Читайте также: |
|
Семей Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Акушерство ЖӘНЕ гинекологиЯ БОЙЫНША
ИнтернатурА кафедраСЫ
Силлабус
(Syllabus)
Мамандық: « Акушерия және гинекология»
Электив: «Жүктілік және босану кезінде ұрық жағдайын бағалау»
Сағат саны: 180 сағат
Семей 2014
Силлабус оқудың жұмыстық бағдарламасы «Акушерства және гинекология» оқу тәртібі бойынша акушерство және гинекология,интернатура кафедрасымен құрастырылған.
Автор: Кабылова С.А.
Кафедра жиналысында талқыланған күні. _______. _______________2014ж
Протокол №____
Кафедра меңгерушісі ___________________ анышева Г.А.
1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Мекеменің атауы: Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
Пән атауы: «Жүктілік және босану кезінде ұрық жағдайын бағалау»
Мамандығы: «Акушерия және игенокология»
№ | Т.А.Ә. | Жасы | Ғылыми дәрежесі | Базадағы лауазымы | Ғылыми қызығушылықтары | Педагогикалық өтілі |
1. | Танышева Г.А. | м.ғ.к. | Семей қ., ПО ассистенті | Акушерстводағы антифосфолипидті синдром. | ||
2. | Кыстаубаева А.С. | м.ғ.м. | Кафедра докторанты | Эффективті перинаталды технологияларды енгізу | ||
3. | Нургалиева Г.Т. | Кафедра магистранты | Эффективті перинаталды технологияларды енгізу |
2.Байланыс ақпараты:
Кафедра орналасуы: Семей қаласының Перинаталды орталағы, Жамакаев көшесі, 100; 5 қабат; Телефон 56-89-56.е-адрес: kagi11@mail.ru
Кафедра базалары: ГКРД, № 3 перзентхана, «Жамиля» мекемесі, 2-ші қалалық аурухана.
Мақсаты: мамандандырылған білім стандартының талабына сай,талап етілетін қажетті білімі бар, акушерство және перинотология саласында диагностикалық, емдік, жедел, реабилитациялық және профилактикалық шараларды озіндік қолдана алатын, практикалық дағдыларды меңгерген акушер- гинеколог маманын дайындау.
Міндеті:
1. Босану актінде ұрықты антенатальді қорғау, босанудан кейінгі кезеңдегі және жүктіліктің физиологиялық және патологиялық ағымында жүкті әйел, босанатын әйел, босанған әйелдерді зерттеу бойынша тәжірбиелік дағдыларды меңгеруді шыңдау.
2. Интерндердің жүкті, босанатын, босанған әйелдерді диагностикалау,аспаптық, лабораторлық зерттеу әдісі қорытындыларын интерпретациялау біліктілігін және білімін шыңдау.
3. Жүктілікпен, босанумен, босанудан кейінгі кезеңмен және гинекологиялқ аурулармен, экстрагенитальді аурулармен және хирургиялық патологиямен байланысты патологиялық жағдайларды дифференциялдау диагностикасын меңгеру біліктілігін және білімін тереңдету.
4. Жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңде туындайтын патологиялық жағдайларды емдеудің заманауи әдістері бойынша білімді тереңдету.
5. Жүкті әйелмен, әйелдермен, жасөспірім қыздармен жұмыс жүргізудің коммуникативті дағдыларын шыңдау.
6. Тұрғылықты халықпен отбасын жоспарлау, балаларды және жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша санитарлық-ағарту жұмысы дағдыларын және біліктілігін шыңдау.
7. Нақты науқасты емдеуде жеке қарастыру біліктілігін және білімдіерді интеграциялау дағдыларын дамыту;дәледі медицина ережесі негізінде мамандандырылган шешимдерді қабылдауға уйрету.
8. Барлық тәжірибелік дағдыларды, білімді шындау және уздіксіз мамандандырылған оқу оқыту қажеттілігін барлық мамандық қызмет барысында бекіту.
9. Альтруизм, қайғыру,көніл білдіру,жауапкершілік,шыншылдык сияқты мамандандық құндылыктарды ұстануды және конфеденциальды ережелерді сақтауды дамыту.
3.Күнтізбелік тақырыптық жоспар:
№ | Өткізу уақыты мен күні | Тақырыптың атауы | Сағаттар саны | Мұғалімнің А.Т.Ж. | |||
Лекцилар | Тәжірибелік сабақтар | Семинарлар | СРС | ||||
Ұрықтың физиологиясы. Дамудың қауіпті кезеңі. Ұрықтың қанайналым ерекшелігі. Жүктіліктің әр мерзіміндегі ұрықтың мөлшері. Жүктіліктің нақтылы мерзімін анықтау. | |||||||
Ұрықты зерттеу әдістері. Биометриялық (УДЗ, пальпация, ЖТД өлшеу(әдісі)), биофизикалық: аускультация, КТГ, УЗДГ, ұрықтың биофизикалық профилі).Гравидограмма, маңызы, жүргізу шарттары. Ұрықтың қозғалу сипатын бағалау. | |||||||
Гравидограмма. Ситуациялық есептерді шығару. | |||||||
Гестациялық мерзіміне кіші ұрық. Жіктелуі. Себептері. Конституционды кіші ұрық. Анықтамасы. Диагностика. «Гестациялық мерзімге ірі ұрық» түсініктемесі. Дементьева кестесі. | |||||||
Ұрықтың құрсақ ішілік дамуының тежелуі. Анықтамасы. Диагностика. БМКК жағдайында бақылау жүргізу, әдісі. Мерзімінен ерте босандыруға көрсеткіштер. | |||||||
ҰҚДТ. Диагностика, стационар жағдайында бақылау жүргізу. Босануды жүргізу әдісі. Оперативті босандыруға көрсеткіштер. | |||||||
Ультрадыбыстық фетометрия. Фетометриялық көрсеткіштердің нормативтік қисықтары. Скринингті УДЗ жүргізу. | |||||||
Пренатальді скрининг, мақсаттары, әдістері, тексерілу мерзімдері. (Приказ № 183 МЗ РК 19.03.2012). Пренатальді скринингтің бірінші деңгейіндегі іс-шаралар.Пренатальді скринингтің екінші деңгейіне бағыттайтын туа пайда болған және тұқым қуалайтын патологиялары бар қауіп факторлары. | |||||||
Пренатальді скринингтің екінші деңгейіндегі іс-шаралар.Жүктіліктің 1 және 2 үштігіндегі сарысулық генетикалық маркерлар сараптамасының биохимиялық скринингі «екілік тест», «үштік тест». Инвазивті пренатальді диагностика жүргізу шарттары және көрсеткіштері. Хорион биопсиясы. Амниоцентез. Кордоцентез. Плацентоцентез. | |||||||
Су аздық. Себептері. Патогенез. Клиникасы. Диагностикасы. Бақылау. Болжам. Аралық бақылау. | |||||||
Жатыр қантамырларының, кіндіктің, ұрықтың допплерографиясы. Әдістің мәні. Ұрық жағдайын бағалаудың маңызы. Қолданылуына көрсеткіштер. | |||||||
Жатыр - плацента - ұрық қанайналысының бұзылуының дәрежелері. Жіктелуі. Бақылау. Жүргізу тактикасы. | |||||||
КТГ, көрсеткіштер, шарттары, стрессті емес тест, негізгі параметрлері: базальды ритм, базальды ритм вариабельділігі, акцелерациялар, децелерациялар. Децелерация түрлері. STV. | |||||||
КТГ түрлері: қалыпты, қауіпті, патологиялық. Реактивті КТГ. Жүктілік және босандыру кезіндегі нұсқалары. | |||||||
Ареактивті КТГ. Түрлері. Бақылау.Жүктілікті және босануды жүргізу тактикасы. Көрсеткіштері. Техникасы. Шарттары. Интерпретация. Патологиялық ритм түрлері. | |||||||
Ұрықтың биофизикалық профилі, жүргізу техникасы. Нәтижені бағалау. Модифицирленген биофизикалық профиль. | |||||||
Қауіпті ұрық жағдайы. Диагностика, бақылау, жүктілікті жүргізу әдісі. | |||||||
Босану кезіндегі ұрық жағдайын бақылау әдістері.Босану кезіндегі қауіпті жағдайлар.Олардың бірінші және екінші кезеңдеріндегі даму себептері. Диагностикасы. Босану кезіндегі қалыпты және патологиялық КТГ параметрлері. | |||||||
Босану кезіндегі қауіпті ұрық жағдайын коррекциялау әдістері. Босанудың бірінші, екінші кезеңдеріндегі босандыру әдістері. Интранаталды асфиксия критерийлері. Аралық бақылау. ОРД санау. | |||||||
Ауызша емтихан. Жылдық бағаны санау. Циклдан кейінгі кері байланыс. |
4.Тыңдаушының өздік-жұмыс графигі:
№ | Жаттығу тақырыбының атауы | Орындау формасы | Мекемелердің ұсыныстары |
1. | Гравидограммалар интерпретациясы | Жоба | жобаны қорғау |
2. | Эмбриогенездың критикалық кезеңі. | Презентация | Тесттер |
3. | Жүктілік мерзімімен ұрықтын сәйкестілік кестелері | Презентация | тесттер |
4. | Гестациялық мерзіміне кіші ұрықтар бойынша босану тарихтардын анализы. | Дәлелді медицинаға принциптеріне сәйкес қайнар көздерден анықталған ауру бойынша өз мәлеметтерін жинастыру.медицины | База дәректерін тексеру |
5. | Дәрі-дәрмектердін фетотоксикалық әсері.Жіктелуі. | Презентация | |
6. | Туылған нәрестелерді бағалауымен салыстырғандағы, бір ай аралығында КТГ интерпретациясы. | Жоба | тесттер |
7. | КДБ-гі МГК мәліметтері бойынша ұрықтың туа пайда болған ақаулары. | Дәлелді медицинаға принциптеріне сәйкес қайнар көздерден анықталған ауру бойынша өз мәлеметтерін жинастыру.медицины | жобаны қорғау |
8. | Бір ай аралығында патологиялық КТГ анализы. Жүргізілген шаралардын бағалауы. | Жоба | есеп және білім бағалаудың басқа түрлері |
9. | Туылған нәрестелерді бағалауымен салыстырғандағы, бір ай аралығында УДДМ анализы. | Жоба | База дәректерін тексеру |
10. | Жүкті әйелдің темекі тартуының ұрық жағдайына әсері. | Презентация | Тесттер |
5. Пәннің саясаты:
бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.
Білімалушы міндетті:
• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.
• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.
• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.
• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.
• Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.
• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.
• БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.
• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.
• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.
• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.
• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.
• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.
• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).
• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.
• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.
• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.
• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.
• Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.
• Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.
• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.
• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.
• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.
• Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.
• Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.
• себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.
• Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.
• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.
• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.
• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.
• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.
• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.
• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.
• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.
• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.
• Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.
Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.
Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.
• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
• Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.
• Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.
• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.
• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.
• Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.
Ағымдық бақылау:
6. Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі:
1. Основные клинические протоколы и приказа МЗ РК по акушерству и гинекологии. Алматы, 2010г.
2. Акушерство/ Под ред. В.Е.Радзинского2008
3. USAID Акушерство (ЭПУ) USAID 2008
4. «Руководство по эффективной помощи при беременности и рождении ребенка». Мэррей Энкин, Марк Кейрс, Джеймс НейлсонДэролайн Краутер, Лилиа Дьюли, Элен Ходнет и Джустус Хофмейер. Перевод с английского по редакцией А.В Савельевой. Санк-Петербург, 2003г.
5. Лекарсвенные средства в акушерстве и гинекологии Сухих Г.Т., Серов В.Н., М., 2010
6. Беременность и роды при экстрагенитальных заболеваниях Радзинский В.Е., М., 2009
7. Женская консультация Учебник+СД. Радзинский В.Е., М., 2008
8. Экстрагенитальная патология при беременности (Методические рекомендации), Астана, 2010. Айнабекова Б.А., Сейсембеков Т.З., Алшинбаева Г.У., Имамбаева Г.Г., Агзамова Р.А., Сулейменова А.К., Абишева С.Т., Садыбекова Г.Т., Альмухамедова А.Х., Жусупова Г.К.
Қосымша:
1. Акушерство. Национальное руководство / под ред. Э.К. Айламазяна,
В.И.Кулакова, В.Е.Радзинского, Г.М. Савельевой. – М.: ГЭОТАР-Медиа,
2011г.
2.«Практическое руководство по оказанию неотложной помощи в
акушерстве и гинекологии». /Под редакцией проф. Мамедалиевой Н.М., Алматы, 2006г.
3. Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных, Шехтман
М.М., Москва, 2008г.
4.Акушерство и гинекология. Консультант врача. Электронная
информационно-образовательная система на СД. М., 2007
5. Диагностика и лечение гипертензии беременных, Дощанова A.M.,
Разумова P.P., Алматы, 2006г.
6. «Современые технологии в остановке массивных акушерских
кровотечений», Укыбасова Т.М., Актобе, 2006г.
7.«Привычная потеря беременности», Сидельникова Е.М., Москва, 2005г.
8.«Невынашивание беременности инфекционного генеза», Мамедалиева
Н.А., Алматы, 1999г.
9. УЗИ при неотложных и критических состояниях / Практическое пособие,
Вики Е. Нобль, Брет Нельсон, А. Николас Сутингко, 2009г.
10. Тапбергенов С.О.
11.«Прентальная диагностика наследственных заболеваний», С.В.
Воронин,В.Г. Воронина, М.Ю. Хасина,Издательство: Юнилаб, 2008г.
12.Акушерия және гинекология пәнінен студенттердің өзіндік жұмысына
арналған оқу құралы: учебник / Ә. Т. Раисова, Г. Ж. Бодыкова. - Алматы:
"ЭВЕРО", 2011. - 127 с.: ил
13.Акушерия және гинекология: учебник / Ә. Т. Раисова,. Нұрқасымова
Р.Ғ.- Алматы: "ЭВЕРО", 2011. - 392 с.: ил
14.Акушерлік патология кезіндегі жедел көмек: (Әдістемелік нұсқаулар). –
Семей, 2000. - 16 с.: б.
15.Акушерство және гинекологиядан практикалық дағдылар. –
Семипалатинск: Семей каласы, 2003. - 35 с
16.Үкібасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдық курсы: учебник / Т. М.
Үкібасова, А. Б. Түсіпкалиев. - Алматы: "ЭВЕРО", 2011. - 151 с.: ил
17.Кайлюбаева Г.Ж., Кабылова С.А., Нургалиева Р.К. Акушерство және
гинекологиядан тәжірбиелік дағдылар 2003.
18.Г.Ж. Кайлюбаева, С.А.Кабылова, Р.К. Нургалиева Акушерия пәнінен
тесттік жинақ 2005.
7.Білім бағалау шкалалары және өлшемдері:
Сабақты ағымдық бақылау: тесттер, ауызша сұрау,тәжірибелік дағдыларды бағалау,емдеу алгоритімі, семинар және конференциялардағы сұрақтарды талқылау,медициналық құжаттардың толтырылуын талдау, ситуациялық есептер.
ИӨЖ бақылау: пән бойынша тапсырылған ИӨЖ -на 2 баға қойылады.
Аралық бақылау: циклдің 2-ші және 4-ші аптасынан кейін, тесттік тапсырма түрінде.
Аралық аттестатция (емтихан):
Мини –клиникалық емтихан-циклдің 3-ші және 4-ші аптасында тәжирибелік сабақ МКЕ «КТГ –ні жүргізу және интерпретациялау» бойынша бағаланады
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 162 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |