Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жатырдан қанды бөліністердің бөлінуі

6-7 апта мерзімдегі жүкті әйел кенеттен пайда болған жалпы әлсіздік, бас айналу, қысқа мерзімдік талып қалу жағдайы, іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөліністің пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Объективті түрде: науқастың өңі бозарған, пульс мин. 90, А/Қ – 100/70 мм сын.бағ. (қалыптысы А/Қ -115/70 мм сын.бағ.), t-36,50. Құрсағы жұмсақ, іштің төменгі сол жақ бөлігінде аздап ауырсыну бар.Құрсақтың жиырылу симтомдары жоқ.

Сіздің әрекетіңіз:

Инфузиялық терапия және шұғыл түрде емханаға жеткізу

Жаяу жүргінші өтетін жерде ЖКО (жол көлік оқиғасы) болды – жаяу жүргіншіні көліктің қағып кетуі. 5 мин. кейін келген жедел жәрдем жолдың өтетін жағында жатқан, оң жақ аяғының көптеген жабық сынықтарымен ер адамды тапты. Жәбірленуші қиналып, ауырсынудан ыңырсып, көмекке шақырып жатты, өңі бозарып, суық тер жапқан.АҚ-120/80 мм сын. бағ., пульс мин. 110.

Берілген жағдайда қажетті шұғыл емдеу шараларының алгоритмі:

Адекваттық ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, инфузиондық терапия, госпитализация.

Науқас Б., 35 жаста. Жедел жәрдем келгендегі шағымдары: жиі ауырсынумен жүретін кіші дәрет, зәр түсінің өзгеруі (ет жуындысы тәрізді). Жағдайының нашарлауы 3-4 сағат көлемінде, жоғардағы шағымдар пайда болғаннан кейін. Бұрындары ауырмаған. Бірінші қатарға қандай диагноз «сұранып тұр».

Несептас ауруы

Жедел жәрдем шақырту себебі: кеудедегі ауырсыну. 50 жастағы науқас күрт пайда болған кеуде артындағы ауырсынуына, құрғақ жөтел және бас айналуына шағымданады. Соңынан инспираторлық типтегі ентігу, терінің бозаруы мен цианоз пайда болды. Перкуторлық жүрек оң шекарасының кеңеюі анықталады. Аускультативтік: ІІ тонның акценті және өкпе артериясының үстінде екіеселенуі байқалады.

Қандай диагноздың ықтималдығы жоғары?

Кпе артериясының тромбоэмболиясы

48 жастағы науқас таңғы астан кейін пайда болған жүрек қағу ұстамасына, күрт әлсіздікке, жүрек аймағындағы қысып ауырсынуға, қорқыныш сезіміне, ентігуге шағымданады. Өздігінен ұстаманы баса алмады. «103» шақырды. Объективті:терінің жамылғылары бозарған. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 24 минутына. Жүректің тондары қатты, ритмді, шулар естілмейді. Пульс 190 рет минутына, ритмді, аз толымды. АҚ 105/70 мм с.б.б.

(әдеттегі қысымы 120/70 мм. с.б.б.). Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасының шетінде.

Көрсетілген препараттардың қайсысы қажетті көмек көрсетеді?

Изоптин

Жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан 40 жастағы ер адамға мас жасөспірімдер шабуыл жасаған, оң иығына бірнеше пышақ жарақатын салған. Өтіп бара жатқандар ЖЖ шақыртқан. 15 минуттан кейін ЖЖ келгенде науқастың өңі бозарып, баяу қимылдап, оң қолымен қанап жатқан жарақатын басуға тырысуда. Пульс 1 мин. 120 соғ., АҚ 90/60 мм сын.бағ.

Шақыртылған ЖЖ бригадасының әс-әрекеттерінің алгоритмі:




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Эхокардиография| Расчёт режима резания при торцевом фрезеровании детали.

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав