Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Т е п е-т е ң ш о ғ ы р л а н д ы р у

Читайте также:
  1. A) вакуумдық электрондық шамдарға
  2. A) Заң үстемдігі
  3. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  4. Ans: Қоршаған ортада
  5. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  6. B) 16 жасқа толған есі ақылы дұрыс, жеке түлға
  7. B) Жалған, бүркемелік
  8. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  9. B) КФК-МВ жоғарлауы
  10. B) Ойға сыйымды мерзімде

30.Кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйымға өзінің қатысу үлесін 38-тармақта айтылған тепе-тең шоғырландыру әдісін немесе баламалы әдісті пайдалана мойындауға міндетті. Тепе-тең шоғырландыру әдісін пайдалану кезінде есептіліктің төменде көрсетілген екі форматтың бірі қолданылуға тиіс.

31. Инвестор рөлінде болатын кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесін тепе-тең шоғырландыруға арналған есептіліктің екі форматының бірін, еншілес ұйымдарға инвестицияларының бар-жоғына қарамастан, пайдалана отырып мойындайды немесе өзінің қаржы есептілігін шоғырландырылған қаржы есептілігі ретінде ұсынады.

32. Кәсіпкердің бірлесе бақыланатын компанияға қатысу үлесін мойындай отырып, бірлескен қызметтің нақты құрылымын немесе нысанын емес, ал бар келісімнің мәні мен экономикалық әділдігін көрсетуі маңызды. Бірлесе бақыланатын ұйымда кәсіпкер болашақтағы экономикалық тиімділіктердегі өз үлесін сол ұйымның активтері мен міндеттемелеріне қатысу үлесімен бақылайды. Осы мән мен экономикалық әділдік кәсіпкердің шоғырландырылған қаржы есептілігінде, ол бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріне, міндеттемелеріне, кірісі мен шығысына тепе-тең шоғырландыруға арналған, 34-тармақта айтылған екі форматтың бірін пайдалана қатысу үлесін мойындаған кезде көрсетіледі.

33. Тепе-тең шоғырландыруды қолдану кәсіпкердің қаржылық жағдай туралы есебі ол бірлесе бақылайтын активтердегі оның үлесін және ол бірлесе жауап беретін міндеттемелер үлесін қамтитынын білдіреді. Кәсіпкердің пайдалары мен шығындары туралы есебі бірлесе бақыланатын ұйымның кірістері мен шығыстарындағы оның үлесін қамтиды. Тепе-тең шоғырландыруға қолдану үшін лайықты көптеген процедуралар еншілес ұйымдарға инвестицияларды шоғырландырудың 27 (IAS) ХҚЕС-ында белгіленген процедураларына ұқсас.

34. Тепе-тең шоғырландыруды жүзеге асыру үшін есептіліктің әр түрлі форматтары пайдаланылуы мүмкін. Кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым активтерінің, міндеттемелерінің, кірістерінің немесе шығыстарының әрқайсысындағы өз үлесін өзінің қаржы есептілігіндегі сол сияқты баптармен жол-жолымен біріктіре алады. Мысалы, ол бірлесе бақыланатын ұйым қорындағы өз үлесін өз қорларымен және бірлесе бақыланатын ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарындағы өз үлесін өзінің жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарымен біріктіре алады. Басқа жағдайда кәсіпкер өзінің қаржы есептілігіне бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы өз үлесіне қатысты жекелеген баптар енгізе алады. Мысалы, ол бірлесе бақыланатын ұйымның қысқа мерзімді активіндегі өз үлесін өзінің қысқа мерзімді активі құрамында жеке көрсете алады; ол бірлесе бақыланатын ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарындағы өз үлесін өзінің жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтары құрамында жеке көрсете алады. Есептіліктің осы екі форматы да пайданың немесе шығынның бірдей сомаларының және активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың негізгі сыныптарының әрқайсысының бірдей көрсетілуін қамтамасыз етеді; осы Стандарт мақсаттары үшін екі формат та жарамды.

35. Тепе-тең шоғырландыруды жүзеге асыру үшін қандай формат пайдаланылса да, кез келген активтерді немесе міндеттемелерді басқа міндеттемелерді басқа шығыстарды немесе кірістерді шегеру жолымен немесе активтерді шегеру жолымен, немесе кез келген кірістер мен шығыстарды шегеру жолымен есепке алу орынды, ал есепке алу – активтің жүзеге асырылуын немесе міндеттеменің өтелуін күту.

36.Кәсіпкер тепе-тең шоғырландырудың пайдаланылуын бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен бақылау күшін жойған күннен бастап тоқтатуға міндетті.

37. Кәсіпкер тепе-тең шоғырландырудың пайдаланылуын бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен бақылау күшін жойған күннен бастап тоқтатады. Кәсіпкер өзінің қатысу үлесін сатқанда, немесе бірлесе бақыланатын ұйымға кәсіпкердің бұдан былайғы бірлескен бақылауына бөгет жасайтын сыртқы шектеу санкциялары сияқты шектеулер қойылғанда солай болады.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 115 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав