Читайте также:
|
|
Реферат
Рефераттың үлгі құрылымы:
- титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады);
- кіріспе (тақырып өзектілігін негіздеу);
- негізгі бөлім: талқыланып жатқан нозологияның түріне, ауырлық дәрежесіне, асқынуларының болуына, бақылануына қарай заманауи емдеу және диагностика мәселелерін ашу – кесте, схемалар, графиктер, суреттер қолдануға болады;
- резюме – талқыланып жатқан нозологияның түріне, ауырлық дәрежесіне, асқынуларының болуына, науқастың жасына байланысты емдеу және ағым ерекшеліктерін атап өту;
- таңдалған әдебиеттердің адекваттылығы, оны дұрыс жазу.
Рефератқа қойылатын талаптар:
- реферат тақырыбын ашуға жеткілікті көлемде болуы тиіс;
- реферат жеткізу мәнерін сақтай отырып білікті жазылуы тиіс;
- мәтінді жеткізу барысында пайдаланылған әдебиеттерге нұсқаулар болуы тиіс;
- иллюстрацияларды тиімді пайдалану (кесте, сызба, схема)
- библиографиясын дұрыс жасау.
Ауру мен оның асқынуларының диагностикалық алгоритмі
Диагностикалық алгоритмнің үлгі құрылымы:
- титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады);
- диагностикалық алгоритмнің өзектілігін анықтау;
- түріне, ауырлық дәрежесіне, асқынулардың болуына қарай ауру ағымының ерекшеліктерін айтып қорытынды жасау;
- таңдалған әдебиеттердің адекваттылығы, оны дұрыс жазу.
Диагностикалық алгоритмге қойылатын талаптар:
- диагностикалық алгоритмнің тақырыбын ашуға жеткілікті көлемде болуы тиіс;
- библиографиясын дұрыс жасау.
Диагностика мен ем бойыша клиникалық (ситуациялық) есеп.
Клиникалық (ситуациялық) есептің үлгі құрылымы:
- титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады);
- паспорттық бөлім;
- науқастың шағымдары;
- ауру анамнезі (аурудың ағымын хронологиялық ретпен көрсету, динамикасындағы жүргізілген ем және диагностика шараларын атап өту);
- өмір анамнезі – аталған ауруға қатысы бар мәліметтерді көрсету;
- физикалды зерттеу мәліметтері (барлық жүйелерді қысқаша толық сипаттау, ағзалардың патологиялық өзгерістерін көрсету);
- дұрыс жауаптар этолонын көрсету – диагноздың жалпы қабылданған құрылымы бойынша болжам диагнозы:
· Нозологиялық түрін атау
· Ауырлық дәрежесі
· Ағымы
· Кезеңдері
· Асқынулары
· Ағзаның функционалды күйі (ағзалар жүйесінің) – патологиялық процесске ұшыраған жүйенің жеткіліксіздігі (сатысы, дәрежесі, функционалды класы)
Клиникалық (ситуациялық) есепті құрастыруға қойылатын талаптар:
- есеп көлемі диагноз қоюға жеткілікті болуы тиіс;
- клиникалық есеп жеткізу мәнерін сақтай отырып білікті жазылуы тиіс;
- мәтінді жеткізу барысында пайдаланылған әдебиеттерге нұсқаулар болуы тиіс;
Эссе
Эссені құрастырудың ұсынылатын түрлері:
- этаптық эпикриз түрінді;
- диспансерлік тіркеуге алу эпикризі түрінде;
- ауыстыру эпикризі түрінде;
- шығару эпикризі (амбулаторлы картадан);
- клиникалық диагнозды негіздеу;
Эссені жазу түрінің өзектілігі
Эссеге қойылатын талаптар
- титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады);
- эссені жазудың таңдалған түрінің өзектілігі;
- ақпараттылығы;
- жеткізу мәнерін сақтай отырып білікті жазылуы тиіс;
- мәтінді жеткізу барысында пайдаланылған әдебиеттерге нұсқаулар болуы тиіс;
- иллюстрацияларды тиімді пайдалану (таблица, график, схема)
- библиографиясын дұрыс жасау
- көлемі жеткілікті болуы тиіс
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 180 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |