Читайте также: |
|
Құқық қағидасы – бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар құқықтың заңдылықтарын көрсетеді, екінші жағынан, құқықтық реттеудің барлық аясында әрекет ететін және барлық субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар заңда тікелей қөрсетіледі немесе заңның жалпы мағынасынан туындайды. Құқық қағидалары заң шығарушы үшін алға қоятын идеялар ретінде бола тұрып, құқық нормаларын жетілдіру жолдарын анықтайды. Қағидалардың арқасында құқық жүйесі адам мен қоғамның маңызды мүдделері мен қажеттіліктеріне бейімделеді. Құқық қағидалары-құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділдік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады. Құқық қағидалары әділдік, туралық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уақыт бойына өзгермейтіндігі құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады.
Заң әдебиеттерінде жер заңдары қағидаларына көп көңіл бөлінген. Қазақстандық ғалымдар ішінде С.Б. Байсалов, Д.Л. Байдельдинов, А.Е. Еренов, Ә.Е. Бектұрғанов, Н.Б. Мұхитдинов, Б.Ж. Әбдірайымов, Л.Қ. Еркінбаева және басқа да ғалымдар қағидаларды зерттеген. Ресей ғалымдарының ішінде бұл салада зерттеулер жүргізген ғалымдар – Б.В. Ерофеев, О.И. Колбасов, В.В. Петров және т.б.
Жер құқығының қағидалары дегеніміз – жер құқық қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы.
Атақты ғалым заңгер, Ә.Е. Бектұрғановтың пікірі бойынша, жер заңдарының қағидалары келесілер болуы керек дейді:
· жерді табиғат объектісі, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізі ретінде сақтау және қорғау;
· жерде экологиялық қауіпсіздік шараларын сөзсіз іске асыру;
· жерлерді мақсатты және ұтымды пайдалану;
· ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы;
· жерге жердің жеке меншік иесіне және жер пайдаланушыларға зиян келтірмеу;
· ақылы жер пайдалану;
· жер нарығы тәртіптерін сақтау.
Жер кодексінің 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары аталған:
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
· Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
· Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
· Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
· Жерді нысаналы пайдалану;
· Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы;
· Жердің жай-күйі және оған қол жетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
· Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау;
· Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
· Жерді ақылы пайдалану.
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі қағидасы. Бұл қағида жер заңдарында жаңадан орын алған және Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз ететін маңызды қағидалардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесін Қазақстан азаматы мен заңды тұлғасына, сонымен қатар, мемлекеттік емес шетел тұлғаларына жеке меншікке беру мемлекет аумағын бөліп беруді немесе берілген жер учаскесін мемлекеттік басқару шеңберінен шығаруды білдірмейді. Жер учаскесі жеке меншікке берілгенімен мемлекеттік реттеу аясында қалады. Сол себептен, қазіргі нарықтық жағдайда, жер учаскесінің азаматтық айналымның еркін объектісі ретінде танылып отырған шақта мемлекет егемендігін, аумағының тұтастығын және бөлінбейтіндігін қамтамасыз ету үшін аталған қағиданы ұстану және басшылыққа алу өте орынды. Қазақстан Республикасының аумағына жататын жер біртұтас тек мемлекетке тиісті екендігін білдіреді. Яғни қандай да бір, басқа мемлекеттің Республика жеріне қандай да бір талаптар қабылданбайды немесе салуға болмайды деген қағиданы бекітеді.
Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау қағидасы. Бұл қағида бойынша жер адамның өмір тіршілігінің, оның әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалануға қажетті табиғи ресурс болып табылады. Осы табиғи ресурстарды қорғау мен сақтауды жүзеге асырмай әлеуметтік және экономикалық қажеттіктерді іске асыру мүмкін еместігін білдіреді.
Жерді қорғау мен ұтымды пайдалану қағидасы. Жерді ұтымды пайдалану қағидасының мазмұны жер санаттарының түріне қарай әртүрлі болады: ауыл шаруашылық мақсатқа арналған жерлерді пайдалану кезінде оларды ұтымды пайдалану қағидасы жоғары деңгейдегі сапалы өнім ала отырып, ауыл шаруашылық жердің өнімділігін жүйелі түрде көтеруді көздейді; ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерде ұтымдылық жер учаскесін үнемдеу мен объектілерді алқаптарда өте пайдалы әдіспен орналастыруда көрінеді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (рекреациялық немесе тарихи-мәдени мақсаттағы) жері пайдалануда ұтымдылық аталған жерлерді пайдаланудағы арнайы мақсатын қамтамасыз етіп адамдардың демалуын және тарихи-мәдени объектілерді дұрыс сақталуын қамтамасыз етуден көрінеді. Бұл қағида жер құқығының барлық институттарын қамтып өтеді және көптеген жер-құқық нормаларынан көрініс табады.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы. Бұл қағида жерді табиғи ресурс ретінде қорғау мен сақтау қағидасынан туындайды. Кеңес Одағында, Қазақстан Республикасының аумағындағы полигондарды толып жатқан әр түрлі атом жарылыстары жүргізілді. Осылардың әсерінен жер күйзеліске ұшырап жердің құнарлығы төмендеді. Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Көптеген өндіріс орындары экологиялық шараларды қолданбайды, жерге, суға, ауаға өндіріс қалдықтары мен улы заттарды залалсыздандырмай шығарып тастайды.
Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады. Экологиялық қауiпсiздiк дегеніміз - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi. Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы қабылданған. Аталған тқжырымдамаға сәйкес, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің келесі кезеңдері қарастырылған:
Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.
Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру.
Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
- жер ландшафтын тұрақты ұстап тұру жағдайын жасау немесе қорғау жерге орналастырудың басты мақсаты болып табылады. Оған жерге орналастырудың мынадай мақсаттары бағынады: - жерге орналастырудың схемасын жасау, жаңа жерлерді игеру жобасын жасау, ерекше режиммен пайдалану аумағын анықтау;
- жерді аумақтық экологиялық жағдайын бұзатын тәсілмен пайдалану, жер учаскесіндегі топырақтың құнарлығын төмендететін жағдай эксплуатациялау, экологиялық жағдайдың нашарлауы бұл учаскені алып қоюға негіз болады;
- жаңа немесе реконструкциялап объектілерді, үйлерді, ғимараттарды өндіріске енгізу, сонымен қатар жер жағдайы мен қоршаған ортаға кері әсер ететін жаңа технологияларды енгізу міндетті түрде қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру барысында қарастырылуы керек. Мұндай жұмыстарды жүргізу алдында мемлекеттік санитарлық-гигиеналық және экологиялық сараптаманың оң шешімді қорытындысы болуы тиіс;
- жерге кері әсер ететін процестерді жоюы үшін алдын ала жер қорының жағдайына бақылау жүйесі ретінде жер мониторингі үздіксіз жүргізіліп отыруы керек.
Жерді нысаналы пайдалану қағидасы. Бұл қағида жер құқығының барлық институттарының мазмұнын қамтиды. Егер мүлік (үйлер, ғимараттар, көлшік құралдарын және т.б.) өз мақсатында емес басқа мақсатта қолдануға мүмкін болса, жерді оның пайдалану режимін куәландыратын құжатта көрсетілмеген пайдалануға болмайды. Мәселен осы мақсат көрсетілмесе егістікке бөлінген жерге орман ағаштарын отырғызуға болмайды немесе керісінше орман ағаштарын отырғызуға арналған жерді егістікке пайдалануға болмайды.
Жердің нысаналы мақсаты бұл жердің категориясына сәйкес заңмен белгіленген тәртіп пен жағдайды нақты мақсатта пайдалану шегі.
Сонымен бірге, жердің құқықтық режимі оларды пайдаланудың ережелерімен және жер, орман, су, қоршаған ортаны қорғау заңдарымен және жер қойнауын қорғау заңдарына сәйкес азаматтық айналымға енгізу, қорғау, мониторинг және есептеу арқылы жердің анықталған категориясын қамтуы негізінде анықталады.
Жердің негізгі санаттарының құқықтық режимі және нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының жер заңдарымен және жер орналастыру құжаттарымен анықталады.
Жер кодексінің 65-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, жер учаскелерінің меншік иесі жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану негізінде – жер учаскесін беру актісіне немесе жалдау шартына (өтеусіз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға міндетті. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын анықтамай меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы пайда болуы мүмкін емес. Жердің нысаналы мақсатын өздігінше өзгерту құқық бұзушылық болып табылады және меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына негіз болуы мүмкін. Жерді нысаналы пайдалану барлық жер заңдарының спецификасын көрсететін қағида болып табылады. Жерді нысаналы пайдалану жерді санаттар мен алқаптарға бөлу негізін құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер басымдығы қағидасы. Бұл қағида Жер кодексінің 4-бабы 6-тармағында қаралған. Соған сәйкес ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындары ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау мақсатында республикалық бюджет кірісіне өтелуге тиіс.
Осыған ұқсас норма Жер кодексінің 165-бабы 1-тармағы 4-бөлігінде бекітілген. Соған сәйкес топырақ құнарлығының бүлінуіне әкеп соғатын, су режимін нашарлатып, ауыл шаруашылығы дақылдары мен екпелеріне зиянды заттар бөліп шығаратын объектілерді салу мен пайдалану жер сапасының нашарлаған жағдайында, келтірілген шығын толық көлемінде өтелуге тиіс.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы жер кадастры құжаттары мен ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға жарамды деп танылған жерлер бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілу керектігінен көрінеді. Ауыл шаруашылығы емес қажеттік үшін ауыл шаруашылығына жарамсыз немесе төмен сападағы алқаптар берілуі керек
Жердің жай-күйі қол жетімділік ақпаратпен ету қағидасы. Бұл қағиданың мазмұнынан Жер кодексінің 157-бабында жүзеге асырылғанын көруімізге болады. Соған сәйкес, мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзгеде қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастры жер учаскелеріне құқықты субектілер туралы ақпаратты енгізіледі. Ал Жер кодексінің 158-бабы 5,6 тармағына сәйкес мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен лауазымды адамдар жер кадастр құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау қағидасы. Æîñïàðëû ýêîíîìèêàäàí íàðûққà êөøó êåçiíäå æåð ïàéäàëàíó àÿñûíäà êәñiïêåðëiêïåí àéíàëûñóға íèåòi áàð ñóáúåêòiëåðäiң áàñòàïқû қаражаты æåòêiëiêñiç áîëғàí êåçäå åң àëäûìåí, àқøàëàé қîëäàó òүðiíäå êөðiíiñ òàáàòûí ìåìëåêåòòòiң êөìåãi қàæåò. Жерді қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру 5 қаңтар 2005 жылы қабылданған 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану бағдарламасы бойынша республикалық қаражат есебінен қарастырылған. Қаржыландырудың жалпы көлемі - 4655318 мың теңгені құрайды. Соның ішінде: 2005 жылға - 1474669 мың теңге; 2006 жылға - 1905685 мың теңге; ал 2007 жылға - 1274964 мың теңгені құрайды. Жерді қорғау шараларын жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жергілікті бағдарламаларға сәйкес анықталады
Жерді ақылы пайдалану қағидасы. Бұл 1917 æûëғû Æåð òóðàëû Äåêðåòïåí æåðäi òåãií ïàéäàëàíó қағидасы çàңäû òұðғûäà áåêiòiëіп, мåìëåêåò æåðäi æåêå æәíå çàңäû òұëғàғà òåãií æәíå ìåðçiìñiç ïàéäàëàíóғà áåðãåí. Зàң әäåáèåòòåðiíäå áұðûí äà æåðäi øàðóàëàðғà өòåóñiç áåðó қағидасы êүìәí êåëòiðãåí, өéòêåíi îë æåðäiң қàëûïòû íàðûқòûқ àéíàëûìûí құðó òóðàëû æàëïû ережеге ñàé êåëìåéäi. Æåðäi æәíå áàñқà äà òàáèғè ðåñóðñòàðäû òåãií ïàéäàëàíó îëàðғà қàòûñòû åøêiìíiң ìåíøiãi åìåñ äåãåí òүñiíiêòiң äàìóûíà ñåïòiãií òèãiçеäi. Æåðäi òåãií ïàéäàëàíó æåðãå ұқûïòû қàðàóäû òәðáèåëåói æåòêiëiêñiç áîëäû, îíûң құíûí áàғàëàóäû àíûқòàó áîéûíøà ýêîíîìèêàëûқ çåðòòåóëåðäi æүðãiçóäi òåæåäi, åëäåãi æåð ýêîíîìèêàëûқ æàғäàéäûң íàøàðëàóû ñåáåïòåðiíiң áiði áîëûï òàáûëäû.
Жер пайдаланудың ақылығы жердi басқарудың ең негiзгi қағидасы болып табылады. Ол жердi пайдалану тек ақы төлеу арқылы ғана жүзеге асырылады деген ұғымды бiлдiредi. Жердi пайдаланудың тегiндiгi жердi ұтымды пайдалануға жеткiлiктi ынталандырмай, елiмiздегi жер ресурстарының экологиялық жағдайының нашарлап кетуiне әкеп соқты. Ақылық қағидасының негiзiнде жердiң экономикалық құны, яғни, бағасы жатыр. Жердiң ақшалай бағасы жердiң ролiн өзге құнды ресурстармен салыстырып, ұтымсыз пайдалану кезiнде келтiрiлген шығынды дәл анықтауға мүмкiндiк бередi.
Àқûëûëûқ қағидасының íåãiçiíäå æåðäi ýêîíîìèêàëûқ (құíäûқ) áàғàëàó æàòûð. Жер нарық экономикасының бір бөлігі және объектісі десек те болады. Àқøàëàé áàғàñûíûң áîëóû æåðäiң құíû ìåí áàғàñû (ìàòåðèàëäûқ-òåõíèêàëûқ, åңáåê) áàð өçãå ðåñóðñòàðìåí қàòàð, өíäiðiñòåãi ðөëií ñàëûñòûðóғà ìүìêiíäiê áåðåäi, áàғàëû æåðëåðäi àóûë øàðóàøûëûқòàí өçгå ìàқñàòòàðғà îéëàíáàñòàí áåðóãå æîë áåðìåéäi, ñîíäàé-àқ îëàðäû ұòûìñûç ïàéäàëàíғàí êåçäå æåð àëқàïòàðûíà êåëòiðiëãåí çàëàëäû íàқòûðàқ àíûқòàóғà ìүìêiíäiê áåðåäi.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 199 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |