Читайте также: |
|
жаңалықтар мен өзгешеліктерді, оның социологияға тигізер әсерін зерттейді. Басқа ғылымдар секілді социологияның да өзіне тән ұғымдары, категориялары, парадигмалары бар. Оларсыз ғылым өз дербестігіне ие бола алмайды.Қоғамдық ғылымдар арасында тек социология ғана нақты, яғни реалды қоғамды жан-жақты және біртұтас тұрғыдан қарастырып,зерттейді. Ол адамдардың іс-әрекеттерінің барлық түрлерін әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, зерттеп, түсіндіруге тырысады. Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың, есімімен байланысты. Социологиялық талдау дәрежелері: Кәзіргі таңда социологиялық талдаудың екі түрі қалыптасқан:Макросоциология – қоғам дамуындағы үлкен заңдылықтарды қарастыратын теориялар жиынтығы; Қоғамдық жүйенің басты байланыстары, топ аралық қарым-қатынас және фундаменталді процестер.Микросоциология – кіші топтар арасындағы немесе тұлға аралық қарым-қатынастар туралы теориялар.
2 Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары.
Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады. Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Индивид – адамзат ұрпағының бір өкілі деген түсінік биологиялық тұрғыда да қарастырады.Жекелік туралы сөз еткенде де осы қайталанбастығын алға тартамыз. Адамға әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, ең алдымен оны қоғам мүшесі, қоғамдық мүдделерді жеткізуші деп қарастырамыз. Адам мен әлеуметтік орта арасындағы қарым-қатынасты зерттегенде тұлға сыртқы қозғаушы күш ретінде ғана емес, әлеуметтік субъект, өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасқан қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болып табылады.
1. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі және саналы қоғам мүшесі.
2. Қоғамдық жүйенің тұрақты белгісі индивидті қоғамдық қауым мүшесі деп сипаттайды.
тұлға - әлеуметтік қатынасқа түскен индивид.
3 Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияның сипаты.
Посткеңестік қоғамда соның ішінде Рессейде, Қазақстанда стратификация әлеуметтік поляризация және «бразилификация» түрінде өтүде. Бірінші ұғым байлар мен кедейлердің арасының алшақтауын көрсетсе, екіншісі-орта таптың азаюын, кедейшіліктің, жұмыссыздықтың өсүі, көлеңкелі экономиканың, жемқорлықтың дамуын көрсетеді. Қазіргі посткеңестік елдердегі (Рессей мен Қазақстан) жоғарғы ортаңғы, төменгі тапқа социологиялық талдау. Олардың мәселелері. Қоғамның «әлеуметтік түбі» және маргиналдар. Миргиналдар деп екі әлеуметтік таптың шекарасында тұрғандарды айтады. Олар екі тапқа да жатпайды және оларға тән сипаттарды игермегендер. Сондықтан бұлар «не анда, не мұнда жоқ» адамдар.
Билет
1, Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:
1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;
2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 - 1920), С.Дөнентаев [2].
Белгілі ғалым С.Зиманов ағарту ісінің даму процесі кезең-кезеңімен өтеді: білім беруді насихаттаудан бастап саяси бостандықты талап етуге және оған қол жеткізу үшін күресуді талап етуге дейін деп жазады. Сонымен қатар, ағарту ісіне баға бере отырып, зерттеушілер қандай да бір ұлттық "негізде” пайда болған кез келген ағарту идеологиясы өзінің мәні бойынша интернационалдық болып табылады, себебі ең алдымен ұлттық емес, әлеуметтік және ұлттықтан жоғары проблемаларды, яғни буржуазиялық қоғамдық қатынастардың қалыптасу дәуіріндегі түбегейлі әлеуметтік проблемаларды күн тәртібіне қояды деп жазады. ХІХ ғасырдағы қазақ ойшылдарының қызметі жалпы ағартушылық, әлеуметтік проблемаларды өз елінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани жағдайлары арқылы шешуге бағытталды [2, 10-б.].
2, Білім социологиясы.
Білім беру жүйесі өте күрделі және ауқымды әлеуметтік институт. Оның негізгі мақсаты адамның, қоғамның, мемкеттің мүддесіне сай мақсатқа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу және де мемлекеттің белгіленген біліми деңгейін игерген азаматқа арнайы құжаттар беру. Білім жүйесі келесі компоненттерден тұрады: білім беру жүйесін басқару; білім мекемелер жүйесі (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, университетер, академиялар және т.б.); творчесталық одақтар; ғылым мен білім мекемелдірінің инфрақұрылымы; білім беру бағдарламалары мен мемлекттік білім беру стандарттары; оқулықтар менен оқу-әдістемелік құралдары; периодикалық баслымдар. Білім беруге байланысты адамдардың қарымқатынасын регламенттеу мен ұйымдастыру нормаларының жиынтығы білімді әлеуметтік институттарға жатқызуға негіз береді. Білім берудің функциялары: бір буыннан екіншіге білімді жеткізу және мәдениетті тарату; қоғамның мәдениетін сақтау және оны жасау; тұлғаны әлеуметтендіру; тұлғаның мәртебесін анықтау; әлеуметтік іріктеу; қоғамды дифференциалау; жастарды кәсіби мамандыққа даярлау; үзілмейтін білім берудің жүйесін жасау; әлеуметтік мәдени иновациялар; жаңа идеялар ашу; әлеуметтік бақылау; тұлғаның мүмкіндіктерін ашу
3, Этнос, ұлт, диаспора.
ДИАСПОРА ― өзінің тарихи елінен басқа елдерде тұратын ұлттың бөлігі. Этносоциология этностардың мәселелерін, этникалық мәдениеттің және дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этника аралық карым-қатынастарды, дау жан-жалдарды, этникалық идентификацияны зерттейтін социологияның саласы. Оның зерттеуіне әр ұлттың, этностың әлеуметтік құрылымдарын, этникалық ерекшіліктердің әлеуметтік өзгерістердің динамикасына әсері кіреді. Соныменен қатар отбасындағы қатынастардағы этникалық дәстүр, этникалық мәдениеттің орны мен әсері, этникалық топтардағы тіл, этникалық сана сезімнің өсү динамикасы, этноәлеуметтік мәдени ділдің ерекшіліктерін қарастырады. Қәзіргі кезеңде аса маңызды мәселе ол дәстүрлі этникалық мәдениеттің модернизациалынған мәдениетпен арақатысын зерттеу болып отыр. Этносоциология этнографияға қарағанда этникалық мәселелерді әлеуметтік қатынастардың кең көлемінде қоғамның бөлігі ретінде қарастырады. Этносоциологияның бастаунда Э. Дюркгейм, Леви-Брюль, А. Рэдклифф-Браун, Б. Малиновскилердың алғашқы тайпалардың этникалық мәдениеттік зерттеү арқасында әлеүметтіктінің не екенін түсінүге тырысуында болатын. Қәзіргі этносоциология этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік параметірлерін зерттеүге бағытталған. Этносоциологияның маңызды бөлігін этномәдениеттерді зерттеүлер құрайды. Модернизациялау кезіндегі қәзіргі қалалар менен ауылдардың айырмашылықтарына байланысты этноәлеуметтік мәдени өзгерістердің динамикасы, дәстүрдің индивидтер мен этникалық топқа тигізетін әсерін социологиялық тәсілдерменен зерттеу арқылы нақтылы фактлерге негізделген жаңа ақпараттар алынады. Соныменен қатар этникалық идентификация және өзіндік идентификация процестері; этностардың арақатынасының динамикасы соның ішінде этникааралық дау жан-жалдардың шығуы мен оның дамуы; этникалық мобилділік пенен, елдер арасында және де республикасының ішкі миграция процестінің әлеуметтік мәселелері; этникалық диаспоралардың өмірге келүі менен олардың мәселелерінің әлеуметтік жағы.
Билет
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 118 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |