Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төлқұжат бөлімі.

Читайте также:
  1. Төлқұжат бөлімі.

СӨЖ

Сырқатнама

 

Тақырыбы: Созылмалы пиелонефрит, өршуі.

 

Қабылдаған: Танекеев Руслан Өтенұлы

Тобы: 11-018-1к

Факультет: жалпы медицина

Курсы: 4

Орындаған: Маманова И. А.

 

 

Төлқұжат бөлімі.

 

Тегі, аты, әкесінің аты: Куатов Медет Ахметұлы

Жасы: 20

Жынысы: ер

Мекен-жайы: Ақсай 3, дом 58, кв 33

Жұмыс орны: № 34 гимназия

Мамандығы: қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі.

Ауруханаға түскен кезеңі: 01.10.14.

 

 

Шағымдары:

Науқас ауруханаға түскен кезде жалпы әлсіздікке, шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, селқостыққа, дене температурасының 37,8-ге дейін көтерілетініне, жиі кіші дәретке баратынына, кіші дәрет кезінде аздаған ауру сезіміне, омыртқа жотасы маңында үнемі тартып ауыру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі иррадияцияланбайды.

 

Anamnesis morbi (сырқаттың даму тарихы):

Өзін аурумын деп 25.09.2014 жылдан бері санайды. Сол кезден бастап сырқаттың алғашқы белгілері (омыртқа жотасы маңында ауру сезімі, жиі дәретке отыру, дене температурасының көтерілуі) біліне бастаған. Сырқатын жақын арада суық тиуімен байланыстырады (жаңбырдың астына қалып қойған). Уйінде дәрі қабылдамаған. Ертеректе, 2012 жылы жедел пиелонефрит ауруымен ауруханада емделіп шыққан. Қазір Алматы қалалық шұғыл жедел жәрдем ауруханасының урология бөлімшесіне келіп түсті.

 

Anamnesis vitae (науқастың өмір тарихы):

Отбасында бірінші бала болып дүниеге келген, жасына сай өсіп-жетілген. Қатарларынан физикалық және ақыл-ой дамуынан артта қалмаған. Орта мектепті аяқаған, колледжге түскен. Тұрмыс құрмаған. Тұрмыстық жағдайы: қанағаттанарлық, тамақтануы қалыпты. Зиянды әдеттері: темекі тартпайды, алкоголь өнімдерін шетеулі қолданады. Бұрын ЖРВИ, жедел пиелонефритпен ауырғанын айтады. Балалық шағындағы сырқаттармен (күл, дифтерия, қызылша) ауырмағанын айтады. Туберкулез, гепатит, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия жасалынбаған. Белгілі дәрілерге, тағамдық заттарға аллергиясы болғанын байқамаған. Вакциналарды уақытылы қабылдаған. Соңғы алты айда тіс дәрігеріне қаралмаған, қала сыртына шықпаған, жұқпалы аурулары бар кісілермен қатынаста болмаған. Туыстарында және өзінде психикалық жүйке аурулары болмаған.

 

Status praesens objectivus (науқастың қазіргі жағдайы):

Жалпы жағдайы: қанағаттанарлық

Ақыл - есі: анық, белсенді қалыпта.

Дене бітімі: гиперстеникалық

Бойы – 176, салмағы – 80 кг.

Омыртқа жотасы түзу.

Қарау кезінде дене қызуы: 37,3 0 С

Тері жабындысы: ақшыл-қоңыр түсті, ылғалдылығы қалыпты. Бөртепелер, түлеу, тыртықтар жоқ.

Тері асты шел қабаты: біркелкі таралған, айқын дамыған, көзге көрінетін ісінулер жоқ.

Шырышты қабаттары: қызғылт түсті.

Көздің кілегейлі қабаты өзгеріссіз, қалыпты.

Мойын: мойын пішіні өзгеріссіз, қалқанша без үлкеймеген, пальпацияланбайды, кеңейген қан тамырлары мен көрініп тұрған пульсациялар жоқ.

Лимфалық жүйесі:

• жақ асты: бірлі жарымы пальпацияланады, жұмсақ, серпімді, қозғалмалы, ауырмайды, бұршақ тәрізді.

• Мойын пальпацияланбайды.

• Бұғана астылық- пальпацияланбайды.

• Қолтық асты пальпацияланбайды.

• Шынтақ пальпацияланбайды.

• Шап пальпацияланбайды.

Бұлшық ет жүйесі: бұлшық ет қабаты жақсы дамыған, жиырылуы қанағаттанарлық, пальпация жасағанда ауырмайды.

Тірек – қимыл жүйесі: сымбатты. Буындардың үйлесімі, қозғалысы сақталған, ауырсыну сезімі жоқ. Туа біткен ақаулары жоқ. аяқ-қол, буындарындағы ауру сезімін жоққа шығарады. Буындары қалыпты пішінді. Буын қозғалыстарының шектелуі жоқ.

Басы: аномалиялық даму өзгерісі жоқ. Бас сүйектері мен бет сүйектерінің көлемі сақталған, пальпация жасағанда ауру сезімі анықталмайды.

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 230 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.463 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав