Читайте также:
|
|
1-тақырып. Ғылым ретіндегі психологияның жалпы сипаттамасы. Ғылым құрылымындағы психология.
Психикалық құбылыстардың сипаттамасы. Психологиялық зерттеулерге белгілі психикалық құбылыстардың бейнелік сипаттамасы. Психологиялық таным іс-әрекет ретінде. Жан зерттеу объектісі ретінде. Психология пәні туралы қазіргі көзқарастар. Күнделікті тұрмыстағы және ғылыми психологияның ерекшеліктері және салыстырмалы талдау. Ғылыми-психологиялық зерттеулердің нәтижелері, олардың теориялық және қолданбалы маңызы. Ғылымдар жүйесіндегі психология. Психикалық құбылыстар мен психикалық факт.
2-тақырып. Психиканың пайда болуы мен эволюциясы. Адам психикасының шығу тегі мен дамуы.
Сезімталдық ұғымы психиканың қарапайым формасы ретінде. Бейнелеу және психика ұғымы. Психологиядағы іс-әрекеттік тұғыр. Іс-әрекеттің құрылымы. Іс-әрекет пен операцияны айқындау. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткілері. Іс-әрекет пен операцияны реттеу механизмдері. Қажеттілікті өндіру. Индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдары. Адамдағы биологиялық, психикалық және әлеуметтіктің арақатынасының мәселелері. Адамдағы бейнелеудің деңгейлері.
3-тақырып. Сезу және қабылдау туралы жалпы көзқарас.
Сезінудің жіктемелері. Сезінудің шегі. Сезінудің негізгі сипаттамалары. Сезіну және бейнелер. Сезінудің негізгі сипаттары: сапа, интенсивтілік, шиеленісушілік. Сезінудің психофизикасы. Сезіну мен қабылдау – ақиқаттың бейнесінің формасы ретінде. Әлем бейнесі ұғымы (А.Н.Леонтьев), когнитивті сала (У. Найссер). Когнитивтік схемалардың түрлері мен қызметтері.
4-тақырып. Қабылдау теориясы және негізгі тұғырлары.
Перцептивтік бейнелердің негізгі құрылымы. Қабылдау феноменологиясы. Қабылдаудың негізгі сипаттамалары. Перцептивтік бейнелердің негізгі ерекшеліктері. Қабылдау ерекшеліктері: пәндік, константтылық, біртұтастылық, құрылымдылық, талғаушылық, саналылық, Қабылдау теориялары: гештальт-теория, перцептивтік гипотез теориясы, когнитивтік схемалары және стильдері, экологиялық теория және т.б.
5-тақырып. Қабылдауды дамыту.
Туа және жүре біткен қабылдау мәселелері. Осы мәселелені зерттеудің эксперименттік негізгі жағдаяттары: жаңа туылғандардың, жануарлардың, көру патологиясы бар тұлғалардың жасанды жағдайда қабылдауын зерттеу. Зерттеудің негізгі нәтижелері. Оқу және қабылдау. Қабылдау және іс-әрекет. А.Н.Леонтьев и А.В.Запорожецтің эксперименттік зерттеулері. Перцептивтік іс-әрекеттің табиғаты.
6-тақырып. Ес туралы жалпы түсінік.
Ес психиканың әмбебап интеграторы ретінде. Ес туралы жалпы түсінік. Ес психологиясының заңдылықтары мен негізгі факторлары. Ес түрлерінің жіктемесі. Ес барлық психикалық үдерістердің жалпы компоненті ретінде. Ес үдерісі және оның негізгі сипаттамасы. Ес механизмдерінің теориясы. Ес аномалиясы. Естің бұзылуын зерттеу. Заттың бейнесін қайта жаңғыртуды елестету. А.Н.Леонтьев, А.А.Смирнов және П.И.Зинченко еңбектеріндегі ерікті және еріксіз есте сақтаудың арақатынасын талдау. Ес және оның қызметі.
7-тақырып. Ойлау психологиясының зерттеу пәні мен әдістері.
Ойлау туралы түсінік. Ойлау және заттық-практикалық іс-әрекет. Міндет ойлау объектісі ретінде. Ойлауды зерттеудің әлеуметтік маңыздылығы. Ойлауды зерттеудің негізгі тұғырлары. Ойлауды зерттеудің әдістері. Шығармашылық өнімдерін талдау. Ақыл-ой іс-әрекетін зерттеудің қалыптастырушы эксперименті. Ақыл-ой іс-әрекетінің негізгі сапалары және оны қалыптастырудың шарттары.
8-тақырып. Ойлаудың түрлері. Ойлау теориясы.
Ойлаудың түрлері. Көрнекі-іс-әрекеттік және сөздік-логикалық ойлау. Бейнелі ойлау және елестету. Ойлау және сөз. Сөздік ойлау ой мен сөздің бірлігі ретінде. Түсініктерді психологиялық зерттеудің ерекшеліктері. Ой қорытындылау формасындағы пайымдаушы ойлаудың кейбір заңдылықтары. Ойлаудың негізгі сипаттамасы. Сезімтал таныммен салыстырғандағы ойлаудың негізгі ерекшеліктері. Теориялық және эмпирикалық ойлаудың ерекшеліктері. Аутикалық және эгоцентрлік және шынайы ойлау.
9-тақырып. Ойлау танымдық іс-әрекеттің формасы ретінде.
Ойлауды танымдық үдеріс ретінде зерттеу. Ойлау іс-әрекетінің субъектісі туралы түсінік. Аффект және интеллект қағидаларының бірлігі. Ойлау және өзіндік сана. Ойлау іс-әрекетін эмоциялық реттеу. Ойлау және түрткі. Ойлау және мақсат қоюшылық. Субъектінің міндетті қабылдауы. Шығармашылық міндеттердің ерекшелігі. Мәселелік жағдаяттардың түрлері. Міндеттерді шешу үдерісінің операциялық құрамы және оның құралдары мен тәсілдері туралы түсінік. Ойлау үдерісінің мәселелік сипаты және фазалық динамикасы.
10-тақырып. Зейін және сана.
Мазмұнның анықтығы мен есептілігі, сана – зейіннің негізгі құбылыс ретіндегі сипаттамасы. Зейін құбылысы мен құрылымын сипаттау үшін өзін-өзі бақылау әдісін қолдану. Когнитивтік психологиядағы зейінді зерттеу. Талғампаздық – зейіннің негізгі аспектілерінің бірі. Зейін, ынта және түрткі
11-тақырып. Зейін және іс-әрекет.
Зейін және іс-әрекеттің құрылымы. Зейіннің реттеу механизмдерімен және іс-әрекетті ұйымдастырумен байланысы. Зейін бақылау іс-әрекеті ретінде (П.Я.Гальперин). Зейінді дамыту. Зейінді дамыту кезеңдері. Оларды анықтау факторлары. Адам іс-әрекетінің түрлеріне қарай зейінің сапасларын бағалау мен есептеу. Оқушылардың зейінділігін жаопсралы және кезеңмен қалыптастыру. Клиникадағы зейіннің бұзылуын зерттеу және оның маңызы.
12-тақырып. Ерік психологиясы.
Психологиядағы ерік ұғымы. Еріктік құбылыстардың белгілері. Еріктік іс-әрекет және еркіті реттеу. Ерікті түсіну мен зерттеудегі әртүрлі тұғырларЕріктің құрылымы. Еріктің қызметі. Тұлғаның еріктік қасиеттері. Ерік реттеудің жоғары жоғары деңгейі ретінде. Ерік үдерістері және оны зерттеу.
13-тақырып. Эмоция туралы түсініктерді дамытудың негізгі бағыттары.
Эмоциялық үдерістерді зерттеудің теориялық тұғырлары. Психология тарихындағы эмоция туралы түсініктердің дамуы. Эмоцияны интерпретациялаудағы негізгі тенденциялар. Б.Спинозаның аффекттер туралы ілімі. В.Вундттың сезімнің үш өлшемді тұжырымдамасы. Ч.Дарвинның эмоцияның көрінісі туралы түсінігі. Джемс Лангенің эмоция теориясы. Эмоцияның физиологиялық теориясы. Эмоцияның психоаналитикалық тұжырымдамасы. Отандық психологиядағы эмоция туралы түсініктердің дамуы.
14-тақырып. Тұлғаның дамуы.
Тұлға дамуының қозғаушы күшін айқындайтын объективті және субъективтік тұғырлар.Тұлғаны қалыптастыру мен дамыту туа біткен қажеттілік үдерісі ретінде. З. Фрейдтің теориясындағы бастапқы қызығушылықтарды сублимациялау тұлға дамуының қозғаушы күші ретінде. Тұлғаны номотеттік және идеографикалық сипаттау. Тұлғаның даму кезеңдері (Э. Эриксон бойынша).
15-тақырып. Адамның қабілеттіліктері.
Адам қабілеттіліктерінің жалпы сипаттамасы. Қабілеттілік туралы түсінік. Нышандар қабілеттердің органикалық алғышарты ретінде. Қабілеттердің жіктемесі. Қабілеттердің көрсеткіштері мен белгілері. Қабілеттердің даму деңгейлері және жеке-дара ерекшеліктері. Дарындылық. Қабілеттердің компенсациясы. Шеберлік пен талант. Данышпандық.
16-тақырып. Темперамент бастапқы жеке қасиеттерді кіріктіру формасы ретінде.
Темперамент түрлері туралы ілімдер тарихы. И.П. Павловтың темпераменттің физиологиялық негізі ретіндегі жоғары жүйке қызметі түрлері туралы ілімі. Темперамент құрылымының ерекше белгілері. Темпераменттің негізгі көріністері. Темпераменттің қасиеттері. Темперамент түрлерінің жіктемесі. Қасиеттердің динамикалық кешені ретіндегі темпераменттің қазіргі тұғырлары. Адамның өмірлік тәжірибесі негізінде темперамент сапасын дамыту.
17-тақырып. Адамның мінезі.
Мінез туралы түсінік. Мінездің анықтамасы. Мінез өмірдегі білім ретінде. Мінез түрлерінің жіктемесі. Мінезді қалыптастыру. Мінезді өмір бойы трансформациялау. Өзін-өзі тәрбиелеу.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 361 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |