Читайте также: |
|
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелері:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері |
Б 1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ. БІЛІМІН ҚОЛДАНУ. | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: - Адам ағзасындағы молекулярлық және жасушалық деңгейде жүріп жатқат биофизикалық процестерді және физикалық факторлардың ағзаға келтіретін пайдасы мен зиянынды көрсеткіштерін есте сақтайды; - Мембраналық құрылымдар құрылысының физика-химиялық ерекшеліктерін, олардың функциональдық механизмдерін есте сақтайды. Түсінеді: - Биофизиканың теориялық негізін, биопотенциалдың пайда болу мен таралуын, активті және пассивті тасымалданудың түрлерін және пайда болу механизімін түсінеді; - Мембрана арқылы зат тасымалының биофизикалық механизмдері, электрогенез механизмдерін түсінеді; - Эйнтховен теориясын, гемодинамиканың негізін, фотоколориметр, спектрофотометр т.б. құралдардың жұмыс істеу принциптерін, ағзаға түрлі физикалық факторлардың (электр тогы, магнит-электр өрісі, ТЖ,ЖЖ,АЖЖ токтар) әсер ету механизімін түсінеді; - Жүрек-қан тамыр жүйесі, бұлшық-ет және тыныс алу жүйесі жұмыстарының биофизикалық заңдылықтарын түсінеді. Қолданады: - Биопотенциалдарды тіркеуде лабораториялық материалдармен жұмыс жасаған кезде (электр ток, спирт және т.б.) техникалық қауіпсіздік шараларын қолдана алады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: - Тақырыпқа сәйкес білімін пысықтап, әдеби деректерді дұрыс пайдаланып және жаңалықтарды ғылыми тұрғыда дәлдікпен тұжырымдай алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: - Биофизикадан алған мәліметтерді және пәннің маңыздылығын болашақ дәрігер үшін қажет екенін қабылдап, құндылықты үлестіреді. |
Б 1.2 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ. АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ. | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: - Ақпарат табу үшін интернет жүйесінде керекті материалдарды қолданады; - Зерттеулердің метрологиялық негіздерін қамтамасыз етілуін қолданады; - Медициналық шараларды орындауға қажетті техниканы дұрыс таңдап қолданады; - Медико-биологиялық зерттеулердегі биообъектілер мен техникалық құрылғының өз ара тиімді байланысын қолданады; Құру: - Әртүрлі дерек көздерден табылған мәліметтерден презентация немесе слайдты дұрыс құрастыра алады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: - Биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтарын дәлдікпен ұйымдастырады; - Әдеби деректерді дұрыс пайдаланып, компьютер технологияларын қолданып, презентация, график, схема, диаграмма жасауды дәлдікпен ұйымдастырады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіру: - Пәнінен студенттер әр сабаққа керекті көрнекіліктерді, схемаларды және графиктерді өз түсініктерімен құрастырып, келешекте болашақ дәрігер үшін құндылығын үйлестіре біледі. |
Б 3.1 | КӘСІБИ ТҰЛҒА. ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ. | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: - Медбиофизика курсы бойынша тақырыптарды өз бетінше меңгеріп, сол тақырыптарды тәжірибеде қолданады. - Қауіпсіздік техникалық ережелерін медициналық аспаптармен жұмыс барысында қолданады; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіру: - Тақырыпқа байланысты білімдерін дұрыс қабылдап, құндылығын үлестіре алады. |
Б 3.3 | КӘСІБИ ТҰЛҒА. ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ. | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: - Топпен жұмыс барысында тәжірибеден алынған мәліметтерді іс-жүзінде қолданады. - Жұмыс барысында есептерді есептеуде заңдылықтарды қолданады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Ұйымдастыру: - Тәжірибелік жұмыс барысын топпен бірлесе отырып, дұрыс ұйымдастырады. |
2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
Реквизитке дейінгі: орта мектеп, медколледж бағдарламасы бойынша «физика, математика, биология, химия».
Реквизиттен кейінгі: медбиофизиа курсында меңгеген теориялық білімдер мен практикалық дағдылардықалыпты физиология, молекулалық биология мен генетика, биохимия, функционалды және лабораториялық диагностика, патфизиология, ішкі аурулар.
2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Биофизика пәні биологиялық құрылымдардағы құбылыстарды физикалық заңдылықтар арқылы зерттейді және түсіндіреді, сонымен қатар болашақ дәрігерлерге денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық құралдардың жұмыс істеу принциптерін оқып және оны қолдануды үйретеді.
Жасуша мембраналарының биофизикасы. Биопотенциалдың пайда болуы, таралуы. Электроқозғыш ұлпалардың биофизикасы. Кванттық биофизика. Ұлпалар мен мүшелер биофизикасы. Медициналық құралдар мен аппараттардың жіктелуі. УДЗ,РКТ,МКТ,УЖЖ құралдар.
Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 150 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |