Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абай шығармашылығының рухани болмысы

Читайте также:
  1. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  2. Дәріс 14. Адамның рухани әлемі. Сана.
  3. Мiнез-құлықта Рухани ажарда

а) к силе

б) к любви

в) к истине

г) к человеку

 

25. Логическая операция, направленная на разрушение ранее состоявшегося процесса аргументации – это

а) догма

б) критика

в) аргументы

г) обоснование

 

Кіріспе

 

Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабысқан. Мұнда философ-ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананы айқын да, бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою,сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.

Абай шығармашылығының рухани болмысы

Данышпан ойшыл, өз заманынан озық туған ғұлама ХІХ ғасырдың өзінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні жайлы терең ой түйіп, біртұтас қазақ этносының, ұлысының тұтастығы, оның ұл- қыздарының тағдыр –талабы бірлікте және татулықта болуы жайлы толғанды. Ол қазақ даласына еніп келе жатқан кез келген қоғамның таптық бастауы болады деген догмалық қағидаға қарсы үн көтерді. Бұл қағида бойынша қоғам қарама –қарсы таптардан, қанаушылар мен қаналушылардан ғана тұрады, мұндай жағдайда ұлттық бірлікті іздеуді ақылға сыймайды делінді. Әрқашан таптық императивтерге, олардың үстемдігіне қарсы болған Абай осыс зобалаңды алдын ала көре білді. Кейінгі күндерге шейін оның рухани мұрасы өз деңгейінде зерттелмеді және бағаланбады. Ақын туындысы қасаң таптық көзқарас негізінде қарастырылды, оның шыққан тегі ақынды кедейшіл немесе жұмысшы жазушылары сапында қарастыру мүлдем жоққа шығарды. Абай шығармашылығын жалпыадамзаттық тұрғыдан зерттеуге көшу оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дуниетанымдық негіздерін түсінуге, шығармаларының тылсым сырлы бояулары мен қайнар көздерін ашуға, ұлы ұстаз ұсынған идеялардың құпия сырларын танып білуге, қазақ халқының шынайы тарихындағы, тағдыры мен дамуындағы ақынның орны мен рөлін, маңызын пайымдауға мүмкіндік береді.Бүгінде Қазақстан басқа да тәуелсіз елдер сияқты тарихи жол айрықта тұр. Абай өмір сүрген ғасыр ХІХ ғасыр ортасындағы қасіреттен құтылудың жолын нұсқаған Қара сөздері өсиеті мен асыл ойларры бүгінгі ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған осы кезеңде, оның экономикалық, саяси және рухани жағынан шиеленіскен сәтінде де өз мәнін жойған жоқ. Демек, таптық көзқарастан, тоталитарлық идеялогиялық мұраттарынан бастау алған, жалпыадамзаттық құндылықтарды жоққа шығарған дүниетанымдық ұстындарымыздың түбірімен өзгертуіміз керек. Абай философиясының әлеуметтік–мәдени және дүниетанымдық негіздерін саралау, соған сәйкес оның өзіндік дүниетанымдық бағдарын анықтау үшін тарихи материализмнің сыңаржақтылығынан, философиялық дамудың соңғы сатысы саналған маркстік-лениндік ілімнен бас тартқан жөн. Таптық философияны жоққа оның түп-тамырын және тұңғиық сырын ашады. Мұнда қазақ халқының ауыз әдебиеті, жазба мұралары, араб, парсы және түрік мәдениеті, орыс поэзиясы мен прозасы, Еуропа мәдениет, әлеуметтік ғылымдар мен философия маңызды рөл атқарады.Дүниетанымның бұл сан-салалы қайнар көздері қазақтың жаңа ағартушылық философиясының негізін салды. Өз философиясының Батыс пен Шығыс дүниетанымымен қанықтырған Абай алғаш рет қазақтың қоғамдық ой тарихында даму және қозғалыс идеясының мәнін түсінді. Бұл көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың мәдени-шаруашылық нұсқасын өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенді, отырықшы және жартылай көшпенді шаруашылық әдістерінің орнын пайымдады, қоғамның рухани, саяси, экономикалық өмірін қатаң сынға алды. Келешекте қазақ этносының даму жолдарын болжап, ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы орны, еңбектің тіршілік көзі ретіндегі маңызы жайлы ойларын халық талқысына салды. Өз халқының тағдыры, ұлттық рухы, бостандығы, мінез-құлқы ұлы ақынды ерте толғандырды. Ол қазақты мақтаныш тұтты және оған көңілі толмай налыды, этностың имандылыққа жетуі жайын ойлап мазаланды. Абай философиясының негізгі мәселесін Батыстағыдай сана мен материаның, болмыс пен ойлаудың арақатынасы түрінде қабылдаған жоқ, бұл оның жалпыадамзаттық көзқарасын айқындап берді. Ол үшін философияның негізгі және басты мәселесі-адам.Бұдан оның философиялық жүйесінің антропологиялық сипатын шынайы адамөз дүниетанымының тірегі еткенін көреміз. Абай адамды бүкіл дүниенің қуатты қайнар көзі деп білді, сондықтан оны бүкіл философияның мәні мен шыңы деп таныды. Ол тіптен адамды құдайға бағалап және жеке адамды жан-жақты жетілген әмбебап, толық адам деп қарастырды. Абай үшін адам мәселесі негізгі философиялық мәселе болып табылады, осыдан оның ізденістерінің этикалық бағытын түсінеміз. Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың айқында бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды.

Абайдың қоғамдық құрылымға көзқарасы

Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалықжаулықты жою,сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.Өзінің ағартушылық философиясына сәйкес ол әлеуметтік жаңарутек білім арқылы ғана мүмкін болады деп есептеді. Білімді адам әрқашан парасатты, жақсы-жаманды ажыратады, ал надан адам әкесін, шешесін, барлық туысы мен жақынын арқасынан бір қаққан алғашқы орыс чиновнигіне сатып жібереді. Абайдың мұраттары мен мүдделерін одан әрі дамытып, жаңа қоғамдық саяси жағдайға толықтырып, нақтылап, өмірлік істерінде ұдайы қолданған көптеген шәкірттері болды. Олардың ішінде көрнектілері: Шәкәрім Құдайбердіұлы,Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы және басқалар.

Абай сынды бүкіл әлемдік ауқымдағы ақыл-ой алыбының тарих сахнасына шығуының өзі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында болып жатқан түбірлі өзгерістерімен тікелей байланысты болатын. Ол қазақ даласына белсенді түрде араласа бастаған алғашқы капиталистік қоғамдық қатынастарды бірінші болып аңғарған адам. Соның арқасында ұлы ақын рухани қазыналардың жаңа жүйесін түзіп, елдікке апарар жолда етектен тартар ескілікпен күресе жүріп, өмір мен адамның, мәдениет пен қоғамның парқы мен мәнін ұғындыратын философиялық жаңа ұғымдар мен принциптерді қалыптастырды. Абайдың рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы: ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын жетілген адамды өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөледі, адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принцптерін ашып, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартады,шексіз танымның мүмкіндіктерін байқап, надандықпен күресін бағалап, білім мен ғылымның олардың әлеуметтік өміріндегі рөлін анықтап, адамтануды жүйелі қарастырады. Даналықтың өлшемі бола білген философ –ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде қазақ халқының зерделі ойы мен өмірінің энциклопедиясы секілді Олай дейтін себебі, Абайды танып, оның шығармаларын игере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдини-тарихи, моральдық жайынан айқын да анық және дәл мағлұматтар алуға болады

Соңғы уакытта бұл мәселені тереңдей оқып-білуге ұмтылыс байқалуда. М. Мырзахметовтың еңбегі үлкен кызығушылық туғызады. Зерттеуші көбінесе Абайдың философиялық көзқарасының қайнар қөздері Шығысқа көбірек саятынын атап көрсетеді, «Шығыс ойшылдары мен ақындарының идеяларын игеру Абайдың көзқара-сының гуманистік жақтарының қалыптасуына эсер етті»3. «Әл-Фараби және Абай» проблемасының қойылуы маңызды әрі қажетті болып табылады.

Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс — бұл Әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік, кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық болғандығын растайды. «Әл-Фарабидің этикалык ойлауының бастауы сұлулық пен бақытқа адамның жетуі...»[1]. Атап айтсақ, Абайдың және барлық қазақтың ағарту ісінің этика-әлеуметтік тұжырымдамасы өз бастауын адамды бағалау, оның бақыты мен адамдық болмыстың мәнін қарастырудан алды. Абай мұрасы «ұлы ақынның шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді»[2], — деп академик Ә. X. Марғұлан әділ бағалаған болатын.

Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космогониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің математикалық трактаттарында «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған. Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге»[3]. Идеялардың мұндай езектестігнің жалғастыруға болады«Әл-Фараби және Абай» проблемасын зерттеумен шұғылданушы А. Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастыру-шы Әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарына кеңірек тоқталған мұсылман-діншіл Шахабутдин Маржани деген пікірге келеді. Ш. Маржанидің шәкірттері Абайға мөдреседе оқыған жылдарында дәріс берген. Абайдың Маржаниды көп оқығандығы жөнінде мәліметтер бар[4]. Бұл мәселе нақтылауды әрі байыпты зерттеуді талап етеді, бірақ оның қойылуының өзі маңызды және қажетті, өйткені араб-мұсылмандық Шығыстың, сондай-ақ Әл-Фа-рабидің Абай дүниетанымына ықпалы — проблеманың әлі жет зерттелмеген жағы.

Абайдың Семейге жер аударылған саяси тұтқындарын достығы және олардың ұлы ақынға жасаған әсер ықпалы туралы аз жазылып жүрген жоқ, әйтсе де біздің ойымызша, осы тарапта қалам тартқан Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтардың еңбектері осыған дейінгі кісілерден мүлдем басқа көзқарастары болуымен ерекшеленеді. Олар Е. П. Михаэлис пен С. С. Гросстын. айдық ақындық һәм философиялық шығармасына төтенше эсер етіп, оның дүниетанымын түп-тамырымен өгерткенін баса көрсетеді. Абай өркениетті халықтарда эзиялық және философиялық шығарманың ерекше құрметтелетіндігін, ал онымен айналысатын адамдардың сыйлы кісілердің санатында жүретіндігін білгенде, мәнінде қазақта ақындық өнер ондай құрметке ие болмаса, оған кінәлі өнер емес, сол өнерді тілемсектіксұрамсақтық, мал табудың көзіне айналдырған ақындардың өзі екендігіне әбден көзі жетеді. Сөйтіп, ол Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда: «Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін үққан». Сөйтіп, «білім ал!» атты ақыннын, ұраны қазіргі өтпелі замандағы жастар үшін нарық туралы ғылыми ілімді игеруде де өте маңызды орын алады.

--Абайдың рухани әлемі — ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу объектісі — адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Олардың негізінде адам және кісілік философиясы жатыр.Абай былай дейді:

...Өлсе өлер табиғат, адам емес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айырылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...

Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның, негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған_ жүйелі дағда-рыстың өзі де — сайып келгенде осы адамның дүниеге деген тубегейлі катынасынық дағдарысы Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің. қайсысының да бір-бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 85 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав