Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абайдың эстетикалық көзқарасы

Читайте также:
  1. Гегель-неміс классикасының көрнекті өкілі, кімнің көзқарасында мына принциптер
  2. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
Помощь в написании учебных работ
1500+ квалифицированных специалистов готовы вам помочь

Данышпан ақынның. этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалык, және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған -әмбебап тұлғаға айна.лу жолын ол өнер, сөз, поэзия ар­кады эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген.

Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінен жаңа эстетикалық принципін ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды:

...Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Абай нақтылы шындықты әсемдіктің түлғасы ретінде ұғынады. Оның эстетикалық көзқарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты, әсемдікті жаңаша ұлттық тусінуге, қоғамдык өмірдегі өнердің орнын терең білуге ұмтылғандьғқ байқалады

Абайдың жанына жақын идеяларының бірі — адамды табиғатпен жақындастыру мәселесі, яки табиғат пен адам, табиғат пен махаббат, табиғат пен өнер сынды жайлар — ақынның поэзиясындағы сүйікті тақырыптары. Әрине, Абай шығармашылығында тікелей табиғатты сипаттайтын шығармалар көлемі жағынан онша көп емес, бірақ, кетерген мәселесі тұрғысынан алғанда назар аударарлық. Өйткені, бұл мәселені көтерғен шығармаларда тек жылдың төрт мезгілі сипатталып қана 'қоймайды, күллі табиғат жырға бөленеді, тұтас алғанда ақынның адам туралы философиялық түсінігі ;жан-жақты ашылады. Бір кезде Әлихан Бөкейханов жазғандай Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнаған (көктем, жаз, күз және қыс) жырлары Еуропанын. даңқты ақындарының өзі қүрмет көрсетердей дәрежеде.

Абай үшін табиғат әманда нақтылы да, ғажайып, ол адаммен, қоғамдық ортамен тығыз байланысты. Ақьш оны ішіне ғажайып сыр бүккен нақтылы шындық ретін-де қабылдайды. Бірак, Абай үшін негізгі нәрсе — адам мен табиғаттың бірлігі болуы да — адам сол табиғаттың ең елеулі, басты түлғасы ретінде қаралды. Сондық-тан да ол адамды табиғаттың тасасында қалдырмай-ды, оны ойлау, идеялардың қабылдау қабілетінің арқа-сында барша тірлік иелерінен, жануарлардан жоғары түрған саналы ақыл иесі деп біледі. Демек, Абай адам­ды. кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болғаң а дам білімді болады», — деп ой түйеді.

Абай тәрбие адамға эсер етіп, оған кісілікті қалып-тастырады деп біледі. Тәрбие арқылы адамға туа бері-летін қасиеттер дамып қана қоймай, оның ақылына да„ адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбекқорлы-ғына да, өзіне деген сеніміне де жетілдіру жасауға бо­лады деп есептейді.

Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақының «Қартайдык,, қайғы ойладық, үйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетін-ші, отыз сегізінші қара сездерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін толғаныс-жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идея-сы бой көрсеткен. Бүл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі. Сондықтан да ол бір мезгіл

 

Дүние үлкен кел, Заман соққан жел Алдыңғы толқын — ағалар, Артқы толқын — інілер, Кезекпенен керінер,—

деп толғанса, бірауык «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екеиі рас», яки «замана шаруа, мінез күнде езгереді» деп ілгерідегі айтылған ойларын одан әрман ербітеді.

Абай Құнанбаевтың арнайы эстетикалық трактаттар жазбағаны белгілі. Әйтсе де, данышпан ақын-композитордың шығармаларынан әсемдікке, сұлулыққа деген эстетик. талап-талғамын айқын аңғарамыз. Өйткені, елінің, халқының қамын жеп, жоғын жоқтап, мұңын мұңдап өткен ақынның ескен ортасынан, туған жерінен, жер, ел тағдырынан, салт-дәстүрінен, тарихынан, енері мен мәдениетінен сырт, жақсысына сүйінбей, жаманына күйінбей өмір сүруі мүмкін емес. Абай балалық шағынан бастап поэзияның мол мұрасының ішінде өсті. Қазақ үлгісіне Түсірілген шығыстың атақты дастандары мен қиссаларын, бәйіт пен ғазелдерін, аңыз-әңгімелерін, сол сияқты қазақтың төл ертегілері мен жырларын, айтыстары мен шежірелерін, өлеңдері мен әндерін алдымен шешелерінен естіп, айлар бойы ауылдарына келіп жатып кететін ақындар мен жырауларды тыңдап, үлгі өнеге, тәрбие алды. Кейіннен олар бүл дәстүрді бұрынғыдан да жандандыра түсті. Ақын-жыраулар мен әнші-күйшілерді төңірегіне жинап, олардың өнерлерін тамашалап, әрбіреуіне баға беріп, жол сілтеп отырды. Әрбір өлең мен әнге ғана емес, тыңдаушыға да Абайдың қоятын талабы зор болуының бір себебін осы дәстүрден іздеген жөн. Өзіне дейінгі ақындардың көпшілігінің өлеңдеріне көңілі тола бермеді. Сез енерін, өлең өнерін мейлінше құрмет тұтқан Абай:

“ «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сезбен былғанса, сез арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бүл жұрттың сөз танымас бір парасы...»”

-

деп, өзінің өлең туралы байламын ұсынады. Поэзияның сұлулығы, құндылығы үшін қажетті алғы шарттарды белгілеп береді. «Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді елең қыпты жоқтан қармап...» деп, не болса соны өлең қылып, парасатты өлең айту қолынан келмейтін, елеңді дұрыстап жазуға талаптанбайтын, ізденбейтін ақындарды сынға алады. Тыңдаушыны да елеңнің жақсысы мен жаманын айыра білуге, талғампаз болуға шақырады. Абайдың өзіне дейінгі ақындардан бір ерекшелігі, өзіне биік талап қоя отырып, адам мен табиғатты, адам мен жан-жануарды, адамның ішкі рухани мазмұны мен сыртқы пішінін салыстыра отырып суреттейді. Абай эстетикасының тереңдігі мен құндылығы оның шығармашылық принциптерінің әлеум. айқын бағдарымен тығыз байланысты. Оны ақын өлеңдерінен байқау қиын емес. Абай гуманист ақын ретінде адамның әсемдігін «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ, қайтып келіп, ойнап-күлмес...» - деп, бәрінен жоғары санайды. Табиғат ретінде адам өледі, «өлсем, орным қара жер сыз болмай ма...» , ал адам ретінде ол өлмейді, өйткені өлмейтұғын артына сөз қалдырады. Адамның табиғаттан артықшылығы - оның талабы, ақыл-ойы және білімі бар. Адамның басты ғаламаты -ол ойлай алады, сөйлейді. Абай өз өлендерінде бүл жайында да айтқан. Абай ақын болмай тұрып ақ, өзі өскен ортадан, айналадағы табиғаттан, дәстүрлі тұрмыс-салттан эстетик. әсер алып есейді, кейін оны толықтырып, байыта түсті. Абай елең жазуды әлі мақсат етпеген кезінде-ақ шындықты эстетик. жағынан қабылдаған, өмірді байқағанда, іске кіріскенде, оқып-ойланғанда эстетик. тұрғыдан алып қарастырған. Абайдың өзге ақындардан екінші бір ерекшелігі - Абай сол замандай-ақ, кеңінен тараған эстетик. теориялардан хабардар болған, көптеген эстетик. ұғымдар оған таныс еді.

Жалпы адамның әсемдігі, әйелдің сұлулығы, соған байланысты шынайы махабатты мадақтау және сыртқы көрініске алданып қалмай, қыздың жан дүниесіне мән беру. Адамның өмірін қалай бағалау керектігі жайында ақын көптеген өлеңдерінде айтып кетеді. Мына елең жолдарын алып қарайық:

“ «Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, елмегенмен боласың тең.
Жүректен ізі кетпес қызық көрсек,
Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек.
Жақынның да, жардың да, асықтың да, -
Бәрінің де қызығын көріп білсек...»”

Қыздың әдемі келбетін толық суреттейтін Абайда екі елең бар. Олар «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы...» және Білектей арқасында ерген бұрым». Қыз-келіншектің көркін суреттейтін жолдар Абай өлеңдерінде жиі кездеседі, оның бәрін тізбектеп жату мүмкін емес. Соның бәрі нәзік те әдемі сипатталады. Бүл арада атамай өтпеске болмайтын елеңдер мыналар: «Айттым сәлем, қалам қас...», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да...». «Көзімнің қарасы...», «Ғашықтың тілі Тілсіз тіл...»т. б. Ақынның түсінігі бойынша шынайы сұлу әйел - өмірдің сәні, адамға толыққанды өмір сүру үшін оның маңызы зор, ал, нағыз махаббат - адамның байлығы, оған шабыт береді, өмірді мағыналы жасайды, махаббатсыз бақыт жоқ, демек махаббат - өте бағалы эстетик. құбылыс, ол әсемдік сезімнің шыңы, оны жырлай беру керек, мадақтау қажет. Ал, адамның жылтыр көркі мен нағыз әсемділігін ажырату жайында Абайдың кербездікті сипаттағанын келтірейік. «Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі - бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.

 

Абайдың этикалық көзқарасы.

Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан салалы ойларының онтологиялық(бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын түсіну), гносеологиялық (нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері Абайды онтологиялық жағынан «идеалист», екіншілері «материалист» деп таныса, гносеологиялық тұрғыдан біреулері «сенсуалист» десе, екіншілері: Абиыр қайда, ар қайда? Өз басыңа не пайда?...», «Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі, Ар, ұяттың бір ақыл - күзетшісі. Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық, Арын, алқын - бүл күннің мәртебесі», - дейді. Адамды адам етіп тұрған Ар екендігін, тіпті, өлім төніп тұрса да Ар сатуға болмайтындығын, халық санасында «өлімнен ұят күштіні» терең түсінген Абай - қазақтың тарихына ой жүгірте отырып: «Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен...», «өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады», -деп түйеді. Абай түсінігінде әр адамның ең үлкен күнәсі, міні, өзінің өзара алдында жасаған рухани қылмысы - арын сату, арсыздыққа салыну, ұяттан безу. Мұндайларға Абай төмендегідей теріс бата береді: «Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын сатып тіленген малы құрсын, Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын».

Абайдың филосиялық, этикалық көзқарасында ерекше көңіл аударатын мәнді ұғым «өмір» мен «өлім» арасындағы мәңгі қайшылықты түсіну, түсіндіру, «Өлім деген не?», «Өмір деген не?», «Не өледі, не өлмейді?» деген сауалдарға ақын өз шығармаларында тиянақты жауап береді. «Өлім»деген ұғым туралы Абайдың ой толғамы, «Дәл уақыты жеткенде, Талайдың гүлі қурайды. Рәсулді алған бұл өлім, Кімнен жөнді сұрайды?» - деп, өлімнің мейірімсіздігін кесіп айтады. Әр адам өзінің бүгінгісі мен ертеңгісінің арақатынасын үнемі ойлап отыруының қажеттігін аңғарта келіп, ақын:

«Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ» деп, өз замандастарын «өмір« мен «өлімнің» арасын түсінуге шақырады. Адамгершілік тұрғысынан алып қарағанда, «өлім деген не?», «өмір деген не?», «не өледі», «не өлмейді? деген сауалға да ойшыл ақын өзінше жауап береді. Тіршіліктің белгісі - өсімдік пен малда да бар дей келіп, «Малда да бар жан мен тән, Ақыл сезім болмаса, Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?» дей келіп, «Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі. «Мені» мен «менікінің» мағынасы екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі» - деп, Абай табиғи артта қалған тәрбиелі ұрпақ (бала-шаға, немере-шөбере, олардың ұрпақтары - ұрпағымен мың жасау), рухани (ақындық, ғалымдық, муз., шығармашылдық т. б.), материалдық (ұрпағына қалдырған өз еңбегі мен жасалған мекен-жайлары) өлмес мұра болатынын аңғартады. «Мен» деген әр адамның адамгершілік қасиеті, рухы, мейірімі, ал «менікі»деген оның тәні, оның еңбегімен жасалған, артта қалар дүние-мүлкі. Абайдың өзіне сөз берсек: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...» «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?»

Абай түсінігінде «періште» - ең адал, білімді, еңбекқор, әділ, мейірімді, рақымды адамның тіршіліктегі, қиялдағы мифтік бейнесі, образы. Періште туралы ойын қорыта келіп, Абай «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» дейді. «Періште алтынды не қылсын, пенде өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны». «Ол күнде нұрлы бейіс ішінде екен, Өзі де періштелер үстінде екен. Жылы жүзбен жұлдыздар жылжып жүріп, Сәлемдесер, сөйлесер күшінде екен», - деп, «періште» деген ұғымның адамдардың ерекше бір түрі, адал, таза бейнесі екенін аңғартады. Пендені шайтандықтан құтқарып, адамдыққа айналдыру үшін Абай «шайтан», «шайтандық» деген ұғымдарға да тоқталады, «шайтанның шәкірті» болма дейді.

Абайдың түсінігінде шайтанын, ібіліс, алдамшы, әзәзіл, сиқыршы, адал жолдан арам жолға, әділ жолдан әділетсіз жолға бастаушы. «Қатыным қалай демес ақсақал бай, Сонымен дос боп жүрсің, япырым-ай! Қу қатының майысса, мәз боласың, Шайтанның шәкіртінің қылығына!» - деп, көп пенденің адамның баласы болмай, «шайтанның шәкірті» болып бара жатқанына қатты қиналады. Абайдың этикалық көзқарасын сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек. Ол ақынның гуманистік және диалектикалық түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік өмірге деген көзқарасының, бүкіл шығармашылығының өзегі, қайнар көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен тікелей байланысты. Абайдың этикасы - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды.

Абай өзінің Жиырма жетінші сөзінде дін және дін мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың «Адам ең әуелі өзіңді-өзің таны»деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да «адамды (пендені) адамға айналдыру», адамды кісі ету, азамат ету. Абайдың этикалық түсінігінде «дүние» және «жалған», «адам» және «пенде» деген бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар бар.

Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят - ең негізгі ұғымдар. Бүл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің этикалық категорияларын - өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді. «Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер» деп, ар мен ұятты негіз етіп, өмірдің түбін ойлауға шақырады. Адамгершіліктің мәні жөнінде терең толғанған ақын өз ойын әлем кеңістігіне жүгіртіп, Ар, Ұят, Намыс деген ұғымдар адам езінің ары алдында жүгінген кезде түйсігімен түсінетін киелі ұғымдар екенін, әр адам өзіне-өзі жауапты екенін аңғарта айқындай, түсіндіре келіп: «Осы да есеп бола ма, Ар, абұйыр тапқанға? Миың болса жолама Бос желігіп шапқанға...», «

Қорытынды

Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрмектің арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея —бұл халыққа білім беру.. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған... «Білімнен мал болушы ма еді? — деп Абай жұрттың онысына таласқан», — деп жазуы Мұхтар Әуезовтың осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін қайратын сарп қылғандығын тануының дәлелі.

Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен, рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тілі, кең байтак территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы ақын-философ болатын...

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау:Алматы: АЭЖБИ, 2007.

2. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002.—352 б.

3. Философиялық сөздік. --/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996. 480б.

4. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкент, 2005. 452б.

5. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

6. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

7. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы – Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8

8. Жетісу. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

9. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

10. madenimura.kz

11. Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

kk.wikipedia.org/wiki

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Доверь свою работу кандидату наук!
1500+ квалифицированных специалистов готовы вам помочь



Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2022 год. (0.036 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав