Читайте также:
|
|
«Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше «білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз.Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы, тұлға мен қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік институттар арасындағы процестер. кез келген ғылым секілді социология өз бастауын сонау ежелден алады.Тарихтағы тұңғыш қоғам туралы еуропалық теориялар антикалық философияның негізінде пайда болған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ежелгі грек философтары – Платон мен Аристотельге тиесілі. Платонның жарқын қоғамдық көзқарасы «Мемлекет» диалогында толығымен суреттелген. Оның басты идеясы адамзат қоғамы саналы түрде құрылған және мақсаттылық пен саналылық қағидаларына сәйкес интелектуалды элитамен басқарылатын идеада қоғамдық жүйені іске асыруы тиіс дегенге келіп саяды.Қоғамда тәртіпсіздік, әлеуметтік шиеленістен онда қашан қатаң тәртіп орнағанша шыға алмайды, мұнда әрбір азамат өз ісімен айналысып (еңбек бөлінісі) басқа азаматтардың, таптардың, жұмыстарына араласпауы тиіс (әлеуметтік бөлініс). Тұрақты деп ол негізінен үш тапқа бөлінген қоғамды айтады: ақсақалдылардан, мемлекет басшыларынан тұратын жоғарғы тап; тәртіпсіздіктен қорғайтын жауынгерлерден тұратын ортаңғы тап; шаруалар мен құлдардан тұратын төменгі тап. Платонның есептеуінше интелектуалды элита тумыстан пайда болады.
2 .Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері.
Бүгінгі кезде «қоғам» ұғымы бүкіл әлемдік қауымдастықты қамтиды, өйткені жаһандану процесі жершарының қандай мемлекеті болмасын басқаларымен тағыз байланыста екенінін дәлелдеп отыр. Қайсыбір елге төнген қауіпке басқа елдерде көмекке келүге тырысу тенденциясы да бет түзеп келеді. Әрине бұған қарама-қарсы бағытта да болып жатқан процестер жоқ емес. Оның көпшілігінің негізінде бұрынғы империалық амбицияның жатқаны сөзсіз. Соның бір мысалы ресейдің қазіргі Оңтүстік Оссетия мен Абхазияны әлемдіқ халықаралық шарттарға қарамыстан дербес мемлекеттер деп жариялауы. Әлемдік қауымдастықтың орталық басқару органы болып Біріккен Ұлттар Одағы есептеледі. Бүгінгі кезде Еуропа Одағы өз қатарына 28 мемлекеттерді құрап 500 млн адамдардан турады. Бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл әлемдегі жағдайды бір уақытта тарату арқылы адамдардың санасын, ой сезімудін жаңа планетарлық деңгейге сай қасиеттерге тәрибелеуде. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің тығырыққа тиелүі әләмдік экономикалық дағдарысқа алып келді. Қазақстан посттоталитарлық қоғамға тән сипаттармен белгілі. Оның негізгі көріністері жарияланған демократиялық қағидалар, заңдар іске баяу асырылуында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында мемлекеттің басымдылығы, азаматтық қоғамның әлі де кенжелеп қалыптаса алмауы, керісінше мемлекеттің, атқарушы биліктің шексіз билікке ие болуға ұмтылуында, жемқорлық, соның ішінде жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеүніктердің үлесінің өсүі және т.б. Қазақстан қоғамы қазіргі дәүірдің талабына сай даму үшін ең алдыменен өнім шығаратын секторларды дамытуы тиісті.
3, Әлеуметтік мобилділіктің түрлері.
Әлеуметтік мобилділіктің екі түрі болады: тікелей және тең мобилділік. Неғұрлым қоғам ашық, дамыған болса соғұрлым тікелей мобилділік дамыйды. Мобилділіктің құралы, механизмі болып оның әлеуметтік лифтерін айтады. Олар: мектеп, әскер, жұмыс орны, білім, дін, қызмет және т.б.
2 Билет
1 .Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.
Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар.
Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бейімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социология ұғымы сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін. Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғарықұдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді. Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.
Сонымен қатар социологияның салалық бөлінүіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы. Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму да, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.
2, Әлеуметтік процесс дегеніміз – кез-келген бір әлеуметтік құбылыстың белгілі бір мерзім ішіндегі дамуы. Әлеуметтік жүйенің интеграциясы мен дезинтеграциясы, топтардың тұтасталуы мен дағдарыстарға ұшырауы, эмиграция мен иммиграция; еңбекпен қамтылуы мен жұмыссыздық, тіпті ұйымдардағы мамандардың сақталуы мен тұрақтанбауы да әлеуметтік процестердің қатарына жатады. Ал, қоғамдағы өзара тығыз байланыстағы әлеуметтік өзгерістер қоғамның жай-күйін өзгертеді, оны жаңа сатыға көтереді немесе керісінше, түсіреді. Былайша айтқанда, зерттеу нысанының белгілі бір уақыт ішіндегі кез-келген қозғалысы, өзгерісі, эволюциясы, оның сандық және сапалық, түр өзгерісі – осының бәрі әлеуметтік процесс болса, оның халықтану саласындағы нәтижелерін зерттеу тарихи демографияның еншісіне тиесілі.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 163 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |