Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пәннің қысқаша мазмұны

Читайте также:
  1. Б) Пәннің қысқаша мазмұны
  2. Бағалы қағаздар нарығы: мазмұны, құрылымы, экономикадағы ролі.
  3. Дәріс сабақтарының тізбесі және қысқаша мазмұны
  4. Пәннің қысқаша мазмұны
  5. Пәннің қысқаша мазмұны
  6. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
  7. Пәннің мақсаты мен міндеттері
  8. Сабақтың мазмұны және құрылымы
  9. Сабақтың мазмұны және құрылымы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Экономика және құқық» факультеті

 

«Менеджмент» кафедрасы

 

5В050600-Экономика

Мамандығы

«Инновациялық менеджмент»

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

АҚТАУ 2014

Оқытылатын пәннің сипаттамасы

Инновациялық менеджмент курсы студенттердің инновациялық үдеріс теориясын, инновациялық үдерістерді басқару әдістерін және негізгі жолдарын, сонымен қатар инновациялық қызметтерді мемлекеттік реттеу әдістерін және жаңашылдықтарды басқару негіздері аясындағы білімдерді меңгеруге бағытталған.

«Инновациялық менеджмент» – кәсіптендіру пәндер циклының таңдау компонентіне жатады. Аталған пән 5В050600-«Экономика» мамандығының оқу жұмыс жоспарына сәйкес және 3-ші семестрде оқытылады. Оқу жоспарына сәйкес пәнді оқытуға барлығы 90 академиялық сағат берілген және олар сабақ түрлері бойынша былайша бөлістірілген: студенттің оқытушымен жұмысы (дәріс) – 15 сағатты, семинарлық жұмыс – 15 сағатты, білім алушының оқытушымен жүргізетін өзіндік жұмысы (БОӨЖ) – 6 сағатты, білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) - 54 сағатты құрайды. «Инновациялық менеджмент» пәні бойынша семестр бойына білім алушы 2 аралық бақылау тапсыру керек, ал семестр соңында емтихан тапсырады

Пәннің мақсаты мен міндеті

Пәнді оқытудың мақсаты болашақ экономистерге инновациялық өзгерістерді дайындау және жүзеге асыру саласында жаңалықтарды қабылдау қасиетін, нақты теориялық білімін мен тәжірибелік қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады

Пәнді оқытудың міндеттері:

-инновацияны басқару туралы жалпы түсінікті, инновациялық кәсіпкерлік мазмұнын, инноватика мен технологияның негіздерін жинақтау;

-инновациялық үдеріс жүйесін ұйымдастыру әдістерін үйрету;

-инновациялық үдеріске әсер ететін факторларды үйрету (экономикалық заңдар, ғылыми көзқарастар және т.б.)

-ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерді мемлекеттік қолдаудың негізгі формаларын жетік түсіндіру;

-курсты аяқтаған соң алынған білімді тәжірибеде қолдана білу керек.

Пәннің қысқаша мазмұны

Инновациялық менеджмент нарықтық экономиканың қатал бәсеке жағдайында стратегиялық табысты нысандаған кез келген кәсіпорын менеджментінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан экономикасындағы жағдай, әсіресе, ең алдымен, инновациялық қызметпен байланысты салаларда жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағдай жасайды. Кәсіпорындар жаңа өнімге ғылыми зерттеулерді өндірісті диверсификациялау, модернизациялау, жоғары технологияларды жасақтау жолымен өндірістік потенциалды жаңалау мақсатында жүргізеді. Қазіргі таңда инновациялық менеджмент нарықтық шаруашылық механизмінің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылатындықтан, курсты оқып үйрену студенттер үшін аса маңызды болып табылады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 99 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав