Читайте также:
|
|
Тәрбие – бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік ұғым болып табылады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әр уақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады.
Тапсыз қоғамда ру, отбасы болмағанда адамдардың негізгі айналысатын кәсіптерінің түрі балық аулау, аңшылық болды. Балалар ерлермен бірге аңшылық және балық аулаумен ерте айналысты, ал қыз балалар аналарына үй жұмыстарына, тамақ дайындауға көмектесті. Адамдардың еңбек қажеттіліктерінің негізінде тәрбие еңбек үрдісімен байланысты өрбіді.
Адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатвсында тәрбиенің мақсаты еңбекке араласқан балаларға үлкендер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайындау керектігін үйретеді және түсіндіреді. Еңбек түрлерінің қиындау деңгейіне қарай адамдар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан кезде ру пайда болды, тәрбиенің рөлі арта түсті және оның түрлері өзгерді. Еңбек үрдісінің өзінде оқта-текте айтылатын нұсқаулардан балаларды бірте-бірте еңбекке даярлауға, оларды еңбектен бос уақыттарында әртүрлі дағдылар мен ептіліктерге оқытуға көшу іске асырылады. Сонымен қатар балаларды рудың дәстүрлерімен, діни түсініктерінің ережелерімен таныстырды.
Алғашқы қауымдық құрылыста отбасы болмаған кезде, балалар руға ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру мүшелерінің ерекше тәжірибелі, құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты. Кейіннен моногамдық отбасы пайда болғанда, балаларды тәрбиелеу мәселесімен өзі айналысты. Бірақ оның тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта болғандығы өзінен-өзі түсінікті. Барлық бала бірдей дәрежеде кеңінен қамтылды.
Қоғамның дамуының алғашқы сатысында, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың өмір жағдайлары өте ауыр болды, сондықтан да олар өмір сүру үшін бәрі бірге, тек ұжымдық қатынас түрінде еңбек ету қажет болды. Әлеуметтік теңсіздік, тап деген болмады, адамдар ортақ үйлерде тұрды және бала тәрбиелеу ісі де барлық руларға ортақ болды. Тапсыз қоғамда барлық бала бірдей өздеріне лайықты іс-әрекетке ерте қарастырылды. Жас кезінен бастап олар қоректік азықты өндіруге қатысты – жеуне болатын өсімдіктерді, жемістерді жинады. Жас шамасына қарай олардың үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу дәрежесі өсіп отырды. Үлкендермен бірге және олардың басшылығымен балалар мен жеткіншектер өмірге қажетті еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгерді. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер болды. Жоғарыда айтылғандай, балалар ерлермен бірге аңшылықпен және балық аулаумен басқа да кәсіппен айналысты, оларды күресе білуге, садақ ата білуге, атқа мінуге үйретті; қыз балалар үй шаруасына, әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, ыдыс-аяқ жасауға қарастырылды. Барлық баланы жануарларды күтуге, егіншілікпен айналысуға үйретті,қолөнердің дамуымен оларды қолөнерге баулыды.
Жеке меншіктің, құлиеленушіліктің және моногамдық отбасының пайда болуымен алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталды. Жеке неке пайда болды. Отбасы ең негізгі қоғамдық құбылыстардың бірі болды, өз бетімен шаруашылық жүргізді, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыса бастады.
Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқаралық түріне айналды. Пайда болған үстем таптар (көсемдер, ақсақалдар) ақыл-ой білімін дене еңбегінен бөлуге ұмтылды. Алғашқы білімнің негіздерін (жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала түсіндіру, адамдарды емдеу тәсілдері және т.б) үстем таптар өздерінің қолдарына жинақтап, оларға өз үстемдігін жүргізді. Ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында айырмашылықтар байқала бастады. Осы білімнің алғашқы түсініктерін оқыту үшін арнаулы мекемелер (мектептер) ұйымдаса бастады. Бұл үстем таптардың билігін арттыра түсті. Дене еңбегімен негізінен бұқара халықтың балалары айналысты. Ондай отбасыларда балалар еңбекке ерте үйретілді, ата-аналар өз тәжірибесін беріп отырды. Мектептерде жүргізілетін ұйымдасқан тәрбие бірте-бірте үстем тап өкілдерінің ісі бола бастады.
Тәрбиенің пайда болуы туралы мәселені буржуазиялық ғалымдар әртүрлі түсіндіріп келеді. Оны түсіндіруде буржуазиялық ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастары саралағанда кейбірінде, алғашқы адамдардың экономикалық өмірі ен еңбек әрекеттерінде және қоғамдың дамудың ең алғашқы даму сатысында бала тәрбиесінің өзегінде өмір сүрген тығыз байланысты жоққа шығару көзқарасы тән. Буржуазиялық ғалымдардың тәрбиенің пайда болуы туралы кейбір тұжырымдары адамның дамуы туралы тұрпайы эолюциялық түсініктердің ықпалымен қалыптасқан, ол негізінен тәрбиенің әлеуметтік мәнін жоққа шығаруға, оның үрдісін биологияландыруға алып келеді.
Жануарлар дүниесіндегі жинақталған барлық материалдарға негіздей отырып, аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қоршаған ортаға бейімделу дағдысын беру «қамқорлығын» осы тұжырымдамалрдың Ш.Летурно, А.Эспинас сияқты жақтаушылары жануарлардың инстинктивті іс-әрекетін алғашқы адамдардың тәрбиелік тәжірибесімен бірдей деп қарастырады және тәрбиенің негізіне адамдардың тұқым жалғастыру инстинктивтік ұмтылыстары жатады, табиғи сұрыптау заңдылығы әрекет етеді деген теріс қорытынды жасайды. Тәрбиенің пайда болуының негізгі шарты алғашқы қоғамдағы адамдардың еңбек іс-әрекеті және қалыптасқан қоғамдық қатыныстар болып табылады.
Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама ұсынылады.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 327 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |