Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асқорыту жеткіліксіздігі. Асқазандағы асқорытудың бұзылуы

292. Гиперсаливация байқалады

A) сілекей бездерінің өспесінде

B) сиалолитиазда

C) +кезбе жүйкенің межеқуаты жоғарылағанда

D) кезбе жүйкенің межеқуаты төмендегенде

E) күшті эмоцияларда

293. Гиперсаливация әкеледі

A) +асқазан сөлі түзілуінің күшеюіне

B) ксеростомияға

C) көптеген тіс жегінің дамуына

D) ауыз қуысында қабыну үрдістерінің дамуына

E) жұтынудың қиындауы

294. Гипосаливация байқалады

A) стоматитте

B) ішек құрт ауруында

C) + сиалолитиазда

D) сопақша мыйлық салдануда

E) жүктіліктен уыттану (гестоздар)

295. Гипосаливация қабаттасады

A) +ксеростомиямен

B) сілекейдің көп бөлінуімен

C) птиализммен

D) терінің сыдырылуымен

E) асқазан сөлінің бейтараптануымен

296.Толастамайтын құсу кезінде пайда болады

А) гиперкәлиемия

В) гипернатриемия

С) гиперхлоремия

+Д) метаболизмдік алкалоз

Е) толық және шала салдану

297. Асқазан сөлі бөлінуі төмендеуінің себебі

A) асқазанды артық парасимпатикалық түрткілеу

B) секретиннің өндірілуінің төмендеуі

C) + гастрин өндірілуінің азаюы

D) гистамин шығуының жоғарылауы

E) Золлингер-Эллисон синдромы

298. Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы әкеледі

A) асқазанда ашу мен шіру үрдістерінің дамуына

B) +астың асқазаннан ішекке өтуінің баяулауына

C) асқазаннан түскен астың ұлтабарда өндірілетін заттармен тез бейтараптануына

D) іш өтуіне

E) асқазан қалтқысының ашық болуы

299. Асқазандық ахилия – бұл

A) асқазан сөлінде тұз қышқылының болмауы

B) ішекке өттің түспеуі

C) асқазан сөлінде ферменттердің көбеюі

D) + асқазан секрециясының мүлде болмауы (тұз қышқылы мен ферменттердің)

E) аш ішекте сөл бөлінуінің болмауы

300. Гипохлоргидрияға әкеледі

A) гастрин өндірілуінің жоғарылауы

B) асқазанның шырышты қабығының іргелік жасушаларының көбеюі

C) кезбе жүйкенің межеқуатының жоғарылауы

D) +атрофиялық гастрит

E) соматостатиннің тапшылығы

301. Асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуінен дамиды

A) асқазанда тағамның тұрып қалуы

B) іш қатуына

C) +іш өтуіне

D) пепсиннің белсенділігінің артуы

Е) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

302. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі

A) асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы

B) кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі

C) +Helicobacter pylori

D) бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі

E) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

303. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі

A) +асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы

B) простагландиндердің өндірілуінің белсенденуі

C) кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі

D) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

Е) бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі

304. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының патогенезіндегі «қорғаныстық себепшарттарына» жатпайтыны

A) +шырыш пен бикарбонаттардың сөлденісі

B) гиперкортизолизм

C) простагландиндердің белсенді сөсденісі

D) қанмен жеткілікті қамтамасыз етілу

E) шырышты қабықтың белсенді регенерациясы

305. Жіті панкреатиттің негізгі тізбегі болып табылады

A) калликреин- кинин жүйесінің әерленуі

B) панкреатиттік коллапс

C) +ұйқы безі тінінде трипсиногеннің әсерленуі

D) ұйқы безі өзегінде нәруыздық преципитаттардың түзілуі

E) гиповолемия және қанайналым жүйесінің бұзылуы

306. Созылмалы панкреатиттің негізгі тізбегі болып табылады

A) калликреин- кинин жүйесінің әерленуі

B) панкреатиттік коллапс

C) ұйқы безі тінінде трипсиногеннің әсерленуі

D) +ұйқы безі өзегінде нәруыздық преципитаттардың түзілуі

E) гиповолемия және қанайналым жүйесінің бұзылуы

307 Жіті панкреатит патогенезіндегі жетіспейтіғ тізбегін қойыңыз

Бездің зақымдануы _? _ белсенді вазодилятация_ панкреатиттік кооллапс _ жүйелік қанайналымының бұзылуы

A) комплемент жүйесінің әсерленуі

B) +трипсиногенді тежеуші жүйенің әсерленуі

C) калликреин- кинин жүйесінің әерленуі

D) ұйқы безі сөлінің қоюлануы

E) протромбиннен тромбин түзілуінің әсерленуі

308. Созылмалы панкреатит патогенезіндегі жетіспейтіғ тізбегін қойыңыз

Бездің созылмалы зақымдануы _? _ нәруыздық преципитаттардың түзілуі

_ ұйқы безі сөлінің ағып кетуінің бұзылуы _ без қойнауларының аралықтарының зақымдануы _ жалған кисталардың түзілуі және олардың кәлцинозы _ панкреофиброз

A) комплемент жүйесінің әсерленуі

B) трипсиногенді тежеуші жүйенің әсерленуі

C) калликреин- кинин жүйесінің әерленуі

D) +ұйқы безі сөлінің қоюлануы

E) комплемент жүйесінің әсерленуі

309. Созылмалы панкреатит кезіндегі диарея

A) +гиперосмостық

B) артық сһлденістік

C) гиперэкссудативті

D) қатты қимылдық

E) нейрогендік

310. Мәлабсорбция синдромы сипатталады

A) өттің ішекке түсуінің күшеюімен

B) ұйқы безінің ішкі сөлденіс қызметінің бұзылуымен

C) мәлтоза сіңірілуі күшеюімен

D) + аш ішекте қоректік заттардың сіңірілуі бұзылуымен

Е) асқазанда сіңірілу үрдісінің күшеюімен

312. Алғашқы мәлабсорбцияны дамытады

A) +лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы

B) гипохолия

C) панкреатиттер

D) гипохлоргидрия

E) гастриттер

313.Салдарлық мәлабсорбция дамуы байланысты

A) глютен айырылуының тұқым қуалайтын бұзылысына (глютен ауруына)

B) +созылмалы панкреатитке

C) лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығына

D) целиакияға

E) дисахаридазаның тұқым қуалайтын тапшылығына

314. Мәлабсорбция көрінісіне жататыны

A) +газдық емес алкалоз

B) сөлденістік диарея

C) нағыз гиперпротеинемия

D) қорытылмаған тағам қалдықтары бар мол нәжіс

E) іш қату

315. Панкреатиттік ахилияның жиі кездесетін көрінісіне жатады

A) +дене салмағының төмендеуі

B) В12 витаминінің жетіспеушілігі

C) стеаторея

D) остеопороз

E) нефролитиаз

316. Панкреатиттік ахилия кезіндегі В12 витаминінің жетіспеушілігінің патогенезі

А) +В12 витаминін R нәруызыменбұзылуының зақымдалуы

В) В12 витаминінің тамақпен түсуінің бұзылуы

С) Гастромукопротеидтің өндірілуінің бұзылуы

D) ішекте темірдің сіңірілуінің бұзылуы

Е) В12 витаминінің қабылдағышының болмауы

317. Жіті панкреатиттің жиі себебі болып табылады

A) іш қуысының жарақаты

B) жұқпалар

C) аутоиммундық зақымданулар

D) +маскүнемдікке салыну

E) гиперкәлциемия

318. Жіті панкреатитті анықтауда маңызы бар фермент

A) АСТ

B) ЛДГ

C) Сілтілік фосфатаза

D) +Липаза

E) АЛТ

319. Стеаторея, мынаның жеткіліксіздігінің салдары болып табылады

A) +панкреатикалық липазаның

B) липопротеидлипазаның

C) панкреатикалық амилазаның

D) трипсиннің

E) эластазаның

320. Сөлденістік іш өту дамиды

A) +вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі артқанда

B) ішек ішіндегінің осмостық қысым жоғарылағанда

C) қуыстық және іргелік асқорытудың бұзылуында

D) ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

E) гипертиреозда

321. Қатты қимылдық іш өту дамиды

A) вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі көбейгенде

B) ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда

C) ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда

D) +ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

E) гипотиреозда

322. Осмостық диарея дамиды

A) +ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда

B) +қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында

C) ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

D) гипертиреозда

E) стрессте

323. Түйілулік (қатты қимылдық) іш қату пайда болады

A) дизентерияда

B) ахлоргидрияда

C) +гипокинезияда

D) ахилияда

E) + асқазан сөлденісі жоғарылағанда

324. Атониялық (аз қимылдық) іш қату пайда болады

A) +отадан соңғы кезеңде ішектің шала салдануында

B) ішек түйілуінде

C) қорғасынмен уыттануда

D) гиперхлоргидрияда

E) ішек ішіндегі осмостық қысым жоғарылағанда

325. Ауқаттық іш қату пайда болады

A) +тағамда өзек аз болғанда

B) дәретке отыру шартты рефлексінің бұзылуында

C) көтенішек аймағының ауруларында (көтенішектің тілінуі, парапроктит, көтеу)

D) гипотиреозда

E) Гиршпрунг ауруында (алып тоғішек)

326. Гастро-эзофагалді рефлюкс ауруының даму патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

A) азот тотығының өндірілуінің төмендеуі

В) ВІП өндірілуі көбейгенде

B) +төменгі өңеш қыспағының межеқуаты төмендегенде

C) сұйықтық және электролиттерді жоғалту

D) кезбе жүйкесінің межеқуатының артуы

327. Ішектік аутоуыттану уыттық ықпалына байланысты

A) + ішекте нәруыз іріп-шіру өнімдерінің және биогендік аминдердің

B) тура емес билирубиннің

C) кетондық денелердің

D) өт қышқылдарының

E) тура билирубиннің

328. Алғашқы бауыр жеткіліксіздігін шақыруы мүмкін

A) +А, В, С, Д, Е ж.б. гепатит вирустары

B) лейкоздар

C) жүрек жеткіліксіздігі кезінде

D) сілеймеде

E) қант диабетінде

329. Салдарлық бауыр жеткіліксіздігін дамытады

A) хлороформ

B) механикалық жарақат

C) саңырауқұлақ улары

D) бауыр эхинококкозы

E) +жүрек жеткіліксіздігі

330. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде көмірсу алмасуының бұзылыстары сипатталады

A) бауырда гликоген мөлшерінің жоғарылауымен

B) +гиперлактатацидемия және тамақтану арасында гипогликемияға бейімділікпен

C) глюконеогенездің белсенділенуімен

D) гликогенолиздің бәсеңдеуімен

E) гликогеногенездің белсенділенуімен

331. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі нәруыз алмасуының бұзылыстарының көріністеріне жатады

A) +геморрагиялар

B) палмарлы эритема

C) сарғыштану

D) холемия

E) ахолия

332. Гепатоциттердің зақымдалуының алғашқы көрінісіне жатады

A) сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

B) сарғыштану

C) қанда аммиак деңгейінің артуы

D) +Қанда АЛТ және АСТ-ның белсенділігінің артуы

E) Кетоз

333.Бауыр жеткіліксіздігі кезінде геморрагиялық синдром, бұзылуына байланысты

A) +протромбин мен фибриноген түзілуінің

B) протеин С түзілуінің

C) протеин S түзілуінің

D) тура билирубин түзілуінің

E) антитромбин III өндірілуінің

334. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде гормондар алмасуының бұзылыстары сипатталады

A) эстрогендер белсенділігінің төмендеуімен

B) алғашқы әлдостеронизм дамуымен

C) +салдарлық әлдостеронизм дамуымен

D) қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің төмендеуімен

E) алғашқы гиперпаратиреоз дамуымен

335. Бауырда уытсыздандырылатын ішек уы

A) +биогендік аминдер (кадаверин, путресцин)

B) тура билирубин

C) тура емес билирубин

D) кетондық денелер

E) зәрнәсіл

336. Организмге айқын уытты әсер ететін қосынды

A) тура билирубин және глюкоза

B) +тура емес билирубин және өт қышқылдары

C) уробилиноген

D) стеркобилиноген

E) эстерифицирленген холестерин

337. Қосылулық (шунттық) бауырлық кома патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Бауыр беріштенуі®? ® қақпа-қуыс көктамырлық және қуыс-қуыс көктамырлық анастомоздар дамуы ® қанның біраз бөлігінің бауырға бармай жалпы қан ағымына түсуі ® ішектік улар және алмасу өнімдерімен уыттану

A) +қақпалық гипертензия

B) бауыр ұлпасының көлемді өліеттенуі

C) өт түзілуінің бұзылуы

D) өт жолдарының дискинезиясы

E) ацидоз

338. Бауырлық шунттық команың патогенезіндегі негізгі тізбек

A) гипогликемия

B) ацидоз

C) +организм аутоуыттануы

D) гипербилирубинемия

E) гипергликемия

339.Бауыр үсті сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі

A) организм дегидратациясы

B) жүрек жеткіліксіздігі

C) инсулиннің жеткіліксіздігі

D) өт ағып кетуінің бұзылуы

E) +эритроциттер гемолизінің күшеюі

340.Гемолиздік сарғыштану кезінде байқалады

A) қарқынды боялған нәжіс

B) +стеркобилин және уробилин мөлшерінің жоғарылауына байланысты қою түсті несеп

C) қанда тура билирубиннің жоғарылауы

D) холемия и ахолия

E) зәрде тура емес билирубиннің жоғарылауы

341. Ұлпалық сарғыштану байқалады

A) тобы сәйкессіз қан құюда

B) +уыттық гепатитте

C) ана организмі және ұрық арасындағы резус сәйкессіздікте

D) гемолиздік улармен уланғанда

E) безгекте

342. Бауырлық сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі

A) эритроциттердің күшейген гемолизі

B) өт ағып кетуінің бұзылуы

C) +гепатоциттердің зақымдануы

D) өт жолдарының дискинезиясы

E) ахилия

343. Ұлпалық сарғыштануға тән

A) +қанда АСТ және АЛТ белсенділігі жоғарылауы

B) қою қоңыр түсті нәжіс

C) гипергликемиялар

D) несепте тура билирубиннің пайда болуы

E) ахилия

344. Холемия әйгіленімдері дерттік әсеріне байланысты

A) минералды тұздардың

B) тура емес билирубиннің

C) май қышқылдарының

D) +өт қышқылдарының

E) холестерин эфирлерінің

345. Холемия кезіндегі брадикардияның тетігі байланысты

A) жүрекке парасимпатикалық әсерлердің белсенділенуіне

B) жүректің өткізгіштік жүйесі бойымен серпін өткізілуінің бөгелуіне

C) +синустық-жүрекшелік торапқа өт қышқылдарының тікелей әсеріне

D) синустық-жүрекшелік торапта серпіннің қайтадан ену тетігінің белсенділенуіне

E) миокардта эктопиялық қозу ошақтарының пайда болуымен

346. Бауыр асты сарғыштанулар патогенезінің негізгі тізбегі

A) гепатоциттердің зақымдануы

B) сиалолитиаз

C) уролитиаз

D) эритроциттердің күшейген гемолизі

E) +өт ағып кетуінің бұзылуы

347. Ішекке өт түспегенде дамымайтыны

A) А, Д, Е, К витаминдері сіңірілуінің азаюы

B) В тобындағы витаминдер сіңірілуінің төмендеуі

C) С витамині сіңірілуінің төмендеуі

D) Ішек қимылының күшеюі

E) +қан ұйығыштығының жоғарылауы

348. Механикалық сарғыштану кезіндегі қанағыштық байланысты

A) Виллебранд жайтының тапшылығына

B) тромбоцитопенияға

C) антикоагулянттардың артықтығына

D) тромбоцитозбен

E) +ішекте К витамині сіңірілуінің бұзылуына

349. Қақпа көктамырлық гипертензия пайда болуы мүмкін

A) сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінде

B) қансырауда

C) +бауыр беріштенуінде

D) гиповолемияда

E) организмнің сусыздануында

350.Қақпалық гипертензиядан тез өліп кету, әсерінен дамиды

A) баукыр беріштенуі

B) +өңештің кеңейген тамырынан қан кету

C) гипогликемия, гиперлипидемия

D) метаболизмдік ацидоз

E) аутоуыттану

351. Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатаза – қалыпты. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз.

+А) гемолиздік сарғыштану

В) ұлпалық сарғыштану

С) механикалық сарғыштану

Д) Дабин-Джонсон синдромы

Е) Ротор синдромы

352. Науқас оң қабырғалығының ауыруына, тері мен көз ағының сарғаюы мен қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ, АЛТ қалыпты, сілтілік фосфатаза – жоғарылаған. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі түссіз. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз.

А) гемолиздік сарғыштану

В) ұлпалық сарғыштану

+С) механикалық сарғыштану

Д) Криглер Наджар синдромы

Е) Жильберт синдромы

353. Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы, қышыну әсерінен қасыну іздері анықталды. Қан плазмасында жалпы билирубин – 39 мкмоль/л, тура билирубин 17 мкмоль/л, жалпы белок – 56 г/л, альбуминдер – 25 г/л, протромбиндік индекс – 68, қант – 3,1 ммоль/л, АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатаза қалыпты. Зәрі қоңыр, әлсіз боялған. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз.

А) гемолиздік сарғыштану

+В) ұлпалық сарғыштану

С) механикалық сарғыштану

Д) өт жолдарының дискинезиясы

Е) Жильберт синдромы

354. Қанда сілтілік фосфатазаның, гамма-глютамилтранспептидазаның жоғарылауы, мәлімдейді

А) дисфагияны

+В) холестазды

С) ахилияны

D) ахолияны

Е) энтеропатияны

355. Жұтудың бұзылуын туындатады

A) Гиперсаливация

B) +өңештің ахалазиясы

C) гиперхлоргидрия

D) дуоденалды рефлюкс

E) гипохлоргидрия

356. Жұтыну бұзылуының салдарларына жатады

A) +аспирациялық пневмония

B) гипергидратация

C) гиперхлоргидрия

D) ұйқы безі сөлінің түзілуі артуы

E) өңештің ахалазиясы

357. Асқазан сөлі бөлінуі жоғарылауын туындатады

A) +асқазанды парасимпатикалық артық түрткілеу

B) секретиннің артық өндірілуі

C) гастрин шығуының азаюы

D) гистамин шығуының азаюы

E) асқазанның шырышты қабығының семуі

358. Гиперхлоргидрияға әкеледі

A) +гастрин өндірілуінің жоғарылауы

B) +асқазанның шырышты қабығының іргелік жасушаларының көбеюі

C) кезбе жүйкенің межеқуатының төсмендеуі

D) атрофиялық гастрит

E) +гиперсаливация

359. Асқазан сөлінің гиперхлоргидриясы кезінде байқалады

A) асқазан қалтқысының жиырылуы

B) асқазаннан тағамның тез шығуы

C) іш өтуі

D) асқазанның шырышты қабатының семуі

E) +асқазан қалтқысының ашық болуы

360. Бауыр үсті сарғыштанудың себебі

A) А, В, С гепатитінің вирустары

B) қауырт қансырау

C) +тобы сәйкессіз қан құю

D) өт тас ауруы

E) өт жолдарыеның дискинезиясытады

361. Сарғыштанудағы тері мен шырышты қабаттардың сарғаюын дамытады

A) +қанда билирубиннің артық болуы

B) қанда уробилиннің артық болуы

C) қанда өт қышқылдарының пайда болуы

D) қанда холестериннің артуы

E) қанда зәрнәсілдің артуы

362. Бауырлық – жасушалық комада гипокалиемияны дамытатыны

A) алғашқы әлдостеронизм

B) +салдарлық әлдостеронизм

C) ішекте калий сіңірілуі бұзылуы

D) бүйректе калийдің кері сіңірілуі артуы

E) паратгормон түзілуі артуы

363. Бауыр жеткіліксіздігінде кома дамуын бәсеңдету үшін ас мәзірінде шектеу қажет

A) көмірсуларды

B) микроэлементтерді

C) +нәруыздарды

D) сұйықтықты

E) тұздарды

364. Холемия қабаттасады

A) артериялық гипертензиямен

B) +артериялық гипотензиямен

C) гиперрефлексиямен

D) тахикардиямен

E) ісінулермен

365. Ахолия кездеседі

A) асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруында

B) панкреатитте

C) +калкулезді холециститте

D) Золлингер-Эллисон синдромында

E) Гастроэзофагорефлюкстік ауруда

ЖҚЖ

366.. «Көпіршік жасушалардың» түзілуі майлардың жиналуына байланысты

A) нейтрофилдерде

B) +макрофагтарда

C) лимфоциттерде

D) эритроциттерде

E) эндотелий жасушаларында

367. Атеросклез дамуына ықпал етеді

A) +қандағы холестерин денгейі 8 ммоль/л

B) қандағы глюкоза деңгейі 3,5 ммоль/л

C) қандағы холестерин деңгейі 5 ммоль/л

D) атерогендік көрсеткіш – 2, 0

E) қандағы глюкоза деңгейі 4,5 ммоль/л

368. Шылым шегудің атеросклерозды дамыту жолы

A) vasa vаsorum кеңеюі

B) Тромбоциттердің жабысуы төмендеуі

C) Лейкоциттердің үстіндегі интегриндердің және селектиндердің азаюы

D) +қан тамырларының ТТЛП-ге жоғарғы өткізгіштігі

E) Қан тамырлардың тегіс салалы бұлшық еттері өсіп-өнуінің тежелуі

369. Атеросклероз дамуында маңызы зор

A) Стафилококктар

B) Гонококктар

C) Стрептококктар

D) +Хламидиялар

E) Шигеллалар

370. Атеросклероз дамытатын антигендерге жатады:

A) +Тотыққан ТТЛП шаперондар

B) HLA антигендер

C) Гистосәйкестіктің негізгі кешен антигендері

D) Альфа-фетопротеиндер

E) Тропониндер

371. Атеросклероздың асқынуына жатады

A) +Артериялардың тромбозы

B) Көк тамырлардың тромбозы

C) артериалық гиперемия

D) артериалық қысымның төмендеуі

E) оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылықтың азаюы

372. Ең жоғары атерогендік қабілеті бар

A) +ТТЛП

B) ӨТТЛП

C) АТЛП

D) ЖТЛП

E) Хиломикрондар

373. Коронарлық қанайналымының салыстырмалы жеткіліксіздігінің себебіне жататыны

A) тарылтатын коронаросклероз

B) +ұстамалы тахикардия

C) тәж артериялардың тарылуы

D) миокардтағы зат алмасу бұзылыстары

E) тәж тәрізді артериялардың тромбоэмболиясы

374. Шынайы коронарлық жеткіліксіздіктің себебі болуы мүмкін

A) +тарылтатын коронаросклероз

B) ұстамалы тахикардия

C) гиперкатехоламинемия

D) миокардта зат алмасу үрдістері бұзылуы

E) тәждік артериялардың b-адренорецепторларының әсерленуі

375. Жүректің коронарогендік зақымдануынан дамиды

A) миокардит

B) миокард инфаркты

C) +идиопатиялық кардиомиопатия

D) эндокардит

E) перикардит

376. Миокард ишемиясы салдарына жататыны

A) айқын миокард гипертрофиясы

B) гликолиздің күшеюі және АҚ жоғарылауы

C) сүт қышқылының жиналуы және жүйелік көк тамырлық қысымның төмендеуі

D) +АҮФ қорының азаюы және ҚМК және ҚСК (қанның соққылық көлемі) төмендеуі

E) ишемияланған жасушалардың ішінде Кмөлшерінің жоғарылауы және ҚСК жоғарылауы

377. Миокард ишемиясының салдары

A) гликогеногенездің күшеюі

B) +тотығулық фосфорлану белсенділігінің төмендеуі

C) сүт қышқылының азаюы

D) АҮФ қорының артуы

E) ишемияланған жасушалардың ішінде К мөлшерінің жоғарылауы

378. Айқын цианозбен қабаттасатын жүректің туа пайда болған ақауы

A) Өкпе артериясының өзегі тарылуы

B) Қарыншааралық перденің аздаған ақауы

C) Артериялық өзектің бітпеуі

D) +Фалло тетрадасы

E) Қолқа каорктациясы

379. ЖИА кезіндегі икемделістік тетікке жататыны:

А) +үзілісті ишемия феномені

В) есеңгіренген миокард феномені

С) Принцметал стенокардиясы

D) Х синдромы

Е) эндотелиоциттер қызметінің бұзылу феномені

380. Миокардтың реперфузиясынан соң микроциркуляцияның қалпына келуін тежейді

A) +лейкоциттердің оттегінің белсенді түрлерін және қабыну дәнекерлерін түзуі +

B) эндотелий жасушалардың теріс заряды

C) жанама қанағымының көбеюі

D) ишемияға ұшыраған жерде аденозиннің жиналуы

E) артериялық гиперемияның пайда болуы

381. Коронарлық жеткіліксіздік кезінде майлардың асқан тотығуының әсерленуіне кедергі келтіреді

A) миокардта БМҚ мөлшерінің артуы

B) Е және С гиповитаминоздар

C) ишемиядан кейінгі реперфузия

D) жүректе катехоламиндердің мөлшерінің артуы

E) +жүрек ет жасушаларында супероксиддисмутазаның және каталазаның белсенділігінің жоғарылауы

382. Миокар инфарктының арнайыланған маркерлері болып табылады

a) миоглобин

b) +TnT және TnI тропониндер

c) АЛТ, АСТ

d) ЛДГ-1/ЛДГ-2 ара-қатынасы

383. Қантамырларының шеткі кедергісінің жоғарылауын және гипертензияны туындатады

A) брадикинин

B) +гипернатриемия

C) аденозин

D) азот тотығы

E) простациклиндер

384. Қантамырларының шеткі кедергісінің төмендеуін және гипотензияны туындатады

A) катехоламиндер

B) тромбоксан А2

C) ангиотензин II

D) эндотелиндер

E) +азот тотығы

385. Дәрі-дәрмекті қабылдағаннан соң науқаста артериялық қысым жоғарылады, ал қан ағымына жалпы шеткері кедергі төмендеді. Мүмкін, бұл дәрі туындатты

A) вазоконстрикцияны және ҚМК азаюын

B) +вазодилатацияны және ҚМК жоғарылауын

C) вазоконстрикцияны және ҚМК жоғарылауын

D) вазодилатацияны және ҚМК азаюын

E) вазоконстрикцияны, ҚМҚ өзгермейді

386. Алғашқы артериялық гипертензияны тудыратыны

A) +стрестің әсері

B) туа біткен гидроцефалия

C) бүйрек артерияларының тарылтатын атеросклерозы

D) парасимпатикалық жүйенің гиперергиясы

E) қалқанша без аурулары

387. Артериялық гипертензияның даму тетіктеріне жататыны

A) +ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің әсерленуі

B) калликреин-кинин жүйесінің әсерленуі

C) депрессорлық жүйкелер бойымен қолқа және ұйқы синустары барорецепторларынан келетін афференттік серпіндер жүруінің әсерленуі

D) жүрекшелік натрийурездік гормонның артық түзілуі

E) комплемент жүйесінің әсерленуі

388. Әйгіленімдік артериялық гипертензияның патогенезінде маңызы бар:

A) симпатикалық жүйке орталықтарында қозғыштықтың тұрақты жоғарылауының

B) эмоциялық орталықтардың созылмалы қозуының

C) мый қыртысының қан тамырларының қозғалтқыш орталығына тежегіш ықпалы төмендеуінің

D) қан тамырлары миоциттерінің мембраналық иондық сорабының тұқым қуалайтын ақауының

E) +бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының гормондарының өндірілуінің жоғарылауы

389. Жасушалық мембраналардың иондық сораптарының тұқым қуалайтын ақауы кезінде АҚ жоғарылауының патогенезінде маңызы бар:

A) +бүйрекпен организмнен натрий және су шығарылуының төмендеуінің

B) натрийурездік гормонның түзілуінің жоғарылауы

C) организмде магний мен темір мөлшерінің жоғарылауы

D) қан тамырлары миоциттерінің брадикининге сезімталдығының жоғарылауының

E) айналымдағы қан көлемі азаюының

390. Қан тамырлары миоцитерінің жасушалық мембраналарының тектік ақауы, гипертензияға әкеледі

А) + тегісет жасушалары цитоплазмасында кәлций мөлшері жоғарылағанда

В) жасушалар мембранасының электрлік әлеуеті ұлғайғанда

С) жүйке тармақтарының дәнекерлерді қайтадан қамтуының жылдамдығы жоғарылағанда

D) миозиннің АҮФ-азалық белсенділігі тежелгенде

Е) қан тамырлары қабырғасына дәнекерлер әсер ету уақыты азайғанда

391. Алғашқы артериялық гипертензияға тән

A) +артериолалар межеқуатының тұрақты көтерілуі

B) бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

C) ренин өндірілуінің төмендеуі

D) азот тотығы өндірілуінің жоғарылауы

Е) гиповолемия

392. Алғашқы артериялық гипертензияның тұрақтану кезеңіне тән

A) азот тотығының аз өндірілуі

B) +бүйрекпен ренин сөлденісінің жоғарылауы

C) калликреин-кинин жүйесінің әсерленуі

D) натрийурездік гормон өндірілуінің жоғарылауы

E) бүйрекпен простагландиндер Е1 және Е2 өндірілуінің жоғарылауы

393. Әйгіленімдік артериялық гипертензиялардың арасында аса жиі кездесетіні

A) эндокриндік

B) +бүйректік

C) орталық нейрогендік

D) рефлекстік нейрогендік

E) гемодинамикалық

394.Реноваскулалық бүйректік гипертензияның патогенезінде маңызы бар

+A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе әсерленуі

B) бүйрек ұлпасының азаюы

C) бүйректе депрессорлық заттар өндірілуі азаюы

D) бүйректік кининдер сөлденісі жоғарылауы

E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі азаюы

395. Реноұлпалық артериялық гипертензияның патогенезінде маңызы бар

A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуі

В) эритропоэтин сөлденісі төмендеуі

С) бүйректе судың кері сіңірілуі жоғарылауы

+D) бүйректік кининдер, простагландиндер сөлденісі азаюы

E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі жоғарылауы

396. Мый жарақаты кезіндегі артериялық гипертензия жатады

A) эссенциалдық артериялық гипертензияларға

B) +нейрогендік артериялық гипертензияларға

C) эндокриндік артериялық гипертензияларға

D) дәрі-дәрмектік артериялық гипертензияларға

E) бүйректік артериялық гипертензияларға

397. Артериялық гипертензия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі

Стресс → кортикостероидтардың көбеюі → ангиотензиноген және ангиотензинге ауыстыратын фермент түзілуінің жоғарылауы →? → қан тамырларының тарылуы → ЖШТК жоғарылауы → артериялық гипертензия

A) бүйректе судың кері сіңірілуінің жоғарылауы

B) қан тамырлары миоциттерінің катехоламиндерге сезімталдығының жоғарылауы

C) +ангиотензин ІІ түзілуінің жоғарылауы

D) қан тамырларының шеткері жалпы кедергісінің (ҚШЖК) жоғарылауы

E) әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы

398. Артериялық гипертензияның үлгілеудің әдістерінің бірі болып табылады:

А) Экк-Павлов фистуласын салу

В) екі бүйрек үсті безін сылып алу

+С) бүйрек артерияларының саңылауларын тарылтатын сақина салу

D) бір бүйрек үсті безін сылып алу

Е) теңіз шошқасына жылқы сарысуын еңгізу

399. Артериялық гипертензияны патогенездік емдеуде қолданылатыны

A) ауыру сезімін басатын дәрілер

B) кардиопротекторлар

C) +ААФ –тің тежегіштері

D) Антибактериалдык дәрілік заттар

E) бронхиолитиктер

400. Оң қарыншалық жеткіліксіздіктің себебі бола алады

A) үлкен қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

B) +қарыншааралық перденің бітпеуі

C) жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының инфаркты

D) жүректің қос жарғақты қақпақшасының жеткіліксіздігі

E) миокардит

401. Оң қарыншалық жеткіліксіздітің клиникалық көрінісіне жатады:

А) артериалық гипертензия

В) өкпе гипертензия

С) экпирациялық демікпе және қан қақыру

+D) гепатомегалия

Е) өкпе ісінуі

402. Оң қарыншалық жеткіліксіздікке тән

A) өкпе ісінуі

B) +іш шемені

C) қан құсу

D) жүректік астма

E) кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы

403. Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің себебі

A) +қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі

B) созылмалы пневмония

C) кіші қанайналымы шеңберінің гипертензиясы

D) үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

E) өкпе эмфиземасы

404. Жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі көрінеді

A) үлкен қанайналым шеңберінде веналық қанның іркілуімен

В) күре тамырларының ісінуімен

+С) өкпе ісінуімен

D) іш шеменімен

E) гепатомегалиямен

405. Жүректің қан көлемімен зорығуы дамуы мүмкін

A) қолқа коароктациясы кезінде

B) артериялық гипертензияда

C) артериялық гипотензияда

D) қақпақша тесігі тарылғанда

E) +жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде

406. Жүректің «кедергімен» зорығуы дамиды




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 319 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.11 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав