Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бас прокуратура

Читайте также:
  1. Контроль надзорных органов. (Комитет государственного контроля РБ и Прокуратура)
  2. Подчиняется только вышестоящему прокурору. Прокуратура проводит
  3. Прокуратура туралы
  4. Прокуратура України
  5. Прокуратура. Адвокатура. Нотариат
  6. Статья 12. Генеральная прокуратура
  7. Статья 14. Генеральная прокуратура Российской Федерации

 

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республиканың Бас Прокуроры басшылық етедi.

2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.
3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.

4. алынып тасталды 09.08.2002 № 346 Заңмен

5. Бас прокуратура:

1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi;

2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды;

3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын бақылайды;

5) тармақша 04.07.2014 №233-V Заңының (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) редакциясында

5) жедел-iздестiру қызметiн, жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;

6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi;

7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;

8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.
6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын тиісінше ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 мамырына және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырады.

12-бапқа 1998.07.02 №266, 2002.08.09 №346, 2009.07.17 №188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 №374-IV, 2011.01.06 №379-IV, 2012.07.10 №36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен өзгеріс енгізілді.

 

13-бап. Облыстардың прокурорлары

 

Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:

1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды;

2) бағынысындағы барлық қызметкерлерi мен жұмыскерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.

13-бапқа 2010.12.29 №374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен өзгеріс енгізілді.

 

14-бап. Облыстардың прокуратуралары

 

1. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

2. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық прокуратуралардың тиiстi басқармаларының бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.

3. Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалар мен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.

14-бапқа 2002.08.09 №346 Заңымен өзгеріс енгізілді.

 

15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген
өзге де прокурорлар мен прокуратуралар

 

1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар:

1) қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасайды;

2) бағынысындағы барлық қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.

3-тармақ 04.07.2014 №233-V Заңының (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) редакциясында

3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қарамағында қадағалау салалары бойынша орынбасарлар, аға прокурорлар және прокурорлар болады.

4. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.
15-бап 2010.12.29 №374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңының редакциясында

 

16-бап. Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған
прокурорларға бағыныстылығы

 

1. Прокурорлардың бағыныстылығы:

1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн;

2) төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгiн;

3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын;

4) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, өзгертуiн;

5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды.

2. Республиканың Бас Прокуроры төменгi прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн.

 

17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар

 

1. Бас прокуратурада, ведомстволарда, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады.

2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының анықталуына байланысты Бас Прокурордың, ведомство басшысының, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғарымы бойынша заңды бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады.

3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.

4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi мен жұмыскерлері үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады.

5. Алқа жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.

17-бапқа ҚР 2010.12.29 №374-IV, 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен өзгеріс енгізілді.

 

3 ТАРАУ
Прокуратураның құқықтық актiлерi

 

18-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi

 

1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:

1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту, заңға түсiндiрме;

2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс.

2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi.
18-бапқа 2002.08.09 №346, 2010.12.29 №374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) заңдарымен өзгеріс енгізілді

 

19-бап. Наразылық

 

1. Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды.

2. Заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға наразылық келтіріледі. Органның немесе лауазымды адамның заңсыз iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады.

3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам күнтізбелік он күн ішінде қарауға тиiс.

Наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор оны қараудың өзге де мерзімін белгілеуге құқылы, бірақ бұл кемінде күнтізбелік он күн болуға тиіс.

Наразылықты сотта қарау мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi.

4. Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi.

5. Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.

19-бапқа 2010.12.29 №374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен өзгеріс енгізілді.

 

20-бап. Қаулы

 

1-тармақ 04.07.2014 №233-V Заңының (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) редакциясында

1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс бойынша, тәртіптік іс жүргізуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы қаулылар шығарады.

2. Прокурор заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады.

3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

20-бапқа 2002.08.09 №346 Заңымен өзгеріс енгізілді

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 108 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав