|
Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Жан қуаты» әдістемелік және тәрбие-білім беру қызметіне интеграцияланған кеңістік-орта жобасы әзірленіп және енгізілген (автор-әзірлеуші - облыстық КДИ аға оқытушысы
Н.П.Чеснокова). Бұл жоба баланың жеке және әлеуметтік қалыптасуына мүмкіндік жасайды, сонымен қатар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын байытады. Жобаның негізгі мақсаты - баланың өзін-өзі тану сабағынан тыс өзін-өзі қалыптасуын, жеке тұлғалық қарымын дамыту мен ашу, педагогтардың бейнелеу-педагогикалық шығармашылығына және кәсіптік рефлексиясына дайындығын қолдау, балалар ересектер қогамының бірлігін арттыру. Осы жобаны жүзеге асыру бойынша сынақ алаңдарының жұмыс нәтижесі, 2008 жылы 5 қарашада МББҚБА және ҚЦИ өткен, «Өзін-өзі кәсіптік дамыту аймагы» Өзін-өзі тану күнінде өткізілген болатын.
Аниматор іс-әрекеті жан-жақгы болуы мүмкін, немесе нақты арнайы бағыт болуы мүмкін. (шығармашылық техникасы). Бірінші жағдайда, жетекші жалпы ұжым жетекшілерімен, ұжымның мүмкін қажеттіліктерін ескере отырып, бағыттаушылық қызмет атқарады. Екінші жағдайда, жетекші нақты техникалық немесе басқа біліктілік, мамандық ала алады. ¥жым іс-әрекеті мөлтек аудан, ауыл, қалаға ашық болуы мүмкін. «Анимация» термині француз педагогикасында топтың динамикалық мәселесінде және бос уақыт тәрбиесінде пайда болды. Педагогикалық анимация тұлғаның топта және топтың жеке және автономды өзін-өзі анықгауына сәкес келеді. Плюрализм позициялары мен ойларын мойындай отырып, мәселенің тұлғалық қалыптасуындағы мектеп болып табылады және дұрыс шешімін қабылдауға мүмкіндік береді. Француз педагогтарының ойынша соның ішіңде Р. Торай педагогикалық анимация тек іс-әрекеттгі қамтымайды, сонымен қатар оқу-тәрбиелік процеске белсенді түрде енгізіледі, өйткені оның мақсаты тереңірек. Педагогикалық анимация индевитте өзінің күшіне деген сенімін және мүмкіндіктерін, қарым-қатынас процесін белсендіреді, өзі-өзі тану, өзін-өзі мойындау, адами қарым-қатынаста жаңа стиль қалыптастырады.Адамның барлық іс-әрекетінде шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Анимация тәрбиемен кең мағынада тығыз байланыста, адамның тұлғалық қалыптасуында мектеп ішінде ғана емес, индивиттің барлық өмірінде тәрбиемен байланысты. Сонымен анимация тәрбиемен тығыз байланыста. Педагогикалық анимация дәстүрлі мектеп формасының жұмысын көшіріп алмауы керек, әйтпесе ол тиімсіз болады. Аниматордың міндеті тек қана білім мен дағдыны қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар топтар арасында серіктестік атмосфераны орнату, өзара сыйластық, шығармашылық іс-әрекет жасау. Аниматор топ жетекшісі болып табылмайды, тек ой қозғауға, шешім қабылдауға және іс-әрекетті жүзеге асырушы ғана екендігін ескеру қажет.
Аниматор іс-әрекеті әлеуметтік және тәрбиелік сипатта болады және топтың даму процесімен қамтамасыз етеді. Ұжыммен топтардың қоғамдық деңгейде қарым-қатынастарымен мәдени қалыптастыруда педагогикалық анимация басты міндеттерді айқындайды. Қоғамдық қарым-қатынастар астарына қоғамдық байланыстар мен тұлғааралық қарым-қатынастарды орнату. ¥зақ уақыт бойы мәдениент өнер туындыларында ғана көрінді және оны таратушылар ұстаздар болды. Аниматор тұлғадағы шығармашылық қабілетін оятушы болып табылады. Аниматор іс-әрекеті екі бағытта құралады: біріншісі жалпы сипаттама, ал екіншісі мамандандырылған және техникалық. Біріншісіне кәсіподақ, ассоциаациялардың, қозғалыстардың, топтардың қоғамдық- тәрбиелік мәдени мекемелердің қызметкерлері мысалы: кітапхана және мұражайлардың жауапты қызметкерлері. Екіншісіне- бапалар лагерлерінің вожатыйлары т.б жатады.
Масrоmеdіа Ғlаsһ бағдарламасы анимационды роликтер, баннерлер жасауға, Инетренеттегі әртүрлі басылымдарға дыбыс әффектілерін қоюға, растрлық, векторлык суреттермен жұмыс жасауға, жоғары сапалы Flаsһ- презентациялар жасауға арналған. Курсты оқу барысында тыңдаушылар Масrоmеіа Ғlаsһ бағдарламасының артықшылықтарымен танысады, атап айтқанда объектілерді қозғалту, өзгерту мүмкіндіктерін қолданады. Тыңдаушылар алған білімдерін тәжірибелік жұмыстарды орындағанда бекітеді. Болашақга тыңдаушылардың әртүрлі телевизиялық, анимациялық проектілерге қатысу, өз бетімен интерактивті, анимационды Flash-роликтер, Web-дизайн және қарапайым қолданбалы бағдарламалар әлементтерін жасау мүмкіндіктері болады.
Web дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр дизайн қалай қүрылады? Web дизайн - бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда Web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты әлементгердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың Web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда Web дзайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады.
Әлеуметтік болжау мен жобалау ғылыми қоғамдық әлеуметтік дамуын зертгейтін дербес пәні болып табылады. Ғылымның жеке бағыты ретінде әлеуметтік болжау мен жобалау жүйесі XX ғасырда қалыптасты. Бұл пән әлеуметгік теорияның жеке технологиясы бола отырып, оның тиімділігіне әсер етеді. Ғылыми бағыт ретінде қоғамды тиімді басқаруға және оның потенциалын әлеуметтік даму процестерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік болжау және жобалаудың объектісі ретінде өзінің потенциалды даму аясында әлеуметтік орта болып табылады. Пәнніц нысанасы - әлеуметтік ортаның даму келешегінің технологиялар мазмұны.
Болжам (гипотеза) - шынайы мәні анықталмаған жорамал немесе болжам. Гипотезаларды (болжамдарды) өзіне болжауды сараптамалық тексеруді шығару және гипотезаны ғылыми теориялық құрылымдық әлементі ретінде қосатын ғылыми теориялық құрлымдық әлементі ретінде қосатын ғылыми білімнің даму әдісі ретінде ерекшелейді.
Антикалық ғылымда және жаңа уақыттың жаратылыстануда гипотеза әдісі ғылыми танымның басқа әдістері шекарасында күңгүрт жасырын қалыпта негізінен қолданылған (ойша сараптамада, генетикалық-конструкторлық және индуктивті әдістерде)
¥сынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [2,8,12,24]
Қосымша әдебиеттер: [21,22,23,28]
№9 дәріс тақырыбы. Анимациядағы әлеуметтік қорғау жәие реабилитациялық технологиялары.
Бейімделу» түсінігі жалпы ғылымдық түсінік ретінде, әр түрлі білім жүйелерінің (табиғи әлеуметгік, техникалық) синтезіне ортақтасады. Фнласофиялық категориямен қатар жалпығылымдық түсінік әр түрлі зерттейтін обьектілердің қосылуына мүмкіндік туғызады. Осыған орай, Ф.Б. Березиннің бейімделу концепциясын адамды зерттеудің комплексті әдісін қарастыратын көзқарасы дәлелді болып келеді.
Бейімделудің жалпы және кең мағыналы көптеген анықтамалары бар. Ол бейімделу процесінің биохимиялықган әлеуметтікке дейінгі көптеген деңгейлерін айқындайды.
Бейімделу қогамдық ортамен түлғаның (не топтың) өзара әрекеті түрінде, көбінесе түлғаның қоғамдық иерархиялық жағдайымен байланысты.
Бейімделуге негіз болатын аспектілері 4 түрде қарастыруға болады: әлеуметтік қарым-қатынастың түрлілігі, әлеуметгік процесс, әлеуметтік әрекет және институтционалды форма ретінде.
Бейімделу күрделі структуралық - функционалық рухани - практикалық білім ретінде адам өмірінің барлық әлеуметтік деңгейінде жүреді. Осыған байланысты қоғамдағы негативті, кризистік қүбылыстарды жеңу және адамдарды әлеуметтік инновациялық жүйеге келтіру адаптацияның маңызды универсалды әдістерінің бірі болып табылады.
Бейімделудің маңызды конпонент структураларына мыналар кіреді: әкономикалық, әлеумеггік, саяси және идеологиялық.
Әлеуметтік мәдени жүйелерде анықталған мәдениетті ңтүрін бөліп алу мүмкін болғандықтан, олар мүндай өзгшерістерді қабылдаудың мінездеріне әсер етеді. Адамның бейімделу спецификасы - бүл адамның әлеуметтендірумен байланыста әлеуметтік мінез-қүлық нормасын меңгеру процесі мен «әлеуметтік әлем деңгейіне көтерілу» процесі болып табылады, немесе бейімделу әдістері мен жеке түлғаның жактары (психалогиялық үйымдастыруы) және мүқтаждығы, қажетгілі, талабы және әлеуметтік нормасын қалыптастыру (әлеуметтік жүйе қатынасы) процестерінің болуы.
Әлеуметтік бейімделу - әлеуметтік субьектінің мінез-қүлығының бағыттаушылық әрекеттелуі болып табылады.
Бейімделу қоғамдық қатынастардың, процестердің, қызметтердің және әлеуметгікинститутардың түрлерінің сапасы ретінде көрсетіледі.
Білімнің ең басты мақсаты - әлеуметгік жүйенің
дисфункциясын жеңу және әлеуметтік обьектінің ортадағы әлеуметенуі мен гармонизациясы.
Түлғаның жеке білімі норманың қалпына келуіне,
әлеуметтік субъектілер мен әлеуметтік пайдалы қатынастарды қалпына келтіру.
Психологиялық бейімделу - әлеуметтік маңызды стандарттарының мінез - кұлығы және багалылығын түсіну. Әлеуметтік және психологиялық бейімделу жақтары бірлікте болып отырады, кейде сәйкес келуі де мүмкін.
Әлеуметтік бейімделу түлганың жеке деңгейіне қосылады.
1. тұлганың өзара әрекетінің механизмін микроортамен қалыптастыру;
2. әлеуметтік айналадагы моральдық байланыстардың позетивтілік нормаларын игеру;
3. субъектінің бейімделуі жетістігі структуралық жүйенің
тұлга және әлеуметтік ортамен әрекеттесуі;
Бейімделудің негізгі шартының бірі, ол адамның санасының адекваттық өзгеруі болып табылады.
Мұндай езгерістер жиі болып отырмайды. Белгілі бөліктерге мұндай өзгерістер бөліне алмайтыны анық. Мұндай өзгерістер жан-жақгы және массалық структурада әртүрлі мақсаттық мінезге ие болады. Мүндай өзгерістер адам деңгейіндегі шарттардың еңбекке қабілетті әлеуметтік дезадаптациясына әкеліп согады. Бұл өзгерістер адамның нормативтік қатынастар жүйесіне қосылмайтынын байқатады.
Қоғам көптеген азаматтардың «әлеуметтік бағынушылықтардан» «адамның өзіндік мүмкіншіліктеріне» айналуына көп көніл бөледі. Бос және еркін тұлға - азаматтық коғамның ортақ пішіні.
Бейімделу - екіжақты процесс, бұл процесс арқылы субъект әлеуметтік ортаның және әлеуметтік институттардың (отбасы, білім жұйесі және т.б.) гана әсерін сезінбейді, сонымен қатар ол өзі де сыртқы ортаға әсер етеді.
Бейімделу процесі - бұл әлеуметтік құндылықтарды әлеуметтену механизімі аркылы игеру.
Адам белсенді субъект ретінде даму үстінде, яғни әкономикада, педагогикада, әлеуметтік кеңістіктің әдістері мен технологиясын игеріп, оны өз керегіне қолдануы.
Әлеуметтік дамуда бейімделу адамның мәдени дамуына, құрылысына әсер етеді.
Әлеуметтік - адам жағының мәні, оның бағалы сипаттамасы. Қорыта айтқанда, бұған тек психологиялық адамдар немесе баланың әлеуметтену әтапынан өткендер жатады.
Бейімделудің барлық түрі бір-бірімен байланыста, бірақ негізгісі әлеуметтік болып табылады. Адамның толық әлеуметтік бейімделуіне фнзиологиялық, басқарушылық, әкономикалық, педагогикалық, психологиялық және кәсіби бейімделулерді жатқызамыз.
Адам өміріндегі жағымды шарттарды басқарушылықсыз елестету мүмкін емес, сондықтан да адамға жақсы жағдай жасау (жұмыста, үйде) оның әлеуметтік бейімделу рөлін, қогамға өзінің орнын аңғартуға мүмкіндік береді.
Әкономикалық бейімделу субъектінің, индивидті әкономикалық қарым- қатынас пен әлеуметтік-әкономикалық нормаларды игерудің күрделі процесі.Әлеуметтік жұмыстың технологиясында “әлеуметтік блок” маңызды болып табылады. Бейімделуге қоса, нақты әрекет багыты жұмыссыздық, жалақы, зейнетақы және т.б. жатқызуга болады. Бұл тек физикалық тұрғыдан жауап бермейді, сонымен қатар адамның социомәдениетгі болуына да әсер етеді. Егер адам жұмыссыз немесе кедей болса, онда бұл адам толық бейімделу процесінен өтеді деп айтуға болмайды.
Педагогикалык, бейімделу. Бұл құрал білім жүйесінде, оқу және тәрбиеде, нндивидтің даму жүйесінде багалы багдар болып табылады,
Көрсетіп айту керек, адамның бейімделуі қоршаган орта орны, георгафиялық фактор, ақыры аягында әлеуметтенуде ерекше роль атқарады. Кейінгі уақытта педагогтар балалар мен жастардың проблемаларын көптеп меңгерді. Қазір Ресейде 45 млн. бала мен жас өспірімдер мектептік білім жүйесінде еместігі анықталган. Олардың 20% үйсіз, 16% нашақорлар, 76% психикалық ауруга шалдыққандар, ал осылардың ішінде өлу және өзіне қол жұмсау 60% өсті.
Психологиялық бейімделу. Психологияда бейімделу ішкі процестерге негізделеді. Психологияның бейімделу процесі адамда үздіксіз жүреді, әрқашан әлеуметгік — әкономикалық өміріне, саяси және моральдік-әтикалық бағдарына, әкологиялық орнына және т.б. байланысты.
1936 ж. Канадалық физиолог Г. Селье «стресс» және «бейімделушілік синдром» түсініктерін енгізді.
Стресс — бұл психологиялық жағдайға күш түсуі, өмір қиыншылығы немесе ерекше міндет (мысалы, космонавт жүмысы).
Бейімделушілік синдром - бұл барлық реакциялардың адам организміне жағымсыз әсер етуі.
Стресс болу себебі, көп жағдайда өмірде адам күтпеген жағдайда тұрған қиындыққа байланысты болады. Стресс - ажыратылмайтын өмір серігі. Ол адам организмі кері әсерлерге қарсы тұруга немесе қарсы тұрмауға көмектеседі.
Стресс деп кең түсінікте шығармаларда өмірдің күтпеген жагдайларында тап болуды айтамыз. Адам өмірі физиологиялық және нервтік — пснхикалық әсерсіз елестету мүмкін емес. Әрбір адам өзін тани білуі керек, өзіндегі күшті сезінуі керек, осы тұргыда өзі жайлы сезімдердің қандай жағдайда екендігін білуі қажет. Әдетте адамның жұмыссыздыгы оның өзіндік жағдайына әсерін тигізеді. Батыстық статистикада куәландырылғандай, егер адам бір жыл бойы жұмыссыз болса, онда ол жұмыс іздеу ниетінен айрылады делінген.
Психологиялық бейімделу жүйесінде үлкен роль атқаратын терапевтік әдіс, былайша айтқанда дискустық әдіс терапия, вербальды емес (ннтеракционды- коммуникативтік терапия, музыкалық терапия және т.б.) топтар жатады.
Психологиялық қолдау көп жағдайда әлеуметтік көмек көрсету кезінде жүзеге асады, ол әр топтағы адамдарға, мүгедектерге және т.б. тән.
Кәсіби бейімделу. Бұл жаңа түрге бейімделу, яғни жаңа әлеуметтік ортаға, еңбек жагдайына нақгы мамандану. Кәсіби бейімделу нәтижесі бейімделудің нақты кәсіби бағытына байланысты, оның жалпы және жеке дара өміріне, еңбегіне және т.б. бейімделулерінде көрінеді. Бейімделу кең шеңберде түсіндіріледі: тірі организмнің әлеуметтік бейімделуінің әлеуметтену процесіне байланысты.
Адам - кең және тар мағынада социологиялык және биофизикалық жүйе ретінде қарастырады. Бейімделу процесі - бұл әлеуметтік құндылыктарды әлеуметтену механизімі арқылы игеру.
Әдетте адам және орта статистскалық мәлімет бойынша, бейімделуде бөлек тұрып олар әркез өзгерісте болады, сондықтан да бейімделу процесінде де өзгеріске түседі..
Дәл сәйкес келу деңгейі бейімделу қозғалысында, бейімделу жағдайында байланысты. Организімнің жүйелі реакциясының бұзылуы гемеостатикалық байланыста болады. Д.В. Калесов спецификалық және спецификалық емес бейімделу реакциясын жазды. Көп жағдайда организмге специфизикалық емес реакция әсер етеді, сондыктан даму кезінде бейімделу синдромымен бейімделеді. Ал спецификалық бейімделу реакциясы ақырын дамып, оның функционалдық жүйесі әлементтермен байланысып, кооперация тұрғысында бейімделеді,
Қолданбалы реакция 2 класқа бөлінеді: жедел даму реакциясы және ұзақ уақыт реакциясы.
¥зақ уақыт бейімделу реакциясы - адамның формалық механизміне дайын емес кезде, тек генетикалық детерминикалық алдын-алумен білдіріледі. Бұл механизм ақырын дамып, ол жедел адаптацияға қосылады.
В.И. Медведев болса, ол организмнің 2 түрін көрсетгі:
Бірінші жағдайда адаптациялық реакцияга механикалык және функционалды жағдайды қалыптастырады.
Бұл тұрғыда реакцияға ақырын өсу саны және күш механизімі жатады.
Адаптациялық механизмге 2 жүйе жатады - жылдам және ақырын. А.И. Воложин және Ю.К. Субботин бейімделу және компенсаторлық реакцияны қарама-қарсы қойды, бұл реакция қоршаған орта өзгерісімен байланысты.
Бейімделу авторлар ойы бойынша организмнің өзгеруі, коршаған орта өзгерісіне бейімделуі жатады, сақгалған ішкі функцияға ортаның әсері- сақталған гемеостазға байланысты.
Бейімделудің қарама-қарсылыгы организмге құрылымдық және функционалдық жауап қайтару реакциясын жатқызамыз, оған қоршаған орта әсер етеді, сол жағдай бейімделудің дамуын төмендетеді.
В.И. Медведев бағдар беретін адамның қоршаған жүйесінде үш түрлі реакцияға жауап қайтаруды айтады.Бірінші тұрғыда адамның әлеуметгік құрылымы, әлеуметтік тапсырмасы аныкталады, шешуші жол ретінде қосылады. Бұл жағдайда орта пассивті, мысалы, ортамен тығыз байланыстан алшақтау.
Бірінші және үшінші түргыда бағдарга адамның биологиялық құрылымы қадағаланады. В.И. Медведевтің ойынша барлық процесс бірінші түрде өтеді. Дегенмен Ф.Ф. Султанов былай айтады: «бақыланған бейімделуге қорғаныш керек.»
В.И. Медведевтің қортындысы бойынша, дұрыс игерілмеген механизмнің миға түсіп, ол өмірде өңделеді делінген. Бұл модельден, жеке тұлғаның стратегиясы қалыптастырылуы қажет.
Бейімделу процесі гомеостазды қолдаудың ескі бағдарламасының бұзылу фазасынан басталады. Осыдан айтарлықтай қиын қалып туындайды, ескі бағдарлама қызмет атқара алмайды, ал жаңасы әлі қалыптаспаған. Бұл фаза спецификалық белгілермен сипатталады.Біріншіден, кіші және орта интенсивті салмақтарға жауап. қайтару және үлкен ауыртпашылықтардан бас тарту.Екіншіден, бейімделудің бүл фазасы патологиялы процестерге ие компенасция механизмдерін жоюмен байланыстырылады.
Ақпараттарды сүзу рецепторлардан бастап оның барлық қимыл- қозғалысында жүзеге аса алады.
Бейімделудің индевидтік стратегиясы қүрылатын іс-әрекеттің субъективТі моделі осы ақпараттық сүзудің қатысуымен қалыптасады.
В.С.Ротенберг және В.В.Аршавский бүл механизмдерді “перцептуалды қорғаныс” деп атаған. Жоғары белсенділікпен адам өзі көргісі келмейтіндерді көрмейді, конфликтіге душар еткізетін ақпаратгтарды қабылдамайды. Бұл стадиядағы аналогиялық қызметті бейімделудің басқа да психологиялық механизмдері атқарады.
Бейімделудің келесі фазасы “қадағалап отырудың жаңа механизмдері” бағдарламасы тәртіптік бейімделудің астарында қалыптасады. Гомеостатикалық қадағалаудың жаңа құрылымы жасалынады. Жаңа бағдарлама әрқашан іске асып отырылады, кейде тіпті үзақ мерзімге созылады.
А.Ж. Юревицаның пікірі бойынша, жаңа бағдарлама жүмысының тиімді параметрлерін іздеу, бағдарламаны қиындату жолымен немесе құрылымды біртіндеп жеңілдету жолымен жүруі мүмкін.
Тиімді жолды таңдау әсер етуші фактордың интенсивтілігімен анықгалады: кіші және орта көлемде - оңайдан бастап қиынға, үлкен көлемде - бейімділік- генді факторда көбіне гипер әсерлесу қадағаланады.
Осыдан белсенді іздеу психологиялық және псхофизиологиялық бейімделуді жақсартады, мүнда іздеуден бас тарту оны нашарлатады.
Бейімделу процесі түрлі қатынастармен сипатгалып, үш формада көрінеді:
1. Бейімделу прцесінің стихиялық енуі - өмір сүру жағдайындаға адамды қанағаттандырылмайтын шарттармен байланысты көрініс береді. Бұл жағдайда бейімделу процесінің қорытындысы көбіне қоғамдық пайдалы іс-әрекеттен бас тартуы және тұлғаның белсенділік орталығынан альтернативті топтарға ауысуы болып табылатын қазіргі заманғы шарттарға сондай - ақәйкес бұл процестер өзінің түсінігін адамның өзіне кайта ауысуынан көрінеді.Барлық мүмкін сауықгыру жүйелері, өзіндік реализацияның псохологиялық және физиологиялық дәстүрлі емес әдістері.
2. Келесі форма жасанды және қабілетті әлементтердің тең қатынасымен сипатталады.
Бүл іс-әректгің идеалды моделінің құрылуымен көрінеді. Бұл адамның бейімделу формасының нәтижесі - түрлі утопиялардың қалыптасуы және олардың насихатталуы.
Үсынылган әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [1,6, 9,12,15,22,25]
Қосымша әдебиеттер: [9,18,20]
№10 дәріс тақырыбы. Қазіргі аиимациялық практикада РК технологиясын қолдану.
Қогам мен билік арасындағы өзара байланысын былай қарастыруға болады: біріншіден, сайлау науқанындағы өзара байланыс, бұл кезеңде саяси коммуникацияның құралдарын тиімді пайдалану, екіншіден, қоғамның қажеттіліктерін өтеу мақсатында қолданылатын тұрақты байланыс, саяси коммуникацияның жаңа тәсілдерін жетілдіру қажет екендігін көрсетеді. Қазақстандағы Паблик рилейшнз (РК) қадамдарын жетілдірудің қажеттілігі сайлау науқандары қарсаңында нақтылы байқалады. Осыған орай, елімізде РЯ мамандарына деген сұраныстың қажеттілігі туындайды. Паблик рилейшнз шаралары билік пен қоғамды жақындастыруда, яғни өзара түсіністік таныту арқылы еліміздегі саяси тұрақгылықты қамтамасыз ететін негізгі сенім құралы. Біздің елімізде РК агенттіктердің қызметі әлі жеткілікті дамымаған және заңдылық базасы да толық қалыптаспаған. РК агенттіктерінің қызметі мемлекетіміздің саяси тұрғыдан тұрақты дамуындағы биліктің азаматтык қоғам ұйымдарымен ұдайы қарым-қатынас орнатудың тиімді мүмкіндіктерін ұсынады. Еліміздегі паблик рилейшнздің (РК) атқаратын қызметі тікелей саяси модернизацияның жемісі болып табылады.
Қоғаммен байланыс қызметі бұл біздің саяси жаңару жүйеміздегі демократнялық қадамдардың бірі. Қоғаммен байланыстың (РК) саяси жарнамамен, саяси үгіт-насихатпен ара-жігі ажыратылып көрсетілді.
Қоғаммен байланыс (РК) орнату қызметінің біздің елімізде де қалыптасу қадамдары сонау өткен ғасырлардан басталады. Қазақ жерінде ХҮІ-ХУІІІ ғасырларда Хандық билік болганы тарих деректерінен мәлім. Бұл қызметті қоғамның дамуының әр кезеңінде елбасы кеңесшілері болған Қорқыт, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақгамберді, Бұқар есімді түлғалардың өз тарихи миссияларын орындағандығынан байқаймыз. Жыраулар, хан сарайындағы саяси жағдаймен халықты, ал халыктың түрмыс жагдайымен хандарға ақпарат жеткізуші қызметін атқаргандығын анық байқатады. Сондай-ақ, жыраулар жалынды жырларымен ханның өзіндік имиджін қалыптастырған деуге негіз бар.
Бұдан кейін, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бастамасымен жарыққа шыққан басылымдар, сол кездегі халық пен билік арасындағы негізгі ақпарат көзіне айналған еді. Алайда, ол уақыттағы үкіметгің солақай саясаты олардың кең таралып, қоғамда болып жатқан жаңалықгарды ашық жеткізуіне қарсы болды. Мұндай басылымдардың қатарына жататын «Серке», «Қазақ», «Қазақстан» газеттері мен «Айқап» журналы өздерінің коммуникациялық қызметтерін атқарған болатын.
Социалистік кезендерде паблик рилейшнз қарым-қатынас ретінде, партиялық цензураның қатаң бақылауында болды. Олар осы кезде ауызша нүсқаулар түріндегі жабық және жартылай жабық жиналыстар мен талқылаулар
(«тек КОКП мүшелері үшін» түрінде) сияқгы паблик рилейшнздің жасырын түрлері пайда болды. Ал, КСРО ыдырағаннан кейін, әр мемлекет өзінше жаца жүйені қалыптастырды. Біздің еліміздегі РК (паблик рилейшнз) Қазақстан тәуелсіздік алган жылдардан бастап батыстық үлгілермен қалыптаса бастады. Яғни, РК-дің Қазақстандағы қадамдары әлі де қалыптасу үстінде. Жалпы қоғамдық байланыстардың бай тарихына қарамастан олар әлі жеткілікті зерттелмеген, сондықган оларды заман талабына сай зерттеу қажеттілік болып табылады.
Саяси РК, саяси насихат және саяси жарнама, саяси коммуникация жүйесіиің негізгі қүрамдық бөлігі болып табылады. Саяси коммуникация жүйесі, өз кезегінде аталған қоғамда қабылданған ндеологняға, саяси режимге байланысты. Еліміздегі саяси РК, нақты саяси қызметке (саяси партиялар) сенімді қалыптастырады, яғни, келешекте бүқаралық сананы өңдеу үшін плацдарм кұрады. Саяси насихат, осы қалыптасқан сенімнің негізінде, бүқаралық санаға нақгы саяси нүсқаулар мен стереотиптерді енгізеді және саяси мінез-қүлықтың нақты түрін қалыптастырады. Қазақстандағы саяси жарнама, саяси үгіт-насихат, саяси РК қызметтерінің дүрыс жолға қойылуы, халықтың сайлау науқандарында еркін тандаулары арқылы, оң шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Аталған саяси коммуникация қүралдарынын сайлау науқандарынан тыс, яки, түрақты түрде қызмет атқаруы, саяси билік субъектілеріне деген қоғамның сенімін арттырады.
Қазақстанда РК-ді одан әрі дамытудың жолдары қарастырылуда. РК еліміз үшін жаңа қүбылыс болып саналады, сондықган бүгінде Қазақстанда бүл сферадағы заң шығару мәселесі қалыптасудың алгашқы сатысында деуге болады. РК-технологияларының әмбебаптылығы және оларды көптеген қоғамдық және мемлекеттік институттардың әртүрлі сферасында тиімді қолданудың жүзеге асырылуы, заң шығарушыларға нақтылы қиындық тугызады. Себебі, РК-технологияларды қолданудың бүкіл саласын қамтитын жалғыз заң шығарушылық актіні қабылдау мүмкін емес. Сол себепті, көп жағдайда РК-тәжірибесін реттеу жанама түрде жүргізіледі, яғни, аралас салалары арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Ол үшін мынадай заң актілері қолданылады: Қазақстан Республикасының Заңцары «Ақпараттандыру туралы», «Бүқаралық ақпарат құралдары туралы», «Саяси партиялар туралы», «Жарнама туралы», «Байланыс туралы», «Сайлау туралы» және т.б.
Қазіргі кезде РК-дың 500-ге жуық анықгамасы бар екендігі анықталған.
С.Бләк өз еңбегінде «Паблик рилейшнздің мақсаты - шындыққа, білімге және толық ақпараттандыруға негізделген өзара түсіністікке және жалпы мүдделерге қол жеткізуді айқындау үшін екіжақгы келісім орнату» деп көрсеткен. Осы тұрғыдан бағалар болсақ, қоғаммен байланыстағы негізгі мәселе өзара сенім мен келісім екеңдігін көреміз.
РК қызметінің тәжірибесінде қоғамдық жағымды пікірді жасауға мүмкіндік туғызатын демеушілік және меценаттық мәселесі де маңызды орын алады. Акцияның бағыттылығы, жүйелілігі, кең ауқымдылығы, әлеуметтік маңыздылығы ұйымдардыц имиджін қалыптастырады және ашықтық атмосферасы мен әлеуметтік тиімділікті жасайды. Негізінен, барлық акциялар өз бейнесін нақтылы баспасөзден табады. Мәселен, еліміздегі сайлау науқаны қарсаңында «Нұр Отан» партиясының ақындар айтысына демеушілік жасауы, Мәжіліске депутаттыққа түскен кандидатгардың өз қаржысына мектеп, аурухана т.б. қоғамдық мекемелерді салып беруі сияқты шаралары жатады. Мүның барлығы саяси субъектілерге деген жағымды қоғамдық пікірді қалыптастырады.
РК-дің қазіргі коммуникативтік технологияларды жете зертгеумен айналысатындығын, яғни, қарым-қатынас, пікір алмасу мен өзара түсіністік үшін арнайы механизм екендігін анықтай келе, өтпелі кезеңдегі саяси технологиялардың ерекшелігі соның ішінде, паблик рилейшнздің деструктивті технологияларын атап көрсетеді. Яғни, қоғаммен байланыс орнату қүралдарын шындыққа негізделген деп, біржақгы карастыруға болмайды.
Паблик рилейшнз (РК) - тікелей билік пен қоғам арасындағы қатынаста өзара түсіністік танытып, екі жақты сенімді қалыптастыратындықган қазіргі саяси жүйедегі бірден-бір тиімді технология болып табылады деп қорытындылайды. Сондықтан, көршілес елдердегі паблик рилейшнзді жүзеге асыру механизмдерін басшылыққа ала отырып, Қазақстандағы РК-ді (паблик рилейшнз) бір жүйеге келтірудің заңдылық базасын қалыптастыру мәселелерін шешу қажет.
РК аббревиатурасының маңайында болып жатқан дау-дамайлар әлі де болса таусылар емес. Біреулер оны екі-ақ әріппен РК десе, яғни ағылшынша «риЫіс геіаііопз» сөзінің қысқартылған түрі, оны орыс тіліне аударғанда кирилицамен ПР дейді, сондай-ақ пиар, пи-ар, қоғаммен байланыс деп, ал біздің қазақстандық зерттеушілер оны қоғаммен байланыс, бүқарамен байланыс, қоғамдастықпен байланыс, бүқарамен қарым-қатынас, жүртшылықпен байланыс, паблик рилейшнз деп айтып жүр.
Біз осы термин қаншалықгы дүрыс қолданылып жүр деген мәселеге келер болсақ, онда көптеген пікір қайшылығына тап боламыз. Мәселен, неге посткеңестік елдерде РК терминінің алғашқы түсінігі сайлау технологияларымен байланыстырылады. Ал Қазақстанда неліктен қоғаммен байланыс:
РК = жарнама,
РК = сайлау, сайлау технологиялары,
РК = саяси технологиялар,
РК = қара РК, лас технологиялар,
РК = үгіт, насихат,
РК = саяси жарнама деп теңестіріледі. Осыған сәйкес «пиаршы», «пиармән» «пи-ар-ши», РК-менеджер, РК-профессионал деген ұғымдар пайда болды.
Енді осы сұрақгардың жауабын іздесек. РК ең алдымен мемлекетгі басқаруды тиімді жүзеге асыру институттарының бірі ретінде демократияның дамуына әсер етіп, қоғамдастықгың ақпараттануының кеңеюіне септігін тигізеді. Сондай ақ РК посткеңестік елдерде сайлауды, насихатты еске түсіреді, себебі кеңес үкіметі кезінде коммунистік идеологияның негізгі қүралдары ретінде насихат қүралдарын, үрандарды пайдаланган болатын.
Ал РК Қазақстанда өз мағынасында 1990-шы жылдары пайда болғандықган, үгіт-насихат, үран сөздері бірден қоғаммен байланыс терминдерімен алмастырылды және қогаммен байланыс бизнес қүрылымдарда емес алдымен мемлекетгік органдарда дамып, бастау алды. Себебі, посткеңестік елдерде қогаммен байланысты алгаш рет қоғамның басқа салаларында емес, сайлау процесінде қолданған болатын. Адамдар алғашқыда паблик рилейшнздың мәнін түсінбеді, бүл саланың мамандары да болмады, ол кездері қоғаммен байланыспен филологтар, журналистер, тарихшылар, философтар, саясатганушылар, психологтар айналысқан болатын. Өйткені, қоғаммен байланыстың мәнін кім қалай түсінсе, солай пайдаланған болатын. Мемлекеттік органдар РК-ды бүрынғы идеологиялық құрылымнан қалған ескірген, көнерген әдістердің жалғасы ретінде қабылдады. Міне, сондықган да РК-ды посткеңестік елдерде мемлекетпен байланыстыратыны осыдан. Ал бүгінде РК биліктің бөлінбес коммуникативті аспектісі болып табылады. Қазір еліміздегі барлық атқарушы биліктің қоғаммен байланыс орнататын бөлімдері немесе баспасөз қызметі бар. Осы арқылы олар өз үйымдарының бұқара үшін мейлінше ашық екенін көрсетуді көздейді. Бүл ашық қоғам үшін аса қажет. Алайда, еліміздегі мұндай қүрылымдар күні бүгінге ПР талаптарына сай қызмет етіп отырған жоқ. Мәселен, Отандық қогаммен байланыс нарығы толық қалыптаспаған. Себебі бүл салаға мейлінше көңіл бөлінбей, тек қосымша қүрал ретінде гана қалып отыр.
Мемлекеттік институттардағы РК-құрылымдары қызметі тиімсіз. РК- қызметін баспасөз орталықтары ауыстырып, тек жаңалық пен баспасөз релиздерін таратып, журналистермен байланыс орнататын қүрал деңгейінде танылып отыр.
Көпшілік арасында РК-ды алдау, өтірік айту, елес, арман, манипуляция ретінде қабылданады. РК-дың келісімге келу, коммуникативті байланыс орнату, делдалдық кызметін атқару сияқты игі мақсаттарына қарамастан ол басынан бастап лас технологиялар, алдау-арбау ретінде көпшіліктің көңілінде орын алды, мәселен, «бүл жай гана пиар ғой», «қара пиарды қолданған», «кәдімгі пиар», «пиарлау» деген сиякты ойлар бұқара санасына сіңісіп қалған. Яғни халық арасында РК аббревиатурасын оқығанда жарнамалау, алдау сияқты негативті ой-пікір туындайды.
Қоғаммен байланыс мамандығының жабылып қалуы. Еліміздегі қогаммен байланыс мамандарының жетіспеушілігінен, қажеттілігін, мағынасын түсінбегендіктен бүл мамандық жабылып, қиын жағдайға үшырады.
Тек осы жылы жылдың сәуір айында гана қайтадан ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жогары және жогары оқу орынынан кейінгі білім мамандықгарының классификаторына енгізілуі коғаммен байланыс мамандыгының алдында тұрған келелі мәселелерін шешуге жол ашады деп ойлаймыз. Бүгінде «РК-мәтін», «РК-акция», «РК-қызметтері», «РК-бөлімі», «РК-зерттеу», «РК-жоба» сияқты сездерді жиі қолданатынымыз да белгілі.
Негізгі мағынасында РЯ қызметі арқылы сенім мен өзара түсіністік тудырып, билік пен қоғам арасында кепір құруга арналған. РК - қоғам мен билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену, қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады. Бірақ бүгінгі күнде осы терминнің әртүрлі аударылуына байланысты сан алуан мағынада қолданылып келеді. Біздің үсыныс - қоғаммен байланыс саласы мамандары жиылып, осы терминнің нақты аудармасын жасап, бір тоқтамға келсе деген ой. Бүл осы саланы одан әрі дамытып, қазақ тілді мамандардың көбеюіне септігін тигізер еді.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [3,8,10,14,17,23,24]
Қосымша әдебиеттер: [4,15,21]
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 226 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |