Читайте также:
|
|
ІІ. Сабақтың мақсаты: Мидың және жұлынның өткізгіш жолдарын оқып үйрену
ІІІ. Оқыту міндеті: Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар туралы білімді жетілдіру, практикалық дағдыларды қалыптастыру – экстрецептивті, интероцептивті және проекциялық сезімтал жолдарды, алдыңғы және бүйір пирамидалық жолдарды, экстрапирамидалық өткізгіш жолдарды атап көрсету.
ІV. Өткізу түрі: Тақырып бойынша кеңестер беру; шағын топтарда бас ми сауытымен, муляжбен, планшетпен, ылғалды препараттармен өзіндік жұмыс; тақырып бойынша дискуссия; тест және жағдайлық тапсырмаларды шешу.
V. Тақырып бойынша тапсырма:
1. Тактильді сезімталдық жолы;
2. Температуралық және ауырсыну сезімталдық жолы;
3. Стереогноз жолы;
4. Интероцептивтік сезімталдық жолы;
5. Проприоцептивтік сезімталдық қыртыстық бағыты;
6. Проприоцептивтік сезімталдық мишықтық Говерстік бағыты;
7. Проприоцептивтік сезімталдық мишықтық Флексиктік бағыты;
8. Пирамидалық жол;
9. Экстрапирамидалық жолы
10. Мишықтың төмен түсуші жолдары;
11. Торлық формация
VІ. Үлестірілетін материалдар: силлабус, әдістемелік нұсқау, бас ми сауыты, муляж, мәйіттік материал
VІІ. Әдебиеттер:
1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы. І,II том 2004
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.
3. Жұмабаев Ү.Д., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005
VІІІ. Бақылау:
Тесттер:
1. Ортаңғы мидың вентралды қақпақшаларының қиылысын түзхетін талшықтардың шығару жолын көрсетіңіз:
А) артқы бойлық талшық жиынтығы
Б) қыртысты-жұлындық жолы
В) қызылядролы-жұлындық жолы
Г) медиальдық ілмек
Д) латеральдық ілмек
2. Ішкі капсуланың тізесі арқылы өтетін өткізгіш жолдарды көрсетіңіз:
А) жұлын-таламустық жолы
Б) қыртыс-таламустық жолы
В) маңдай-көпірлік жол
Г) қыртыс-ядролық жол
Д) латеральдық ілмек
3. Ішкі капсуланың артқы аяғы арқылы өтетін өткізгіш жолдарды көрсетіңіз:
А) есту жолы
Б) жұлын-қыртыстық жол
В) маңдай-көпірлік жол
Г) жұлын-таламустық латеральдық жолы
Д) латеральдық ілмек
4. Ішкі капсуланың алдыңғы аяғы арқылы өтетін өткізгіш жол:
А) жұлын-таламустық алдыңғы жол
Б) қыртыс-таламустық жолы
В) маңдай-көпірлік жол
Г) қыртыс-жұлындық жол
Д) латеральдық ілмек
5. Жұлынның артқы мүйізшесінің құрамындағы өткізгіш жолдар:
А) артқы бойлық талшықтар жиынтығы
Б) жіңішке талшықтар (Голль талшықтар)
В) арқалық жұлындық жол (Флексиг талшықтары)
Г) семсертәрізді талшықтар (Бурдах талшықтары)
Д) латеральдық ілмек
6. Қыртыс-жұлындық жолдың талшықтары өтетін анатомиялық құрылым:
А) ішкі капсула
Б) ми аяқшаларының негізі
В) ортаңғы мидың қақпақшасы
Г) мишықтың жоғарғы аяқшалары
Д) латеральдық ілмек
7. Пирамидалық жолдың талшықтары өтетін жұлынның бөлшегі:
А) бүйірлік мүйізше
Б) алдыңғы мүйізше
В) артқы мүйізше
Г) жұлынның ақ (алдыңғы) қосылысы
Д) латеральдық ілмек
8. Пирамидалық жолдың 2 нейроны жататын ядроларды көрсетіңіз:
А) ми бағанасының вегетативті ядролары
Б) ми бағанасының қозғалатын ядролары
В) жұлынның латеральдық мүйізшелерінің ядролары
Г) жұлынның алдыңғы мүйізшелерінің ядролары
Д) вегетативті ядро
9. Жұлынның медиальдық ілмегін түзетін талшықтардың өткізгіш жолы:
А) Қыртыстық бағыттағы проприоцевтивті сезімталдық жолы
Б) аурулық және температуралық сезімталдық жолы
В) алдыңғы проприоцевтивті мишықтық бағыттағы жол
Г) пирамидалық жол
Д) латеральдық ілмек
10. Медиальдық ілмекті түзетін жасушаларды түзетін мидың ядроларын көрсетіңіз:
А) жұлынның артқы мүйізшелерінің жеке ядросы
Б) семсертәрізді талшықтардың ядросы
В) жіңішке талшықтардың ядросы
Г) үшкіл нервтің қозғалмалы ядросы
Д) вегетативті ядро
IV. УЧЕБНЫЕ МАТЕРИАЛЫ
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 132 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |