Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еліміздегі өндірістік қуаттар азық-түліктің шығарылуын өсіруге мүмкіндік береді.

Читайте также:
  1. PowerPoint ортасында тұсаукесер (презентация) құру, оның мүмкіндіктері.
  2. Адам мүмкіндіктері.
  3. Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
  4. Инвестициялар өндірістік қорларды қаржьшандырудың кезі ретінде. Инвестициялық климат . Инвестициялық жоба және фазалары
  5. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
  6. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
  7. Ндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар
  8. Негізгі өндірістік қорлар мен оның айналымы

Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану. Аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар

Табиғи ресурстық және табиғатты, ортаны жаңғыртатын функциялардың, тектік қордың сақталу мүмкіндігін, сондай-ақ қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін табиғатты қорғау деп түсінеді. Бұл жүйе сондай-ақ адам мен қоршаған табиғи ортаның қызметі арасындағы ұтымды өзара әрекетті сақтауға бағытталған және қоғам қызметі нәтижелерінің табиғатқа және адам денсаулығына тікелей және жанама әсерін ескертеді.

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілерқабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.

Ылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көпзаңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераныңтерең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.

Загрузка...

Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық шағарынды мен қалдықтардың уыттылық әдрежесін және олардың санын азайту, уытты шикзат материялдарын қолдануды болдырмау, үйлесімділігіне сәйкес келеді.

Алдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қортындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикзат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикзат ресурыстары — өндіріс -тұтыну — қайталама шикзат ресурыстары, яғни, кез келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.

Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикзат пен материялдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.

Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі бойымша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып тұр. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және заттектердің өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу — шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрдепайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуінбұзбайды. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.

Алдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар,өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді.

39) Дүние жүзі ғалымдарының ұзақ жылғы зерттеу қорытындысына жүгінсек, планетамыздың тарихы 4,5 миллиард, оның бетінде тіршіліктің пайда болуы 3,5 миллиард жыл деп отыр. Міне, осы мерзім ішінде адамзат өзін қоршаған табиғат сырын біліп, оның байлығын игеру жолында көп тарихты басынан кешірді. Әлемнін қайдан, қалай пайда болғандығы туралы да тұспалдар көп болды. Соның ішінде тіршіліктің қалай пайда болғанын академик А. И. Опарин дәл анықтап берді. Оның теориясы бойынша алғашқы тіршілік суда белоктың синтезделуі арқылы, кейін реакцияға түсіп амин қышқылын түзген. Олар өзара қосылыста болып төменгі сатыдағы бір клеткалылар пайда болған. Ал олардың косылыстарынан күрделі өсімдік, жануарлар дұниесі қалыптасқан дейді. Сөйтіп, А. И. Опарин жер бетіне тіршілік басқа планеталардан, күн сәулесімен, метеоридтер қоспасына жабысып келді деген, тағы басқа теріс қисындарды жоққа шығарды. (1.) Түу бастан жер бетіндегі тіршілік ең алдымен өзін қоршаған ортаға бейімделе отырып өсіп, өніп, өрбиді. Міне, осындай ортада пайда болған тіршілік иелерінің бірі—адам болып табылады.
ХІХ ғасырда Ағылшынның атақты ғалымы Чарльз Дарвин жалпы табиғатқа байланысты эволюционизм теориясын шығарған болатын Бұл теория бойынша табиғатта болсын, қоғамда болсын өзінен кейін ұрпақ қалдырмайтын бірде-бір тіршілік иесі болмайды. Осы теорияға сүйене отырып,табиғат перзенттерінің бірі—адамның шыққан тегін маймылмен байланыстырған пікір қалыптасты. Міне, осы теорияның ғалымдар арасында кең тарап, әсіресе, бұрынғы социализм жолымен жүрген елдерде басым теорияға айналғанына жүз жылдан аса уақыт өтті. Енді, қоғамның барлық жағынан өзгеріске ұшырауына байланысты бұрын айтуға болмайтын басқа да теориялар мен пікірлердің шыққанына көп бола қойған жоқ. Олардың негізгі ойлары адам баласының басқа тіршілік иесі маймылдан шығуы мүмкін емес, себебі қай жағынан болса да, ақылды адамның ол тіршілік иесімен ешқандай ұқсастығы жоқ. Және де олардың қоятын сұрақтары: егер де адамзат баласы маймылдан жаратылса, онда қазіргі уақыттағы басқа маймылдар басынан мұндай процесті неге байқамаймыз деген сияқты қарсы мәселе қояды. Ал оған эволюционизм заңдылығына сүйенгендер мынадай қарама-қарсы аргумент келтіреді:қазіргі маймылдың адамға айналуы үшін миллиондаған жылдар керек, себебі, ақылды адамның пайда болып қалыптасқанына бар болғаны 40 мың жыл ғана болған болатын.Сондықтан ол бірден болмайтын, ұзаққа созылатын кең ауқымды құбылыс. Екіншіден, маймылдың адамға айналуында еңбектің басты роль атқарғанын білеміз және де қоршаған жыртқыш аңдардан қорғану үшін, өмір сүру үшін ең алдымен қиналыс керек болды. Оның өзі бірнеше уақыт аралығын қамтыды.Ал қазіргі маймылдың өзіне ақылды адамның өзі барлық жағдай жасап отырғандықтан, бұл процестің іске асуы мүмкін емес сияқты. Атақты неміс ғалымы Гегельдің сөзімен айтатын болсақ, егер табиғатта үлкен өзгеріс болмаса, онда ондай өзгерістер қоғамның өз ішінде болады. Яғни олар революциялар, төңкерістер, қозғалыстар тағы да басқа қоғамды алға сүйрететін ірі құбылыстар болмақшы.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі—табиғаттың перзенті бірнеше миллиондаған ғасырлар бойы басқа тіршілік иелерімен өмір сүру үшін күресіп келе жатқан осыдан 40 мың жыл бұрын ақылды адамға айналған—адам қоғамының қалыптасуының факторлары болып табылады.

Менің диплом жазудағы негізгі мақсатым—қазіргі уақыттағы адам қоғамының қалыптасуына байланысты әртүрлі пікірлерді бір бірімен салыстыра отырып, олардың айырмашылықтары мен пікірлеріне тоқтала отырып, адам қоғамының негізгі факторларына назар аудару.
Дипломдық жұмыстағы негізгі міндет—қалай болғанда да оқушы қауымға нақты фактілерге сүйене отырып,адамзат қоғамының қалыптасу тарихын дәлелдеу және де қоғамдық ғылымдар арасындағы пікірлерді басқа жаратылыстану ғылымындағы теориялармен байланыстыра қарастыру.

Біріншіден — Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес. Қазақстан аумағы түгелдей бір климаттық белдеуде орналасқан.Ландшафтарының (биік таулы белдеуді есептегенде ) 2/3 бөлігін құрғақ су жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр. Қоңыржай белдеудің басқа ландшафтарына қарағанда органикалық заттарды және оттекті аз бөліп шығарады


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 29 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав