Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы. Әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мүғалімінің рекреациялық-сауықгыру қызметі.

Читайте также:
  1. Etn 2204 Этнопедагогика
  2. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  3. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  4. IV. Роль педагога-дефектолога восстановительном лечении детей с поражениями нервной системы
  5. Ped 1202 Педагогика
  6. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  7. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  8. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. X – дәріс. Саяси әлеуметтану

Педагогика мүғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын қарастырумен жауап береді. Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар кұрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі және жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр. Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде ғана іске асырылады, ондай іс-әрекеттер тек бос уақытта ғана жүзеге асып, ол адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады. «Рекреациялық шаралар» деп рекреациялық іс-әрекетгің түрлерін іске асырудың тәсілдерін айтады. Шаралар жинағының ішінен мынандай рекреациялық шараларды бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырауқұлақгар мен жеміс-жидектер жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с

Таза ауада жүру және мөлшерлі физикалық салмақпен қыдыру, суға жүзу, әр түрлі ойындар, саңырауқұлақ және бүлдірген теру, күн мен ауа ваннасы, пассивті тынығу және тағы басқа.

Адамның күш-қуатын өсіру шарасы (спорттық ойындар, моторлы су спорты, шаңғы спорты ұзақ уақытқа сапарға шығу, тау шыңдарына шығу және т.б.).

Адамды рухани дамыту шарасы(мәдени және табиги ескерткіштерді көру, мүражайларға бару, табиғи және қоғамдық құбылыстармен танысу және т.б.)

Рекреациялық сауықтыру шараларының түрі әр түрлі болып келеді. Бұған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс, саңыраукұлактар жинау және т.б.

Рекреациялық - спорт шаралары, негізінен адамның күш-қуатын дамытуға бағытталған. Бұған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су спорты, шаңғы, ұзақ жаяу асулардан өту, тау шындарына көтерілу және т.б. Рекреациялық- танымдық шаралар адамды рухани дамытуға арналган. Бұған жататындар: мәдени ескерткіштерді көру, табиғаттың құбылыстарымен танысу және т.б.

Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды жай рекреациялық шаралар дейді.

Жай рекреациялық шара - бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық қызметтің әлементгері.

Жай рекреациялық шара (ЖРШ) - демалыс бағдарламасын құрастырудың негізі. Социологтар 100 мың шақты ЖРШ есебін шығарып отыр, оның саны әрбір 10 жылда екі есе өседі

Рекреациялық іс-әрекеттің түрі - жай рекреациялық шараларды біртекті топтау, олардың әрқайсысы өзара алмаса алады. Басқаша айтсақ, рекреациялық іс-әрекеттің бір түріне өзара алмасатын жай рекреациялау шаралары жата береді. Туроперейтингтің практикасында бұндай жағдайлардың маңызы зор, өйткені қандай болмасын жай рекреациялық шараны өткізуге мүмкіндік болмай қалғанда, оның орнын толтыру үшін туристке жай рекреациялық шараның;қасын ұсынады. Мысалы, санырауқұлактар болмай қалғанда, туристтерге жемістер және басқаны жинауды ұсынады.

Барлық ЖРШ-ның классификациясында оның әр түрлері 67 рекреациялық қызмет түрі болып көрсетілген (2-кесте) 121.

Турист үшін рекреациялық іс-әрекеттің қалыптасқан процедурасын ұсынуға болады немесе оған жай рекреациялық шаралардың үйлесімін жасап ұсынған.

Ресейдің кейбір зерттеушілері рекреациялық іс-әрекеттерді қарап жобалағанда, В.С. Преображенскийдің рекреациялық жобалар негізінде салынған концепциясын ұсынады.

Рекреациялық жобалау дегеніміз рекреацияның талаптарын ескере отырып, демалалыс бағдарламасы мен оған қызмет көрсететін жүйені модельдеу. Турды жобалау кезеңінде рекреациялық жобалау туроператорлардың функциясы ретінде қаралады. Турға нақтылы реакциялық бағдарлама жасау міндеті туроператор үшін үлкен жауапкершілік қажет етеді. Рекреациялық жобаның модельдерін пайдалана отырып, бағдарламаны жылдамдатып іске асыруға болады. Модельдердің негізіне рекреациялық іс-әрекеттің иерархиялық принціпі жатқызылған, сонымен қатар В.С. Преображенскийдің рекреациялық балауының ландшафтық принціпі де жатады.

Спорттық-сауықтыру рекреациясыда алуан түрлі. Әлем бойынша өте кең \таралған - суға түсіп, жағажайда демалу. Суда немесе су жағалауында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау іымен серуендеу, жағалау бойында доп ойнау, су шаңғысы және т.б. руендеу және кәсіби-серуен демалысына кіретіндер: ашық-таза ауада демалу,)ікті-көз тартатын жерлерді көру, жеміс-жидек, теңіз моллюскаларын теру не басқада табиғаттың сыйлыктары.

Танымдық рекреация. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір бөлігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетті ансамбльдерді көру, сонымен катар жаңа аудандармен, елдермен, әтнографтармен, фольклормен, табиғи құбылыстармен және шаруашылық объектісімен танысу. Сонымен қатар әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімінің рекреациялық-сауықтыру қызметіне жататын:

Әлеуметтік тәжірибе және білім ақпараттарының қайнар көздері, бос уақыт іс-әрекеттерінің субъектісі педагогтар, сонымен қатар балалар және олардың ата-аналары болып табылады;

Мәдени - тынығу бағдарламасының іске асыру барысында оқытылып жүрген дәстүрлі емес ұстаным спектрлері қарастырылған - ұйымдастырушы, орындаушы, көрермен, авторлас, суретші, дизайнер, музыкалық көркемдеу,сахна қызметкерлері, жүргізуші, әділқазы мүшелері және т.б. дени- тынығу бағдарламасының 7 негізгі типтерін көрсетеді:

1.Бірреттік ойын бағдарламасы;

2.Берілген такырыпша бойынша конкурстық-ойын бағдарламасы;

3.Ойын-койылым;


4.Театрленген ойын;

5.Ойын-сауық;

6.Мереке;

7.Бос уақыттың ұзақтығына байланысты бағдарламасы.

Бір реттік ойын бағдарламасы қатысушылардың дайындығын талап етепейді. Балалар ойынға, биге, хорға ән айтуға кіріседі. Балаларға ұсынылатын ойындар әр түрлі болуы мүмкін: үстелдегі интеллектуалды ойындар, ойынханадағы ермек, қозғалыс ойындары және шеңбердегі, залдағы, дискотекадағы конкурстар. Бұндай ойындар жарты сағат және одан да көп уақытты алады, әрине қатысушының жасына байланысты. Балалар ерекше қызығушылықпен ойын-қалжың, ойын-ұтыс сияқгы ойындарды қабылдайды.

Берілген тақырып бойынша конкурстық-ойын бағдарламасы, ереже бойынша, қатысушылардың алдын-ала дайындығын ұсынады. Бұлар турнир, КВН, барлық мүмкін болатын интеллектуалды ойындар және т.б. болуы мүмкін. Бұндай бағдарламалардың біліми және тәрбие ойлары сол дайындықта, балалардың шығармашылық бірлігінде жатыр. Конкурстық- ойын бағдарламасын ұйымдастырушы маманға олардың дайындығының және өткізілуінің кейбір нәзіктігі туралы білу қажет.

Тағы бір мысал — орта және жоғарғы жастағы оқушылар арасындағы интеллектуалды ойындар танымал болып келеді. Бұл ойындарда, жетістік, бәрінен бұрын, адамның ойлау қабілетімен, оның әрудиция және интеллект көмегімен келеді. Ю.В.Ганичев интеллектуалды ойындардың жіктелуін тәжірибелі - педагогтар үшін пайдалы деп ұсынылады.

Интеллектуалды ойындардың ерекшелігі - қатысушыларға ұсынылатын сұрактардың болуы. Сондықган бұндай ойындарды ұйымдастырушылардың маңызды міндеттерінің бірі сұрақтарды сапалы таңдау және кұрастыру болып табылады.

Кесте 1. Интеллектуалдық ойындардың негізгі типтері
ВИКТОРИНА (интеллектуалды ойындардың формасы, негұрлым дұрыс жауаптардың санын жинау арқылы жетістікке жету) СТРАТЕГИЯ (интеллеюуалды ойындардың формасы, қатысушылардың оз әрекетгерін неғұрлым дұрыс жоспарлау есебінде жетістік камтамасыз етіледі)
Тестік викторива (катысушылар сұраккажауап береді және бага алады) «0,жолы болғыш!» «Не? Қайда? Қашан?» Сюжеттік ввкторвва (ұйымдас тыруш шылар ойын с же южеттерін ой ла лап табады) Ролдік стратегия (Ойынға қатысуға берілген ролді нәтижелі орындау аркылы табыскақол жеткізу) Әкономвкалық стратегвя (жетістік жолы - тиімді табу және сату аркылы)
    Бірауыздылық стратегвясы (жетістік жолы - қарсыластарына жеңісті дұрыс жоспарлау аркылы)

 

Ю.В.Ганичев интеллектуалды ойындар үшін келесідей сұрақтар мен тапсырмалардың жіктелуін ұсынады. Кесте 2. Интеллектуалды ойындар үшін сұрақтар._____________
мүмкін Шарттымүмкін
І.Зеріктік сұрактары Туындалған сұрактар
2. «белгілі туралы белгісіздік» «айла- шарғымен» сұракгары
типіндегі сұракгар Санау сұрактары
3. Логикалық және ассоциативті ¥зын жауапты болжайтын сұрактар
ойлау сұрактары  
4. «сәттілікке» сұрақтары  
5. «жақындасуға» сұрактары  
МҮМКІН ЕМЕС
¥тыс - сұрактары

Ойын-қойылым. Ойын-қойылымды өткізу үшін, бізге ойын бағдарламасын жүргізуші топтары қажет. Ереже бойынша, оларга педагог- ұйымдастырушы, қосымша білім педагогтері, мектептің жас ұстаздары кіреді.

 

Театрланған сюжеттік ойын белгілі атмосферадағы көрермендер мен әртістердің жүктелуімен талап етіледі.

Оны жиі ұжымдық жоғарғы мектеп оқушылар арасында өткізеді. Оны өткізу үшін мыналар болуы қажет:

1. педагогикалық міндеттерді анық баяндалған;

2. тойын дайындыгының жоспары;

3. әкспозиция;

4. ойын әрекеттерінің жүрісін суретгейтін сценарий;

1. ойынға балаларды дайындау үшін әдебиеттер тізімі.

Ойын-сауық (концерт, әдеби-музыкалық композиция, спорттық сайыс және т.б.) көрермендер мен орындаушылардың болуымен сипатгалады. Орындаушы үшін - жас әнші, биші, гимнаст - әрқашан толқу, рухани жігер. Көрермен, ол қаншалықты бағдарламаға әмоционалды қараса да, қабылдаушы субъект болып қала береді.

Мейрам -бос уақыттың ерекше маңызды және ұйымдастыру типі бағдарламасыболып табылады.

Мәдени-тынығу іс-әрекеттерінің мерекелік формалары алуан түрлі. Оларға жатады:

1. слет, байқау, конкурстар, шыгармашылық есептер, балалар шығармашылығының фестивалі;

2. амандасу, презентация, рәсім;

3. тойлау, карнавалды шерулер, театрленген көріністер;

4. дене шынықтыру мерекелері;

5. атаулы апталар, атаулы күндер және т.б.


¥зақтық бос уақыт бағдарламасы қатысушылардың қалыпты құрамына (үйірме, клуб, класс, лагерлік ауысым және т.б.) есептелген және бірнеше күн немесе апта, одан қалса жылдарға созылуы мүмкіндігімен ажыратылады. М.Е.Кульпетдинова мәдени-бос уақыт бағдарламасын құрудағы 6 принципті көрсетеді: ақпаратқа толыққан, әмоционалды, бұқаралық, белсенділік, диалогиялық, мирастық және дәйектілік.

Қорытындыда бос уақыт шарасының талдау сызбанұсқасын келтіреміз, ол әдіскерге, жетекшіге пайдалы болуы мүмкін. Талдау үрдісінде келесідей сәттерді бағалау және бекіту қажет.

1. Балалар тобының жалпы сипаттамасы: құрамы, жасы, балалардың жастық және жас ерекшілігін, қызығушылығын, сүранысын есептеу;

2. Мәдени-тынығу шарасының өткізілуі орны мен мерзімі.

3. Өткізу тақырыбы, мақсаты, формасы.

4. Шараны дайындау сапасын талдау: өткізу жоспарының болуы; міндеттерін анықтау;

педагог пен балалардың белсенділігі; ата-аналардың және т.б. кызығушылыгы және қатысуы.

5. Шаранын барысын талдау: мазмұны және тәрбиелілік бағытгылық;

қатысушылардың шараға, шығармашылыққа, бастамаға қатынасы; педагогикалық құралдарға сипаттама; педагог сапасы, оның беделінің көрінуі; балаларға әсер ету үшін жағдай жасау.

6. Қорытындылар, ескертпелер, ұсыныстар:

- шаранын тиімділігін және әдістемелік бейнесін багалау;

шараны өткізу және дайындық барысындағы кемістігі, оларды жою жолдары;

дайындықты жақсарту бойынша ұсынысы, шараны ұйымдастыру мазмұны және формалары.

¥сынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5,6]

Қосымша әдебиеттер: [14,20,21]




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 77 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав