір вариантаның кездесу жиілігі
2. Вариациялық қатардағы варианттар санын көрсететін жиілік
3. Жай вариациялық қатардың жиілігі
4. Топтастырылған вариациялық қатардағы топтар санын көрсететін жиілік
5. Белгінің әртүрлілігін көрсететін жиілік
127. Орта шама деген:
1. Жиынтықтағы белгінің типтік деңгейін көрсететін шама
2. Статистикалық жиынтықтың жалпы қасиеттерін көрсететін шама мөлшерін көрсететін сан
3.+ Статистикалық жиынтықтағы зерттелетін белгінің жалпы мөлшерін көрсететін сан
4. Біркелкі жиынтықтың бірлігіне есептелгендегі белгінің шамасы
5. белгінің орташа сипаттамасын беретін шама
128. Дұрыстықты бағалау мүмкіндік береді:
1. Зерттеу нәтижелері жиытықтың сандық тұлғалық маңызын сипаттайды
2. Берілген жиынтықтың зерттеу нәтижелерін болжау мүмкіншілігін анықтау
3. Зерттелетін жиынтықтан алынған нәтижелерді барлық жалпы жиынтыққа таратуға болатындығы
4. Алынған нәтижелер жиынтықтың белгілерінің әртүрлілігін сипаттайды, жиынтыққа таратудың қатесіз болжау мүмкіншілігін анықтау
5. + Іріктелген жиынтықты зерттегенде алынған нәтижелерді жалпы жиынтыққа таратудың қатесіз болжау мүмкіндігін анықтау.
129. Шаманың дұрыстығының өлшемі не?
1. Орта шама
2. Медиана
3.+ Нақтылық критериі σ
4. Қатардың амплитудасы
5. Вариация коеффициенті
130. Орта квадраттық ауытқу (σ) нені сипаттайды
1. Зерттелетін құбылыстың жиілігін көрсетеді
2.+ Зерттелетін белгінің әртүрлілігі туралы түсінік береді
3. Қатардың амплитудасын есептеуге мүмкіншілік береді
4. Вариациялық қатардың дұрыстығын көрсетеді
5. Оның көмегімен кезеңдік әдіс арқылы орта арифметикалық шаманы есептеуге болады
131. Сенім коеффициенті (t) деген:
1. Іріктелген жиынтық нәтижелерінің жалпы жиынтық нәтижелерінен айырмашылығын көрсететін шама нәтижелердің шектерін анықтау үшін орта қателердің шамасы көбейтілген сан.
2. + Қатесіз болжау мүмкіншілігі мен жалпы жиынтықтағы нәтижелердің тербелу шектерін анықтау үшін орта қателердің шамасы көбейтілген сан.
3. Есептелген орта немесе қатыстық шамадан алып тастайтын сан.
4. Жалпы жиынтықтағы орта немесе қатыстық шаманың ауытқуының шегін сипаттайтын сан.
5. Іріктелген жиынтықтағы қате мөлшерін көресетін шама.
132. tm- нені білдіреді?
1. Сәйкестік критериін
2. + Сенім шегін
3. Сенім критериін
4. Орта шаманың шегі
5. Қатыстық шаманың шегі
133. Қатесіз болжау мүмкіншілігі тәуелді:
1. + Сенім шегінің шамасына
2. Орта және қатыстық шамаларға
3. Орта шама қателеріне
4. Қатыстық шама қателеріне
5. Сәйкестік критериіне
134. Медициналық - әлеуметтік зерттеуде қандай қатесіз болжамдау мүмкіншілігінің мәні жиі қолданылады:
1. 35%.
2. 55%.
3. 75%.
4.+ 95%.
5. 99%.
135. Қандай қатесіз болжамдау мүмкіншілігінің деңгейі n>30 болғанда t=3 критериіне тең болады.
1. 35%.
2. 55%.
3. 75%.
4. 95%.
5.+ 99%.
136. t айырм – нің қандай төменгі мәнінде екі салыстырылатын шамалардың (орта немесе қатыстық) арасында айтарлықтай айырмашылық бар деп есептеледі:
1. 1
2. 1,5
3. +2
4. 2,5
5. 3
137. Екі балалар ауруханасында орташа емделу ұзақтығы есептелгенде мынадай мәліметтер алынады:
А ауруханасында М1=18,2 күнге (mM1=1,1 күнге);
Б ауруханасында М2=16,7 күнге (mM2 =0,9 күнге).
Осы есепті шығарғанда нені анықтаймыз?
1. Сенім шегін
2. Нақтылық критериін
3.+ Орта шамалардың айырмашылығының нақтылығы
4. Салыстырмалы өлшемдердің айырмашылығының нақтылығы
5. Шамалардың екі қатесінің айырмашылығының нақтылығы
138. Егер іріктелген зерттеу жүргізгенде екі салыстырылатын орта немесе қатыстық көрсеткіштердің айырмашылығы нақты болмаса, онда:
1. Нақтылықты бағалаудың басқа әдістерін қолдану керек
2. + Бақылау санын көбейту керек
3. Шамалардың басқа түрлерін қолдану қажет
4. Жалпы жиынтықты зерттеу керек
5. Нәтижелерді соңғы деп есептеу керек
139. Тіркеу белгісі – бұл:
1. Сандық мәнді білдіретін белгі
2.+ Статистикалық жиынтыққа бақылау бірлігі кіретін белгі
3. Типтік белгі
4. Факторлық белгі
5. Вариациялық белгі
140. Стандартталған көрсеткіш сипаттайды:
1. Белгілер арасындағы байланыс
2. Құбылыс мөлшері
3. Белгінің үлестік салмағы
4.+ Құбылыстың шынайы мөлшері ғана емес, көрсеткіштің қатынасы
5. Белгілердің әртүрлілігі
141. Стандартталған көрсеткіштер қолданылады:
1. Құбылыстың жиілігін анықтау үшін
2. Құбылыс көлемін анықтау үшін
3. Құбылыс құрылымын зерттеу үшін
4.+ Салыстыру мақсатында
5. Белгілер арасындағы байланысты есептеу үшін
142. Статистикадағы құбылыстар арасындағы байланыс түрлері:
1. Логикалық
2.+ Функциональдық.
3.+ Корреляциялық
4. Себептік
5. Арнайы
143. Белгілер арасындағы функционалдық байланыс - бұл:
1.+ Бір құбылыс белгісінің байланысы, екінші бір құбылыс белгісінің мәніне сәйкес келеді
2. Зерттелетін құбылыс белгісі арасындағы тікелей байланыс
3. Зерттелетін құбылыс белгісі арасындағы кері байланыс
4. Зерттелетін құбылыс белгісі арасындағы логикалық байланыс
5. Бір белгі шамасының байланысы келесі бір белгінің түрленген мәніне сәйкес келеді
144. Корреляциялық байланыс – бұл:
1. Бір құбылыстың белгісінің байланысы, екінші бір құбылыс белгісінің мәніне сәйкес келеді
2. Зерттелетін құбылыс белгісі арасындағы тікелей байланыс
3. Зерттелетін құбылыс белгісі арасындағы кері байланыс
4. Зерттелетін құбылыс белгісі арасындағы логикалық байланыс
5. +Бір белгі шамасының байланысы келесі бір белгінің түрленген мәніне сәйкес келеді
145. Статистикалық зерттеудің қандай сатысында тіркеу құжаты ретінде сауалнама құрастырылады:
1. Статиткалық зерттеудің жоспарын құру кезінде
2.+ Статиткалық зерттеудің бағдарламасын құру кезінде
3. Статистикалық зерттеудің 2- ші кезеңінде
4. Стаистикалық мәліметтерді топтастыру және өңдеу кезінде
5. Статистикалық зерттеудің 4- ші кезеңінде
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 319 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
Устойчивы к ультрафиолетовому облучению и высокой температуре | | | Если сумма чистых инвестиций составляет отрицательную величину, то это означает |