Читайте также: |
|
Аннотация(лат.annotatie- ескертпе)- кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аннотация-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Аннотацияның объектісі-бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты-кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Әдеби сынның басқа жанрлары сияқты, алдына көп міндеттер қоймайды; жоғарыда айтылған бір ғана мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның негізгі жанрлық ерекшелігін айқындайтын өлшем болып табылады. Академик М.Қаратаев бір мақаласында аннотацияны «қысқаша мазмұндама» деп атапты. Профессор Т.Амандосов аннотацияны рецензияның «ең шағын қысқа түрі» екендігін, ол «шығарманы қысқа, тұжырымды баяндап береді» деп жазады. Мысалы, «Дала уалаятының газеті»(А., Ғылым, 1990) кітабының аннотациясы: «Бұл жинақта Омбы қаласында қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрған «Дала уалаятының газетінде» 1895-1898 жылдар арасында жарияланған әдеби нұсқалар сол қалпында беріліп отыр. Жинақ ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттерге, аспиранттарға, сондай-ақ революцияға дейінгі Қазақстанның рухани өмірі қызықтыратын оқырмандарға арналған».
Мұнда кітаптың не жайлы екендігі, кімдерге арналғандығы жайлы ғана айтылған. Кітаптың мазмұны сөз болмайды. Бұл мысалда аннотацияның басты жанрлық өлшемдері- қысқаша сипаттама, шағын көлем- толық орындалған. Сынның басқа жанрлары негізінен баспасөз беттерінде өмір сүрсе, аннотация көбіне өзі таныстырып отырған кітаппен бірге жүреді.
34.Әдеби хабар.
Сын жанрларының ішіндегі «жасы жағынан ең үлкенінің де, көлемінен шағыны да, икемділігінен шапшаңы да, ең елгезек «тіл алғышы» да – әдеби хабар.Баспасөз бетіндегі әдеби пікірлер ең алғаш рет хабар түрінде көрінді десе де болады.Мәдени өмірдегі елеулу деп табылған әдеби фактілер оқырманға ең алдымен, хабар түрінде баспасөз арқылы жетеді.Қандай оқиғаны хабардың обьектісі етіп алудың өзінде де сыншылық – бағалаушылық сипат бар.Көбіне оқырманға пайдасы бар, ұнамды оқиғалар хабардың обьектісіне айналады.Хабар жанрының аты айтып тұрғандай, басты міндет- жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету.Хабардың «жаны»- жаңалық.Жаңалығы жоқ болса, хабар да жоқ.Хабар жанрының басты шарты- көлемінің шағын болуы.Басты мақсаты- әдеби маңызы бар танылған оқиға жайлы оқырманды уақытылы хабардар етіп отыру.Көлем жағынан келгенде тіпті бір сөйлемнен тұратын хабарлар да бола береді.Мысалы, С.Жанәбіловтың «Жазушыға құрмет» атты хабары «Әлжаппар Жылқышиевқа Шымкент қаласының құрметті азаматы атағы берілді деген сөйлемнен ғана тұрады.Сонда да болса жоғарыда айтқан жанрдың басты шарттары орындалып тұр.Осы жерде мынаны ескеру қажет:басты мақсаты хабарлау болғанымен де көлемі жағынан көбейе берсе, белгілі мөлшерде санның сапаға айналатыны сияқты, хабар да өзінің жанрлық табиғатын жоғалтып, басқа кейіпке ауысып кетеді.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 192 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |