Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рефераттар тізімі.

1.Салықтың үғымы жоне белгілері.

2. Салықтың элементтері.

3. Салықтардың түрлері мен функциялары.

4. Салықтық қүқықтың үғымы, пәні және әдісі.

5. Салықтық қүқықтың қүқық жүйесіндегі орны.

6. Салықтық қүқықтың жүйесі.

7. Салықтық қүқықтың бастаулары.

8. Салықтық-қүқықтық нормалар және олардың жіктеуі

9. Салықтық-қүқықтық қатынастардың үғымы және түрлері.

10. Салықтық-қүқықтық қатынастардың субъекттілері мен объектілері.

11. Салықтық-қүқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатулуы.

12. Салық органдарының құрылысы. Салықтық-құқықтық қатынастар субъектілерініңқұқықтары мен міндеттері.

13. Салық төлеушілерінің құқықтары мен міндеттері.

14. Салық агенттінің құқықтары мен міндеттері.

15. Салық органдарының құқықтары мен міндеттері.

16. Салық міндеттемесінің ұғымы, түрлері, объектілері мен субъектілері.

17. Салық міндеттемесін орындау.

18. Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгериулуі.

19. Салық міндеттемесін орындау бойынша артық төленген сомаларын есепке жатқызужәне қайтару.

20. Мерзімінде орындамаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері.

21. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары.

22. Салық міндеттемесін тоқтату.

23. Төлеушілері мен салық салу объектілері.

24. Салық салынатын табыс және шегерімдер.

25. Ставкалары мен жеңілдіктері.

26. Төлеу тәртібі мен декларацияны табыс ету.

27. Төлеушілері мен салық салу объектілері.

28. Салық салынатын табыс және шегерімдер.

29. Ставкалары мен жеңілдіктері.

30. Төлеу тәртібі мен декларацияны табыс ету.

31. Төлеушілері мен салық салу объектілері.

32. Ставкалары мен жеңілдіктері.

33. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібі мен салықтық есептілікті табыс ету мёрзімдері..

34. Төлеушілері мен салық салу объектілері.

35. Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерін түрлері.

36. Бонустар мен роялти.

37. Үстеме пайда сылығы.

38. Ставкалары мен жеңілдіктері.

39. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібі мен салықтық есептілікті табыс ету мерзімдері.

40. Салықтық бақылаудың ұғымы, белгілері, элементтері мен түрлері.

41. Салықтық жоспарлау салықтық құқықтық институт ретінде.

42. Ресей Федерацияның салық құқығы.

43. АҚШтың салық құқығы.

44. Францияның салық құқығы.

45. Германияның салық құқығы.салық құқығы.

46. Резиденттер мен резидент еместер.

47. Резидент еместің тұрақты мекемесі.

48. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары.

49. Резидент емес түлғалардың табыстарына салық салу тәртібі.

50. Салық салу жөніндегі халықаралық шарттар.

 

3 Тест тапсыру бойынша әдістемелік нұсқаулар

Тест тапсырмаларын орындау – ол білімдерді жазбаша түрде тексеру болып табылады. Ол ағымды бақылау және қорытынды бақылау кезінде өткізіледі. Тест тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады, олар бірнеше нұсқаларға бөлінеді. Тесттар базасы студенттерге танысу үшін алдын ала беріледі, жауаптарынсыз (дайындалу үшін).

 

4 Сызба жасау, кесте толтыру бойынша әдістемелік нұсқаулар

Сызба (схема) дегеніміз - белгілі бір тақырып бойынша студенттің теориялық білімін бекіту мақсатында берілетш, студенттің бюелгілі бір тақырып мазмүнын сызбаға қысқаша түсіре отырып сызуы.

Сызбаның мақсат ы - стүде.яттін белгілі ^ір тақырыпты толық: жан-жа^-ты меңгеру деңгейін анықтау, оның дәріс жне семинар сабақтары барысында. СӨЖ және ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде қорытып жинақтаған

білімдерін нығайту, бекіту; студенттің курс бойынша емтиханға дайындыгын тексеру,студенттің логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдістемелік нұсқау: Сызба сызу барысында сұрақтардың барлығы да тақырыптан ауытқымауы тиіс. Сызба А4 фортатты ақ қагазға орындалуы тиіс, бірінші беті рефераттың бірінші бетіне сәйкес орындалады (бірақ, әрине, «реферат» деген сөздің орнына «сызба» деген жазу тұруы тиіс); келесі бетте сызбаның өзі сызылады, ол тым кішкентай және тым үлкен сызылмауы тиіс. АЗ форматта орындалуы мүмкін (бірақ бұл орайда А4 форматына сәйкестендіріліп бүктелуі тиіс).. Сызба қолжазбалық нысанда немесе компьютерлік терілімде орындалуы мүмкін (рәсімделу талаптары рефератқа қойылатын талаптарга сәйкес келеді).

Сызба нысанындагы ОЖСӨЖ, тапсырмасын орындау рәсімі келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:

Сызба сызуга ертерек қамданып дайындалыңыз, яғни сызба ертен тапсырылуға тиіс деген күні гана, бір күн (түн) ішінде апыл-ғұпыл дайындалмаңыз. Себебі бұндай сызбаның сапалы болуы екі талай. Осы тақырып жоніндегі дәріс мәтінің мұқият оқып шығыңыз. Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз. Ұсынылган әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала,

оқу құралы, мұқият оқып шығыңыз. Семинар дәптеріңізде жазылған, осы тақырыпты қамтитын, СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған конспектіңізді мұқият оқып шығыныз. Дайындық бетіңізге осы тақырып бойынша қарастырылуға әрі сызба ретінде сызылып көрсетілуте жататын сұрақтарды анықтап алыныз, сонымен қатар сол сұрақтардың әр түрлі бағыгта (көлденең не тіпнен, оңнын не солдан) қойып қору арқылы сызба сызып көріңіз. Сызбаңыз әбден дайын болған кезде ғана таза А4 не АЗ форматты ақ қағазға аса ұқыптылықпен әрі мұқият көшіріп жазыңыз. Сызбаның езі де, онда қарастырылған мәселелер де тиянақты әрі таза жазылуы тиіс. Ең бастысы, сызбадағы мәселелердің орналасуы анық, тым жақын (яғни бір бірімен тығыз орналасқаны соншалықты, қай қайсыздығы екндігі түсініксіз) болмауы тиіс. Сызба құрастырылып сызылған кезде мәтінңің мазмұны жағынан өзара байланысты әрі логикалық тұрғыдан реттілікті сақтай отырып орналасуы қажет. Бұл дегеніміз студент сызба сызған кезде қандай да бір оқулықтан оқып, көріп алған белгілі бір сызбаны сөзбе-сөз көшіріп алуынатыйым салынады. Сонымен қатар, студент белгілі бір тақырыпты ашқан кезде «қысқалық пен нұсқалық» қағидасын ұстанып, оның мазмұнын ашпайтын, тек өте мардымсыз. білім беретін сызба сызылуына тыйым салы.нады.

«Кесте» нысанындағы ОЖСӨЖ тапсырмасы:

Кесте дегеніміз - белгілі бір тақырып бойынша студенттің теориялық білімін бекіту мақсатында берілетін, студенттің белгілі бір тақырыптың мазмұнын таблицаға қысқаша жаза отырып сызуы. Сызбадан таблицаның айырмашылығы: сызбы тек сызба (схема) нысанында орындалады, ол көбіне қандай да бір терминдердің өзара байланысын, белгілі бір терминнің әлементтерін көрсетуге арналады. Ал таблица болса, қандай да бір тақырып бойынша ұғымдардың өзара ерекшеліктерін анықтау мақсатында толтырылады. Мәселен, «ерекше талап қоюмен іс жүргізу» тақырыбы бойынша таблтца нысандарының өзара айырмашылықтарының ашу үшін сызылуы мүмкін. Таблицаның мақсаты - студенттің белгілі бір тақырыпты толық, жан-жақты меңгеру деңгейін анықтау, оның дәріс және семинар сабақтары барысында, СӨЖ және ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау кезшде қорытып жинақтаған білімдерін нығайту, бекіту; студенттің курс бойынша емтиханға дайындыгын тексеру, студенттің логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдістемелік нұсқау: Кестені құрастырып сызу барысында тақырыптың мазмұнын ашу үшін жетерлік дәрежедегі сұрақтардың барлығы да қамтылуы тиіс. Таблица А4 фортатты ақ қағазға орындалуы тиіс, бірінші беті рефераттың бірінші бетіне сәйкес орындалады (бірақ, әрине, «реферат» деген сөздің орнына «таблица» деген жазу тұруы тиіс); келесі бетте таблицаның өзі ғана сызылады, ол тым кішкентай және тым үлкен сызылмауы тиіс. АЗ форматта орындалуы мүмкін (бірақ бұл орайда А4 форматына сәйкестендіріліп бүктелуі тиіс). Таблица қолжазбалық нысанда немесе компьютерлік терілімде орындалуы мүмкін (рәсімделу талаптары рефератқа қойылатын талаптарға сәйкес келеді).

Кесте нысанындағы ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау рәсімі келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:

Кестені сызуға ертерек қамданып дайындалыңыз, яғни таблица ертең тапсырылуға тиіс деген күні ғана, бір күн (түн) ішінде апыл-ғұпыл орындамаңыз. Себебі бұндай таблицаның сапалы болуы екі талай. Осы тақырып жоніндегі дәріс мәтінің мұқият оқып шығыңыз. Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз. Семинар дәптеріңізде жазылған, осы тақырыпты қамтитын, СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз. Дайыидық бетіңізге осы тақырып бойынша қарастырылуға әрі таблицады корініс табуға жататын сұрақтарды анықтап алыңыз, сонымен қатар олардың мәні мен мазмұнын толықтай ашып, бірақ қысқа әрі нұсқа түрде жеткізе алу үшін әр түрлі таблица түрлерін сызып қору арқылы таблица нысаны мен түрін анықтаңыз. Таблицаңыз әбден дайын болған кезде ғана таза А4 не АЗ форматты ақ қағазға аса ұқыптылықпен әрі мұқият көшіріп жазыңыз. Таблицаның әзі де, онда қарастырылған мәселелер де тиянақты әрі таза жазылуы тиіс. Ең бастысы, таблицадағы мәселелердің орналасуы анық, озара логикалық тұрғыдан байланысты, тақырыптан ауытқамайтын дәрежеде, тым жақын (яғни бір бірімен тығыз орналасқаны соншалықты, қай қайсыздығы екендіп түсініксіз) болмауы тиіс.

Осы талаптарды орындай отырып қана орындалған таблица сапалы әрі жақсы бағаға жарайтындай дәрежеде орындалған деп есептелуге жатады.

5 «Кроссворд» нысанындағы тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Кроссворд дегеніміз - белгілі бір тақырып бойынша студенттің теориялық білімін бекіту мақсатында берілетін, студенттің белгілі бір тақырыптың мазмұнын ашу үшін кроссворд сызып, сұрақтар мен жауаптар әзірлеуі. Кроссвордтың мақсаты - студенттің белгілі бір тақырыпты толық, жан-жақты меңгеру деңгейін анықтау, оның дәріс жне семинар сабақтары барысында. СӨЖ және ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде қорытып жинақтаған білімдерін нығайту, бекіту; студенттщ курс бойынша емтиханға дайындығын тексерухтуденттің логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдістемелік нұсқау; Кроссворд құрастыру барысында сұрақтардың барлығы да тақырыптан ауытқымауы тиіс. Кроссворд А4 фортатты ақө қағазга орындалуы тиіс, бірінші беті рефераттың бірінші бетіне сәйкес орындалады (бірақ, әрине. «реферат» деген сөздің орнына «кроссворд» деген жазу тұруы тиіс); келесі бетте жауапсыз кроссвордтың жауапсыз сызбасы сызылады, ол тым кішкентай және тым үлкен сызылмауы тиіс. АЗ форматта орындалуы мүмкін (бірақ бұл орайда А4 форматына сәйкестендіріліп бүктелуі тиіс); келесі бетте жауапсыз тек сұрақтар беріледі (сұрақтар тігінен не көлденеңорналасқанына байланысты жүйелі жазылады), келесі бетте тек сұрақтардын берілу ретіне сәйкес жауаптар беріледі. Кроссворд қолжазбалық нысанда немесе компьютерлік терілімде орындалуы мүмкін (рәсімделу талаптары рефератқа қойылатын талгптарға сәйкес келеді).

Кроссворд нысанындагы ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау рәсімі келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:

Кроссвордты орындауға ертерек қамданып дайындалыңыз, ягни кроссворд ертең тапсырылуға тиіс деген күні ғана, бір күн (түн) ішінде апыл-ғұпыл дайындалмаңыз. Себебі бұндай кроссвордтың сапалы болуы екі талай. Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтінің мұқият оқып шығыңыз. Ұсынылган негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала, оқу құралы мұқият оқып шығыңыз. Семинар дәптеріңізде жазылған, осы тақырыпты қамтитын, СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз. Дайындық бетіңізге осы тақырып бойыншақойылуы мүмкін сүрақтарды анықтап алыңыз, сонымен қатар сол сүрақтардың әр түрлі бағытта көлденең не тігінен) қойып көру арқылы кроссвордты сызып көріңіз. Кроссвордыңыз әбден дайын болган кезде ғана А4 форматты ақ қағазға аса үқыптылықпен әрі мүқият көшіріп жазыңыз. Кроссвордтың өзі де. сүрақтары да, жауаптары да тиянақты әрі таза жазылуы тиіс. Ең бастысы, сүрақтар қойылғанда дүрыс қүрастырылған әрі логикалық түрғыдан тек бір-ақ нүсқалы жауапты тудыратын болуы тиіс. Бүл дегеніміз студент сүрақ қойған кезде оқулықтан оқып алған белгілі бір сөйлемнің бір сөзінің орнына сүрақ қойып оны жауап ретінде белгілеп алуыңыз тыйым салынады. Сол сияқты студент сүрақ қойған кезде сүрақ міндетті түрде сүраулы сөйлем нысанында қүрастырылуы тиіс.

 

6 Есеп тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Студентке ұсынылған есептер мұқият оқылуы қажет, ечептің тақырыбы анықталуы қажет, тақырып бойынша реттеуші қайнар көздер, яғни ҚР Еңбек кодексі және басқа да реттеуші заңдар, қаулылар табылуы қажет. Жауап ҚР ЕК, Заңның, Қаулының нақты баптарына сілтеме жасай отырып берілуі қажет.

Өздік жұмыстар – (бақылау жүргізу нысаны) – коллоквиум, дискуссия, дебат, мини-конференция, ролді ойындар түрлеріндегі ауызша нысанда.

 

«Коллоквиум» нысанындағы тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Коллоквиум - белгілі бір тақырып бойынша тапсырылатын ауызша бақылау. Бұл әдетте, студенттердің оқытушының алдына жеке-жеке келіп, тақырып бойынша сұрақ қою-жауап беру нысанында жүргізіледі.

Коллоквиумның мақсаты - студенттің белгілі бір тақырыпты толық, жан-жақты меңгеру деңгейін анықтау, оның дәріс және семинар сабақтары барысында, СӨЖ және ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде қорытып жинақтаған білімдерін нығайту, студенттің курс бойынша емтиханға дайындығын тексеру.

Коллоквиумға дайындалу жөніндегі әдістемелік нұсқау: Белгілі бір тақырып бойынша коллоквиум нысанында көзделінген ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз дәріс сабағы мен семинар сабағы барысында алған білімдеріңізді толықтыру және нығайту мақсатында ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздер мен танысуыңыз қажет. Соның нәтижесінде тақырып бойынша коллоквиум барысында өзіңізден оқытушы сұрап қалуы мүмкін сұрақтарға жауап бере аласыз. Коллокувиум барысында қойылған сұраққа қысқа да нұсқа түрінде тақырыптан өзіңіз ұққан ережелерді қысқаша айтып жеткізу арқылы жауап беріңіз. Ең бастысы - қойылған сұраққа мазмұны ашылған, әрі дұрыс жауап берілуі тиіс.

Коллоквиум нысанындағы ОЖСӨЖ тапсырмасына дайындалу үшін Сіз келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:

· Коллоквиумға ертерек қамданып дайындалыңыз. Себебі тым асығыс, әрі тез қарқынмен оқыған жағдайда аса ауқымды мәліметті ұғына да алмайсыз, сол сияқты есте сақтап қалуыңыз екі талай.

· Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтін мұқият оқып шығыңыз.

· Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала.

оқуқұралы, тиісті бабы және т.б.) мұқият оқып шығыңыз.

· Семинар дәптеріңізде жазылған, осы тақырыпты қамтитын, СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз. Коллоквиумға дайындалу барысында өзіңізге қойылуы мүмкін сұрақтардын тізімін алыңыз да, осы бақылау сұрақтары бойынша өз біліміңізді өзіңіз тексеріп алыңыз.

 

«Дискуссия» және «Дебат» нысанындағы тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Дискуссия дегеніміз - белплі бір тақырып бойынша қатысушылардын өз ой-пікірлерін білдіріп, озекті мәселені талқылауға салу арқылы пікір алмасуы.

Семинар дәптеріңізде жазылған, осы тақырыпты қамтитын, СӨЖ тапсырмасы ретінде орындалған конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз. Дискуссия тақырыбы ретінде шығарылған мәселеге қатысты өз ой-пікіріңізді және оны дәлелдейтін дәлелдеріңізді қалыптастырыңыз. Дайындалу барысында қойылуы мүмкш сұрақтарды және талқылануы мүмкін мәселелерді анықтап алыңыз, сонымен қатар сол сұрақтарға жауаптарыңызды, өз ой-пікіріңізді негіздейтін әрі дәлелдейтін дәлелдеріңізді (аргументтерщізді) іздестіріп, қалыптастырып көріңіз.

Дискуссияның өткізілу әдістемесі:

Жүргізуші дискуссия тақырыбын анықтайды, қатысушыларды шақырады; Жүргізуші дискуссияның бірінші кезеңін «Ой штурмы» ойыны түрінде өткізілетіндігін жариялайды, қатысушыларға тапсырма береді де, ойын ережелерімен таныстырады:

Ойынның мақсаты тапсырманы шешудің ең көп нұсқаларын ұсыну; Өз ой қиялыңызбен жұмыс істеу, жалпы қалыптасқан пікірге қайшы келетін ойлардан қашқақтамау; Басқа қатысушылардың ой-пікірін дамыта түсіңіз; Ұсынылған ой-пікірлерге баға беруге тырыспаңыз, мұнымен сосын. сәл кейнірек айналысасыз.

Жүргізуші барлық туындайтын пікірлерді жазып отыратын хатшыны тағайындайды. Жүргізуші сөз сөйлеу тәртібін бекітеді, әрбір студенттін өз ой-пікірін еркін жеткізе алуы мақсатында дискуссияға көбірек қатысушыларды тартуға, қатыстыруға тырысады. Қатысушылардын бірімен ойын тәртібі бұзылған жағдайды жүрпзуші мәселені талқылауға сол сәтте кірісіп кетеді. Бірінші кезең жаңа ой-пікіолер туындап отырғанша созылады.

Жүргізуші қатысушылар сынды ойлауға көшуі үшін қысқа уақытты үзіліс жариялайды. Үзілістен кейін ойынның екінші кезеңі басталады. Енді қатысушылар алдыңғы кезеңде айтылған пікірлерді топтастырып дамытады. Пікірлерді топтастырып алғаннан кейін, қатысушылар олардың ішінен қойылған сұрақтарға жауап беруге жәрдемдесетіндерін таңдап алу арқылы пікірлерді зерделейді. Бұдан кейін жүргізуші дискуссияны қорытындылайды. Жүргізуші топтардың тапсырманы шешудің жолдарын іздестіруде командалық тұрпаттан келген келмегендігін анықтауы қажет.

Дискуссияның мақсаты - студенттің белгілі бір тақырыпты толық, жан-жақты меңгеру деңгейін анықтау, оның дәріс және семинар сабақтары барысында, СӨЖ және ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде қорытып жинақтаған білімдерін нығайту, бекіту; студенттің курс бойынша емтиханға дайындығын тексеру,студенттің курс бойынша емтиханға дайындық деңгейін тексері, студенттің логикалық ойлау қабілетін дамыту; студенттің өзекті мәселерді ғылыми тұрғыдан зерттеу қабілетін, қандай да бір мәселеге байланысты өз ой-пікірін жеткізу әрі дәлелдей алу қабілетін дамыту әрі жетілдіру.
Әдістемелік нұсқау: Дискуссия өткізуге дайындалу барысында қарастырылатын сұрақтардың барлығын қамтитын, бірақ тақырыптан ауытқымайтын, дәріс және семинар сабақтары барысында жинап қорытқан білімдеріңізді нығайтуға, бекітуге және жетілдіре түсуіңіз қажет. Сонымен қатар, дискуссия барысында оның өткізілу талаптарына сәйкес өз ойынызды нақты әрі қысқа да нұсқа білдіруге, басқа қатысушылардың ой-пікірін құрметпен тыңдай алуыңыз, олардың сөзін бөлмей, айқын құрмет көрсетпеушілікке жол бермеуіңіз қажет.

Дискуссия нысанындагы ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау рәсімі келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет: Дискуссияға ертерек қамданып дайындалыңыз, яғни дискуссия болады деген күні ғана, бір күн (түн) ішінде апыл-ғұпыл дайындалмаңыз. Себебі. тым асығыс әрі тез қарқынмен дайындалған кезде тым көп мәліметті меңгере алмайсыз, мәселенің өзектілігін аша алмайсыз, дискуссияға сапалы әрі жан-жақты дайындала алуыңыз екі талай болып табылады. Ең алдымен, осы нұсқамада берілген дискуссияның өткізілу әдістемесімен мұқият танысыңыз, яғни дискуссия барысында өзіңізді қалай ұстауныз қажет екенін анықтап алыңыз да, соны дискуссия барысында орындайтын болыңыз. Осы тақырып жөніндеп дәріс мәтінің мұқият оқып шығыңыз. Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 161 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав