Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы

Читайте также:
  1. A) (0;0) нүктесі арқылы өтеді
  2. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  3. Final – 2 ІІІ деңгей
  4. G. Пайыз мөлшерлемесі мен табыс деңгейі тәуелділігін сипаттайды.
  5. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  6. I деңгей
  7. Lt;variant> ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауардың сапалық құрамын зерттеуді жүргізу
  8. PowerPoint ортасында тұсаукесер (презентация) құру, оның мүмкіндіктері.
  9. Адам мүмкіндіктері.
  10. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі

Арналық деңгейді концентраторлар мен коммутаторлар сияқты құрылғыларды қолдану арқылы үлкен есептеуіш желілерде пайдаланудың кемшіліктері мен шектеулері бар. Адрес түрінде желілік адаптермен байланысқан тегіс МАС адресті қолдану, үлкен жүйелер құруда икемсіздеу болатын тек бірдеңгейлі адрестік жүйені құруға мүмкіндік береді. Ақпараттар ағынын тек мәліметтер кадры негізінде коммутаторлар көмегімен басқару едәуір күрделі. Есептеуіш желіні коммутаторлар көмегімен сегменттеу ішкі желілерді кең таралымды мәліметтерден шет қалдырады. Желінің әртүрлі сегменттерінде әртүрлі базалық технологиялар қолданылуы мүмкін. Бірақ тораптардың адрестік жүйесі сәйкес келуі керек. Мысалы, Ethernet, Token Ring, FDDI, Fast Ethernet адрестері МАС – адрестер негізінде қолданады, ал Х25, АТМ, Frame Relay – адрестеудің басқа жүйелерін қолданады. Коммутаторларды үлкен есептеуіш желілерде қодануға шектеу қоятын міндеттеменің бірі петельдің (ілмектің) болмауы. Коммутатор тораптар арасында бір маршрут болған жағдайда ғана қалыпты жұмыс істейді. Дәл осы жағдайда байланыс шығынын болдырмау қазіргі есепетеуіш желілердегі сенімділікті күшейту мен трафикті жақсартудың негізгі тәсілдері болып табылады. Үлкен біртекті емес есептеуіш желілерді құру үшін негізгі құрылғысы маршрутизатор болып табылатын желілік деңгей мүмкіндіктері қолданылады.

Желілік деңгейде желі маршрутизатормен біріктірілген желілерден тұратын құрылымдық желі деп аталады. Әрбір желінің өз нөмірі болады. Әрбір тораптың желі ішіндегі өз номері бар. Тораптың желілік адресі осы номерлерден тұрады. Осыған орай құрылымдық желілерде әрбір торапты жергілікті адрестен бөлек қосымша желілік адрес болады. Желілік деңгейде берілетін мәліметтер пакеттер деп аталады. Мәліметтерді қамтитын пакет тақырыбы желі жайлы қабылдаушы торабы бар маңызды ақпараттардан тұрады және де олардың форматтары желі ішінде қолданылатын технологияға байланыссыз. Әртүрлі желілердегі тораптар арасында алмасатын мәліметтер пакеті оларды біріктіретін маршрутизаторлар мен бірнеше желі арасында транзитті берілуі мүмкін. Мәліметтер пакеті өтетін маршрутизаторлар реті маршрут деп аталады. Жалпы жағдайда мәліметтер алмасу үшін құрылымдық желіде бірнеше маршрут болуы керек. Тиімді маршрутты таңдау маршрутизатордың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Маршрутты таңдау, пакетті алып жүру маршрутизатор жинайтын және арнайы маршрутизатор кестесіне жазылатын маршруттық ақпарат негізінде іске асады. Маршруттау кестесінде желіні бекіту номеріне келесі маршрутизатордың желілік адресі сәйкес қойылады. Маршрутизатор кестесіне қандай-да бір тиімді критерийге байланысты маршрутты таңдауға мүмкіндік беретін басқа да ақпараттар орналасады. Мысалы пакет қажетті желіге жетпей тұрып пакет бойымен өтуге міндетті транзитті маршрутизаторлар санын анықтайды. Маршрутизатор кестесі маршрутизаторлар мен маршруттық ақпарат арасында периодты алмасудың жолымен автоматты түрде құрылады.

 




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2023 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав