Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Реляциялық алгебра. Біріктіру, қиылысу, айыру, көбейту амалдары.

Читайте также:
  1. Векторная алгебра. Система координат на плоскости и в пространстве.
  2. Линейная алгебра.
  3. Линейная алгебра.

Реляциялық алгебра – бұл реляциялық кестелерді өңдеу тілі. Реляциялық алгебра келесі амалдардан тұрады:

· біріктіру;

· қиылысу;

· айыру;

· көбейту;

· таңдау;

· проекцияны құру;

· проекция;

· қосу (жалғау);

· бөлу;

· меншіктеу.

Біріктіру амалы екі кестенің мәліметтерін үйлестіруге, екі кестенің жазбалары (кортеждері) тек бір-ақ рет пайда болатын кестені құруға мүмкіндік береді. Біріктіру амалы U әрпімен беріледі. Мысалы:

а1 a2 a3c1 c2 c3a1 a2 a3

b1 b2 b3 U f1 f2 f3 = b1 b2 b3

c1 c2 c3 a1 a2 a3 c1 c2 c3

d1 d2 d3d1 d2 d3

f1 f2 f3

Екі кестені біріктіру кезінде олар бағандардың (атрибуттардың) саны бойынша, сондай-ақ олардың типі бойынша сәйкес келуі тиіс.

Қиылысу амалы екі кестенің ортақ жолдарын бөліп алуға мүмкіндік береді. ^ символымен белгіленеді. Мысалы,

а1 a2 a3 c1 c2 c3 a1 a2 a3

b1 b2 b3 ^ f1 f2 f3 = c1 c2 c3

c1 c2 c3 a1 a2 a3

d1 d2 d3

Айыру амалы бір кестеден басқа кестеде жоқ жазбаларды (жолдарды) бөліп алуға мүмкіндік береді, минус белгісімен белгіленеді. Мысалы:

а1 a2 a3 c1 c2 c3b1 b2 b3

b1 b2 b3 - f1 f2 f3 = d1 d2 d3

c1 c2 c3 a1 a2 a3

d1 d2 d3

Көбейту амалы екі кестенің декарттық көбейтіндісін құрайды. * символымен белгіленеді. Мысалы:

х1 y1 z1 * a1 a2 x1 y1 z1 a1 a2

x2 y2 z2b1 b2 = x1 y1 z1 b1 b2

c1 c2x1 y1 z1 c1 c2

x2 y2 z2 a1 a2

x2 y2 z2 b1 b2

x2 y2 z2 c1 c2

7. Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Қосу (жалғау) амалы. Бөлу, меншіктеу амалы.

1. Реляциялық алгебра – бұл реляциялық кестелерді өңдеу тілі. Таңдау амалы бір кестеден көрсетілген шартқа сәйкес келетін жазбаларды іріктеп алып, екінші кестені құруға қолданылады. Таңдау әрекетін белгілеу үшін SELECT сөзі қолданылады. Мысалы:

SELECT (Orders:’03/10/2000’ <Data<’05/10/2000’)

Шарт дегеніміз өзінде =, >, <, >=, <= қатынастық әрекеттер мен «және», «немесе», «емес» логикалық амалдар қолданылатын логикалық өрнек болып табылады.

2. Проекцияны құру амалы кестеден жаңа кестені құру үшін қажетті бағандарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Проекцияны құру амалы келесі тәртіппен жазылады.

Кестенің атауы. [баған, баған,..., баған]

Қосу (жалғау) амалы кестелердің арасындағы мәліметтерді байланыстыру үшін қолданылады. Бұл амал келесі түрде жазылады:

JOIN (кесте, кесте)

Жалғау үшін кестелердің бағандары бірдей болуы тиіс.

Жалғау амалын орындау кезінде келесі әрекеттер орындалады:

1) Бастапқы кестелердің көбейтіндісі анықталады;

2) Алынған көбейтіндіден ортақ бағандардың мәндері бірдей болатын жолдар таңдап алынады;

3) Жобалау кезінде алғашқы кестенің ортақ бағандары алынып тасталады.

Жалғаудың үш түрі болады:

- табиғи (қарапайым) жалғау;

- тэта – жалғау;

- сыртқы жалғау.

Бөлу амалы бір кестенің ішінен екінші кестенің әрбір жолына сәйкес келетін жолдарды таңдап алу арқылы жаңа кестені құруға мүмкіндік береді

a b b

c d / e = a

a e f

a f

Меншіктеу амалы реляциялық алгебраның алдыңғы амалының нәтижесіне қандай да бір атау меншіктейді. Мысалы: С:= JOIN(А, В)




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав