Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Марганец

Марганец табиғатта негізінен қосылыстар түрінде: пиролюзит МnO2, марганец шпаты MnCO3, татанлит, гаусманит Mn3О4 түрінде кездеседі, сондай-ақ марганецтің калийлі және аммонийлі қосылыстар белгілі. Марганец қосылыстарда +2, +3, +4, +6, +7 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Мn2+ - түссіз катион, ерітінділерінің түсі солғын қызғылт түсті. Сұйытылған ерітінділері түссіз.

Марганец (II) Мn2+ катионына тән реакциялар

1. КОН немесе NаОН сілтілер ерітіндісімен реакция. КОН және NаОН сілтілері Мn2+ катионымен марганец гидроксидінің Mn(ОН)2 ақ тұнбасын береді, ол ауада Мn2+ ионының Mn (IV)-ке дейін тотығып MnO(ОН)2 (немесе Н2MnO3) тұнбасын түзуі салдарынан күрең түске боялады.

Тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы марганец сульфаты ерітіндісін құйыңыз, оған 3-4 тамшы су және 4-5 тамшы сілті ерітіндісін қосыңыз. Түзілген ақ тұнба сары күрең түске боялады.

2. Mn2+ катионының MnO4- -ионына тотығуы (сипаттамалық реакция). Бұл реакция көмегімен Мn2+катионын барлық аналитикалық топ катиондары қатысында анықтауға болады. Тотықтырғыш ретінде қорғасын оксиді PbO2, аммоний персульфаты (NH4)2S2O8 және т.б. тотығу-тотықсыздану потенциалы 1,51В артық болмайтын тотықтырғыштар қолдануға болады.

а)Қорғасын оксидімен тотықтыру:

2Mn(NO3)2 + 5PbO2 + 6 HNO3 → 2HMnO4 + 5Pb(NO3)2 + 2H2O

б) Mn2+ катионының аммоний персульфатымен (NH4)2S2О8 тотығуы күміс нитраты AgNO3 (катализатор) қатысында өтеді. Mn2+ ионы қатысында ерітінді көк-қызыл түске боялады:

2MnSO4 + 5(NH4)2S2О8 + 8Н2О = 2НМnO4 + 5(NH4)2SO4 + 7Н2SO4

Mn2+ төмен концентрациясында ерітінді қызғылт түске боялады, ал оның артық мөлшерінде күрең тұнба MnO2 или Н2MnO3 түзіледі.

Бұл реакцияны жүргізгенде зерттелетін ерітіндіде хлорид-иондар С1- (және басқа тотықсыздандырғыштар) болмауы керек, себебі олар MnO4- - ионын Н2MnO3, тіпті Mn2+ ионына дейін келесі реакция бойынша тотықсыздандырады

2НМnO4 + 6НС1 = 3С12↑ + 2Н2МnO3↓ + 2Н2О

Зерттелетін ерітіндіде тотықсыздандырғыштар болған жағдайда Mn2+ ионы қатысында ерітінді көк-қызғылт түске боялмайды.

3. Аммиак Mn2+катионын Мn(ОН)2түрінде тұнбаға түсіреді. Аммоний тұздары қатысында тұнба түспейді, марганец гидроксидінің Мn(ОН)2 МnО(ОН)2 –дан айырмашылығы сұйытылған күкірт қышқылында ериді.

Вi3+катионына тән реакциялар

1. Гидролиз – висмутқа тән сипаттамалық реакциялардың бірі.

Висмут хлориді ВiС13 ерітіндісін сумен сұйылтыңыз. Висмут хлоридінің негіздік тұзының ақ тұнбасы түседі:

ВiС13 + 2Н2О → Вi(ОН)2С1↓ + 2НС1

1. КОН, NаОН гидроксидтері Вi3+ катионымен висмут гидроксидінің Вi(ОН)3 ақ тұнбасын береді. Ол қышқылдарда ериді, сілтілерде ерімейді.

Вi3+ + 3ОН- → Вi(ОН)3

3. Вi3+ катионын ың металл висмутқа дейін тотықсыздануы (қара түсті тұнба).

Sb3+катионына тән реакциялар

1. Гидролиз. Сурьма тұзына сумен әсер еткенде олар висмут тұздарына қарағанда гидролиз реакциясына көбірек түседі:

SbС13 + Н2О ↔ SbОС1↓ + 2НС1

2. Натрий тиосульфаты Nа2S2О3 Sb3+ катионымен қыздырғанда сурьма (III) күкірт тотығының Sb2ОS2 қызыл тұнбасын береді. Вi2+ иондары болған жағдайда қара тұнба түзіліп, сурьма күкірт тотығының түсін жасырады.

3. Sb3+ ионының металл сурьмаға дейін тотықсыздануы. Sb3+ катионын кернеу қатарында сурьманың сол жағында тұрған металдармен сурьмаға дейін тотықсыздандыруға болады.

Sb5+катионына тән реакциялар

1. Гидролиз. Сурьма тұздарының ерітіндісін сумен сұйылтқанда ақ тұнба түзіледі (сурьманың негіздік тұзы), ол хлорсутек қышқылының артық мөлшерінде ериді.

2. КОН, NаОН гидроксидтері және аммиак Sb5+ионымен метасурьма қышқылының ақ тұнбасын береді.

3. Цинк, қалайы, магний, темір металдарының Sb5+ ионына әсері Sb3+ ионына әсер еткендей болады.

4. Метилді қызыл-көк (фиолетовый) тұз қышқылды ортада Sb5+ ионымен қызыл-көк түс береді.

 




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 51 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав