|
31. Лингвистикалық талдау тәсілдері. Жеткізу өрісі және мазмұн өрісі. Таңбалар және символдар. Форма және субстанция. Вариант және инвариант. Глоссематикадағы лингвистикалық талдаулардың түрлері мен амалдары.
32. Дескриптивтік лингвистика (америка структурализмі). Тіл туралы постулаттар жиынтығы. Дистрибуция модельдері. Б. Блок, Г. Трейгер, Ч. Хоккет, З. Хэррис. Тіл қабаттары жүйесі туралы түсінік. Аллофондар және алломорфтар. Қос бөлшектер (ҚБ) талдауы. Трансформациялық талдау (ТТ). Трансформация-генеративтік грамматика: Н. Хомский, Р. Лиз. Тілдік мағынаға қатысты позиция, даму жолдары. Туындау механизмінің негізгі түрлері.
33. Франция функционалдық мектебі: А. Мартине. Лингвистикалық структурализм мен функционализмнің жетістіктері және кемшіліктеріне сын. Лондон лингвистикалық мектебі.Лондон мектебі өкілдерінің (Дж. Ферс) еңбектеріндегі тіл табиғаты туралы түсініктер. Дж. Ферс және Б. Малиновскийдің тұлғаның тілмен байланысы туралы идеялары. Мағына мәселесі және оның лингвистикалық талдаудағы орны. В. Аллен және М. Холлидей еңбектеріндегі тіл құрылымы мәселесі.
34. Ресей тіл білімі. Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы: Л.В. Щерба, Л.П. Якубинский, П.С. Кузнецов, В.В. Виноградов, С.Г. Бархударов, Б.А. Ларин, Н.Ю. Шведова және т.б. Тілді зерттеу және оның мәдениетке, халық психологиясы мен мифологияға қатысы (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, А.Н. Афанасев) және И. Смирницкий еңбектеріндегі сөз туралы ілім.
35. Әлеуметтік лингвистика туралы идеялар. Әлеуметтік лингвистика туралы идеялардың М.Н. Петерсон, Р.О. Шор, Е.Д. Поливанов еңбектеріндегі көрінісі. Глотогендік үдерістер туралы.
36. Н.Я. Марр және оның ілімі. И.И. Мещанинов – синтаксистік типология туралы. Фонема туралы тартыстар. Структурализм туралы түрлі көзқарастар. Қазіргі орыс тіл біліміндегі функционалдық багыт.
37. Қазақстан тіл білімі. Қазақ тіл білімі – жалпы түркітанудің құрамдас бөлігі (Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, А. Құрышжанов және т.б.).
38. Қазақ тіл білімі туралы ілім (А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ы. Маманов, Н. Сауранбаев, Ғ. Мүсаев, М. Балақаев, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова және т.б.).
39. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың жалпы лингвистикалық ілімдері. Қазақ графикасы мөселелері: А. Байтұрыснов, Қ. Жұбанов, А.С. Аманжолов, Е. Омаров, Х. Досмұхамедов және т.б.
40. Әулет – тілдердің макроәулеті. Жалғамалы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Қопармалы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Даралаушы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Полисинтетикалық тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Орыс тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы.
41. Тілдің дамуы. Конвергенция және дивергенция үрдістері. Қазақ тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы. Ағылшын тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы. Қазақ және орыс тілдерінің генетикалық сипаттамасы. Қазақ және орыс тілдерінің типологиялық сипаттамасы. Орыс және ағылшын тілдерінің генетикалық сипаттамасы. Орыс және ағылшын тілдерінің типологиялық сипаттамасы.
42. Тіл білімінің әдіс-тәсілдері. Лингвистикалық зерттеудің әдістері. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Сипаттамалы әдіс. Салғастырмалы әдіс. Компоненттік талдау. Семантикалық талдау әдісі. Ассоциативтік эксперимент.
43. Фонетикалық жүйе туралы түсінік. Фонетиканың пәні мен міндеттері. Антропофоника және фонология. Теориялық, практикалық және эксперименталды фонетика. Контрастивтік фонетика. Тарихи фонетика.
44. Фонема туралы түсінік. Дыбыс және фонема. Фонеманың перцептивтік және сигнификативтік қызметі. Фонеманың дифференциалдық және интегралдық белгілері. Фонема реңктері (аллофондар).
45. Сөз – лексикология пәні. Тілдегі сөздердің типтері. Сөз және морфема. Лексикологияның бөлімдері: семасиология, ономасиология, этимология, лексикография. Фразеология. Сөздердің еркін және тұрақты тіркестері. Фразеологиялық бірліктердің семантикалық тұтастығы және құрылысы тұрғысынан жіктелуі.
46. Сөз тіркесі және сөйлем. Сөз тіркесі және оларға тән белгілер. Сөйлем және оларға тән белгілер. Жай сөйлем. Жай сөйлемдер құрамындағы синтагмалар.
47. Тілдің сөздік құрамының стилистикалық тұрғыдан жіктелуі. Стилистикалық бейтарап сөздер. Кітаби лексика. Ауызекі және жалпыхалықтық лексика. Әдеби тіл лексикасы және диалектілік лексика. Түрлі әлеуметтік топтар лексикасының ерекшеліктері.
48. Жазу теориясы және жазу тарихы. Жазу таңбалары және олардың типтері. Жазудың типтері. Пиктография. Идеография. Көне Египет иероглификасы. Шумер жазуы. Буындық жазу. Қазіргі әлемдегі әліпбилік жазу түрлері.
49. Әлеуметтік лингвистика. Қазақстан халықтарының тілдері: генетикалық сипаттамасы. Қазақстан халықтарының тілдері: типологиялық сипаттамасы. Қазақстандағы тілдік жағдаят. Қазақстанның тіл саясаты, тілдік жоспарлау.Әлеуметтік лингвистиканың мақсаты, пәні, нысаны. Тіл және қоғам. Диглоссия және билингвизм. Тілдердің аймақтық және әлеуметтік жіктелімі (дифференциация): диалект vs. социолект.
50. Тілдік қатынас теориясы. Интерференция: себептері және жою жолдары. Креол және пиджин тілдер. Тілдік одақ мәселесі. Қазақ және орыс тілдерінің қатынасы. Кірме сөздер. Тілдік қатынастағы қостілділік мәселесі.
Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 220 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |