Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сепсиске тән анализдің көрсеткіштің тап

Эриртроциттер-4,0*10 12 г/л

Гемоглобин-140 г/л

*Лейкоциттнр-45,0*10 9 г/л

Эозинлфильдер 9-10%

ЭЛЖ 8 мм/сағ

211.Нәрестенің жұқпалы тері ауруына жаттпайды:

везикулопустулез
пузырчатка
жалған фурункулез

*терілік

жоғарыдағының бәрі

212.Балалар емханасында әр бір балаға жүргізілетін егу картасы:

*№63 формасы

№112 формасы

№30 формасы

№26 формасы

№53 формасы


213.Бірінші АКДС екпесі жасалады:

жаңа туылған нәрестелерге алғашқы 12 сағатта
жаңа туылған нәрестелерге 3-7 күндері
бір айлығында
3 айлығында
*2 айлығында

214.Туберкулезге қарсы екпенің ревакцинациясы жүргізіледі:
3-7 күндері

4-7 күндері
7-10 күндері
6-7 жаста

Алғашқы 12 сағатта

215. Қызылшаға тән белгі:

сілекейдің ағуы

ауыздың құрғауы

тілдің ақ қабықпен жабылуы

ақуыз қуысының шырышты қабатының бозаруы

*Коплик- Филатов – Бельский дақтары

 

 

Дәрігердің үйіне шақырғанда 6 жасар баланың анасы баланың қызуының 39°С-ке көтерілгеніне, денесінде бөртпелердің пайда болғанына шағым жасады.Қарағанда, баланың мұрнынан су, көзінен жас ағады, жарыққа қарай алмайды. Бетінде, барлық денесінде ірі таңбалы қызыл бөртпелер бар, кей жерде біріккен. Ауыз қуысын қарағанда таңдайында қызарған энантемалар бар. Болжамды диагноз:

скарлатина

*қызылша

менингит

желшешек

эпид. паротит

Үйіне барып қарағанда 5 жастағы баланың бетінде, денесінде әр түрлі деңгейдегі таңбалы бөртпелер көрінеді.Олар жеке-жеке орналасқан. Баланың жалпы жағдайы жаман емес. Желке және артқы мойын бездері ісінген, ауырмайды, жұмсақ. Бала балалар бақшасына барады. Қандай аурулармен диф.диагностика жүргізу керек:

скарлатина

*қызылша

менингит

желшешек

эпид. паротит

Фтизиатрға 9 жастағы Манту сынамасы оң болған, папуласы 15мм бала жіберілді.Бала тәбетінің төмендегеніне, әлсірегеніне, дене қызуының кешке қарай 37,5°С-ке көтерілгеніне шағым жасады.Қарағанда баланың терісі бозғылт, арықтаған, шеткі бездері 5 топта үлкейген, жоғарғы тыныс алу жалдарында өзгеріс жоқ. Сынаманың жауабы:

теріс

күдікті

оң

*гиперергиялық

бәрі дұрыс

10 жастағы бала жедел хирургия бөліміне келіп түсті. Шағымы ішінің қатты ауруы. Осыдан 5 күн бұрын ангинамен ауырған.дәрігер қарағанда дене қызуы 38°С. Бала бүк түсіп жатыр, аяғын ішіне тартқан, ішіне пальпация жасағанда кіндігінің маңайы ауырады. Зәр шығарғанда ауырсынады. Қанының құрамында лейкоцит 7,0х10 г/л, зәрінің құрамында лейкоциттер 20-25, зәрі бұлыңғыр түсті. Аурудың диагнозы -

гломерулонефрит

*пиелонефрит

аппендицит

гастрит

цистит

3 жастағы баланың анасы балада ұстамалы жөтел пайда болғанына шағымданады. Жөтел бірінен соң бірі ұстамалы түрде жүріп, ұзаққа созылады. Жөтел кезінде баланың беті қызарып, көзінен жас ағып, тілі аузынан шығып, беті ісінеді. Жөтел құсумен аяқталады да, бала ысқырып, терең дем алады. Мамасының айтуы бойынша 2 аптадан бері ауырған. Аурудың алдын алуы –

*АКДС

БЦЖ

ОПВ

ККП

арнайы алдын-алу жоқ

Сіз аймақтық мейірбикесіз, 8 айлық баланың үйіне барғанда рахитпен ауыратын бала жылаған кезде кенеттен тынысы тоқтап қалды. Жедел көмек көрсетіңіз:

*Са глюконат енгізу

адреналин енгізу

преднизолон енгізу

оттек терапиясы

басын жоғарылатып жатқызу

6 жастағы баланың ата – анасы келесі шағымдармен келді, ол 2 апта бойы үдемелі жөтеледі, жиі түнгі уақытта, ұстамалы түрде. Жөтел ұстамасы кейбір кезде құсумен аяқталады, жөтелден кейін аз мөлшерде мөлдір қақырық бөлінеді. Диагноз қою үшін қандай зерттеу жүргізу керек:

биохимияға қан алу

зәрдің жалпы анализы

«Жөтел пластикасы» әдісімен бактериологиялық зерттеу жургізу

қанның жалпы анализы

УДЗ

Бес жастағы балада велосипедтен құлағасын иығында гематома пайда болды.

Кейде мұрнынан қан кетіп ұзақ уақыт тоқтамайды. Мұндай қан кетулер ағасында болған буындарына қан құйылады.

Сіздің диагнозыңыз:

*гемофилия

тромбоцитопениялық пурпура

геморрагиялық васкулит

лейкоз

анемия

10 айлық Сашаның анасы дене қызуының жоғарлауына, мұрын желбезегінің ұрленуі мен ентігудің пайда болуына шағымын айты. Жылағанда, айқайлағанда мұрын-ауыз ұш бұрышының көгеруі, ылғалды жиі жөтелі байқалады. Қабырға аралығының тартылуы байқалады. Тыныс алуы минутына 28-32 рет. Балаға өту керек –

ЭКГ

ФГДС

іш қуысының ағзаларының УДЗ

*кеуде қуысының рентгенографиясын

іш қуысының рентгенографиясы

6 жасар баласымен анасы мынадай шағыммен келді. Баласы сұйықтықты көп ішеді, көп зәр шығарады, әсіресе тәтті жегеннен кейін, жиі салқын тиіп ауырады, етіндегі жарақаттар тез жазылмайды.Сіз қандай ауру деп ойлайсыз?

пиелонефрит

гломерулонефрит

*қантты диабет

ревматизм

цистит

Сіз аймақтық мейірбикесіз, жаңа туған бала үйіне шыққан соң екінші күні үйіне келдіңіз.Анасы баланың мазасыздығына, емгісі келмейді, кіндік жарасының айналасының қызарып кеткеніне шағым жасады.Қандай ауру деп ойлайсыз

везикулопустулез

сепсис

*омфалит

пузырчатка

баздану

5 жастағы бала дәрігерге қызуының 38,0°С көтерілуіне, басының ауруына, әлсіздікке, тәбеті жоқ, жұтқанда тамағының ауруына шағым жасады.Дауысы қырылдап шығады, тамағын қарағанда, жұтқыншағында сұр қабыршықтар көрінді.Жедел көмек көрсетіңіз

эфедрин егу

эуфиллин егу

адреналин егу

*сары су егу

фуросемид егу

Анасы 5 айлық баламен дәрігерге келді.Анамнезінде: баланы аралас тамақтандырады.Бала табиғи тамақтанады, салмақ қосуы жақсы.Баланы қарағанда беті қызарған, жарылған, суланып тұр, әр жерінде сұр қабыршақтар көрінеді.Болжамды диагноз

гипотрофия

мешел

*экссудативты диатез

баспа

ларингит

Бала 37 апталық кезеңде туған, салмағы 1700гр, бойы 43см, жоғарғы тыныс жолын тазалағаннан соң даусы шіңкілдеп шықты, терісі таза, емуі әлсіз.Шала туғандықтың қай дәрежесі

I

*II

III

IV

Дәрігерге келіп тексерілген 6 айлық баланың салмағы 5200гр, туғандағы салмағы 3000гр. Бала табиғи тамақтанады, емгенде құмарланып емеді де, 2 сағаттан кейін жылайды.Болжамды диагноз

гипотрофияның I дәрежесі

гипотрофияның II дәрежесі

*гипотрофияның III дәрежесі

паратрофия

гипостатура

Туғанына 5 күн болған баланың терісі сарғайып, кіндігі қанайды.Жанұяда бала үшінші, алғашқы екі баласының дені сау, әкесі мен шешесінің резус факторы қайшылас.Диагнозды анықтау үшін жүргізілетін зерттеу

ПЦР

зәрдің жалпы анализы

бактериялогиалық зерттеуге нәжісті жинау

*антиденелер титрін анықтау

қанның жалпы анализы

Үйіне келіп қарағанда 6 жасар баланың шашының арасында, бетінде, денесінде әртүрлі (папула, пустула, қабыршақ) бөртпелер анықталады, денесінің қызуы 37,5°С, жалпы жағдайы өзгермеген.Бала балалар бақшасына барады.Бұл аурудың арнайы алдын алу

АКДС

БЦЖ

ОПВ

КПК

*арнайы алдын алу жоқ

Дәрігердің үйіне шақырғанда 5 жасар баланың анасы баланың қызуының 39°С-ке көтерілгеніне, денесінде бөртпелердің пайда болғанына шағым жасады.Қарағанда, баланың мұрнынан су, көзінен жас ағады, жарыққа қарай алмайды. Бетінде, барлық денесінде ірі таңбалы қызыл бөртпелер бар, кей жерде біріккен. Ауыз қуысын қарағанда таңдайында қызарған энантемалар бар.Жұғу жолын анықтаңыз

ауыз-нәжіс арқылы

*ауа тамшы арқылы

лимфогенді

гематогенді

тері арқылы

Мектепте фельдшерге 5сынып оқушысының жетекшісі жолықты.Соңғы кезде оқушы жиі мазасызданып қозғала береді,қимылы ебедейсіз,мінез-құлқы өзгерді,жылауық,жазуы өзгеріп кетті,бетін тыржаңдатады.Болжамды диагноз

бронхит

пневмония

*кіші хорея

анемия

гельминтоз

Жаңа туған нәрестенің дене салмағы 3200г,бойының ұзындығы52см.Айқайлап жылады,дауысы әлсіз.Қарағанда мұрын үш бұрышы көгерген,аускультацияда төстін сол жағындағы екінші үшінші қабырғалар аралығында систоликалық шу естіледі.анамнезін жинағында баланың анасы жүктіліктің екінші айында тұмаумен ауырған.Болжамды диагноз

пневмония

*жүректің туа біткен ақауы

муковисцидоз

тұмау

туберкулез

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 119 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Декомпенсация кезеңіндегі созылмалы аурулары бар балалар денсаулықтың қай тобына жатады?| II 7 қаңтар 2003 жылы.

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав