Читайте также:
|
|
Жоғарыда "Қоғамдық өндіріс, факторлары, құрылымдары, ұйымдық нысандары" 3 тақырыбында атап өткеніміздей, өндіріс факторлары деп материалдық игіліктер өнідірісі үшін қажет, экономикалық ресурстарды (табиғи және еңбек) атаймыз.
Өндіріс факторларының қазіргі замандағы құрылымына мыналар кіреді.
- табиғи ресурстар нарығы: жер, қазба байлықтар, орман;
- еңбек ресурстары нарығы: мұнда еңбекке жарамды жастағы, материалдық игіліктер мен қызметтер өндірісіне қабілетті адамдар жатады;
- өндіріс құралдары нарығы: бұл өндірістік ғимараттар, қондырғылар, машианалар мен құрал жабдықтар, шикізаттар мен материалдар;
- несиелік (кредиттік) капиталдар нарығы;
- бағалы қағаздар нарығы - бұл акциялар, вексельдер, облигациялар және т.б.
ХХІ ғасыр жағдайында, индустриалдық қоғамнан ақпараттыққа көшу жағдайында, өндіріс факторлары нарықтарының классикалық құрылымы өнідіріс факторларының жаңа түрлерімен- ақпараттық нарықтармен толықтырылды.
Ақпататтар, ХХІ ғасырдың экономикасының жаңа стандарттарына жауап беретін жаңа технологиялармен, жаңа идеялармен, ғылымдағы жаңалықтармен толықтыратын ажырамас қуат көзі болуда.
Ақпараттық нарық - бұл ақпараттық өнімдер немесе интеллектуалдық өнімдер нарығы: кітаптар, журналдар, газеттер, видеокассеталар, картиналар және өзге де баспа, электронды, көркем әдебиеттер, видеоөнімдер, жарнамалар.
Инновациялар нарығы: лицензиялар, жаңалық ашулар, патенттер, сертификаттар, стандарттар, жаңа технологиялар нарығы, сондай-ақ, (nou-xay), теоретикалық білімдер мен практикалық тәжірибелермен алмасу нарығы, тауар белгілері, штрих-кодтар нарығы.
Тауар белгісі (ақпарат ретінде) - тұтынушыларды фирманың атауы, тауардың шығарылған жері, сапасы пен қолданылы туралы ақпарат беретін, нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі. Ол тауарлар мен қызметтерді идентификациялау және бәсекелестердің осы тектес тауарлары мен қызметтерінен ажыратуға арналған.
Штрих код (ақпарат ретінде) - тауардың шығарылған елі туралы, дайындаушы кәсіпорын туралы, тауардың аты туралы, оның тұтыну қасиеті туралы мәлімет береді.
Бұдан басқа, ақпараттық нарық құрылымына:
- ақпараттық қызметтер нарығы, факторлық нарық ретінде өзіне мыналарды кіргізетін:
ғылыми техникалық жетістік жағдайында сұраныс елеулі өсіп отырған білім беру ақпараттық нарығы;
іскер ақпараттар нарығы.
Бұл өз кезегінде іскер ақпараттар түрлері бойынша:
- қаржылық,
- экономикалық,
- биржалық,
- бизнес түрелрі бойынша кәсіпкерлік,
- экологиялық,
- статистикалық т.б. болып бөлінеді.
Ақпараттық қызметтер нарығы - бұл тауардың ерекшеліктері, алмасу, ндіріс саласы туралы ақпараттар, оның шығыны өндірушінің трансакциялық шығынына жатқызылатын қызметтер нарығы. (8 тақырыпты қараңыз).
Өндірістің барлық факторларына нарықтық бағалары, ұсыныс пен сұраныстың өзара іс әрекетіне негізделген дайын өнімдікі секілді қалыптасады.
Дегенмен, өндірістік факторлардың барлық түрлеріне нарықтық баға белгілеудің ерекшеліктері де бар, ол оның аталуы мен баға белгілеу механизмінен анық байқалад ы.
Мысалы, табиғи ресуртардың нарықтық бағасы рента деп аталады.
Рентаның шамасына: жер учаскелерінің өнімділігі, жер учаскелеренің өткізу нарықтары мен ауылшаруашылығын өңдеу пункттеріне қатысты орналасуы да әсер етеді, ал жердің бағасы өз кезегінде несие проценті нормаларына байланысты.
Осыдан жердің бағасы мына формула бойынша аны қталады:
Баға жер = R (рента) х 100
N несие % нормасы (нақытарық 10 тақырыпты қараңыз.)
Өндіріс құралдарының нарықтық бағасы- кәсіпорынның табысы болып есептеледі.
Өндіріс құралдарының нарықтық бағасы, сондай-ақ, табиғи ресурстарға, оған сұранысқа да байланысты, алайда бұл мәселенің екінші жағы бар, себебі ол дайын өнімге сұранысқа байланысты, өндірілетін өнімге сұраныс өскен сайын, табиғи, еңбек ресурстарына және өндіріс құралдарына да сұраныс артады.
Табиғи еңбек ресурстарына және өндіріс құралдарына шығындар, ү-тақырыптан белігілі болғанындай, өндірістік шығындар деп аталады.
Кәсіпорынның табыстылығын анықтау үшін, кәсіпорын шығындарын өндіріс нәтижелілігімен салысытру қажет, атап айтқанда алынған таза пайда көлемімен, осыдан орташа пайда нормасы формуласы бойынша (8 тақырыпты қараңыз), табыстылық дәредесі (кәсіпорынның пайдалылық дәрежесі) анықталады:
Пайда орт = { m x 100
{ (c+v)
Кәсіпорынның пайдасының нормасы орташа салааралық пайда нормасына тең немесе артық болуы тиіс. Бұл өндіріс факторларын сатып алуға жұмсалған шығынмен кәсіпорынның жұмысының пайдалылық деңгейі, яғни табыстылық деңгейі анықталады.
Өндіріс факторларын қолдануға қажет санын, кәсіпорынға еңбек өнімділігінің өсуі есебінен анықтау қажет, егер еңбек өнімділігі артса, ал өндірісітк факторлардың қайтарымдылығы төмендесе (қайтарымдылық кемуі заңы бойынша) (10 тақырыпты қараңыз), онда ресурстар сатып алуәрбір қосымша ресурс өндіріс шығынына қарағанда жоғары дәрежедегі табыс мөлшерін ұлғайтқанға дейін өсіріле береді. (8 тақырыпты қараңыз).
Несиелік капиталдың нарықтық бағасы несие процентінің нормасы болып табылады.
Процент нормасы- бұл процентпен алғандағы жылдық табыс сомасының несиеге берілген несиелік капиталға қатынасы.
Еңбек ресурстарының нарықтық бағасы -еңбек ақы.
Еңбек нарығындағы сату -сатып алуда жұмыс беруші монополист ретінде және жұмыс алушы монополист ретінде негізгі субъектілері болып табылады. Мұнда екі жақты монополия байқалады. Жұмыс беру және жұмысшы күші монополиялары.
Еңбек ақы мөлшерінің тек қана еңбек нарқы емес, мемлекет араласып белгіленетіндігі сондықтан.Бұндағы мемлекеттің ролі- монополист жұмыс беруші күн көріс деңгейінен төмен еңбек ақы белгілей алмайды, 2006 жылға мемлекет оны 9200 теңге деп бекіткен.
Сондай-ақ еңбек ақы мөлшері:
- жалдамалы еңбек ақы бойынша келісім шарт деңгейінде;
- ұжымдық келісім шарт деңгейінде;
- жұмыс жасап тұрған тарифтік квалификациялық деңгейде белгіленеді (29 тақырыпты қараңыз).
Бағалы қағаздарға нарықтық бағасы, сенімді және рентабельді кәсіпорындардың акциялары сатылатын және сатып алынатын, биржалық қорларда қойылады.
Акциялардың нарықтық бағасы оның курсы деп аталады. Акциялар курсы мына формула бойынша анықталады:
Акция курсы = дивиденд х 100
Несиелік процент нормасы
мұндағы, дивиденд дегеніміз акция иеленушісінің табысы (27 тақырыпты қараңыз).
Ақпараттық нарық- бұл монополиялы нарық пен монополиялық бәсекелестік нарығы.
Монополдық - лицензиялар, ойлап табулар, патенттер.
Монополиялық бәсекелестіктер нарығы- өндірістік технологиялар.
Бұдан, нарықтық баға дегеніміз - ионополды баға деген шығады.
Нарық жағдайында ақпараттық қызметтерге баға белгілеуді проблемалары.
Бұл проблеманы зерттеу, ақпараттық қызметтер нарығында ақпараттық қызметтерге баға, кез келген тауар секілді, оның сұранысы мен ұсынысына, сұраныстың сұраныстың икемділігіне, ақпараттың құныдылығына, пайдалылығына, оның аздығына байланысты болады.
Осыдан, нарықтық бағалар нарық коньюнктурасына байланысты, еркін, теңгерімді, монополды, икемді, тіркелген, келісімді болуы мүмкін деген тұжырымдама жасай мыз.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 197 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |