Читайте также:
|
|
1-тақырып. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас негіздері.
Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен оқушының өзара іс-әрекет ету формасы ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы және түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Педагогикалық қарым-қатынастың қызметтері.
2-тақырып: Педагогика ғылымы мен педагогикалық тәжірибенің өзара байланысы.
Педагогикалық іс-әрекет: мәні, құрылымы, негізгі түрлері. Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде. Педагог тұлғасына қойылатын кәсіби негізделген талаптар.
Педагогтың кәсіби құзыреттіліктері туралы түсінік. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрылымы. Педагогтың теориялық дайындығының мазмұны. Педагогтың практикалық дайындығының мазмұны. Кәсіби құзыреттілік және педагогикалық шеберлік. Педагогикалық тәжірибе, оның анықтамасы, түрлері, өлшемдері және қызметі. Педагогикалық инноватика. Инновациялық оқу орындары (гимназия, лицей). Педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылық және жаңашылдық.
3-тақырып: «Педагогика ғылымының әдіснамасы» ұғымы. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.
Әдіснама деңгейлері: философиялық, жалпығылыми, нақты-ғылыми, технологиялық.
Педагогиканың әдіснамалық қағидалары: жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, полисубъектілік (диалогтық), мәдениеттанушылық, этнопедагогикалық, антропологиялық тұғырлар педагогиканы әдіснамасының негіздері ретінде, олардың қысқаша сипаттамалары.
Педагогикадағы жүйелілік тұғыр әдіснамасының дамуы. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.
4-тақырып: Педагогикадағы ғылыми зерттеулер, оның негізгі сипаттамалары.
Ғылыми зерттеу танымның ерекше формасы ретінде. Педагогикалық зерттеу. Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы. Педагогикалық зерттеудің негізгі элементтері және логикасы. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.
5-тақырып: Педагогикалық зерттеудің әдістері.
Педагогикадағы зерттеу әдістері туралы түсінік. Педагогикадағы зерттеу әдістерінің жіктемесі. Педагогикадағы теориялық зерттеулер әдістері: үлгілеу, абстракциялау, салыстырмалы-тарихи талдау. Педагогикалық зерттеудегі логикалық ойлау формалары: талдау, салыстыру, жіктеу, индукция және дедукция.
Эмпирикалық зерттеудің әдістері. Педагогикадағы математикалық және кибернетикалық әдістер. Оларды қолданудың мүмкіндіктері мен шектері. Зерттеу әдістерін таңдау мен қолдану.
6-тақырып. Білім беру үдерісінің мәні, қозғаушы күштері және логикасы. Оқыту заңдылықтары мен қағидалары.
Дидактика туралы түсінік, оның пәні мен міндеттері. Біртұтас жүйе ретіндегі оқыту үдерісінің мәні. Оқыту үдерісінің қызметтері және қозғаушы күштері. Оқыту үдерісінің құрылымы. Оқыту мен оқудың мәндік сипаттамасы. Оқыту заңдылықтары мен қағидалары.
7-тақырып. Қазіргі заманғы дидактикалық тұжырымдамалар.
«Дидактикалық теория» ұғымы. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар. Ассоциативтік (ассоциативтік-рефлекторлық) оқыту теориясы. Ақыл-ой әрекетін кезеңдік қалыпастырудың теориясы. Дамыта оқыту теориясы. Мәселелік және эвристикалық оқыту. Жобалап оқыту теориясы.
8-тақырып. Білім беру мазмұны тұлға мәдениетінің базалық іргетасы ретінде.
«Білім беру мазмұны» ұғымы. Білім беру мазмұнының негізгі тұжырымдамалары. Білім беру мазмұнын саралау қағидалары мен өлшемдері. Білім беру мазмұнын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік білім беру стандарты. Білім беру мазмұнының базалық, вариативтік және қосымша құрауыштары. Жалпы орта білім беретін мектептің оқу жоспары, оның құрылымы. Оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, оларға қойылатын талаптар.
9-тақырып. Қазіргі кездегі оқытуды ұйымдастыру үлгілері. Оқытудың әдістері мен құралдары. Білім берудегі инновациялар.
Қазіргі кездегі оқытуды ұйымдастыру үлгілері. Қазіргі кездегі оқытуды ұйымдастыру үлгілеріне салыстырмалы талдау.Оқыту әдістері мен тәсілдері туралы түсінік. Оқыту әдістерін жіктеу. Оқыту құралдары, олардың жіктемесі. Педагогикалық инновациялар. Қазіргі кездегі педагогикалық теория мен білім беру тәжірибесіндегі инновациялық үдерістер. Педагогикалық инновациялардың өлшемдері. Білім беруді модернизациялау. Білім беру ұйымдарының түрлері мен көп түрлілігі. Авторлық мектептер.
10-тақырып. Тәрбие беру ұжымының теориясы.
Тәрбие беру ұжымының мәні, оның белгілері. Топтың ұжымдық бірігу жолдары. Ұжым тәрбие беру объектісі және субъектісі ретінде Ұжым және тұлға. Тұлға үшін ұжымның маңызы.
А.С. Макаренконың тәрбие беру ұжымы теориясының негіздері. Ұжымның өмірлік іс-әрекетін және ұжымдық тәрбиені ұйымдастыру заңдары мен қағидалары. Ұжымның даму кезеңдері.
Ұжымдағы қоғамдық пікірдің рөлі. Ұжымдағы өзін-өзі басқару: ұйымдардың құрылымы, мазмұны, формалары.
11-тақырып. Отбасы тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде. Отбасы тәрбелеуші ұжым ретінде. Тұлғаны қалыпастыруға ықпал ететін факторлар жүйесіндегі отбасының орны. Отбасының қызметтері. Отбасының түрлері. Тұлғаны тәрбиелеу үдерісі мен нәтижесіне отбасындағы ақуалдың ықпалы. Тұлғаның отбасындағы дамуы мен өзін-өзі дамытуының шарттары.
Ата-ана мен балаларының арасындағы өзара қарым-қатынас стильдері. Оқушының отбасымен психологиялық-педагогикалық байланыс орнату негіздері. Отбасымен өзара әрекет ету ережелері. Отбасымен байланыс орнату формалары.
12-тақырып. Білім беру жүйесін басқару.
Білім беру жүйесін басқарудың мәні мен негізгі қағидалары. Басқару және педагогикалық менеджмент. Білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру саясатының қағидалары.
Басқарудағы мектепішілік бақылау және реттеу. Білім беру жүйесін басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекет етуі. Мұғалімнің өз бетінше педагогикалық білім алуы. Аттестация педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруын, кәсіпқойлығын, шығармашылық бастамашылығын, әлеуметтік қорғалуын ынталандыру ретінде.
Басқару мәдениеті ұғымы. Жетекшінің сапасы. Басқарудағы жетекшінің субъективтік сапасының рөлі. Жетекшіліктің стильдері мен әдістері, олардың тиімділігі. Басқарудағы стильдерді үйлестіру. Қазіргі заманғы жетекші тұлғасына қойылатын талаптар. Шығармашылық сапаларын дамыту. Жетекшінің басқару мәдениетінің білім беру жүйесін дамытуға ықпалы.
13-тақырып. Тәрбие берудің үдеріс ретіндегі ерекшеліктері, заңдылықтары мен қағидалары. Негізгі тәрбие беру жүйелері.
Тәрбие беру үдерісінің ерекшелігі. Тәрбие берудің заңдылықтары мен қағидалары. Тәрбие беру түрлері. Тәрбие беру түрлері бойынша тәрбие жұмыстарының негізгі міндеттері мен формалары.
14-тақырып. Ежелгі Дүниедегі тәрбие беру, білім беру және педагогикалық ойлардың пайда болуы.
Тәрбиелеудің пайда болуына ықпал еткен негізгі факторлар. Қоғамдық қатынастардың және тәрбие берудің генезисі. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие беру шарттары. Основные факторы, обусловившие происхождение воспитания. Ежелгі Шығыс өрекниетіндегі педагогикалық дәстүрлердің пайда болуы. Конфуций педагогикасы. Ежелгі Индиядағы Ведтік тәрбие беру жүйесі. Таяу Шығыс өрекниетіндегі педагогикалық ойлардың дамуы. Алғашқы меткептің және педагогикалық ойлардың пайда болуы.
15-тақырып. Ортағасырлардағы тәрбие беру, білім беру және педагогикалық ойлардың пайда болуы.
Педагогикалық ойлардың және христиан өркениетінің білім беру практикасының дамуындағы Византияның рөлі. Византиядағы мәдениет пен білім берудің дамуының негізгі кезеңдері. Христиандық педагогикалық дәстүрлердің қалыптасуы және мәні. Діни және ақсүйектіке білім беру дәстүрлері. Батыс Еуропадағы педагогикалық ойлар (Августин Аврелий, Фома Аквинский, Пьер Абеляр). Схоластика. Рыцарлық тәрбие беру. Алғашқы университеттердің пайда болуы.
Педагогикапның гуманистік идеяларының шығу көздері. Қайта өрлеу заманындағы гуманистік филисофиялық-педагогикалық ойлар және білім беру үлгілері. Адам қайта өрлеу гуманизмінің құндылықтар жүйесінде. М. Монтень, Ф. Рабле, Э. Ротердамский, Т. Мордың педагогикалық көзқарастары. Дәуірлердегі білім беру үлгілері. Антикалық дәстүрлердің пайда болуы.
16-тақырып. Жаңа замандағы Еуропадағы білім беру мен педагогикалық ойлардың дамуы.
XVII ғ. Батыс Еуропадағы мектеп ісінің ерекшеліктері және педагогикалық ізденістердің жалпы бағыттылығы. Педагогиканың дербес білім саласы ретінде айқындалуы. Я. А. Коменский және педагогика ғылымының қалыптасуы. Д. Локктың педагогикалық тұжырымдамасы. Тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері. Джентельменді тәрбиелеу мен білім берудің мазмұны мен әдістері. Еңбекшілердің балаларына арналған мектеп ұйымдастыру жобасы. Д. Локк және педагогика теориясы мен практикасының дамуы.
XVIII ғ. Батыс Еуропа елдерінедегі білім беру дағдарысының үдей түсуі. Адам қалыптасуындағы тәрбиенің орны туралы Француз ағартушылары (К. А. Гельвеций, Д. Дидро).
Ж.-Ж. Руссоның жалпы адамзаттық тәрбие беру тұжырымдамасы.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 265 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |