Читайте также:
|
|
Объектілі-бағытталған модель. Бұл модельдің негізін объектілі-бағытталған программалаудың идеялары мен принциптері (ұстанымдары) құрайды. Объектілі-бағытталған МҚ-ның логикалық құрылымы сырттай иерархиялық МҚ-ның құрылымына ұқсас болып келеді. Олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы – мәліметтерді манипуляциялау әдістерінде. Мәліметтер қорының объектілі-бағытталған моделі өзара күштің байланысқан мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер мен оларды өңдеуден өткізу әдістерінің арасында программалаудың объектілі-бағытталған тілдеріндегі сәйкес құралдарға ұқсас механизмдердің көмегімен өзара байланыстар орнайды. Объектілердің қасиеттері тек real, char және сол сияқты стандартты типтермен ғана емес, сондай-ақ пайдаланушылардың өздері жасайтын типтермен де сипатталуы мүмкін. Класстар деп аталатын бұл типтер көптеген объектілерді құруға арналған шаблон (қимаүлгі) болып табылады. Class типінің мәні болып табылатын объектілер осы класстың даналары деп аталады Класстардың негізінде инкапсуляция, мұра етіп алу және полиморфизм деген үш іргелі ұстаным жатыр. Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделінің реляциялық модельмен салыстырғандағы негізгі артықшылығы – объектілердің күрделі өзара байланыстары туралы ақпаратты бейнелеу мүмкіндігі.
Объектілі-бағытталған модельдің кемшілігі – түсінудің жоғары деңгейдегі қиындығы, мәліметтерді өңдеуден өткізудің ыңғайсыздығы және сұраныстарды орындау жылдамдығының төмендігі.
12. Мәліметтер қорының үшдеңгейлі архитектурасы. 1978 жылы ANSI/SPARC комитеті мәліметтер қоры жүйелерінің жалпылама құрылымын ұсынған болатын. Ол құрылым үш деңгейлі архитектура деген атауға ие болды, оған сәйкес мәліметтер қорын ұсынудың үш деңгейі болады: сыртқы, тұғырнамалық және ішкі. Сыртқы деңгей мәліметтердің пайдаланушылық ұсынылуын анықтайды Сыртқы деңгейде әрбір пайдаланушы топ мәліметтер қорындағы мәліметтер туралы өз кейіптемесін алады, онда мәліметтер элементтері мен олардың өзара қарым-қатынастарының пайдаланушыға бағытталған сипаттамасы беріледі. Түрлі кестелер, байланыстар, есеп берулер, формалар және т.б. өздері шешетін міндеттерге сәйкес мәліметтер қорының пайдаланушылық кейіптемесіне сәйкес келеді. Кейіптеменің тұғырнамалық немесе логикалық деңгейі дегеніміз – бұл мәліметтер қорын жасаудың деңгейі. Бұл деңгейде талап етілген міндетті шешуге қажетті объектілер анықталады және олардың арасындағы байланыстар орнатылады. Тұғырнамалық жобалаудың нәтижесінде объектілердің, олардың элементтерінің және олардың арасындағы қарым-қатынастарының тұғырнамалық моделі, сұлбасы, объектінің логикалық сипаттамасы қалыптасады.
Ішкі деңгей мәліметтер қорына физикалық көзқарасты қамтамасыз етеді. Бұл деңгей үшін жүйелік программалаушылар, мәліметтердің физикалық қорын жобалаушылар жауап береді, олар мәліметтерді кодтау мен компьютерде және тасымалдағыштарда кейіптеу мәселелерін шешеді, мәліметтерді шұғыл түрде оқу мен оларды өзгерту мақсатында мәліметтерге қол жеткізу әдістерін анықтайды. Мәліметтерге қол жеткізудің негізгі әдістері индекстеу, хэш-адрестеу және сығу болып табылады.
13. Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары. мәліметтер қорын жобалау мен жасау кезінде модельді қалыптастыру процесі маңызды роль атқарады. Егер бұл процесс тиісті деңгейде орындалатын болса, онда модель міндеттерді дұрыс шешу көзіне айналады. Әзірленген модель тұғырнамалық модель деп аталады. Мәліметтердің тұғырнамалық моделі сонымен қатар семантикалық модель деп те аталады, себебі ол нақты әлемдегі заттардың мәндерін белгілеп отырады. Тұғырнамалық модельдің басты элементтері объектілер мен қатынастар болып табылады.
Жобалау барысында объектілі жиындарды нақтылау мен қорытындылау қажеттілігі туындайды. нақтылау дегеніміз – бұл басқа объектілі жиынның ішкі жиыны болып табылатын объектілі жиын.
Қорытындылау дегеніміз - бұл нақтылауға кері келетін процесс және ол өз құрамында өзге объектілі жиындарды қамтитын объектілі жиын болып табылады Тұғырнамалық модельдің басқа элементі қатынас болып табылады. Қатынас екі объектілі жиынды байланыстырады. Қатынас бір объектілі жиынның элементі мен басқа объектілі жиынның элементінен тұратын жұптарды құрайды.
Қатынастың өзі құрамдас деп аталатын объектілі жиын болып табылады. Қатынас көбінесе етістік арқылы беріледі. Мысалы, «еркек» және «әйел» деген объектілі жиындар «неке құрған» деген қатынаспен байланыстырылуы мүмкін және сол арқылы «жанұялық жұп» деген құрамдас жиынды құрайды.
14. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.
-Ақпараттық жүйе келесілерден:
-компьютерлік құрал-жабдықтан;
-программалық қамтудан;
-мәліметтерден;
-қызмет көрсетушілер құрамы (пайдаланушылар, әкімші) құралады.
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді программалық қамту төмендегілерден:
- жалпыға арналған программалық қамту;
- қолданбалы программалық қамту;
мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдарынан құралады.
Мәліметтер қорын ақпараттық жүйелерде қолданудың үлкен артықшылығы – мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушылар мәліметтерді тасымалдағыштарда физикалық орналастыру мен оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру мәселесінен құтылады.
15. Ақпараттық жүйенің архитектурасы. Ақпараттық жүйенің (АЖ) тиімді қызмет етуі көп жағдайда оның архитектурасына байланысты. Ақпараттық жүйені клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы пайдаланушылардың дербес ақпаратпен жеке түрде жұмыс істеуімен орталықтандырылған түрде сақтау, қызмет көрсету және жалпы корпоративтік ақпаратқа ұжымдық түрде қол жеткізуді сәтті түрде үйлестіру болып табылады.
Ақпараттық жүйенің (АЖ) тиімді қызмет етуі көп жағдайда оның архитектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент-сервер архитектурасының болашағы зор болып отыр. Оның жеткілікті түрде таралған нұсқасында компьютерлік желі мен үлестірілген мәліметтер қоры болады, соңғысында корпоративтік мәліметтер қоры (КМҚ) мен дербес мәліметтер қоры (ДМҚ) орналасады. КМҚ компьютер-серверде орналасады, ДМҚ корпоративтік МҚ клиенті болып табылатын бөлімдер қызметкерлердің компьютерлерінде орналасады.
Компьютерлік желідегі белгілі бір ресурстың сервері деп осы ресурсты басқаратын компьютер (программа) аталады, ал клиент деп осы ресурсты пайдаланатын компьютер (программа) аталады. Компьютерлік желінің ресурсы ретінде мысалы, мәліметтер қоры, файлдық жүйелер, баспа қызметтері, пошта қызметтері алынады. Сервердің типі ол басқаратын ресурстың түрімен анықталады. Мысалы, егер басқарылатын ресурс мәліметтер қоры болып табылса, онда сәйкес сервер мәліметтер қорының сервері деп аталады. Ақпараттық жүйені клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы пайдаланушылардың дербес ақпаратпен жеке түрде жұмыс істеуімен орталықтандырылған түрде сақтау, қызмет көрсету және жалпы корпоративтік ақпаратқа ұжымдық түрде қол жеткізуді сәтті түрде үйлестіру болып табылады. Клиент-сервер архитектурасында оны жүзеге асырудың түрлі нұсқаларына жол беріледі.
Тарихи тұрғыдан алғашқы болып файл-серверін қолданумен үлестірілген АЖ-лар пайда болды (2.1-сурет). Мұндай АЖ-ларда пайдаланушылардың сұраныстары бойынша мәліметтер қорының файлдары дербес компьютерлерге (ДК) беріледі, ол жерде олар өңдеуден өткізіледі. Архитектураның бұл нұсқасының кемшілігі өңдеуден өткізілетін мәліметтерді берудің жоғары қарқындылығы. Оның үстіне көбінесе артық мәліметтер беріледі: пайдаланушыға мәліметтер қорындағы жазбалардың қаншасы қажет екендігіне тәуелсіз мәліметтер қорының файлдары тұтастай беріледі.
Мәліметтер қорының серверін пайдалану арқылы клиент-сервер архитектурасы бойынша құрылған үлестірілген АЖ-ның құрылымы 2.2-суретте келтірілген. Мұндай архитектура болғанда мәліметтер қорының сервері мәліметтерді өңдеуден өткізудің басым бөлігінің орындалуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы немесе қосымша құрастыратын сұраныстар МҚ серверіне SQL тілінің нұсқаулықтары түрінде келіп түседі. Мәліметтер қорының сервері керекті мәліметтерді іздестіріп, іріктеп алады, содан кейін олар пайдаланушының компьютеріне беріледі. Бұл тәсілдің алдыңғымен салыстырғандағы артықшылығы берілетін мәліметтер көлемінің едәуір мөлшерде азаюы
Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 380 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |