Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Материалдық-техникалық құралдар шығындарын мөлшерлеу

Читайте также:
  1. Автокөлік құралдарын жөндеу» пәні бойынша емтихан сұрақтары
  2. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  3. Жабдықтаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары
  4. Кәсіпорындағы материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
  5. Пән бойынша оқу процесін қамтамасыз ететін техникалық құралдар.

Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру және жоспарлау материалдық құралдардың шығындары мен запастарын мөлшерлеуге негізделеді. Материалдық ресурстар шығындарының мөлшері белгіленген жағдайда озат технологияны және өндірісті ұйымдастыру мен еңбектің озат әдістерін енгізуді есепке ала отырып, өнім бірлігін өндіру үшін немесе жұмыс бірлігін орындау үшін оларды тұтынудың максимал мүмкін шамасын анықтайды.

Материалдық құралдар запастарының мөлшерікәсіпорынның үмітті және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге негізделген.

Материалдық-техникалық құралдарға деген қажеттілікті есептеу үшін екі әдіс қолданылады: есептік-аналитикалық және тікелей есептеу. Есептік-аналитикалық әдісті қолданғанда болашаққа түзетулерді есепке ала отырып кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтау бойынша өткен кезеңде қалыптасқан нақты көрсеткіштерге жүгінеді. Ғылыми негізделген нормативтерді қолдануға негізделген тікелей есептеу әдісі неғұрлым дәл әдіс болып табылады.

Нормативтер өндірілген өнім немесе орындалған жұмыс бірлігіне белгіленеді, мысалы: өндірілетін мұнайдың немесе тасымалданатын газдың 1 тоннасына, 1 тонна буға, 1 Мкал жылуға және т.б.

Қандай да бір материалдық ресурстар түріне деген жалпы қажеттілік бөлінген ресурстармен салыстырылады, яғни материалдық баланс жасалады. Баланстарды әрбір ресурс түрі бойынша құрастырады (энергобаланс, мқнай өнімдерінің балансы және т. б.). Баланстар екі бөліктен тұратын кесте түрінде болады: бір бөлігі ресурстарға деген қажеттілікті сипаттаса, келесі бөлігінде оны қанағаттандыру көздері көрсетіледі, немесе бірінде – ресурстар, ал екіншісінде – оны бөлістіру.

Материалдық-техникалық жабдықтаудың маңызды міндеті запастарды басқару болып табылады. Запастар нормативі кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамасыз етуді қарастырады.

Материалдық ресурстардың барлық запастары өткізу запастары және өндірістік болып бөлінеді.

Өткізу запастарына жабдықтаушы кәсіпорын қоймаларындағы запастар, өткізуші және жабдықтаушы ұйымдардың қоймаларындағы запастар, жолдағы запастар жатады.

Өндірістік запастар тұтынушы кәсіпорындардың қоймаларында орналасады. Өндірістік запастар шартты түрде ағымдық, дайндық, сақтандыру және маусымдық болып бөлінеді. Өткізу және өндірістік запастардың мөлшерін анықтау үшін үш түрлі өлшем қолданылады:

• натуралды (дана, тонна, метр куб);

• құндық;

• қатысты (уақыт бірліктері: жыл, ай, декада, тәулік және т.б.).

Ағымдық запас мөлшері орташа тәуліктік қажеттілікті тәуліктік жабдықтау аралығындағы интервалға көбейту жолымен анықталады. Өткен кезеңдегі орташа жылдық интервалды анықтаудың ең қарапайым әдісі – барлық интервалдар күнінің жалпы санын қарастырылушы кезеңде келіп түскен қандай да бір материалдық ресурстар түрі партиясының санына бөлу.

Мысалы, бір жылда материалдардың 40 партиясы келіп түсті. Барлық 40 интервалдың ұзақтығы 600 күнді құрады. Бұл жағдайда жабдықтаудың орташа интервалы tорт=600/40=15 күн.

Партиялар мөлшерінде елеулі сандық ауытқулар орын алса жабдықтау жиілігін дұрыс анықтау үшін есептеуді орташа өлшенген интервал бойынша жүргізеді. Әрбір партия салмағын жабдықтау арасындағы интервалдағы күндер санына көбейту тонна-күннің санын береді, ал барлық келіп түскен партиялардың жалпы салмағына бөлінген барлық тонна-күндердің сомасы жабдықтаудың орташа өлшенген интервалын көрсетеді.

Ағымдық запастың орташа мөлшерін былайша анықтайды:

Зт.орт=Зmax/2,

мұнда, Зmax- запастың ең жоғарғы мөлшері.

Дайындық запас кәсіпорынның жүктеу, сандық және сапалық қабылдау, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау кезеңіндегі жұмыс уақытын қамтамасыз етеді. Дайындық запасының нормасы материалдық ресурстарға деген тәуліктік қажеттілікке тең алынады.

Сақтандыру запасы – жабдықтаудың дер кезінде болмауы салдарынан орын алған жабдықтаудағы үзілістер кезінде кәсіпорындағы өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ете алған материалдардың, жабдықтың, отынның қатаң анықталған ең аз мөлшері. Сақтандыру запасының нормасы екі фактормен анықталады: жүктеу, қабылдау және тапсыруды есепке ала отырып материалдық ресурстарды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу ұзақтығымен.

Маусымдық запастар ағымдық, дайындық және сақтандыру запастарынан тұрады. Маусымдық запастардың мөлшері, біріншіден, көлік байланыстарындағы маусымдық үзілістердің ұзақтығына тәуелді жабдықтаудың маусымдылығымен анықталады; екіншіден, әртүрлі жұмыс түрлерінің маусымдық сипатына тәуелді олардың шығын көлеміндегі өзгерістерге байланысты материалдық ресурстарды тұтынудың неравномер-тью***анықталады. Маусымдық запастар ағымдық запастар секілді есептеледі, яғни орташа тәуліктік тұтынуды жабдықтау аралық интервалға көбейту жолымен анықталады.

Материалдық ресурстардың келіп түсуі басталған және аяқталған уақытты өткен жылдардағы сәйкес мәліметтерді ашу арқылы анықтайды. Маусымдық запастың ең жоғарғы мөлшерін және оның маусымдық үзілістің соңына қарай қалыпты нормаға дейін бірте-бірте төмендеу қарқынын белгілеу мұнай өнімдерінің маусымдық үзіліс басталғанға дейін жүктелуі тиіс ұтымды көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, кәсіпорын талданушы кезеңде ай сайын 1000 т мұнай өнімдерін шығындайды. Жабдықтаудағы маусымдық үзіліс 6 айға созылады. Қалған кезең ағымында тұтынушы мұнай өнімдерінің қажетті көлемін айлық қажеттілікке тең партиялармен алып отырады. Олай болса, маусым басталғанда кәсіпорынға талап етілетін 1000 т мұнай өнімдерінің орнына мұнда 6000 т қосымша өнім жеткізілуі тиіс. Осылайша, запастың жалпы мөлшері 7000 т құрайды. Осы норманы негізге ала отырып аудан мөлшерін және резервуар ыдыстар көлемін анықтайды. Сондай-ақ маусымдық үзіліс аяқталғаннан кейінгі бірінші жеткізу кешігіп қалуы мүмкіндігін де ескеру қажет. Сақтандыру запасы технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз етуге негізделетіні белгілі. Сақтандыру запасы жабдықтаудың маусымдық үзілісі уақытында қалыптаса алмайтындықтан бұл жерде ол маусымдық запас құрамында ескеріледі және бөлек есептелмейді.

Материалдық ресурстар запастарын есептеудің қарастырылып отырған әдістері отын және материалдар бойынша нормативтерді белгілегенде қолданылады.

Қосалқы бөлшектердің нормативін анықтағанда айналым құралдарына деген қажеттілік Нд (күнмен) төмендегі формула бойынша анықталады:

 

Нд= Нпр*kс.э

мұнда, Нпр – ресурстардың өндірістік запасы;

kс.э –запастың бірдей машиналар санына тәуелді төмендеу коэффициенті.

Құндылығы төмен және жылдам ескіретін заттар бойынша айналым құралдарына деген қажеттілікті осы заттардың жұмыс жасайтын жабдық бірлігіне шаққандағы типтік наборларының құнына байланысты анықтайды. Осы заттар бойынша қойма запастарының мөлшері пайдаланудағы сәйкес заттарға қатысты процентпен анықталады. Құндылығы төмен және жылдам ескіретін заттар запастарының құны кәсіпорынның өндірістік процесіндегі сәйкес материалдық ресурстар құнының 25 %-нен артып кетпеуі тиіс.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 108 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав