Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Читайте также:
  1. Бірыңғай салалы ет қаңқа етінен қандай ерекшеліктерімен сипатталады?
  2. Еңбек нарығынын мәні мен ерекшеліктері
  3. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері
  4. Инклюзивті сыныптағы заттық-білім беру ортасын модельдеудің ерекшеліктері
  5. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  6. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың дамуы мен ерекшеліктері
  7. Олардың баға белгілеудегі ерекшеліктері
  8. Педагогикалық процестің ерекшеліктері
  9. Р –да ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз. ПРЕЗИДЕНТ СОЗИН ЖАЗУ КЕРЕК

Жұмыстың мақсаты - аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асыру бағыттарын, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс, тәсілдерін, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелері болып табылады. Осыған орай курстық жұмыста аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, аймақтық саясатты жетілдіру бағыттарына басты назар аударылды.

Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты – аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету – мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.

Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:

- «әділдік», яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

- «тиімділік», жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі.

Бұл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.

Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару қүрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:

- мақсаттар қою арқылы;

- белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;

- ресурстарға шектеу қою арқылы.

Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару қүрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шьіғып кететін болса, келісім шарт түрінде жүзеге асырылады.

Қазіргі кезендегі аймақтар дамуының негізгі басқарушылық астары ретінде республикалық және аймақтық бағдарламалардың өзара әрекеттесуі мен үйлесуі, болып жатқан өзгерістерге сай олардың оңтайлы сәйкестігі қарастырылады.

Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субъектісін - орталық (Үкімет) пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық бөліп көрсетумен байланысты болып отыр. Бұл деңгейлердің әрқайсысы өздерінің басқару аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие. Барлық мәселе - осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндігінде, аймақтық басқару органдарына қаншалықты бостандық берілгендігінде және басқару субъектілерінің арасында қандай қатынастар орнатылғандығында. Жалпы алғанда екі түрлі нұсқа болуы мүмкін: біріншісі, орталық аймақпен салыстырғанда артықшылықты жағдайға ие болады; екіншісі, аймақтардың мейлінше дербес бола отырып орталықпен айқын қатынастар орнатуы.

Аймақтық саясатты жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын бөлу қағидаларын, мемлекеттік және жергілікті деңгейде аймақтық саясатты жүзеге асыру қағидаларын, сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау болып табылады (1-сурет)


 

Жергілікті өзін-өзі басқару және басқада саяси және құқықтық механизмдер
Бюджетаралық қатынастар механизмі

 

1-сурет. Мемлекеттік аймақтық саясаттың құрамы мен құрылымы

 

Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде - экономикалық мақсаттар, ал экономикалық өсу кезеңінде әлеуметтік мақсаттар артықшылыққа ие болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру;

2. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта кұру.Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпымемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы,
артта қалған аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың деңгейіне жеткізу, бірақ мұндай жағдай халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс;

3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсат
тармен ұластыру;

4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді. Осыған орай билік деңгейлері арасында өкілеттіліктерді, жауапкершіліктер мен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы тиіс. Биліктің барлық деңгейлері:

• халыққа әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуы және негізгі
конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс;

• шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет;

• халыққа қажетті, бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен
кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі
функцияларды жүзеге асыруы тиіс;

• басқару органдары аймақтың артта қалған аудандарын дамыту саясатын жүргізуі керек;

• табиғат қорғау шараларын жүргізуі тиіс.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешетін стратегиялық және тактикалық міндеттерінің сипатын ескеретін, икемді және сараланған болуы керек.

Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді:

• республикалық және аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару функцияларының қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық құрылымының иерархиялылығын белгілеуге, әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелеріне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;

• республикалық басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының негізгі нысандарын табу.

Аймақтық басқарудың маңыздылығы мен қайтарымы әлемдік шаруашылық жүргізу тәжірибесімен де дәлелденіп отыр. Атап айтқанда, экономикалық даму түрғысынан алдыңғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарықта сұранысқа ие аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы, экономикалық әлеуетке ие болу шарт емес. Көбінесе дамудың, оның ішінде аймақтық дамудың да жоғары деңгейінің кепілі басқарудың озық түрлерін қолдану, басқару өнерін игеру, шаруашылық айналымға аумақтағы экономикалық әлеуетті тарту, аймақтың өзі үшін, басқа аумақтар үшін экономикалық қызмет нәтижелерін пайдалана білу екендігі шет ел тәжірибесімен айқындалған.

Аймақтың экономикалық жекелігін тәжірибеде жүзеге асыру үшін әлеуметтік экономикалық дамудың аймақтық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз етуде аймақтық бюджеттің ролі үлкен. Біріншіден, территорияның инфракұрылымы және әлеуметтік саланың дамуын қаржыландырудың негізгі қаржылық көзі болып табылады. Екіншіден, Аймақтық бюджеттің табыс бөлігі шаруашылық қызметінің тиімділігіне тәуелді.

Қазіргі таңда жергілікті бюджеттің негізгі проблемасы балансқа келтіру проблемасы. Мұндай проблеманы шешу жолы - аймақтың әлеуметтік дамуы шығындарын қысқартпай, жергілікті деңгейде өзіндік табысты көбірек табу. Жергілікті жеке басқарудың жалпыға тән белгісі және өзінің жеке қаржылық жекелігінің өлшемі, ол, жергілікті бюджеттің өзіндік табысы. Өзіндік табысты жергілікті билік органдарының өз еркінше қабылдаған шешімдерінің қабылдау нәтижесінде алынған, қаржылық құрал деп анықтасақ болар еді. Мысалы, салық жөнінде айтар болсақ, онда жергілікті басқару органдары салық төлеушілердің салық ауыртпалығын алу мүмкіндігі және дайындығына орай, өздерінің қажеттіліктеріне қарай салық салу ставкаларын өздері анықгау құқына ие болған болар еді. Мұндай құқықты беру қоғамдық мемлекеттік зандардың бағыты болып, бірақ оның жүзеге асырылуы, муниципалдық өзгерістердің негізіндегі билік органдарының жеке шешімдерінің негізі болар еді. Экономикалық және әлеуметтік дамудың бірден-бір негізі болып бюджеттік жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштері табылады.

Бюджет табыстарының орындалуын төменде көрсетілген мәліметтерден көруге болады.

Кесте 1

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

2013 жылдың 1- қаңтарындағы бюджет түсімдері

мың теңге

Төлем түрлері Мемлекеттік бюджет Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
жоспар нақты % орындалуы Жоспар нақты % орындалуы жоспар нақты % орындалуы
Табыстар, барлығы     108,5     112,9     102,1
Оның ішінде:                  
Салықтық түсімдер     107,9     112,3     100,5
Салықтық емес түсімдер     147,6     160,8   244 116 113,3
Мемелекеттің меншігінен түскен түсімдер 411 761 614 056 149,1 357 794 558 774 156,2 53 967 55 282 102,4
Мемл.бюджеттен қаржылан-н, мемл.меке-ден (жұмыс, қызмет) тауар өткізуден түскен түсімдер 30 552 45 408 148,6 30 539 45 392 148,6     123,1
Мемл.бюджеттен қаржы-н мемл. мекеме-н, мемл-к сатып алулардан түскен түсімдер 2 916   27,1 2 684   20,1     109,1
Несиелер бойынша қайтарымдар 252 616 316 873 125,4 114 406 171 918 150,3 138 210 144 955 104,9
Негізгі қорларды сатудан түскен түсімдер 4 364 424 4 860 383 111,4 2 657 7 284 274,1 4 361 767 4 853 099 111,3
Мемл. меке-ге бекітілген мемл. мүліктерді сатудан түскен түсімдер 2 097 123 3 028 991 144,4 2 657 7 273 273,7 2 094 466 3 021 718 144,3
Матер. емес активтер және жерлерді сатудан түскен түсімдер 2 267 301 1 831 381 80,8       2 267 301 1 831 381 80,8

Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаментінің мәліметтернен алынған

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2013 жылдың 1-қаңтарындағы бюджет түсімдерінің, яғни, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджет түсімдерінің жоспарға сәйкес орындалғандығын жоғарыдағы кестеден байқауға болады. Демек, мемлекеттік бюджет түсімі 108,5 пайызды, республикалық бюджет түсімдері 112,9 пайызды, сондай-ақ, жергілікті бюджет түсімдері 102,1 пайызды құрап отыр. Бюджеттің жоспарға сәйкес нақты орындалуы нарықтық экономикамыздың дамуының дәлелі деп айтуға болады. Жоғарыдағы кесте бойынша мемлекеттік бюджеттің түсім түрлері бойынша орындалуын төмендегі суреттен (сурет 2) нақты байқауға болады.

 

01.01.2013 жылға мемлекеттік бюджеттің түсім түрлері бойынша орындалуы, %

Сурет 2

Дегенмен, жалпы бюджет түрлері бойынша түсімдерді салыстыратын болсақ, жалпы бюджет түсімдерінің орындалғандығымен, кейбір салаларға байланысты түсімдердің кері көрсеткішін атап өтуге болады.

Аграрлық сектордың өндірістік - әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз таза күйінде пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады.

Осы тұста мемлекеттің реттеу функциясынан бас тартып, шеттетіліп, биліктің жоғарғы тармақтарында "нарықтық қиялдың" тарауына жол бермей, қайта мемлекеттік реттеу механизмдерін батыл іске қосу қажет. Өйткені, біріншіден бірде-бір дамыған елде нарық өз еркіне жіберілген емес, ол мемлекеттің іс-әрекетімен түзетіліп, толықтырылып отырады; мемлекеттік реттеу - қазіргі үлгідегі нарықтық жүйенің ажырағысыз бөлігі; екіншіден, мемлекеттің белсенді әрекетінсіз терең экономикалық дағдарыстардан шығу мүмкін емес; үшіншіден, республикамызда нарықтық жүйе өзінің қалаптасуының ең бастауында тұр.

■ Меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлерін өзгерту бәсекелес
нарықтық орта құрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің
бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде дамуы тиіс.

■ Аграрлық сектор нарықгық өзін - өзі реттеудің "бастапқы алаңы"
ретінде нарықгың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше
мемлекеттік саясаты енгізілетін экономиканың бірінші саласы
болуы қажет, оның мәні әкімшілік емес экономикалық қүралдарды
ерікті(баға, салықты азайту, жеңілдік пен несие, субсидия беру,
т.б.), өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану.

■ Ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі кұралы ретінде жердің бағасын анықтау; жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу, ауыл шаруашылық жерлерін қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде жердің қүнарлығының сақталуы мен оның жақсаруын бақылау.

■ Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің айырбасындағы
баға қайшылығын жоюда агроөнеркәсіп кешенінің 2-саласында баға құрылу процесінің барынша ерікті болғаны тиімді, ал аграрлық сектор үшін өндіріс құралдарын шығаратын барлық монополис кәсіпорындарға келісім бағасының жоғарғы деңгейін белгілеу керек және 3-салада ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындар интеграциясының ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысуы қажет.

■ Мемлекеттің қаржы-несие саясаты бойынша бағдарламалық тәсіл,
яғни бекітілген бағдарламаға сай қаржы босату және жеңілдікті
салық салу қолданылады.

■ Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат барлық меншік
түріндегі кәсіпорындардың материалдық техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өндеу және өткізу бағаларының төмендеуін қамтамасыз ету керек.

■ Нарық, әсіресе, ауыл адамдарына әлеуметтік әділеттілік кепілдігін
бере алмайды. Сондықган бұл кемшілікті жою үшін мемлекеттің
әлеуметтік саясатын жүзеге асырып отыру керек. Оның негізгі
бағыттары: біріншіден, барлық еңбекке қабілетті адамдарға табыс
табуы және өзіне қажетті игіліктер мен қызмет түрлерін пайдалану
ауыл үшін кәсіпкерлікпен айналысуға шексіз мүмкіндіктер мен
жағдайлар туғызуы керек. Табысты салық арқылы қайта бөлу,
зейнетақы, жәрдемақы, медициналық көмек т.б. еңбекке жарамсыз және табысы ауыл адамдарын әлеуметтік қорғау; екіншіден, мемлекеттік реттеу арқылы қайта бөлу, зейнетақы, жәрдемақы, медициналық көмек, т.б. арқылы бюджеттік қорлар мен шетел инвестицияларын және басқа да мүмкіндіктерді келесі бағыттарды қаржыландыруға пайдалану аса қажет: табиғатты қорғау шаралары мен мелиоративтік жұмыстар; жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральді газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, канализация жүйелерінің құрылысы; ауылдың денсаулық сақтау, білім беру мәдениет, бала-бақша объектілерінің құрылысымен оларды қамтамасыз ету; жоғары білімді мамавдар дайындау және күрделі ғылыми зерттеулер мен оның жетістіктерін, жаңа технологияны өндіріске енгізу.

Ауыл шаруашылығына қатысты экспорт-импорт операцияларын мемлекеттік реттеусіз тиімді жүргізу мүмкін емес. Оның ішінде инспекциялық бақылау функцияларын дамыту қажет, атап айтқанда ол — тауарлар мен көрсетілген қызмет сапаларынын стандартын реттеу, ветеринарлық бақылау. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру үшін, біріншіден, банк несие саласында банк пайызының мөлшерлемесін төмендету керек, өйткені ауыл еңбеккерлерінің тіпті жылына 120 пайызбен де несие алуға мүмкіндігі жоқ; екіншіден, пайызсыз несие алудың тиімді жолы ретінде тауар өткізуде форвартты-фьючерстік және залогтық - сатып алу, ымыра ісін кеңінен насихаттап, дамыту қажет; үшіншіден, өндіріс көлемі мен өнім өткізудің қысқаруын болдырмау үшін шаруашылықтардың егін шаруашылығында бағалы, қажетті дақылдарды өсіру мен асыл тұқымды мал табынын сақгау үшін ауыл шаруашылығын қолдаудың Мемлекеттік қоры арқылы қажетті мөлшердегі дотация көлемін белгілеу керек.

Аймақтың экономикалық жекелігін тәжірибеде жүзеге асыру үшін әлеуметтік экономикалық дамудың аймақтық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз етуде аймақтық бюджеттің ролі үлкен. Біріншіден, территорияның инфракұрылымы және әлеуметтік саланың дамуын қаржыландырудың негізгі қаржылық көзі болып табылады. Екіншіден, Аймақтық бюджеттің табыс бөлігі шаруашылық қызметінің тиімділігіне тәуелді.

Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, аймақтар дамудың қосымша қаражаттарды тарту есебінен қаржылық базаның кеңейтудің жаңа мүмкінідіктерін ертерек бағалағандары нарық экономикасының тығырықтарынан тез шығуда.

Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.

Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.

Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:

- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;

- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады;

- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі;

- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аймақтык айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың мемлекеттік стратегиясы ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалык кеңістігінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға, экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы үшін жағдайлар қалыптастыруға багытталуы тиіс. Аймақтық экономиканың қызмет етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы, аумақтардағы шаруашылық жүргізу мен әлеуметтік-экономикалык дамуды басқарудағы дербестіктің барған сайын арта түсуі аймақтың тұрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін күшейте түседі (3 - сурет).

Аймақтық саясат мәселелерін қарастыру нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасауға боллады:

Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізуде аймақтық ерекшеліктерге баса назар аудармаса, жүргізілетін аймақтық экономикалық саясаты айтарлықтай табысты болмайды.

Аймақтық саясатты басқарудың маңызды міндеттерінің бірі жеке аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін аймақтардың экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке аймақтардың дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үлкен мәнге ие болмақ.

Қорыта келгенде, аймақтық саясатты жетілдіру үшін:

1. Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру керек.

2. Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі қағидалары келесілер болуы тиіс: жалпы республикалық еңбек бөлінісіндегі аймақтардың перспективалары мен орнын анықтау, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасайтын шаруашылық құрылымын құруға орталықтанған қаржылық құрылымдарды бағыттау.

3. Мемлекеттік басқару органдарынан жергілікті органдарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде оларды қаржыландыру көлемі азаймауы тиіс.

4. Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуы керек.

Ең негізгі бағыт – орталық пен аймақ арасындағы қаржылық-экономикалық өзара қатынас жасаудың оңтайлы моделін табу.

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 166 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.023 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав