Читайте также: |
|
Вариант-001
1. Мақалдың жалғасын табыңыз. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі......... A) құрмет біл. B) тіл біл. C) ізет біл. D) білім біл. E) тәрбие біл. |
2. Тек дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз. A) қ, т, с. B) а, б, л. C) р, м, н. D) е, ж, ң. E) а, ү, е. |
3. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді табыңыз. A) А-лыс-тан. B) Көрс-ет. C) Бас-па-сөзд-ен. D) Ыст-ық. E) Ша-ппа-шот. |
4. Буын үндестігіне сәйкес жазылған сөздер тізбегін белгілеңіз. A) Көшелар, балалер B) Кітаптер, бөлмелар C) Сазгерлар, өнерпаздер D) Дәптерлар, күнделіктар E) Суреттер, альбомдар |
5. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз. A) Қазақ халқы егемендік алды. B) Еңбек еткен ер атанар. C) Ертең құрылыс жұмысы басталады. D) Үй іші жым-жырт болды. E) Біз бірлікті ойлаймыз. |
6. Төл сөзді табыңыз. A) Жоғары шығуын өтінді. B) Қоян – қорқақ аң. C) Дайындалғанын айтты. D) – Жоғары шығыңыз! – деді. E) Түсте демалғым келеді. |
7. Сөйлемдегі түбір тұлғадағы зат есімнің синонимін анықтаңыз. Жүректе ұйытқып шыққан қуаныш бар. A) Шаттық. B) Қапалану. C) Сыйлық. D) Өкініш. E) Реніш. |
8. Қатаң дыбыстары бар сөздерді табыңыз. A) Егемен. B) Жалау. C) Қатық. D) Рәміз. E) Наурыз. |
9. Табыс септігіндегі өздік есімдігін табыңыз. A) Өзің. B) Өзі. C) Өзін. D) Өзім. E) Өзіне. |
10. Негізгі түбірден жасалған сөздер қатарын анықтаңыз. A) Жинаушы, ақылшы, айтушы. B) Бас, өнер, сурет, ән. C) Көру, алу, айту. D) Көмекші, аспаз, оқушы. E) Айлық, ілгіш, білгіш. |
11. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз. A) Елім. B) Еліміздің. C) Елмен. D) Елдік. E) Елде. |
12. Барыс септігіндегі зат есімді анықтаңыз. A) Көктемде. B) Табиғатты. C) Көлдің. D) Досыма. E) Қаладан. |
13. Сын есім мен зат есім тіркесін көрсетіңіз. A) Бес бала. B) Мен келдім. C) Қоңырау соғылды. D) Сабақ басталды. E) Үлкен мектеп. |
14. Бөлшектік сан есімдерді белгілеңіз. A) Оннан бір, бес бүтін алты ондық. B) Бесінші, жетінші. C) Бір мың тоғыз жүз тоқсан. D) Екеу, жетеу. E) Екі мың он үш. |
15. Күрделі етістікті сөйлемді табыңыз. A) Үстіне кең шапан киіпті. B) Әжесі бесікті тербетті. C) Көгілдір өзен таудан ақты. D) Әңгімесін алыстан бастады. E) Ермек жауап қайтармады. |
16. Кезектес жалғаулық шылауын көрсетіңіз. A) Себебі. B) Мен. C) Менен. D) Біресе. E) Сондықтан. |
17. Дара анықтауышты табыңыз. A) Көк ала бұлт аспанды қаптады. B) Дала жып-жылы болып тұр. C) Ол сөмкесінен қаламын тез алды. D) Қазақстан – өте бай өлке. E) Ыбырай ұлы педагог болды. |
18. Наурызда не тойланатынын көрсетіңіз. A) Жылдың кетуі. B) Жылдың аяғы. C) Жылдың басы. D) Жылдың қосылуы. E) Жылдың ортасы. |
19. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында екенін белгілеңіз. A) Ә.Қашаубаев. B) А.Құнанбаев. C) Ы.Ноғайбаев. D) Ш.Айманов. E) Н.Жантөрин. |
20. «Пайда» сөзінің антонимін табыңыз. A) Байлық. B) Кедейлік. C) Құн. D) Қамқорлық. E) Зиян. |
21. Ауыспалы осы шақтың болымсыз түріндегі етістікті анықтаңыз. A) Абай күлместен, мысқылдай қарады. B) Түйебай тентектеу, көбіне шешесінің тілін алмайды. C) Біз бұл жұмысты үйренер емеспіз. D) Ойын-күлкінің қызығымен таң атқанын да білмей қалдық. E) Мен өлімнен тайсалдым. |
22. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. «Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері. A) Ыңғайлас. B) Қарсылықты. C) Кезектес. D) Талғаулы. E) Себеп-салдар. |
23. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөздерді белгілеңіз. A) Бақытына қарай, амал қанша. B) Сөз жоқ, әлбетте. C) Шынында, бәсе. D) Біріншіден, қорыта айтқанда. E) Сірә, мүмкін. |
24. Таңдану мәніндегі одағайды көрсетіңіз. A) Кәні. B) Әттеген-ай. C) Апырай. D) Қап. E) Уһ. |
25. Қазақ отбасында бірге туған туыстарды қалай атайтынын белгілеңіз. A) Келін. B) Жиен. C) Бала. D) Шөбере. E) Ағайын. ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ЗАВЕРШЕН |
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 105 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |