Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Воронежский филиал

Читайте также:
  1. Барнаульский филиал
  2. Бирский филиал ФГБОУ БашГУ
  3. Бирский филиал ФГБОУ БашГУ
  4. Владикавказский филиал Финуниверситета
  5. Волгоградский филиал
  6. Воронежский институт МВД России
  7. Воронежский институт МВД России
  8. Воронежский институт МВД России
  9. Задача. Оценка эффективности филиала.

Негiзгi әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:

 

10. Ақпараттық-дидактикалық блок

Е-Learning деген не?

Оқу үрдісін сауатты және барынша ұтымды ұйымдастыру үшін кезкелген ұйым алдымен оқыту кімге бағытталғанын анықтап алуы керек. Оқыту топтарын жасына байланысты үш топқа бөлуге болады: оқушылар, студенттер, есейген тыңдаушылар (аспиранттар, докторанттар, магистратура тыңдаушылары және т.б.).

Пәндердің кезкелгенін оқыту басымдылығы (приоритеті) әрбір топ үшін әртүрлі болады, сондықтан оқу үрдісін ұйымдастырушылардың оқыту мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауы өте маңызды. Оқушылар материалды оқып білуде төрт классикалық сұрақтарға жүгінеді: НЕ, ҚАЛАЙ, НЕГЕ және НЕЛІКТЕН. Әр оқушы үшін бұл сұрақтар кезекпен топтан топқа өткенде қойылады. Кез келген пәнді оқығанда оқушыларға НЕ және ҚАЛАЙ, яғни «БҰЛ НЕ?» және «ОЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?», сұрақтары тән. Студенттерді ҚАЛАЙ және НЕГЕ сұрақтары қызықтырса, есейген тыңдаушыларға жиірек НЕГЕ және НЕЛІКТЕН екендігін түсіну маңызды.

Студенттер мен есейген оқушылар (тыңдаушыларға) басқа мүмкіндіктермен қатар оқу нәтижесінде алған білімдерін қолдана алатындай тәжрибелік дағдылар алуды қалайды. Осыған байланысты оқу үрдісін ұйымдастырушылар әр топтар үшін оқу мақсаты мен міндетін, яғни НЕНІ, ҚАЛАЙ және КІМ ҮШІН оқыту керектігін, анықтауы керек.

Дәстүрлі оқыту әдісі азды - кемді түсінікті: тыңдаушы лекцияға келеді, теориялық білім алады, содан соң семинарларда оқытушының бақылауымен не жетегімен тәжрибелік дағдылар алу жұмыстарын жүргізеді. Дистанциялық оқуда оқытушы мен тыңдаушы бетпе бет кездеспеуі оқу үрдісін ұйымдастыруды қиындатады, себебі әрбір тыңдаушы материалдарды өз бетімен оқиды, ендеше жоғары білім алуға қажетті практикалық дағдыларды игергендігіне күмән келтіруге болады.

Мына проблеманы, бүгінгі күнге дистанциялы оқытуды дамытудың нағыз революциялық және перспективалы бағыты болып табылатын, e - Learning (электрондық оқу) шеше алады. Өзінің негізгі мақсатын орындаумен қатар, e-Learning күндізгі оқыту үшін де өте жақсы қосымша бола алады, себебі электрондық оқулықтарды дайындауда қолданылатын технологиялар дәстүрлі оқытудың сапасын және нәтижелілігін арттыруға жақсы демеу болады.

Е - Learning қолданушының оқу материалдардын өз бетімен оқып білуі керектігін білдірсе де, ол дәстүрлі күндізгі оқу түрінен бірнеше артықшылығы бар:

· өте еркін кіру мүмкіндігі – оқушының кезкелген ауқымды ақпараттық желіге шығу мүмкіндігі бар жерларден Internet арқылы электрондық оқу материалдарын қарастыру мүмкіндігі бар;

· оқу материалдарын жеткізу мүмкіндігінше төмен бағалы болуы – электрондық оқуда білімді жеткізу үрдісі тек Internet арқылы ақпаратпен алмасу құнынан тұрады, ал оқушы жақтан оқулық - әдістемелік әдебиет сатып алу шығыны кірмейді;

· электрондық курс құрылымын модульдерге бөлу мүмкіндігі – ақпараттың кішірек блоктары пәнді оқуды икемді етеді және қажетті материалдарды іздестіруді оңайлатады;

· оқудың ыңғайлылығы – материалдарды оқу ұзақтылығын және ретін оқушының өзі белгілей алады, ендеше оқу үрдісін өзінің мүмкіндігі мен талабына толық бейімдей алады;

· уақытқа сай даму – электрондық курстарды қоланушыла және оқытушылар, және студенттер, өздерінің дағдылары мен білімдерін кәзәргә заманның жаңа технологиялары мен стандарттарына сәйкес дамытады. Электрондық курстар оқулық материалдарын дер кезінде және шапшаң жаңартуға мүмкіндік алады;

· білімді бағалау белгілерін анықтауды мүмкін ету – электрондық оқуда қолданушының оқу үрдісі кезінде алған білімін бағалаудың айқын айқын өлшемдерін белгілеу мүмкіндігі бар. Ол білімді бағалаудағы объективтіліксіздік пен басқадай жаман пікірлердің болуына жол бермейді.

Электрондық оқу курстары – заманның ең соңғы IT – шешімдердің негізінде және оларды қолдану арқылы жасалатын жоғары технологиялық өнімдер.

E-learning білім берудің болашағы деп есептеледі. E-learning бүгінгі күнге дүние жүзінде көптеген елдерде оқыту жүйесіне үдемелі түрде енгізіліп жатқан алдыңғы қатардағы және үнемі дамудағы оқыту түрі деп танылады. Қазақстанда электрондық оқыту білім беру жүйесін инновациялы дамытудың басты бағыты деп есептеледі. Кейінгі жылдары е-learning Астана, Алматы және Қарағанды облысында 44 мектептерге енгізілген. Дүние жүзілік тәжрибе е-learning жүйесі білім беруді жетілдірудің негізгі құралдарының бірі екендігін көрсетеді. Электрондық оқытудың масштабты жобасын іске асыру Қазақстанның білім беру жүйесін әрі қарай ақпараттандыруды жетілдіру болып табылады.

E-learning (Electronic Learning) — электрондық оқыту жүйесі, мынандай терминдердің синонимы: электрондық оқыту, компьютерді пайдаланып дистанциялық оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, электрондық ақпараттық технологиялар көмегімен оқыту.

ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы: «e-Learning — Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту».

E-learning үшін берілген бірнеше анықтаманың бірнеше түсіндірмесі бар:

· арнайы компьютерді (ДК), арнайы қалта компьютерін (ДҚК), мобильді телефонды, DVD - пластинка ойнатқышты, теледидарды қолданып электрондық материалдармен дербес жұмыс істеу;

· консультациялар, кеңестер, алыстағы (территориялық) эксперттен (оқытушыдаң) бағалау алу дистанциялық әрекеттесудің мүмкіншілігі;

· бірдей виртуалды оқу ісін жүргізуші пайдаланушылардың шектелген бірлестігін құру;

· электрондық оқулық материалдарын тәулік бойы дер кезінде жеткізу;

· дистанциялық оқыту құралдары болып табылатын электрондық оқу материалдары мен технологияларына стандарттар және арнаулы талаптар құру;

· инновациялық педагогикалық технологияларды игеру және жалпыға түсінікті түрде тарату, оларды оқытушыларға жеткізу;

· оқулық веб-қорларын дамыту мүмкіндігі;

· дүние жүзінің кезкелген нүктесінен қажетті білімді кезкелген уақытта және кезкелген жерде алу мүмкіндігі.

Е - learning технологияларын оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда қосымша қор ретінде пайдаланудың қойылған мақсатқа лайықтылығы келесі факторлармен анықталады:

· оқушылардың топтық және өздік әрекеттерінің әсерінен оқу материалдарын меңгеру нәтижелерін арттырумен;

· ұсынылған оқу ақпаратын игеру нәтижесінде алынған білімді тексеру үрдісін автоматизациялаумен;

· оқылатын материалдың көрнектілігін жақсартып жетілдірумен;

· ұсынылған оқу ақпаратының көлемін арттырумен.

IT-технологияларды дидактикалық түрде педагогикалық үрдістерге енгіздің толық негізі бар. E- learning технологиялардың арасында келесі интернет-платформаларды (оқытудың виртуалды құралдары) ерекше көрсетуге болады: виртуалды сыныптар, оқытушының оқыту сайты, дискуссиялық форумдар, блогтар, әлеуметтік желілер интернет - телефония бағдарламалары (Skype үлгісі тәріздес).

Осы аталған технологиялардың әрқайсысына қысқаша түсіндірме.

Виртуалды сыныптар оқытушыға көпбағытты видеоконференция не аудиоконференция көмегімен көптеген тыңдаушылармен бір мезгілде on-line оқытуды: презентация көрсетуді, виртуалды тақтада жазу (сурет салу), тыңдаушыларға тексеру жүргізу (чатта, тақтаға жазу, тб) - ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Виртуалды сыныптардың қосымша қызметтері оқушулардың қызметтеріне педагогикалық бақылаулар, мысалы оның сабаққа қатысуын, жүргізуге мүмкіндік береді. Виртуалды сыныптардың мүмкіндіктерін тыңдаушылардың дискуссиялық топтарымен жұмыс істегенде және оладың өздік жұмыстарының нәтижелеріне бағалау жүргізуде қолданған тәжрибелердің көрсетуінше өте пайдалы.

Келесі e-learning технология — оқытушының оқулық сайты. Оқытушының оқулық сайтының қорлары пайдаланушыға ыңғайлы уақытта қажетті тақырыпты ыңғайлы қарқынмен меңгеруге мүмкіндік береді. Оқытушының оқулық сайтының қорларына видеолекциялар, тестер, тәжрибелік тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептерді шығару практикумы, оқу жаттығу істері жатады. Сайт тәулік бойы дер кезінде электрондық оқулық материалдарды қолдануды және оқытушуның кеңестерін, кепілдемелерін, бағалауларын алуды қамтамасыз етеді. Оқытушы жедел түрде барлық тіркелген оқушыларға электрондық поштаға мәлімет жібере алады. Оқушылар басқа қатысушылардың дәл осы уақытта қатысуына байланыссыз бір-бірімен ойларымен және ақпаратпен алмаса алады.

Сонымен e-learning технологиялары арқылы қосымша педагогикалық әрекеттесуді ұйымдастыратын дәстүрлі оқу үрдісі жүйесіне ұсынылып отырған қосымша келесі түрлерден тұрады:

1. синхронды (чат, скайп) және асинхронды (пошта, форум) оқытушылар мен оқушылар, оқушылар бір-бірімен блог, форум, чат, қоғамдастық түрінде өзара хабарласуы;

2. оқушылардың синхронды чат форматында не топ конференциясы түрінде өзара хабарласуы.

Е-learning технологиясы бойынша білім беру үрдісін:

· оқу материалдарын меңгеру талаптарын құру тұрғысынан қарастырғанда ыңғайлы және қолайлы етеді;

· оқу материалдарының қиындық деңгейін, меңгеру уақыты мен көлемін таңдау тұрғысынан қарастырғанда жеке тұлғалық етеді;

· оқытушы мен оқушының өзара әрекеттесуі синхронды және асинхронды түрде жүргізуге болатындықтан – интерактивті етеді.

Сонымен қатар педагогикалық үрдісте е-learning технология арқылы қолданылатын төменде қарастырылған әдістер бар.

Виртуалды топтардағы жұмыс — топтасқан оқушылардың белгілі тапсырманы бірлесіп орындауда виртуалды ортада өз бетімен не консультант көмегімен қатынас әрекеттері мен ережелерін, өз жұмыстарының бағыттарын және оған жету құралдарын таңдау жұмыстары. Мысал ретінде дискуссияны, сұрастыру жүргізу, орындалған жұмыстарды оқытушы және бірге оқушылар алдында қорғау (дауысты на чат-конференции арқылы). Оқытудың бұл әдісі Оқытудың бұл әдісі оқушының өздік жұмысын жетілдіруде жеткілікті адекватты қосымша қор бола алады. Виртуалды кластың техникалық мүмкіндіктері барлық оқушы субъектілерге реалды уақыт режимінде видеороликтерді, презентация слайдтарын, әртүрлі құжаттарды және олардағы ерекше көңіл аударуға қажетті аудандарын ерекшелеп көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлық қолданушылардан реалды уақытта белгілі сұрақ бойынша ақпарат жинастыруда өздерінің файлдарымен алмасуға не оларды басқалардың қарастыруына, электрондық тақтаны пайдалануға, дауыс беруге және сұрастыру жүргізуге, лезде мәліметтермен алмасуға (барлық қолданушылардың не белгілі тұлғалардың қатысуымен) мүмкіндік береді.

Видеоәдіс — ақпаратты көрнекі түрде қабылдауға негізделген әдіс (оқулық видеофильмдерді, видеотренингтерді, аудиториялық дәрістердің және тәжрибелік сабақтардың видеотаспаларын, видеоэкскурсиялар, эксперт-мамандардың видеотаспаларын пайдалану және т.б). Видеометод келесі функцияларды орындай алады: білім алу, бақылау, бекіту және жүйелеу. Негізінен тәжрибеде видеотаспаларды оқу мақсатында қолданудың екі негізгі жолы қолданылады: дайын видеоматериалдарды пайдалану және таспаларды тапсырмаларды орындау үстінде талдау және кері байланыс жүргізу үшін (жобалар, тренингтер және т. б.) қолдану.

Блог-метод — мәтіндерден, кескіндерден не мультимедиядан (соның ішінде авторлық) тұратын жазбаларды құрастыруға мүмкіндік беретін оқушуның оқу-білім алу қызметінің әдістері. Бұл қызметте іздестіру, ақпаратты белгілі бір тақырып бойынша қалыптастыру жүргізіледі. Оқу пәнінің блогын үнемі толықтырып отыратын және оны тереңдете оқуға құштар оқушылардың ынталық тобын құрушыларды мадақтап орыру керек.

Оқытудың дәстүрлік әдістерімен қатар оқытушы мен оқушылардың тиімді ынтымақтастығы үшін педагогикалық-ұйымдық талаптарды құруға негізделген арнайы педагогикалық интерактивті технологияларды қолдану қажет. Сондықтан оқу үлгісінің нұсқасын әзірлеуге e-learning технологияларын пайдалану педагогикалық үрдістің басты құралы болып табылады. Осы форматта оқыту интерактивті, ал оқу үрдісі перманентті түрге айналады.

Сонымен e-learning технологиясы — оқу үрдісін дербестендіре алатын және оқу қарқынын таңдауға (ақпаратты қабылдауда) мүмкіндік беретін оқыту ортасы. Е-learning технологиясын қолданушы өзінің өздік жұмысын дербес компьютері, ноутбукі, ұялы телефоны арқылы ұйымдастыра алады. Оқушының өздік жұмысының көлемін арттыру оқу үрдісін ақпараттық технологиялар есебінен ықшамдауға мүмкіндік береді.

Электрондық технологияларды жоғары оқу орындарында пайдаланудың беретін мүмкіндіктері:

· жоғары оқу орынының жоғары сапалы білім беру спектрін кеңейту және оныоқу курсын жоспарлағаннан аяқталғанға дейін тұрақты болуын қамтамасыз ету;

· студенттердің емтиханнан өту нәтижелерінің жоғары болуы;

· білім алудың жағдайларына байланысты оқу материалының тартымды болуын қамтамасыз ету;

· жоғары оқу орыны оқытушыларының мамандық дәрежесінің өсу және квалификациясының жоғарылау мүмкіндіктерін кеңейтеді;

· жоғары оқу орыны оқытушыларының әріптестерінің тәжрибелерін үйренуге және қайта дайындау өтуге кең мүмкіндік беру;

· жоғары оқу орынында бірмезгілде оқитын студенттердің сандық құрамын арттыру;

· студенттердің щқу жүктемелерін азайту;

· оқу қорларын уақытында және тиімді түрде жаңартып тұру және оларды тарату, сонымен бірге олардың қол жетімділігін арттыру;

· кеңістіктік және уақыттық шектеулер қоймау нәтижесінде оқудың үздіксіздігін қамтамасыз ету;

· білім беру стандарты шегінде студенттердің қызығушылығын ескере отыра оқу курстарының тізбесін және студенттердің жұмысының дербес кестесін қамтамасыз ету;

· тестілеу түрунде аралық және қортынды аттестациялау жүргізу;

· студенттер мен жоғары оқу орыны педагогтары үшін кері байланыстың нәтижелі болуын қамтамасыз ету және т.б.

Жоғарыда кенлтірілгендерден шығатын қортынды: жоғары оқу орындарында қолдану білім беру үрдісінің психологиялық - педагогикалық аспектісіне өте қолайлы. Сонымен қатар оқудың электрондық технологиясы студенттер мен оқытушылардың өзіне тән жеке қорларының дамуына мүмкіндік тудырады, мақсатқа жету дағдыларын, өз бетімен ойлау қабілетін, орындалатын жұмысқа ынталығы мен жауаптылығын қалыптастырады және студенттер мен оқытушылардың өзара білім алмасу үрдісінде психологиялық жүктемелерді төмендетеді.

Электрондық оқытуды (e-learning) дамыту және іске асыру, оқытудың электрондық құралдарының көмегімен білімді, шеберлікті және дағдыларды өсірудің жүйелі және ұйымшыл процесіне бағытталған оқытудың әр түрлерінің (күндізгі, сырт, компьютерлік, желілік) интеграциясы арқылы орындалады.

Е-Learningті өз қолымызбен жасаймыз

Компаниялар мен оқу орындарында жаңа қысқа оқыту курсын, мысалы, жаңа процесті не әдістемені пайдалануды үйретуге арналған, құру қажет болады. Бірақ штатта қажетті материал болғанымен бірден әзірлеуге кірісетін арнайы қызметкердәң болмауы мүмкін. Осы жағдайда мердігерлерге өтініш жасау істің ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін, себебі техникалық тапсырманы дайындау, келісім шарт жасау белгілі уақытты қажет етеді. Бұл жағдайда жиі өз қолымен жасауға логикалық шешім қабылдауға тура келеді.

Болашақта электрондық оқытуды дайындауда өте қажет болатын негізгі кезеңдер:

· Алыстан (дистанциялық) оқытуда қолдануға болатын оқу курстарын аса қиындықсыз дайындауға болатын құралды табу. Бұл құрал мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы болуы керек, осы жағдайда курс мазмұнымен жұмыс істеуге қосымша уақыт босатылады. Осы түрдегі бінеше тамаша құралдарды мысал ретінде көрсетуге болады:

- Raptivity – меңгеруге айтарлықтай күрделі, бірақ мүмкіндіктері зор, Harbringer компаниясы жасаған;

- WebSoft компаниясы шығарған айтарлықтай қарапайым және ыңғайлы құрал Course Lab;

- Open Source LMS Moodle коллаборативті (бірлескен) оқу технологияларына бағытталған – оқу міндеттерін бірлесіп шешуге арналған оқытуды ұйымдастыруға және біліммен алмасуға мүмкіндік береді;

- тамаша вариант болып MS PowerPoint табылады. Оның көмегімен қажетті бағдарда кезкелген материалды экранда орналастыру ерекше еңбекті қажет етпейді, ал графикамен жұмыс қарапайым және өте ыңғайлы;

- егер қажет болса курсты PowerPoint пішімінен flash курсқа айналдыру мүмкіндігі бар. Ол үшін TurboDemo бағдарламасын не оған ұқсас бағдарламаларды қолдануға болады.

· Курсты дайындауға қажетті барлық бастапқы материалды жинақтау. Қандайда болмасын курсты дайындауда мәтіндік материал алу тарихи қалыптасқан, осы себепті көп жағдайда материалды өңдеу қажет болады:

- тізбелерді маркерленген не нөмірленген тізім түрінде көрсету керек;

- сызбалар (тізбек, иерархия) не кестелер (құбылыстар, салыстырулар, қасиеттер) түрінде көрсетуге болатын ақпараттарды графикалық түрге келтірген дұрыс;

- тізімдер, сызбалар, кестелер бөлектелген соң қалған мәтінді 500-700 символдан артпайтын ұсақ бөліктерге бөлу қажет, себебі көлемі үлкен ақпаратқа экранда тығыз болады, сондықтан оны қолдану қолайсыз және ықғайсыз болады;

- егер слайдтар саны көп болып кетсе, мысалы жиырмадан артық болса, онда оны бөлу қажет.

· Курстың әрбір функциональды бөлігі үшін және толық курс үшін нақты мақсатты, тапсырмалар тізімін және оқытудан күтілетін нәтижелерді тұжырымдау. Мұның бәрі курсты оқушы тыңдаушының өзіне деген оқу үрдісіндегі талаптарды білуі үшін қажет. Сонымен қатар курсты оқуға қызықтырады.

· Курстың әрбір бөлігінен соң үш-төрт сұрақтан тұратын мини-тестер ұсыну керек. Толық курс өткен соң кеңірек тест қолдану қажет. Тестерді курстың ортасында ұсынудың қажеті жоқ. Толық курс және оның бөлігі үшін тестерден тұратын «Үй жұмысына» сілтеме жасауға болады.

· Одан әрі курсты айқын қапыптарды пайдаланып дайындау және мәтін ешқандай қиындықсыз оқылатын фон қолдану керек.

· Жоғарыда келтірілгендерді орындаған соң курсты тексеру керек. Жаңадан құрылған слайдтарды ықыласпер қарап оқып шығу керек. Қателердің жоқ екендігіне, кескіндердің орнықты екендігіне көз жеткізу қажет.

Маңызды ереже: e-learning интернеттегі әртүрлі слайдтарды оқу ғана емес, сонымен қатар бірлаескен жұмыс және қарым-қатынас.

Е-learning курсының үлгісін құру және оны қолдану

Кейінгі кезде өте жиі жылдам e-learning туралы айтылады. Шұғыл дайындап, жылдам пайдалануға беріп және өте аз уақытта жаңа білімді тәжрибеде қолдануға мүмкіндік беруге болады. Уақыт шығынын қысқартуды үлгілерді пайдалану арқылы орындауға болатындығы ешкім үшін құпия емес. Бақытына қарай e-learningтің өзінің үлгілері бар..

Біріншіден, әртүрлі курстарды дайындау үшін түстер және стилистикалық үлгілер қолданылады. Бұл құрал тек қана дайындау уақытын кемітіп қана қоймай, шапшаң жетістіктерге жетудің құрамды бөлігі болып табылады. Неліектен? Егер жеке курстар бір бірінен түрлі түсті өңдеу варианттарымен ерекшелініп тұратын болса, онда бірлік принципі бұзылады.

Екішіден, оқу курсы слайдындағы материалдарды экранда ерекше түрде орналастыратын арнайы үлгілер бар. Онда материалдар Power Pointтағындай орындалады: мәтін оң жақта, сурет сол жақта және т.б. Мұндай үлгілер тек қана қарапайым слайдтар үшін ғана емес, ролевтік ойындар, графиктер, сызбалар мен диалогтар үшін де құруға болады.

Үшінші, үлгінің соңғы түрі, - ол курс плеері. Үлгі неғұрлым ыңғайлы болса, соғұрлым тыңдаушы үшін курстың өзі қызық болады, сондықтан дистанциялық оқуға деген ықылас арта түседі.

Е-learning курсын үлгісін жобалап дайындауда орындалуға тиіс негізгі элементтер:

· Атау, онда тақырыптың аты орналасады (оқушыға курстың орналасуынан хабардар болуға көмектесу үшін)

· Атау, слайд есімі көрсетіледі (тыңдаушы не және қайда екендігін жақсы ұғуы және еске сақтауы үшін)

· Слайд жөнінде ақпарат (мысалы, слайд 3 21-ден).

· Тиек, глосарийді шақырып алуға мүмкіндік беретін.

· Көмек тиегі.

· Арнайы «Шығу» тиегі.

· Ауыстырып қосқыш, оның көмегімен слайдтарды ақтаруға болады.

· Дыбысты қосу/өшіру мүмкіндігі.

· Субтитрлерді шақыратын тиек.

· Арнайы Play/Pause батырмасы, для курсты еріксіз кідіріске қою және әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беретін.

· Іздестіру.

· Қолданылған әдебиеттер тізімі.

· «Сұрақ-Жауап» рубрикасы.

Үлгінің негізгі, басты және маңызды элементтері осындай. Аталған функциялардың жеткіәліксіздігі, не артықтылығы оқушыны абыржуға әкелетінін еске ұстау қажет. Сонымен қатар экранда барлық функционалды элементтердің орналасуы түсінікті және қисынды болуы қажет.

 

11. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс

1. Компьютер жұмыс істеуге дайын болған соң Internetті жұмысқа қосыңыз.

2. Іздеу алаңына intuit.ru деп жазып, енгізу тиегін басыңыз

3. Пайда болған парақта Интернет-Университет Информационных Технологий не Национальный Открытый Университет жазуын шертіңіз.

4. Егер компьютер дыбыс шығарушы қондырғылармен жабдықталған болса, онда ашылған парақта «Чтобы узнать больше о проекте, посмотрите видео:» мәтінінің астындағы видеоклипті іске қосыңызда не істеу керектігін және не істеуге болатынын біліп алыңыз..Если компьютер снабжен звуковоспроизвоящими устройствами, то в открывшейся странице запустите видео расположенное под текстом «Чтобы узнать больше о проекте, посмотрите видео:».

5. Ашылған парақта тіркелу (регистрация) сұрақтарына жауап беріңіз де «Принимаю «Кодекс чести студента НОУ «Интуит» алдындағы төрт бұрышты шетіңіз. Сонан соң «Регистрация» тиегін шертіңіз.

6. Сол жақ бағанда «НОУ «ИНТУИТ» представляет программы дистанционного обучения:» тізімінен «... бесплатных учебных курсов» (көп нүкте орнынды сан болады) мәтінін шертіңіз

7. Пайда болған парақта Владимир Молочковтың «Microsoft PowerPoint 2010» курсын табыңыз. Егер ол жоқ болса онда парақтың сол жағындағы тізімнен «Офисные технологии» жазуын шертіңіз де «Microsoft PowerPoint 2010» курсын табыңыз.

8. Курс атауын «Microsoft PowerPoint 2010» шертіңіз.

9. Пайда болған парақтың сол жағындағы «План занятий» жазуын бірнеше рет шертіңіз. Ол сабақ жоспарын ашады не жабады. Жоспар ашық болғанда, сабақтың неше дәрістен тұратынын және басқада элементтерін көрсетеді.

10. Дәріс атауын (Лекция 1, Лекция 2,...) шертіп, дәріс материалын шығарып алыңыз. Парақтың сол жағында дәрісте қаралатын тақырыптар тізімі беріледі.

11. Парақтың ортасында дәріс атауының астында бұл дәрістің неше беттен тұратыны көрсетіледі. Олардың қажеттісін шертіп дәрістің қызықтырушы бөлігін ашып алуға болады.

12. Егер сол жақ бағандағы Лекция 1 не Лекция 2 және т.с.с. астындағы «Тест» мәтінін шертсе, нәтиже шықпайды, себебі тіркелу толық таяқталмаған. Тіркелуді аяқтау үшін өз поштаңызды ашып, онда «НОУ «ИНТУИТ» жіберген мәліметтегі нұсқауларды орындаңыз: өзіңіз туралы қосымша мәліметтер беру, қойылған тапсырмаларды бірігіп орындайтын достар табу керек.

11.2. Оқытушымен жұмыс

- Қателiк жiберілген кезде, не түсiнiксiз жағдайлар болғанда оқытушыны ескерту керек

- Сабақ соңында iстелген жұмыстын есебiн мұғалiмге көрсетiп, сынақ баға алу керек

11.3. Негiзгi және қортынды бiлiм деңгейiн бақылау:

- Компьютерде тестелу.

- Оқытушының тақырып сұрақтары бойынша әңгiмелесуi

 

Воронежский филиал

Федерального государственного бюджетного образовательного учреждения высшего профессионального образования «Российская академия народного хозяйства и государственной службы при Президенте Российской Федерации»




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 143 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.024 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав