Читайте также: |
|
Кіріспе (кейс фабуласы):
Астана қаласы, Н.Тілендиев көшесінде орналасқан “Астра” сауда орталығының көлік тұрағында тұрған Nissan Patrol мемлекеттік нөмірі Z 777 SAM көлігін сезікті Абенов А. белгісіз жаққа ұрлап кеткен.
Оқиға болған жерде күзетшінің аяқ киім іздерінен басқа, көлік тұрған жердің маңайынан белгісіз аяқ киім іздері қалған.
Қылмысқа сезікті өзінің кінәлі емес екенін, оған дәлелдемелердің жоқ екенін айтқан.
1. Студенттердің білімін, тапқырлығын бақылау және бағалау тәртібі:
Оқытушы әрбір жауапты бағалайды.
2. Техникалық қамсыздандырылуы: криминалистикалық чемодан
3. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары:
Трасология түсінігі
Трасология объектілері
Адам іздері
Адамның аяқ іздері
Кейс стади жауабы (шешу жолдары):
1. Аяқ киім іздерінің криминалистикалық маңызын естен шығармаған жөн. Іздерді табудың әдістері мен тәсілдері олардың бейнелену жағдайларына байланысты анықталады. Ең алдымен өзгеріске ұшырамаған ізбен жұмыс жүргізіледі. Топырақта анық қалған аяқ киім ізін щеткамен сүртіп, қажет болған жағдайда шашқа арналған лакпен қатырып, гипс сұйығын дайындып, ізге құю керек. Гипс қатқан соң, ақырын оны алу керек. Арнайы бирка дайындау керек. Табылған айқындалған ізді міндетті түрде масштабты детальді фотосуретке түсіру керек. Одан кейн хаттамаға сипатталып жазылады.
2. Аяқ киім іздерін іздеудің жалпы әдістері.
Аяқ киім іздері із түзу механизіміне байланысты және із қабылдаушы обьектілердің қасиеттеріне байланысты көлемдік және үстіңгі, боялған және түссіз, нашар көрінетін және көрінбейтін іздер болып бөлінеді. Аяқ киімнің өрнегінің түрін анықтау үшін оның толық бөліктері зерттеледі.
3. Аяқ киім іздерімен қатар (олардың фототүсірілімдерін немесе дактопленкілік көшірмелерін) сараптамаға салыстырмалы зерттеулер үшін үлгілер де жіберіледі.
А.Абеновтың киіп жүрген аяқ киімі мен үлгі ретінде алынған гипспен алынған аяқ киім ізін жібереміз.
Бұл кейс тапсырмасында дактилоскопиялық сараптама тағайындалады. Келесідей сұрақтар тізімі қойылады:
1. Топырақта табылған аяқ киім ізінің типі қандай?
2. Зерттеуге берілген үлгілердің сәйкестігі қандай?
3.А.Абеновтың аяқ киім іздері берілген үлгіге қатысы бар ма, жоқ па?
СЕМИНАР САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
Кейс
Алматы қаласында Грузияның “Borjomy” су өнімдерін шығаратын қоймадан су өнімдерін ұрламақшы болған Б. Жумабеков пен Т. Есентаев ҚР ҚК 188-бабы бойынша ұсталды.
Оқиға болған жерді қарау барысында қойманың терезе сынықтары мен сусыны бар шөлмектерден саусақ іздерінің майлы тер іздері табылды.
Шөлмектің түсі ақшыл сыртында “Грузия ОҚО “Borjomy” №128 су құю қоймасында жасалған. ҚР Алматы Мәртөбе автожолында орналасқан қоймамен серіктес, 1л.” деп жазылған. Терезе сынығы трапеция түрінде сынған беткі қабаты тегіс, түсі түссіз шыны түсі. Шөлмек пен терезе сынығында папиллярлы өрнектер көзге анық көрінеді.
Қылмысқа сезікті Б. Жумабеков пен Т.Есентаев қылмысқа еш қатысы жоқ және қойма аумағында кездейсоқ болғандарын айтады.
Кейс тапсырмасы
1. Шыны сынығы мен шөлмектердегі майлы тер іздерін бекіту үшін қандай әдіс қолданылады?(хаттаманы ресімдеу)
2. Саусақ іздері папиллярлық өрнектердің типін анықтаңыздар
3. Табылған іздердің жіктелуін түсіндірулеріңізді сұраймын.
4. Сараптама түрін және сараптамада көрсетілетін сұрақтар тізімін анықтаңыздар.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 147 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |