Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АПГАР шкаласы бойынша баға беру

Читайте также:
  1. B) Бине-Симонның ақыл-ой дамуының шкаласы
  2. B) Жұмыссыздық бойынша пособия.
  3. B) Ресурстарға бағаның өсуі кезінде.
  4. C) Сатып алушылардың белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды сатып алу қабілеттілігі.
  5. E) Еркін баға қалыптастыру.
  6. E) меншікті арзан бағамен сатып алу.
  7. E) сатылым сипаты бойынша.
  8. G) Баға деңгейінің 1 пайызға төмендеуіне қатысты ұсыныс мөлшерінің өзгеруі.
  9. азақстан құқығы пәні бойынша емтихан сұрақтары.
  10. АПГАР ШКАЛАСЫ

Балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

ОСКЭ станциясы

Өкпенің аускультациясы (14 жас)

Тапсырма: Өкпенің аускультациясын жүргізіп оған қорытынды жасаңыз.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
1. Алдыңғы жағынан симметриялық түрде аускультация жүргізу Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Науқастың (маникеннің) алдыңғы оң жағынан тұруы керек. Аускультацияны жүргізу: 1) өкпенің ұшының аумағынан оңға, солға; ортанғы бұғана сызығы бойымен: 2) екінші қабырға аралық аумағынан оңға, солға; 3) үшінші қабырға аралық аумағынан оңға, солға; 4) төртінші қабырға аралық аумағынан оңға; 5) бесінші қабырға аралық аумағынан оңға; 6) алтыншы қабырға аралық аумағынан оңға;
2. Бүйір аймақтардың симметриялық бөлімдерін де аускультацияны жүргізу   Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Алдыңғы аускультациядағыдай (дәрігерге ыңғайлы болу үшін, аздап сол жаққа жылжуға рұқсат етіледі). Қолтық асты ортаңғы сызығы бойымен аускультацияны жүргізу: 1) алтыншы қабырға деңгейі оңға, солға; 2) жетінші қабырға деңгейі оңға, солға;
  Арқа жағынан, симметриялы түрде аускультация жүргізу Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Науқастың (манекеннің) арқасының сол жағынан тұруы керек. Аускультацияны жүргізу: 1) жауырын үсті аймағынан солға, оңға; паравертебральді сызық бойы мен(омыртқа жотасы маңынан) жауырын аралық аймағынан: 2) үшінші қабырға деңгейі солға, оңға; 3) бесінші қабырға деңгейі солға, оңға; жауырын астының аймақтан жауырын сызығы бойымен: 4) жетінші қабырға деңгейі солға, оңға; 5) сегізінші қабырға деңгейі солға, оңға;
4. «Еркін» аускультация жүргізу Классикалық түрден тыс «еркін» аускультация жүргізу (мақсаты: қосымша тыныстың шуларды нақты, дәлірек анықтау).
5. Тыныс алу жиілігін есептеу   Фонедоскопты тыныс шу аймағына қойып 1 минуттағы тыныс алу жиілігін есептеу. Алынған нәтижені айту.
6. Тынысты анықтап, оған сипаттама беру Талдау жасау: Өкпенің барлық аймақтарында әлсіз (немесе везикулярлы) тыныс.
7. Шуларды анықтап, оған сипаттама беру Талдау жасау: Өқпенің барлық аймақтарында құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі (немесе сырылдар жоқ).
8. Қорытынды жасау Бронхообструктивті синдромның аускультативті көрінісі (сау өкпелердің аускультативті көрінісі)

 

 

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

ОСКЭ Станциясы

АПГАР шкаласы бойынша баға беру

Тапсырма: АПГАР шкаласы бойынша нәрестенің өмірінің алғашқы минутындағы жалпы жағдайын бағалап және қорытынды жасаңыз.

 

Кезеңдері Іс әрекеттердің реттілігі
1. Баланы жылы жөргекке орап алу. Құрғақ, жылы орағышқа нәрестені орау
2. Баланың денесін құрғатып сүртіп, ылғалды жөргегін құрғақ жөргекке ауыстыру. Осы орағышпен баланы кептіріп, құрғақ орағышқа жатқызу
3. Балаға жылы бас киім және шұлық кигізу. Балаға жылы бас киім мен шұлықты кигізу
4. Тері жамылғысының түсіне баға беру. Табиғи жарықта баланың тұлғасы, кеуде қуысы қызғылт болу керек
5. Жүректің жиырылу жиілігін анықтау. Стетоскоптың көмегімен кеуде клеткасында орналасқан жүректің классикалық нүктелерінде немесе эпигастри аймағындағы 6 секундтағы жүрек соғысы жиілігін анықтады, нәтижесін 10 –ға көбейтті. Жүректің соғу жиілігі – минутына 100 реттен артық болу керек.
6. Тыныс алу жиілігін анықтау. Кеуде экскурсиясын санаған кезде. Қалыпты жағдайда 40-60 рет минутына тыныс алу болу керек
7. Рефлекторлық қозғыштыққа баға беру. Дәрігердің қарау кезіндегі оның дауысына, жанасуына, түрлі дыбыстарға, жарыққа, қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне байланысты нәрестеде пайда болған реакциясын және бет әлпетіне байланысты рефлекторлық қозғыштықты анықтады. Қалыпты жағдайда айғайы айқын. Мұрын қуысын тітіркендіргенде түшкіру және жөтелу реакциялары байқалады.
8. Бұлшықеттер тонусын анықтау. Баланың жатысы бойынша, қалыпты жағдайда жатысы флексия позасында (эмбрион позасында)
9. АПГАР шкаласы бойынша баға беру және қорытынды жасау. 8-10 балл –дені сау бала 7 балл – белсенділігі төмендеген, әр 5 минут сайын қосымша Апгар межесімен бағалау, өмірінің алғашқы 20 минутында 4-6 балл- орташа ауырлықтағы асфиксия. 5 минуттан кейін дені сау балаға тән белгілер байқалады. 0-3 балл- ауыр дәрежедегі асфиксия. Нәрестені тірілту шаралары мен интенсивті емдеу жүргізу көрсеткіш.

 




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 84 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав