Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ХV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясындағы сын

Қазақ халқының XV—XVII ғасырдағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVIII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болғанжыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз. Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады.ШалкиізТіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді.Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді:

Жығылғанды тұрғызсаң,

Жылағанды уатсаң,

Қисайғанды түзетсең,

Төңіріңнің үйі көбені,

Сұлтан ием,Қарсы алдыңнан жасапты.

Деген жолдарда да адамгершілік, ізгілік, парасаттылықтың адамның бойында табылса ардайым жақсылық жанынан табылатынын кереметт жеткізген. Бұқар жырау (1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез.. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын есіне салатын:

Ей, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде,

Тұрымтайдай үл едің,


Түркістанда жүр едің.


Әбілмәмбет патшаға

Қызметші болып тұр едің —

Қалтақтап жүріп күнелтіп,

Үйсін Төле билердің

Түйесін баққан құл едін...

Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған.XVIII ғасырдағы жыраулардың ен, көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудыңҚанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 215 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ергөбек – сыншы | Т.Кәкішев – Сәкентанушы. | Тоғжанов – сыншы. | С.Қирабаев – сыншы. | Аннотация | Баспасөз және сын | Сын және сыншы | Деби шолу | Бүгінгі әдеби процесс және сын. | ХХ ғасыр басындағы әдеби сынның қалыптасуы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав